Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Оқшау сөздер -

Оқшау сөздер

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2214 | Размер: | Автор: гость
. Таштеева Құралай Батырхановна,
№12 Қ.Сәтпаев орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ОҚО, Түркістан қаласындағы
Сабақтың тақырыбы: Оқшау сөздер

Сабақтың мақсаты:
Білімділік - оқшау сөздердің оқшауланып тұру себебін анықтау, олардың түрлерін бір-бірінен ажырата білу;
Дамытушылық – өз беттерінше салыстыру, ой қорыту, мысалдар арқылы көз жеткізу дағдысын арттыру;
Тәрбиелік – тіліміздегі оқшау сөздердің табиғатын терең түсіне отырып орынды қолдана білуге тәрбиелеу халықтың бар болмыс – бітімі оның тілінде екендігіне көз жеткізу.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап , әр түрлі ойын түрлері , жарыс, мәтін құрастыру.
Көрнекіліктер: сызба кесте, оқшау сөздер жазылған плакат беттер.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру.
Сынып оқушыларын ұйымдастыру, сабаққа бейімдеу, сабақтың өту тәртібімен таныстыру. Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу, әр топтың көшбасшысын сайлау.
Сабақтың өту тәртібі: а) үйге берілген тапсырманы сұрау; ә) жаңа сабақты түсіндіру, түсіну; б) жаңа сабақты меңгеру, қолдана білу , түрлі әдіс-тәсілдер арқылы сынақтан өткізу; в) өзін-өзі бағалауы , мұғалімнің бағалауы.

Әр топқа " Бағалауға арналған парақтар" тараттым.
Онда 6 оқушының аты-жөні мен сабақтың жоғарыда тұрған жоспары жазылған.
Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру үшін тақтаға екі бетке жазылған сөздер ілінеді.
Тапсырма
" Адасқан сөздерді орнына қой "
1 – бетте: "Мөлдір, сулы, айналуы тиіс, Қазақстан, желекті, жасыл,өлкеге".
2 – бетте: "қалалары, бар, Алматы, әсем, Атырау, сияқты, Қазақстанның".
Оқушылар әр сөзді орнына қойған уақытта сөйлемдер тақтаға жазылады.
"Қазақстан мөлдір сулы, жасыл желекті өлкеге айналуы тиіс".
Нұрсұлтан Назарбаев.
"Қазақстанның Алматы, Атырау сияқты әсем қалалары бар".
Сыныпқа сұрақ
"Сөздерді неліктен былайша орналастырдыңдар?"
"Мөлдір сулы", "жасыл желекті өлке" немесе "Алматы", "Атырау" деген сөздер неліктен қатар келеді?
Оқушылар бұл сөздердің бірыңғай мүше екенін айтады.
-Бірыңғай мүше екенін қайдан білдіңдер?
Оқушылар бұл сөздердің бір ғана сұраққа жауап беріп тұрғанын айтады, талдайды.
Ережесін қорыту, жаттығу жұмысын тексеру арқылы бекіту.

Жаңа сабақ - Сөйлем, оның тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері, бірыңғай мүше, айқындауыш мүше жайында өтіп келе жатып, "Оқшау сөз" деген тақырыпқа қалай келіп қалдық, балалар, қалай ойлайсыңдар?
Балалар ойланады.
Ойлана келе мұғлімнің басшылығымен оқушылар бұл оқшау сөздер сөйлем ішінде кезігетінің, сөйлем құрамында қолданылатынын біледі. Жалпы сөйлеуде ерекше интонациямен айтылатынын түсінеді.
Бірнеше оқшау сөздерді айтып көру.
Оқшау сөздерді сөйлем ішінде айтып көру.
Тақтаға үш сөйлем жазу.
Балалар, сабақты жақсы оқыңдар.
Білімсіз күнің бар ма, сірә?
Бәрекелді, балам, жарайсың! - десін жұрт.
• Талдату
• Талданбай қалған сөзді табу.
"Неге талданбайды?" деген сұраққа жауап алу.
• "Балалар" деген сөз қандай мақсатта айтылып тұр?
• "Сірә", "бәрекелді" деген сөздерге сұрақ қойыла ма, лексикалық мағынасы бар ма?
Топтастыру стратегиясы
Оқшау сөздер
• Қаратпа 2. Қыстырма 3. Одағай
Жанды, Айтылған ойға Көңіл - күй,

жансызға сөйлеушінің түрліше шақыру ,
қаратылып көзқарасы, ой реті т.б. жекіру, т.б.
айтылады
Дидактикалық материалдарға арналған оқулықтан 54 - беттегі 4 - тапсырманы орындау арқылы жаңа сабақтан түсінгенді бекіте түсу.
Топтық жарыс.
Тірек сөздерді пайдалана отырып, мәтін құрастыру.
1 – топқа: қыстырмалар / әрине, мүмкін, сірә, ендеше, біріншіден /.
2 – топқа: одағайлар/ алақай , ойбай, бәрекелді, тәйт, япырмай/.
3 – топқа: қаратпа жасау үшін / мектебім, балалар, достар, әкем, анашым /.
Мәтін құрай алмағандар сөйлем құрайды.
Оқыту.
Қорыту үшін Кубизм әдісін пайдаландым. Кубикті әр топтың көшбасшысы иіреді.
Кубиктің алты жағындағы тапсырмалар
1. Баянда. Оқшау сөздердің ережесін айту.
2. Қолдан. Оқшау сөзге мысал келтіру.
3. Салыстыр. Оқшау сөздердің түрлерін салыстыру.
4. Байланыстыр. Өткен сабақпен байланыстыру.
5. Топтастыр. Оқшау сөздерді топтастыр, ортақ белгілерін айту.
6. Қабылда. Оқушының сол сәттегі бағасына 1 ұпай қосу.

Үйге тапсырма беру.
Оқшау сөздерді қатыстырып, мәтін құрап келу.
Тақырыптар: "Қошақаным" , "Мысығым" , "Менің кішкентай бауырым", т.б.
Бағалау. Оқушының өзін-өзі бағалауы. Оны басқа балалардың бағалауы, мұғалімнің бағалауы, ең соңында ортақ бағасын қою.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.