Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өнер алды – қызыл тіл -

Өнер алды – қызыл тіл

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4230 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тақырып:
Өнер алды – қызыл тіл
Мақсаттары:

1. Бала бойында әдептілік пен алғырлық, адамгершілдік қасиеттерді қалыптастыру.
2. Балалардың мәнерлеп оқу дағдыларын, ұлы ғұламалар сөздерін жатқа, мәнін түсіне оқу дағдыларын дамыту.
3. Жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайдылар

1 жүргізуші: Сүйемін туған тілім ө ана тілін,
Бесікте жатқанымды ө ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутімнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін. (С.Торайғыров)

Тіл арқылы адамдар бр – бірімен сөйлесіп, ойын жеткізеді, пікір алысады. Ана тілі арқылы оқып, білім алады, өз ортасында тәрбиеленеді.

2 жүгізуші:
Бүгін «Өнер алды – қызыл тіл» тақырыбына аталған 11 сыныптар арасында жарыс өткіземіз. «Сөз дүниенің сәні» дегендей біздің дайындаған өлеңдерімізді, мақал – мәтелдерімізді, жұмбақтарымызды. әңгімелерімізді, қойылымдарымызды тамашалаңдар.
Назарларыңызға 2 мәтін ұсынамыз. 11 «В» сынып оқушысы Конограй Олеся «Сөз онері».
“Өнер алды - қызыл тіл” деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз қадірін білгендіктен айтқан.
Сөз өнері ақылға, қиялға, көңілге байланысты болады.
Ақыл ісі – аңдау. Қиял ісі – меңзеу. Көніл ісі – түю.
Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын, қиялдың меңзеуін айтуға жарау. Оны тілмен айтып білдіруге көп шеберлік керек.
Шығармалардың да сөздері бәрі жақсы болабермейді... Әр ақын, әр жазушы сөздің басын өзінше кұрастырады. (А. Байтұрсынов)

1 жүргізуші:
Тіл өзі қызмет етіп отырған халықпен, қоғаммен бірге туады, бірге дамиды, өседі, өркендейді.
Енді 11 «Б»сынып оқушысы Құманова Диана «Сөз қадірі – өз қадірің» деген әңгімесін тыңдаңдар.
«Сөз қадірі - өз қадірің»
Сөз сөйлеушінің ойын, сезімін білдіріп қана қоймайды, оның мінездемесі де болып табылады. Сондықтан кісінің тәрбиелік деңгейі көбіне сөзінің сипатынан байқалады. Халық қашанда сөздің адамдар арасындағы атқаратын қызметіне, сөйлеудің парқына және қай жерде қалай сөйлеуге айрықша мән береді.
Сөйлеудегі ең жақсы қасиет - ой-пікірің қысқа әрі дәл айтып жеткізушілік.
Ана тілінде сөйлеу, оған деген қөзқарас ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік, әдептілік өлшемі болып табылады. Оның мәні: әр азаматтың ана тілін Отанандай, туған халқындай, ата- бабасындай сүйіп, ардақтап, ол тілде сөйлеуді тәңірінің ұлы сыйындай көруінде. (Асылов)

2 жүргізуші:

Ана тілі
Әрбір ұлт қалыптасқаннан соң, өзінің ұлт екенін дәлелдейтін, өзгеше айтқанда тілін, дінін, тарихын, жерін қалыптастырады.
Ана тілі – әр халықтың түп тамыры, асыл қазынасы, ата-бабасы қалдырған мол тарих пен мәдениетінің айғағы әрі шежіресі, өзін де, өзгені де танып білетін рухани байлықтың асқар шыңы.
Тілді құрметтеу әуелі өзіңді, содан соң еліңді құрметтеу болмақ. Ана тілі қазіргі ұрпақ өссе өсіп, дамып, өшсе өшіп, өлі тілге айнамақ. Бірақ рухы асқақ халқымыз мәңгі өрлеп, ұлы қадам жасау үшін жаралған.

1 жүргізуші:
Көрініс «Сөз қадірі» 11 «Б» сынып оқушылары Тоимов Ануар, Асан Маулен, Айтжанов Ануар, Мейрамбаева Анель.
Көрініс: «Сөз қадірі»
Қатысатындар: автор, әкесі, баласы, қария.
Автор: Өте ерте заманда бір қадірлі қария дүниеден көз жұмарында баласына:
Әкесі: Балам, мен көп ұзамай дүние салам. Әкем қазына қалдырмады деп өкпелеме. Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап, қадірле, қастерле.
Автор: Мұны естіген бала әке мұрасын іздеймін деп табанынан таусылып, таба алмайды.
Ойы сан-саққа кеткен бала бір күні ел ішіндегі абзал қарияға келеді.
Бала: Ата, экем маған қандай қазына қалдырды? Мен іздеп таба алмадым. Мүмкін сіз білетін шығарсыз, айтыңызшы.
Қария: Әкеннің сөзі рас, балам. Оның саған қалдырған мұрасы – тіл. Ол шешен адам еді ғой. Бәріміз сө»леуді сенің Әкеннен үрендік. Тілден қымбат, қазына, байлық жоқ.
Автор: Деп аталы сөздін шешуін айтыпты.

1 жүгізуші:
Адинай Социалова, Ануар Тоимов, Женя Мальков көрініс «Қарияның немелерімен сұхбаты»

Көрініс: «Қарияның немерелерімен сұхбаты»
Қызы: жүгіріп келіп «Ата!» Не ойлап отырсыз, көңілсізсіз ғой!
1-ші сахналы көрініс
Қария: Е, балам, атаң не ұайымдамайды дейсің, басымнан өткен қиыншылықтарымды, елімнің қиын кездерін есіме алып отырмын. Еліміздің болашағын, сендердің болашақтарыңды ойналып, толғанып отырмын.

Мына заман, қай заман, қысқан заман,
Басымыздан бақ-дәулет ұшқан заман,
Шұбырығында қар жауған, қысқан заман
Қара көзден мөлтілдеп жас келеді.

Бала:
Ата! Сүйінші! Сүйінші! Алақай! Алақай!
Жарқырайды өмірім, шуақтайды таңым!
Қуанышпен жүгіреді, енді ұрпақ бүгін!
Құлақ салсын, естісін салқын адам
Мұны білмей салқындаған.
Қатты үн, біздерге тәуелсіз таңы шуақтады!
Қария:
Онда балаларым!
Бірлік түбі – береке
Береке түбі – мереке
Егеменді ел болдық
Тәуелсіздікке енді еңдік.
Бар халықты біктіріп
Бар білімге, өнерге жүгіндірдік
Тәуелсіздігімізге бас иеміз!
Қыз:
Қол ұстасып, шықты бүгін
Көгілдір туын желбіретіп, оранған
Көрсін! Мына бірліктің мақтылығын!

Хормен: Анамыздай-ақ, Отан біздің біреу-ақ, ол біздің – Қазақстан!

2 жүгізуші:
Төлеген Айбергеновтың өлеңі «Өсіп келе жатырмын» 11 «Г» сынып оқушысы Васильева Дарья.

«Өсіп келе жатырмын» Төлеген Айбергенов
Кеудесінде таулардың,
Кемесінде арманның,
Жалау етіп ерлікті,
Есіп келе жатырмын!
Адал терін әрдайым
Моншақтатып мандайым...
Соқсын дауыл, соқпасын,
Қиындықтын көк тасын
Кесіп келе жатырмын.
Кейде күнмен теңесем,
Таласып күнмен мен өсем,
Гүл теремін жерімнен,
Бірге туған еліммен
Өсіп келе жатырмын!

1 жүргізуші:
Әнуарбек Дүйсебаев «Үш бақытым» окитын 11 «в» сынып оқушысы Жданович Олеся

«Үш бақытым» Әнуарбек Дүйсенбиев
Ең бірінші бақытым - Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенен.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым - Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші - Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба,
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен...




1 жүргізуші:
Енді назардарыңызға екі қойылым ұсынамыз.
«Астанадағы таксист» Шауенова Малика, Озкоч Рамазан, Васильева Дарья, Нажад-Моккадам Джозеф 11 «Г» сынып оқушылары.

Астанадағы таксист
Автор: Таксист Астанада американды алып келе жатыр. Биік ғимараттың қасынан өтіп бара жатыр.
Таксист: Мына мұнараны 5 жылдың ішінде тұрғыздық!
Американ: Бізде ондай мұнараны 3 жылда тұрғызады.
Автор: Келесі күні таксист жапонды таксимен алып келе жатыр.
Таксист: Мына мұнараны 3 жылдың ішінде тұрғыздық!
Жапон: Бізде ондай мұнараны бір жылда тұрғызады.
Автор: Үшінші күні таксист орысты таксимен алып келе жатыр.
Орыс: Оппа! Мынау не мұнара?
Таксист: Білмеймін, бұл мұнара кеше ғана болмаған еді.

2 жүргізүші:
Қойылым «Ана мен қызы Дария Султанова, Есбукенова Карина 11 «Г» сынып оқушылары

Ана мен қызы
Қызы: Мама, мектепте кеш болады. Гауhар тасы бар әшекей бұйымдарды тағуға болады ма?
Анасы: Жоқ, болмайды!
Қызы : Неге болмайды? Гауhар тасы бар бұйымдарды Жаңа жылға сыйлады, «Феррариді» 8 наурызға, 7-8 ішікті туған күніме сыйлады. Бірақ әлі ешқайсысын киюге, пайдалануға болмайды. Қашан кием, қашан пайдаланам сонда?
Анасы : Әкең зейнетке шыққанда рұқсат, ал әзірге сенің әкең қарапайым гаишник, сондықтан болмайды.

1 жүргізуші:
Енді сөз туралы мақал – мэтелдерді тыңдаңдар. 11 «В» сынып оқушысы Серикбаева Г.,Серикбаева А. 11 «Г» сынып оқушылары Ибрагим Минель, Жакпарова Мадина.
1. Ел арасын сөз бұзар,
Жол арасын сел бұзар.

2. Сөз шыңды табар.

3. Сөз асылы мақал.

4. Сөз түбін сөз табар.

5. Көп сөз-көмір,
Аз сөз-алтын.

6. Сөз сөзден туады,
Сөйлемесе неден туады.

7. Ер қадірін ер біледі,
Зер қадірін зергер біледі.
Сөз қадірін тапқыр біледі.

8. Сөйлей-сөйлей шешен болар,
Көре - көре көсем болар.

9. Тіл қаруы - сөз,
Сөз қаруы - ой.

10. Жылы сөз жүректен шығады.

11. Ана сүті бой өсіреді ,
Ана тілі ой өсіреді.

12. Білім кілті – тіл.

13. Сөйлесе білген – үйлесе біледі.

14. Сөздің көркі - мақал
Атасы – ақыл,
Анасы – тіл.

15. Сөз де ара сияқты:
Балы да бар,
Зәрі де бар.

2 жүргізүші:
Енді сөз туралы мақал-мәтелдер тыңдаңдар. 11 «В» сынып оқушысы Серикбаева Г., 11 «Г» сынып оқушысы Адильбекова Қарақат.

16. Арқанның ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.

17. Асыл сөзге өлім жоқ.

18. Көп сөз ұтпайды,
Дөп сөз ұтады.

19. Жақсыға сөз ереді,
Жаманға шөп ереді.

20. Сөз – адамның айнасы.

21. Жақсының сөзі - жырмен тең.

22. Жылы сөз – жүректің кілті.

23. Адам көңілінен азады, тілінен жазады.

24. Аз сөз – алтын, көп сөз – күміс.

25. Айтпас жерде аузынды тый,
Қышынбас жерде қолыңды тый.

26. Айтқан сөз, атқан оқ – қайтпайды.

27. Айтуға оңай, істеуге қиын.

28. Ақынның тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік.

29. Ақ сөз ақиқат болады.

30. Күш – білімде.

31.«Көп білемін» деме, көптен артық білмейсің.

1 жүргізуші:
11 «Б» сынып оқүшысы Бауржан Маржан мен 11 «В» сынып оқушысы Аубакиров Айваздың жұмбақтарын шешейік.

1. Бауржан Маржан:
1) Дүниеде бір дария беті қатқан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
Қараса ол құдыққа көз жетпейді,
Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан.
(Оқу, білім.)
2) Қабат - қабат қаптама,
Ақылың болса аттама.
(Кітап.)
3) Бір ат бар бесеу ара өзі жорға,
Саламын жорғалатып жолдан жолға.
Найзамен қар үстіне суды құйып,
Адамға да бір түрлі берер пайда.
(Қалам.)
4) Үш батыр қолдарына алды найза,
Су ішіп бір құдықтан етер пайда.
Бірінсіз бірі жұмыс ете алмайды.
Тарайды еңбектері талай жанға.
(Қалам ұстаған үш саусақ.)
5) Бір жорға бар шабысты,
Ақ аңызға жабысты.
Жорғаласа тайпалып,
Келтірер көп табысты.
(Қарындаш.)

2. Аубакиров Айваз:
1) Он қойым өміріме болады азық,
Инемен суарамын құдық қазып.
Жатсам да, тұрсам дағы өз қасымда,
Өзімнен көрген емес кейін қалып.
(Он саусақ, сия.)

2) Жаны жоқ болса да,
Ақылды адам ісін істейді.
(Кітап.)

3) Бес жанды бір жансызға мінгескен,
Айналып ақ тақырдан із кескен.
(Бес саусақ пен қалам.)

4) Дүниеде бір құдық бар қайнап жатқан,
Ішінде су шығады мың сан батпан.
Сол құдық сондай-ақ көп болса дағы,
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
(Сия.)

5) Бір нәрсе ала шұбар, қара тұмсық,
Қарасаң басқан ізі қисық,-қисық.
Өзі жансыз, жандының күшіменен,
Борайды ат үстінде желдей есіп.
(Қарындаш.)

2 жүргізуші:
Осымен біздің тілге, сөзге арналған іс-шарамыз аяқталды. Көңіл бөліп, назар аударғаныздарға рахмет.

1 жүргізуші:
Келесі сөзді жүрі мүшелелеріне береміз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.