.
.
Ссылки для скачивания: Акмолина Нургуль Турсыновна Ертегі.doc «Нәтиже сабақ»
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 425 | Просмотров: 4765 | Размер: 154.5 Kb | Автор: Тәрбиеhttp://www.files.gameworld.kz/2nxu1ankm1.html
Ссылки для скачивания: Акмолина тәуелсіздік.ppt
http://www.files.gameworld.kz/6t22164fj6.html
Сабақтың тақырыбы: «Нәтиже сабақ»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Санай біл» тарауы бойынша өтілген материалдарды
пысықтау, бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, қазақша сөйлеу
дағдысын жетілдіру.
Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Бос уақытында пайдалы істермен айналысу жайлы
тәрбиелік әңгіме жүргізу.
Сабақтың түрі: Ойын түріндегі қайталау сабағы.
Сабақтың көрнекіліктері: Слайдтар, сағаттың макеті, доп, қиықша қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 40-бет, 1-жаттығу. Сурет бойынша
сөйлемдер құрау
ІІІ. Негізгі кезең:
Балалар біз сендермен «Санай біл» тарауы бойынша «Қанша?», «Неше?», «Нешінші?», «Қаншада?», «Сағат неше?» тақырыптарын өткенбіз. Олай болса қызықты тапсырмаларды орындау арқылы осы тақырыптарды пысықтайық.
1 «Нешінші?» -ыншы, -інші, -ншы, -нші
Отырған бетте орындарыңнан ретімен санаймыз (бірінші, екінші...)
2 «Сен неше жастасың?» деген сұрақты мұғалім допты лақтыра отырып
оқушылардан сұрап шығады.
3 «Сөзжұмбақ» (слайд арқылы көрсетіледі) дәптерге жазбаша орындалады.
Т10, 100ім, 1лік, с2р, к3ік, 5ік, 6н, қ10
4 «Сағат неше?» мұғалім сағаттың макеті арқылы уақытты көрсетеді, оқушылар
жауап береді.
ІV. Сабақты бекіту:
Бұл бөлімде тарау бойынша қорытынды ретінде «Тапқырларға тапсырма»
сайысы өткізіледі. Сыныптан 6 оқушы шығады, сұраққа дұрыс жауап берген
оқушыға қиықша қағаз таратылады. Ұпай саны қиықша бойынша есептеледі.
1 Слайдтан жыл мезгілдерін дұрыс табу керек. (Слайд №3-10)
2 «Адасқан әріптер» Әр оқушы бір сөзден оқиды (Слайд №11-12)
3 «Полиглот» (Слайд №13-15)
4 «Кімнің жұмысы қайда?» (Слайд № 16)
5 “Тапқыр болсаң,тауып көр” (Слайд № 17-21)
6 «Ойынға әркімнің ақ бар таласы» көрермендермен ойын. (Слайд №22-24)
V. Сабақты қорытындылау:
Оқушылардың жинаған ұпайларын санау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру:
31 – 41 беттердегі сөздіктерді қайталау
Қазақ тілі пәні бойынша өткізілген «Тапқырларға тапсырма» сайысы.
Мақсаты:
• Оқушылардың қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
• Қазақ тілін оқуға ынталандыру.
• Оқушылардың логикалық ойлауы мен өзіндік түйін жасау, ой қорыту
дағдыларын дамыту.
• Оқушыларды өз беттерімен ізденіп, оқуға тәрбиелеу.
• Қазақ тілі бойынша алған білімдерін қайталау, жинақтау.
Көрнекілігі: Слайд, жұлдызшалар, тақтайшалар.
Барысы: Жүргізуші:
... Ұл – қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
Білер қазақ баласы:
«Сәлем – сөздің анасы» - демекші Армысыздар құрметті көрермендер, ойынға қатысушылар.
Бүгінгі «Тапқырларға тапсырма» сайысын мынандай ұранмен бастағанды жөн көрдік: Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден – ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сайыстың бөлімдері: Слайд № 2
1 Ойнайық та, ойлайық
2 Адасқан әріптер
3 Көп тіл білу – кемеңгерлік
4 Кімнің жұмысы қайда?
5 Тапқыр болсаң тауып көр
6 Ұшқыр ой
7 Ойынға әркімнің ақ бар таласы
(көрермендермен ойын)
І кезең «Ойнайық та, ойлайық»
Тапсырма жыл мезгілдерінен болады. Әр слайд шығар алдында бір жыл мезгілі туралы өлең шумағы оқылады. Қай мезгіл екенін оқушылар табу керек. Слайд № 4-5
Ауыл алды ақша қар,
Ақша қарда топ бала.
Соғып жатыр аққала,
Жалқауы жоқ жұмысқа.
(қыс)
Слайд № 6-7
Тапталады табанға,
Судыр – судыр жапырақ.
Өрттей сары бояуға,
Малынғандай атырап.
(күз)
Слайд № 8-9
Көктен тартып күн нұрын,
Жерден тартып жылылық.
Әнін тыңдап бұлбұлдың.
Бәйшешектер тұр күліп.
(көктем)
Слайд № 10-11
Күн жайдары алақай,
Жатыр жайнап даламыз.
Жүр, қанеки, балақай,
Шомылуға барамыз.
(жаз)
ІІ кезең «Адасқан әріптер».
Әріптердің орындары ауыстырылған бірнеше сөздер беріледі. Сөздерді дұрыс оқу қажет.
к,е,м,п,т,е – (школа, класс)
ш,е,н,е?– (который, сколько)
і,м,д,і,с,к,ө - (растение, тетрадь)
н,қ,а,ы – (писатель, поэт)
кіенкүділ – (оценка, дневник)
а,к,н,і,а,т,х,а,п – (чай, библиотека)
ІІІ кезең «Көп тіл білу – кемеңгерлік».
Экраннан көрсетілген суреттерді қазақша, орысша айту керек.
Слайд № 14-15-16
Елтаңба, ту, аққу, сағат, гүл, доп, қоян, жылқы, жолбарыс, түйенің суреттері көрсетіледі.
ІV кезең «Кімнің жұмысы қайда?»
Экраннан мамандардың суреттері көрсетіледі. Оның кім екенін, қайда жұмыс істейтінін дұрыс айтулары керек.
Слайд № 17
(мұғалім, дәрігер шахтер, даяшы, ұшқыш, шаштараз, аспаздың суреттері)
V кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр»
Знай - біл, Совесть – ар,
Язык - ... Есть - ...
Берег – жаға, Прибавь – қос,
Оценка - ... Друг - ...
Расческа – тарақ, Вода – су,
Урок - ... Флаг - ...
Белка – тиін, Шаг – қадам,
Одежда - ... Человек - ...
VІ кезең «Ұшқыр ой». Берілген сұрақтарға жылдам жауап беру
Слайд № 23-33
Сұрақтар:
1 Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
( 42 әріп )
2 Гректің “тетро” – “төрт бүктелген” деген сөзінен қандай оқу құралының
атауы шыққан ?
(Тетрадь – дәптер)
3 Күнделікке не жазамыз ?
(Сабақ кестесін)
4 Күз айларын атаңыз.
Қыркүйек
Қазан
Қараша
5 “Косуля” жануарының қазақша атауы қандай?
(Елік)
6 “Физическое воспитание” пәнінің қазақша аудармасы қалай болады?
(Дене тәрбиесі)
7 Қазақстанның астанасы қай қала?
(Астана)
8 Бір сағатта неше минут бар?
(60 минут)
9 Қазақ тіліне тән дыбыстарды атаңыз.
( ә,ө,і,ұ,ү,қ,ң,ғ,һ)
10 Қазақстан Республикасының президенті кім?
(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
VІІ кезең “Ойынға әркімнің ақ бар таласы” (көрермендермен ойын)
Берілген буындардан сөздер құрау керек.
Слайд № 34-36
Қорытындылау: Жеңімпаздарды марапаттау.
Жүргізуші:
Құрметті оқушылар, сайысымызды аяқтай келе қазақ тілінің кемелденіп, көркейе беруіне ат салысыңдар, қазақ тілін оқыңдар дей отырып, сөзімді мына жолдармен аяқтағым келіп тұр:
Барам десең болашаққа
Тіліңді таза сақта....
Тіліңді биіктет,
Өзгеге сүйікті ет!
Мектептің шығармашылық күніне арналып ұйымдастырылған шағын қойылымның жоспары
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар!
Шуақты көктем күндерімен бірге келіп жеткен Ұлы жеңіс мерекесі құтты болсын!
Біздің бүгінгі шығармашылық күніне арналған «Ертегілер елінде» атты шағын қойылымымызға қош келдіңіздер!
Вика:
Күн, сен неге күркірейсің?
Көктем келді, көктем келді!
Жаңбыр, сен неге сіркірейсің?
Көктем келді, көктем келді!
Бұлақ, сен неге сылдырайсың?
Көктем келді, көктем келді!
Гүлдер, сендер неге жайнайсыңдар?
Көктем келді, көктем келді!
Құстар, сендер неге сайрайсыңдар?
Көктем келді, көктем келді!
Маша:
Табиғатқа беріп көрік, рең,
Алдыңызға клді көктем.
Алып келдім құстарды,
Алып келдім шуақты.
(Маша көктем болып қазақша би билейді)
Жүргізуші:
Көктем жыл басы, тіршіліктің белгісі. Көктем келісімен табиғат жаңа күйге енеді. Олай болса табиғатқа көрік берген көктем аруымыздың әкелген базарлығы бар екен.
Орыс тілді 4 «Г» сынып оқушыларының қатысуымен Сутеевтің «Алма» ертегісін тамашалайық
Ертегі «Алма»
Қырға келген көктемнің мамыражай күнінде ормандағы барлық аңдар қысқы
ұйқыларынан оянып, мәз- мейрам болып жатқан кез еді. Көктемгі табиғатты
тамашалап орман аралап жүрген қоян ағаш бұтағындағы бір алманы көзі шалып қалады. Алманы алмаққа тырысып әрі секіреді, бері секіреді бойы жетпей амалы құриды. Осы кезде сырттай бақылап отырған қарға оны мазақ етіп күліп отырады.
Қарға: Қарр, қарр, қарр!
Қоян: Қарғажан анау алманы әперші.
Қарға: Жарайды! (Алманы үзіп алады. Алма құлап барып жерде жатқан кірпінің арқасына түседі. Кірпі алманы ала қашады.)
Қоян: Тоқта! Бұл қалай? Менің алмамды қайда апара жатырсың?
Кірпі: Жоқ! Алма менікі, оны мен қағып алдым.
Қоян: Алманы мен тауып алдым, ол менікі!
Қарға: Сендер босқа таласпаңдар! Алма менікі, оны мен қағып алдым!
Барлығы алмаға таласып, шулдап орманды басына көтереді.Осы кезде шудан оянған аю келеді.
Аю: Бұл не шу?! Басым ауырып кетті ғой!
Кірпі: Аю, сен үлкен әрі ақылдысың ғой. Алма кімдікі соны айтшы?
Аю: Алманы кім тапты?
Қоян: Мен.
Аю: Кім үзді?
Қарға: Мен.
Аю: Кім қағып алды?
Кірпі: Мен.
Аю: Онда алма бәріңдікі!
Кірпі: Қалайша, алма біреу ғой?
Аю: Алманы тең бөліңдер!
Кірпі: Мынау саған қоян, мынау саған қарға ,өзіме, ал мынау саған аю.
Аю: Маған, не үшін?
Кірпі: Сен бізге ақыл айтып татуластырдың, біз енді доспыз!
Осылай алманы бөліп жеп,аю, қоян, кірпі, қарға тату- тәтті өмір сүріпті. «Береке басы бірлікте» деген сөз осыдан қалған екен.
Аю рөлінде – Афанасьева Аня, қарға – Ташлыкова Даша, кірпі – Беспаев Әділ, қоян – Комаринских Ира, көктем – Антонова Маша, қыз – Анисимова Вика.
Жүргізуші:
Келгендеріңізге көп рахмет! Көктем күндері сіздерге тек бақыт әкелсін!
Тілдер мерекесіне арналып ұйымдастырылған «Тіл- достық негізі» сайысының жоспары
Жүргізуші:
Сәлеметсіңдер ме, құрметті сайысқа қатысушылар және қонақтар!
Тіл- алтын қазына.
Бала болсаң да тіл керек,
Дана болсаң да тіл керек – демекші,
барлықтарыңды бүгінгі тілдер мерекесімен құттықтаймыз! Бүгінгі сайысымызға қош келдіңдер!
Олай болса сайысымыздың шарттарымен таныстырайын.Сайыс бес бөлімнен тұрады.
1 Сөйлем құрау
(Кеспе қағаздарда жазылған сөздерді мағынасына қарай ұйқастыра отырып сөйлем құрау)
2 Суреттеу
(Әр топ өздеріне берілген суретті сөзбен суреттеп айтып беруі керек)
3 Мозайка
(Әр топқа әріптер жазылған кеспе қағаздар таратылады.Сол әріптерден бір сөз құрап, сол сөзден бірнеше сөздер құрау қажет.)
4 Сергіту
(Әр топ «Достық» тақырыбына сурет салады)
5 Капитандар сайысы
(Топ басшылары сайысқа түседі. Қойылған орысша сөздердің қазақша баламасы нұрыс айтулары қажет.)
Сайыс басталмастан бұрын 3-4 сынып оқушылары ана тілі, тіл туралы, достық туралы өлеңдерден мәнерлеп үзінді оқиды.
Әли : Ана тілі- біздің туған анамыз!
Анамыздай сыйлап, бағып- қағамыз,
Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Даниил: Қазақ жұрты- меймандос,
Қазақ жері- кең-байтақ.
Құшақтарын жайған дос
Ұлыстарға ел ортақ.
Светлана: Ортақ бізге ауа,аспан,
Отанымыз көп ұлтты.
Ынтымағы жарасқан,
Бірлігімен көрікті.
Ділназ: Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім
Жүргізуші:
Сайысқа қатысушы үш топты ортаға шақырайық. Олардың екеуі үшінші сыныптан, ал біреуі төртінші сыныптан келіп отыр.
«Достық» тобы 4 «В» сыныбы
«Тіл» тобы 3 «Г» сыныбы
«Тұлпар» тобы 3 «В» сыныбы
Сайыстың тапсырмалары:
1 Сөйлем құрау
- Қабарғада сурет ілулі тұр (3-сынып)
-Сынып кең, жарық, әрі таза (3-сынып)
- Біздің мектеп үш қабатты (3-сынып)
- Бүгін сыныпта мен кезекшімін (3-сынып)
- Қазақстанның астанасы- Астана қаласы (4-сынып)
- Қазақстанның рәміздері- ту, әнұран, елтаңба (4-сынып)
2 Суреттеу
Суреттер таратылады (Алма, алмұрт, жүзімнің суреті)
3 Мозайка
Қызғалдақ, орамжапырақ, балабақша, шаштараз
4 Сергіту
Ватман мен маркерлер беріледі
5 Капитандар сайысы
- Каша, сколько?, яблоко, желтый, сапоги, осень, морковь, русский язык,
ходить, дождь.
- Какой по счету?, груша, красный, брюки, лето, картошка, казахский
язык, стоять, снег
- Этаж, капуста, библиотека, столица, гимн, тигр, герб, лошадь, часы,
сладкий
Жүргізуші: Сайысымыздың барлық шарттарын орындап болған
сияқтымыз, олай болса жеңімпаздарды анықтайық
«Достық» тобы 4 «В» сыныбы ІІІ- орын
«Тіл» тобы 3 «Г» сыныбы І-орын
«Тұлпар» тобы 3 «В» сыныбы ІІ- орын
Құрметті оқушылар, тілдер мерекесіне арналған сайысымызды аяқтай келе қазақ тілінің кемелденіп, көркейе беруіне ат салысыңдар, қазақ тілін оқыңдар дей отырып, сөзімді мына жолдармен аяқтағым келіп тұр:
Барам десең болашаққа
Тіліңді таза сақта....
Тіліңді биіктет,
Өзгеге сүйікті ет!
«Қазақшаңыз қалай?» атты үйірме жұмысының
2009-2010 оқу жылы бойынша есебі
«Қазақшаңыз қалай?» үйірмесі 1,2,3,4 сыныптар арасында жүргізілді. Үйірмеге барлығы12 оқушы қатысты. Үйірме айына екі рет өткізіліп тұрды. Үйірменің көздеген мақсаты бастауыш сыныптарда оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын аттыру және қазақ тілін меңгеруге көмектесу болды.
2009-2010 оқу жылы ішінде үйірме мүшелерінің қатысуымен қойылымдар дайындалып, қойылды. Олар «Әке мен бала», «Алма» ертегісі т.б.
Оқушылар
Сабақтың тақырыбы: «Семей қаласы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Семей қаласының тарихы, ондағы көрнекті орындар
жайлы айтып беру, жалғауларды қайталату.
Дамытушылық: Оқушылардың қазақша сөйлеу дағдысын дамыту, сөз
тіркесін құратып үйрету.
Тәрбиелік: Өз Отанын, туған өлкесін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, ойын сабағы
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, карточкалар, плакаттар
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, жаттығу жұмысы
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
48- беттегі сөздікті сұрау, өткен жалғауларды қайталау.
ІІІ Негізгі кезең
Балалар біздің Отанымыз қай ел?
Астанамыз қай қала?
Біз қай қалада тұрамыз?
Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Семей қаласы» деп аталады.
Тақырыпқа байланысты слайдты көрсету .
Семей сөзі орысша «семпалат» - жетішатыр
сөзінен шыққан. Семей қаласының тура ортасынан Ертіс өзені ағып жатыр.
Екі жағалауды бір- біріне қосып тұратын әдемі көпіріміз де бар.
Қаламызда Абай мұражайы, Невзоров атындағы сурет мұражайы, өлкетану
мұражайы тб. мұражайлар бар. Қаламыздың шет жағында қарағайлы орман
бар. Онда қарағай, шырша, ал қала ішінде терек, қайың ағаштары өсіп,
қаламызға көрік беріп тұр.
1 Сөздік жұмысы:
Қала – город
Көше – улица
Ғимарат – здание
Көлік – транспорт
Мұражай – музей
2 Сөз тіркестерін құрату, дәптерлеріне жаздыру
Әдемі қала, үлкен ғимарат, үлкен қала...
3 Сергіту сәті.
Оң қолымды көтерем,
Сол қолымды көтерем.
Оңға қараймын,
Солға қараймын.
Оң қолымды түсірем,
Сол қолымды түсірем.
Аяқпен топ – топ басамын,
Бір демалып қаламын!
4 Слайд бойынша ойын «Адасқан әріптер»
қ,с,б,а, (дом, урок)
қ,л,а,у (посуда, аул)
к,е,м,п,т,е ( класс, школа)
ш,ы,л,а,м (постух)
5 Дәптермен жұмыс: 106 - б, 2 – ж қатесіз көшіріп жаз. Қазақ тіліне тән
әріптердің астын сыз.
Мен Алматы қаласында тұрамын. Ол әдемі және үлкен қала. Алматыда
зообақ, мұражайлар, саябақтар, түрлі демалыс орындары көп. Жексенбі
күні анам мені циркке апарды.
6 Сабақты бекіту,
Қаламыз туралы не білдік?
Неге Семей деп аталады?
Семейде қандай ағаштар өседі?
Қаламыз әдемі ме?
7 Сабақты қортындылау:
Қаланы таза ұстауға атсалысуымыз керек. Саябаққа өзенге барғанда
қоқыстарыңды жинап, отты өшіру керек. Сенбіліктерден қалмауымыз
керек
8 Үйге тапсырма беру: Семей қаласы туралы шағын әңгіме құрау.
Сабақтың тақырыбы: «Мамандық»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жаңа сөздер мен тіркестерді үйрету және
оларды сөйлеу әрекетінде дұрыс пайдалана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу әрекетін, қазақша ойлауын, есте
сақтау әрекетін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларға еңбектің пайдасын, оның адам өміріндегі
ролін білгізу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, мамандықтардың суреттері.
Сабақтың әдіс – тәсілі: Түсіндіру, аударма, сұрақ – жауап, жаттығу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: Өз отбасы жайлы қысқаша әңгімелеу
карточкадағы тапсырма. Шар лақтыру арқылы өткен сөздерді,
сұрақтарды оқушылардың естеріне түсіру.
ІІІ Негізгі кезең:
1 Сөздік жұмысы
Мамандық – профессия
Әуе компаниясы – аэро компания
Жұмыс істейді – работает
2 Слайд бойынша мамандық атауларымен таныстыру
(дәптерлеріне жаздыру)
Дәрігер, мұғалім, ұшқыш, шахтер, шаштараз, даяшы, әскери адам..
Ал осы мамандардың қайда жұмыс істейтінін білеміз бе? (Слайд)
«Кімнің жұмысы қайда?»
Дәрігер қайда жұмыс істейді?
Мұғалім қайда жұмыс істейді?
Ұшқыш қайда жұмыс істейді?
Шахтер қайда жұмыс істейді?
Шаштараз қайда жұмыс істейді?
Даяшы қайда жұмыс істейді?
3 73 – бет, 4 – жаттығу Жақшаны ашып, тиісті сөзді қойып оқы.
4 «Адасқан әріптер» ойыны . Дәптерге жазу, (Слайд).
С,ы,о,т,а,б – ( родина, семья)
А,қ,ақ,а,л – (снегурочка, снеговик)
Р,е,к,е,м,е – (новый год, праздник)
Ө,к,е,ш – (улица, дом)
Ұ,з,м – (лед, снег)
М,а,л,а – (груша, яблоко)
Н,а,т,о – (книга, родина)
К,е,м,п,т,е ( класс, школа)
5 Сабақты бекіту.
Сұрақтарға жауап беру арқылы аққала құрату.
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарының тіленбей»
Абай
«Без труда не вытащиш рыбку из пруда»
Сендер қазір оқушысыңдар. Сендердің еңбектерің – сабақ оқу.
Біз оқуымызды жақсы оқысақ, қалаған мамандық иесі бола
аламыз. Маман иесі болған соң армандарыңа қол жеткізесіңдер.Енді
осы аппақ қардай өз армандарыңды аққалаға айтайық. Ол міндетті
түрде орындалады. (Оқушылар өздері дайындап әкелген қарларын
болашақта кім болғылары келетінін айта отырып, аққаланың маңына
жапсырады)
6 Оқушыларды бағалау
7 Үйге тапсырма беру: 74 – бет, 1 – жаттығу. Сұраққа жауап беру.
Тілдер мерекесіне арналып ұйымдастырылған
«Жер жұмағы - Астана» тақырыбындағы
«Ойнайық та, ойлайық» сайысының жоспары
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру,
өз беттерімен ізденуге талпындыру
Астана қаласының көрнекі орындарымен, тарихымен таныстыру.
Құндылықтарымызды бағалап, сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: ҚР рәміздері, суреттер, слайдтар, кеспе қағаздар.
Барысы:
Жүргізуші: Армысыздар құрметті оқушылар, сайыскерлер!
Сендерді тілдер мерекесімен құттықтай отырып ,
«Жер жұмағы - Астана» тақырыбындағы «Ойнайық та, ойлайық»
сайысымызды бастаймыз!
Сайыстың кезеңдері:
1 «Сөздерді сөйлетейік»
(Орындары ауыстырылып берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрап шығару)
2 «Жанды суреттер»
(Берілген сурет бойынша қысқаша әңгіме құрау)
3 «Сергіту»
(Жасырылған суреттерді дұрыс тауып айту)
4 «Адасқан әріптер»
(Шашылған әріптерден дұрыс сөздер құрап шығару)
5 «Кім жылдам?»
(Берілген тақырыпқа қатысты сөздерді жылдам жазып шығу)
Сайысқа қатысушылар:
3 «Д» сыныбы «Астана» тобы
3 «Г» сыныбы «Туған жер» тобы
4 «Д» сыныбы «Атамекен» тобы
4 «Г» сыныбы «Қарлығаш» тобы
Сайыс басталмастан бұрын 3-4 сынып оқушылары ана тілі, тіл туралы, Астана туралы, достық туралы өлеңдерден мәнерлеп үзінді оқиды.
Жәңгір: Астанам – Сарыарқаның биігісің,
Азия құрлығының кіндігісің.
Батырдай жорықтарда қол бастаған,
Баста елді қазағымның бірлігі үшін.
Артем : Астанам – Сарыарқаның төсіндесің,
Ел естен кеткен күнін өшірмесін.
Бауырға бас шеттегі қандастарды,
Оралған Отанына көшін көрсін.
Ділназ: Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Данил: Қазақ жұрты- меймандос,
Қазақ жері- кең-байтақ.
Құшақтарын жайған дос
Ұлыстарға ел ортақ.
Сайыстың тапсырмалары:
1 «Сөздерді сөйлетейік»
- Қазақстанның астанасы – Астана қаласы.
- Қазақстан Республикасының президенті – Н.Ә.Назарбаев
- Қазақстанның өз туы, елтаңбасы, әнұраны бар.
- Қазақ тілі - Қазақстанның мемлекеттік тілі.
2 «Жанды суреттер»
Топтарға мына екі сурет беріледі
4 сыныптар 3 сыныптар
3 «Сергіту»
ҚР рәміздерінің суреттері жасырылады
4 «Адасқан әріптер»
4 «Д» - СЫНЫП 4 «Г» - СЫНЫП
З,А,С,Қ,А,Қ,Т,Н,А – Б,Т,Й,Ә,Р,Е,К,Е –
К,Е,М,П,Т,Е – Ғ,А,І,М,Ұ,М,І,Л –
А,Р,М,Ұ,Й,А,Ж – Н,Ұ,Ә,Р,Н,А –
І,Т,Л – Ө,З,К –
3 «Г» - СЫНЫП 3 «Д» - СЫНЫП
М,К,Е,М,Л,Е,Т,Е – А,Т,С,А,Н,А –
Ы,Н,П,С,Ы – М,А,Қ,Л,А –
І,Л,М,І,Б – Ы,Ш,Ғ,Ы,С,З –
О,Л,Қ – А,Б,С -
5 «Кім жылдам?»
Топтарға төмендегідей тақырыптар беріледі:
4 сыныптар «Қазақстан»
3 сыныптар «Мектеп»
Жүргізуші: Сайысымыздың шарттары толық орындалған сияқты. Олай болса жеңімпаздарды анықтайтын кез де жетті.
4 «Д» сыныбы «Атамекен» тобы І - орын
3 «Г» сыныбы «Туған жер» тобы ІІ - орын
4 «Г» сыныбы «Қарлығаш» тобы ІІІ - орын
3 «Д» сыныбы «Астана» тобы ІІІ - орын
Құрметті оқушылар, тілдер мерекесіне арналған сайысымызды аяқтай келе қазақ тілінің кемелденіп, көркейе беруіне ат салысыңдар, қазақ тілін оқыңдар дей отырып, сөзімді мына жолдармен аяқтағым келіп тұр:
Барам десең болашаққа
Тіліңді таза сақта....
Тіліңді биіктет,
Өзгеге сүйікті ет!
Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып өткізілген «Менің Қазақстаным» атты сыныптан тыс ісшараның жоспары
Мақсаты:
- Еліміздің тарихы туралы түсінік беру, ұлттық озық дәстүрлерден үлгі алып,
халқымыздың салт-дәстүрін, мәдениетін, үлгі-өнегесін балалар бойына сіңіру.
- Жас жеткіншектерді еліміздің тәуелсіз алғалы 20 жыл ішінде жеткен
табыстарымен таныстырып,білімдерін нығайту.
- Отанын құрметтей білетін,болашақта Қазақстанды өркендетуге өз
үлесін қосатын азамат тәрбиелеу.
Барысы:
Сәлеметсіңдер ме құрметті оқушылар! Сендерді Қазақстан тәуелсіздігінің 20
жылдық мерекесімен құттықтаймын!
-Балалар бідің Отанымыз қай ел?
-Өте дұрыс Қазақстан.
-Ал Қазақстан қандай мемлекет?
-Иә, тәуелсіз мемлекет.
-Қазақстан тәуелсіздігін қай күні тойлаймыз?
- 16 желтоқсанда. 1991ж 16 желтоқсанда ҚР тәулсіздігін алды.
Біздің бүгінгі ісшарамыз да осы Қазақстан тәуелсіздігіне арналады.
Әнұраным, жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім, сағынарым,
Мәңгі- бақи шырқалады,
Республикам- Әнұраным.
( ҚР әнұраны шырқалады )
Әйгілі психологтардың бірі Густав Ле Бан өзінің бір сөзінде: «Жастарға берілген білім деңгейі – болашақта сол елдің қандай болатындығын байқататын көрсеткіш» (Уровень знаний получаемая молодежью – будущий показатель этой страны)деген екен. Болашақ ол – сендер. Яғни, Қазақстанның болашағы сендерсіңдер. Отанды сүю, қорғау, сүйіспеншілік таныту сендердің міндеттерің.Отанға деген ыстық махаббаттарыңды жадыларыңда ұстаңдар!
(Любить,защищать Родину, получать знание – это ваш долг. Любовь к Родине всегда должна хранится в ваших сердцах )
Еліміздің Егемендігі жасай берсін!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.