Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Менің отбасым» бақылау үзігі -

«Менің отбасым» бақылау үзігі

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 219 | Просмотров: 1654 | Размер: 18.6 Kb | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: «Менің отбасым» бақылау үзігі
Сабақтың мақсаттары:
А)Білімділік: «Менің отбасым» мәтіні арқылы оқушылардың лексикалық қорын байыту.
Ә)Дамытушылық: «Менің отбасым» тақырыбы аясында оқушылардың ой-өрістерін кеңейтіп, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.
Б)Тәрбиелік: өз отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: бақылау
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,салыстыру,
Көрнекіліктер: оқулық, оқу құралдары, кесте.

Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Міндеттері:
Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету;
Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау;
Оқушылардың сабаққа дайындылығын тексеру;
Окушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.
• Амандасу
• Оқушыларды түгендеу
• Сабақтың тақырыбымен таныстыру (Отбасы мүшелерінің мамандықтары)
• Фонетикалық жаттығу (ң дыбысы)
• Сабақтың мақсатын айқындап алу (Отбасы мүшелерінің мамандықтары туралы айта білу)
• Сабақтың міндетін айқындау
• Сұрақұрақ-жауап
Жаңа мәтінді талдамас бұрын өткен тақырыпты еске түсіріп алайық

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Міндеттері:
а) үй тапсырмасының орындалу деңгейі мен сапасын тексеру;
ә) кемшіліктер мен қателіктерді анықтау;

3.Өткен сабақ пен сабақтастыру
Міндеттері:
а) өткен сабақты шолу
ә) өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыру;
Жаңа сөздерді меңгерту
Оқушылар деңгейді таңдайды:
• ІІІ деңгей тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе білуді
талап етеді.
• ІІ деңгей сұрақтары бұл ақпаратты талдай білуін талап етеді.
• І деңгей (едәуір күрделі деңгей) сұрақтары шығармашылық сипаттағы тапсырмалардан тұрады, мұнда оқушылар ақпаратты бағалап, ол туралы өз пікірін білдіріп, оны негіздеп, дәлелдей білуі тиіс.
Әрбір сұраққа немесе тапсырмаға дайындалу үшін оқушыларға 5-7 немесе 10 минут уақыт беріледі. Оқушылар жұп-жұбымен отырады. Содан соң өзара дәптерлерін алмастырып, бірін-бірі жауап үлгісі бойынша тексеріп, бағалайды. Деңгейлік тапсырмалар оқулықта берілген.
Жауап үлгісі
ІІІ деңгей
1. Онша емес, балалар дәрігері, заңгер, шөбере, төлқұжат, телефон шалу, ауысым, ояну, жаяу.
ІІ деңгей
1. Мен мектепке дейін жаяу барамын. Біздің отбасымыз онша үлкен емес. Мен келесі аялдамадан түсемін. Менің досым менен гөрі үлкендеу. Өлеңді бірден жаттап алдым.
Жауап үлгісі
ІІІ деңгей
2. Не-ме-ре – үш буынды, 1,2,3 – ашық буындар.
н – дауыссыз, үнді;
е – дауысты, езулік, ашық, жіңішке;
м – дауыссыз, үнді;
р – дауыссыз, үнді.
Пә-тер – екі буынды, 1-ашық буын, 2-бітеу буын.
п – дауыссыз, қатаң;
ә – дауысты, езулік, ашық, жіңішке;
т – дауыссыз, қатаң;
е – дауысты, езулік, ашық, жіңішке;
р – дауыссыз, үнді.
Күн – бір буынды, 1-бітеу буын.
к – дауыссыз, қатаң;
ү – дауысты, еріндік, қысаң, жіңішке;
н – дауыссыз, үнді.

ІІ деңгей
2. - Сенің атың кім?
- Менің атым ... .
- Атаң мен әжең бар ма?
- Олар не істейді?
- Олар – зейнеткерлер, құрметті демалыста.
- Әкең неше жаста?
- Әкем 45 жаста.
- Ол қайда жұмыс істейді?
- Ол зауытта жұмыс істейді.
- Анаң неше жаста? Оның аты кім?
- Анам 42 жаста. Оның аты ... .

V. Сергіту жаттығу.
Ағам талай ат тағалады,
Ағам қалай ат тағалады.
Қалай ат тағалағанын
Білсем, мақтана аламын,
Білмесем, ұятқа қаламын.

VІ. Үш деңгейлік тапысрамын жалғастыру.
Жауап үлгісі
ІІІ деңгей
3. Біздің отбасымыз онша үлкен емес. Отбасымызда 4 адам бар. Олар: әкем, анам, ағам және мен. Біз Алматыда тұрамыз. Мен Төле би көшесінде, 25 үйде, 60 пәтерде тұрамын. Әкемнің мамандығы – экономист. Жеке меншік фирмасы бар. Анам №1 емханада жұмыс істейді. ол 42 жаста. Ағамның аты – Дәулет. Жасы 22-де, Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті. Біздің отбасымыз өте тату. Мен өз отбасымды жақсы көремін.
ІІ деңгей
3. Ашық дауысты дыбыстар Қысаң дауысты дыбыстар
әже кісі
әке гүл
емес жаз
мен іні
немере үй
өз үш

VІІІ. Үйге тапсырма. Отбасы туралы мақал жаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.