.
.
Тақырыбы: Менің отбасым! Менің отбасым!
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2203 | Размер: | Автор: гостьМақсаты: Балалардың отбасы тақырыбы бойынша қазақ тілінде меңгерген білімдерін көрсету, сөзді сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрету, ойын, мақал - мәтел арқылы тілге деген қызығушылықтарын арттыру. Отбасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсіл: түсінік беру, сұрақ жауап, сөздік ойын, жаттығу жұмыстары.
Көрнекіліктер: Презентация арқылы фота - сурет көрсету, ойын.
Сөздік жұмысы:
Ата - дедушка
Әже - бабушка
Әке - папа
Ана - мама
Аға - старший брат
Әпке - старшая сестра
Іні - младший брат
Сіңілі - младшая сестра
Сәби, бөпе - ребенок, дитя
Қызмет кезеңдері Мұғалімнің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекетте
Мотивациялық - қозғаушы Шаттық шеңбері, шаңырақ.
Ал балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Шаңырақты көтеріп,
Керегені құрайық
Уық болып иіліп,
Бір отбасы болайық.
Қане тілші ойынын ойнайық.
Тілші не екенің білесіңдер ғой тілші дегеніміз журналист, мен сендерге сұрақ қоямын, сендер қазақ тілінде жауап бересіңдер.
Ұйымдастыру, ізденіс Сұрақ - жауап
1. Сенің атын кім?
2. Жасын нешеде?
3. Сенің тегін кім?
4. Балабақша қалай аталады?
5. Топтың аты қалай?
6. Қазақ тілі мұғалімі кім?
7. Тәрбиеші кім?
8. Жылдың қай мезгілі? (күз айларын ата)
9. Бүгін аптаның қай күні? (апта күндерін ата)
- Менің атым...
- Менің жасым алтыда
- Менің тегім...
- № 13 мектептің «Ақ бота» орталығы
- «Клубничка» мектеп алды даярлық тобы
- Торғын Қайролловна
- Ольга Александровна
- Күз (Қыркүйек, қазан, қараша)
- Жұма (Дүйсенбі....)
Қызығушылық «Отбасында кім бар?» сурет бойынша әңгіме құрау.
Сөздік ойын
«Кім шапшаң?»
Ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні, сіңлі, сәби. Ата - дедушка
Әже - бабушка
Әке - папа
Ана - мама
Аға - старший брат
Әпке - старшая сестра
Іні - младший брат
Сіңілі - младшая сестра
Сәби, бөпе - ребенок, дитя
Д/о: Тақырыбы: Отбасы. Мақсаты: Отбасы мүшелерін киіз үйге орналастыру.
Сендерде отбасы суреттерімен бірге басқа да артық суреттер бар, соның ішінен киіз үйге отбасы мүшелерін орналастырасыңдар.
Балалар дұрыс орналастырды ма?
Балалар сендер көп сурет әкелгенсіңдер өз отбасыларымен түскен, қазір кімнің отбасысының суреті шығады, сол бала өзінің отбасысымен таныстырады.
Презентация
Балалар сендер шаршап қалған шығарсыңдар, қане бәріміз тұрып саусақ гимнастикасын жасайық,
Никита: Менің отбасымда 4 адам бар. Әкем - Алексей, анам - Татьяна, ағам - Сережа және мен, Никита, біз тату отбасымыз.
Ярослав: Менің отбасымда 3 адам бар. Әкем - Леша, анам - Марина және мен Ярослав, біз бақыттымыз.
Эмилия: Менің отбасымда 4 адам бар. Анам - Лена, әпкем - Вероника, сүйікті әжем, мен, біз үлкен отбасымыз.
Сергіту сәті: Саусақ гимнастикасы: балалар саусақтарын жұдырықтарына түйеді:
Бүгін біз отбасы туралы айтып жатырмыз, кім отбасы туралы мақал - мәтел, тақпақ біледі.
Жарайсыңдар балалар!
Жалпы сурет бойынша сөйлем құрастырайық.
Мына саусақ атам
Мына саусақ әжем
Мына саусақ анам
Мына саусақ әкем
Мына саусақ мен
Отбасымды сүйем
1. Бабасы еккенді,
Баласы орады..
Ата – бәйтерек,
Бала жапырақ.
2. Ана - көркі көгімнің,
Ана - көркі жерімнің.
Ана - бағы баланың,
Мақтанышы елімнің.
Өзің мені өсірген,
Айналайын, ақ әжем.
Тентек болсам кешірген,
Ауырмашы ақ әжем
3. Отбасы - алтын бесік.
4. Ағаға қарап іні өсер.
Ата газет оқып отыр, әже шұлық тоқиды, ұл бала төсек жинап жатыр.
Ана мен әке дастархан әзірлеп жатыр, қыз бала гүлге су құйды.
Қыз бала тамақ ішіп отыр.
Қорытынды: Жылы лебіз – Теплые слова
Атам құрметті, әжем қадірлі, анам аяулы, әкем мейрімді, ағам қайсар, әпкем сыпайы, сіңлім сүйікті, інім ақылды.
Рефлексия - түзету Бүгін біз отбасы тақырыбында әңгімелестік, сендер қандай жаңа сөздер естідіңдер?
Кімнің жауабы ұнады, неге? (Чей ответ понравилься можете отвечать на русском языке)
Тағы не білгілерің келеді (что еще вы хотите узнать?)
Сендердің отбасы тақырыбындағы қазақ тілінде меңгерген білімдеріңді көрсеттіңдер, сендерге рахмет! Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: отбасы мүшелерінің қазақша ата, әже, ана, әке, аға, іні, әпке, сіңлі аталуын біледі;
игереді: үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету керектігін өмірде қолдана білуді;
меңгереді: сурет бойынша отбасы мүшелерін - әке, ана, баланы ажыратып,
сурет бойынша сөйлем құрауды, мақал - мәтелді меңгеру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.