.
.
Тақырыбы: Мерген. Тұман. Мерген. Тұман.
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2670 | Размер: | Автор: ТәрбиеМақсаты:1. Ә. Нұршайықов «Мерген». Ұ.Есдаулетов «Тұман» шығармаларымен таныстыру. 2.Ақындардың табиғатқа, ауа-райына, аңшы мергендерге арналған шығармаларының мазмұнын түсіндіру. 3.Табиғат сырларын, тұман, мергендер туралы мағлұматтарын кеңейту.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, көрнекілік
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: «Аралар» шығармасының мазмұнын сұрау, «Бөкен» өлеңін жатқа сұрау.
ІІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жаңа материалмен жұмыс:
Оқулықпен жұмыс: а) Әзілхан Нұршайықов, Ұлықбек Есдаулетов туралы түсінік беру.
ә) Тұман өлеңін мәнерлеп оқыту. Жаттауға уақыт беру. Оқушылар жаттаған шумақтарын айтып шығады.
б) Мерген әңгімесін тізбектей оқыту, түсіндіру. Мәтінді бөліктерге бөліп, ат қою,
дәптерге жаздыру.
Сұрақ жауап:
1. Әңгімедегі мергеннің іс-әрекеті қандай?
2. Мерген қандай жануарларды кездестіреді?
3. Тұман кезінде ауа-райы қандай болады?
Дәптермен жұмыс: Өзіндік жұмыс 15-16 бет. Дәптерге мергенді және тұманды ауа-райын сипаттап жазу.
ҮІ Қорытындылау
Балалар, бүгін біз не үйрендік?
Қандай шығармалармен таныстық?
ҮІІ Үйге тапсырма: «Тұман» өлеңін жаттау, «Мерген» әңгімесін мазмұндау
ҮІІІ Оқушыларды бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.