.
.
Бестөбе кентінің № 1 орта мектебі «Мен және менің тілім»
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 310 | Просмотров: 2014 | Размер: 76.2 Kb | Автор: Тәрбиеатты танымдық ойын
Жауапты: Мухамеджанова Ш.К.
2013-2014 оқу жылы
Тақырыбы: «Мен және менің тілім»
Мақсаты: Оқушыларлардың білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау, ойлау қабілеттерін, қызығушылықтарын, тіл байлықтарын жетілдіру. Мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру: танымдық бағдарламаларды негізге ала отырып оқушыларды қоғамдағы жаңалықтардан және өзгерістерден сырт қалмауға баулу.
Сынып 2 топқа бөлінеді.
Сайыс 5 бөлімнен тұрады.
І. «Жорға» сайысы
ІІ. «Бірге ойланайық»
ІІІ. «Өз өнерім»
ІҮ. «Тапқырлық»
Ү. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
І. «Жорға» сайысы
І топ.
1. Конституциямызда мемлекеттік тіл қай тіл?
2. Бір тәулікте неше сағат бар?
3. Қазақтың батыр қыздары
4. Қазақ әліпбиінде неше дауыссыз дыбыс бар?
5. Қазақ халқының ұлттық аспаптары
ІІ топ.
1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздікті қай жылы алды?
2. Әр түрлі аспаптарда ойнайтын музыканттардың үлкен тобы.
3. 12 жылда қайталанатын жас
4. Қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән неше даусты дыбыс бар?
5. Төрт түлік малға нелер жатады?
ІІ. «Бірге ойланайық» мақал-мәтелді аяқтау.
І топ.
Күлме досыңа .........................
Мектеп - кеме...........................
Еріншектің ертеңі....................
Өнер алды - ...............................
Жеті жұрттың..........................
Жеті түрлі................................
ІІ топ.
Денсаулық - ...........................
Еңбек түбі -.............................
Туған үйдің -…………………
Сыйлап берсе суын -...............
Ер қанаты -……………………
ІІІ. «Өз өнерім»
Әр топтан бір-бір оқушы тілге байланысты өлең оқиды
Сергіту сәті: «Дұрыс па, бұрыс па» ойыны
1. Жылқының төлі - бұзау
2. Абай- қазақ халқының ұлы ақыны
3. Қымыз -түйенің сүті
4. Наурыз жаз айында басталады
5. Тоғызқұмалақ - қазақтың ұлттық ойыны
6. Қазақстанның астанасы -Астана қаласы
7. Сендер 6 сыныпта оқисыңдар
ІҮ. «Тапқырлық»
«Адасқан сөздер»
Берілген сөздерден мақал-мәтел құру.
І топ.
Туған жер, ел, болмас, Отан, түс, үшін, күймейсің, отқа, туған ел, еңбек, береке, түбі.
ІІ топ.
Оқусыз, жоқ, білім, білімсіз, жоқ, күнің, тіл, өнер, қызыл, алды.
Ү. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Берілген сұрақтарға бір әріптен басталатын сөздермен жауап беру, яғни сөйлемнің бірінші сөзі сол әріптен басталу керек.
І топ.
Көңіл күйіңіз қалай?
Қандай тағамды ұнатасыз?
Достарыңыз сізді қалай атайды?
Сүйікті әншілеріңіз?
Тәтті дәрі бола ма?
ІІ топ.
Қымыз қышқыл бола ма?
Оң қабағын тартса не болады?
Ағаш неге ақ емес?
Кешкі асқа не жегілерің келеді?
Әдемі болу үшін не істеу керек?
Қорытынды.
Ойынның нәтижесін қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.