.
.
Алтынбекова Гүлбану Төленбекқызы, Оқыту сапасын жақсартатын формативтік бағалаудың тиімділігі.
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2472 | Размер: | Автор: гость«Абай атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Оңтүстік Қазақстан облысы
Ордабасы ауданы
Коучинг тақырыбы: Оқыту сапасын жақсартатын формативтік бағалаудың тиімділігі.
Коучинг мақсаты: Мұғалімдерге нәтижеге қол жеткізу үшін оқушының
уәжін көтермелеу арқылы оқу-оқыту сапасын жақсарту мақсатында формативтік бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғындыру
Әдіс- тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру әдісі
«Бағдаршам» тәсілі, «дейін-кейін» әдісі, диалогтық әдіс, «3,2,1», «Жәрмеңке» әдісі
Дереккөздер, ресурстар: слайдтар, маркерлер, нұсқаулық, бағдаршам, стикерлер, постер плакаттары
Уақыты Кезеңдер Коучтің іс әрекеті Мұғалімдердің іс -әрекеті Күтілетін нәтиже
3 мин
3 мин Психоло
гиялық жағымды ахуал туғызу Көтеріңкі көңіл орнату үшін «Жүректен шыққан 3 тілек» тренингін ұйымдастырамын
1,2,3 ретімен санап ,1 өз орнында, 2 бір қадам,3 тер екі қадам алға шығады, сол санақ бойынша топтастырады Қағаздан жүрек қиып алып,3 жылы лебіздерін жазады да, бір-біріне сыйлайды.
Коучтің айтқанын орындайды,
3 топқа бөлінеді. Жақсы көңіл күй, жылылық,бір –біріне деген сыйластық, ынтымақтастық.
топқа әділ бөлу
5мин
Ой қозғау «Дейін- кейін» стратегиясы
Мұғалімдердің тақырып бойынша оқушылардың білім деңгейін формативті бағалау үшін не білетінін жазуды тапсырамын.
Оқу үдерісін бағалау қажет пе? Сіз сабақта нені бағалайсыз? Сыныпта жағымды ахуалды қалыптастыру үшін қандай бағалау түрлерін пайдаланасыз? Сол жазған пікірлерімен таныстыруды тапсырамын.
Парақты 2 бүктеп сол жағына «Дейін» бөлігіне формативті бағалау үшін не білетіндерін сұрақтарға жауап бере отырып жазады.
Сұраққа жауап беру.Ой жинақтайды.
.
15 мин
10 мин
2 мин
10 мин Мағынаны тану Баға-Бағалау-Сандық баға деген ұғым бар. Біз үшін бұл үш сөз синонимдес болғанымен, әртүрлі ұғымды білдіреді.Бағалау-оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін бақылау, оның білім деңгейін анықтау үшін ақпарат жинау;
Баға беру-бағалаудың нәтижесі,яғни сапалы кері байланыс;Баға- символ, оқу жетістігін не санмен, не сөзбен таңбалау.
«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіреді, себебі бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін бақылауы болып табылады.
Бағалау:
1. Формативтік
2. Суммативтік
Формативтік бағалаудың (оқыту үшін бағалау, қалыптастырушы) мақсаты: оқушылардың оқуын жақсарту. Оқушы үшін өзінің білімі қай деңгейде екенін біледі, ал мұғалім үшін қай бағытта жұмыс істеу керектігін түсінеді.
Постер салып, қорғау
Топтарға арнайы тапсырма беру. Әр топ берілген парақшаларға киіз үйдің суретін салу.Сурет салуға барлық топты қатыстырамын.
«Бағдаршам» тәсілі
Әріптестерімнің біліктілік деңгейін бақылау үшін «Бағдаршам» тәсілін түсіндіремін. Теориялық білімді қанша мұғалім меңгергенін бақылаймын
«Жәрмеңке» әдісі
Алдарына мәтін бөліктері беріледі,сол мәтіннің мазмұны бойынша әр топ келесі топқа барып,өнімдерін өткізу керек.
Қай топтың өнімі жақсы болса,сол топтың өнімін «Бағдаршам»тәсілі бойынша бағалаймыз
Сергіту сәті
«Сурет салу» ойыны
Ортаға 2 әріптесімді шақырып, «Сурет салу» ойынын ойнатамын.Екі әріптесімді есіктің сыртына шығарып, топ мүшелеріне 1 -ойыншы кірген кезде барлығымыз жағымды әсер туғызып,қолдау көрсетеміз. 2- ойыншымыз кіргенде жағымсыз әсер етеміз,жаман пікірлер айтылып, оның көңіл күйін түсіруге әрекеттенеміз деймін. Презентациямен, жаңа ұғымдармен танысады, топта талқылайды.
Постерді әр топтан бір мұғалім қорғайды. Басқа топтар критерийлер бойынша бағалайды.
Қызыл түсі- түсінбедім
Сары түс- әлі сұрақтарым бар
Жасыл түсі- маған бәрі түсінікті.Түсті таяқшаның біреуін көтереді
.
Мұғалімдер өздеріне берілген мәтіндерін оқып ,түсініп, келесі топқа түсіндіріп, өнімдерін сатып келеді.
Мұғалімдер коучтың айтқанын орындап сыртқа 2 сурет сала алмайтын әріптес шығады.
Бұл ойынды тақырыппен байланыстырып,дәлелдер келтіреді. Сыртқа шыққан екі ойыншы өздерінің сезімдерімен бөліседі. Теориялық ұғым қалыптасады.
Топтар арасында және өзін- өзі бағалауды қалыптасады.
Өздерін әділ бағалауға жетелейді.
Топ мүшелері өздері ынтымақтаса отырып, ой жүйесін ретке келтіруге, сөйлеу дағдысын және бір-бірінің пікірін тыңдауға қалыптасады.
Ойнап отырып ситуациядан шығу жолдарын қарастырады.
10 мин
2 мин Ой толғау
Кері байланыс «3,2,1» стратегия.
1-топ «Бағалау» эссе жазады,
2-топ « Бағалау» өлең шығарады,
3- топ Бағалаушы топ: критерий түзеді,баға береді.
«Дейін-кейін» стратегиясы бойынша жазған парақшаларын таратамын.Кейін бөлігіне бағалау туралы не түсінгенін жазуды тапсырамын.
Шығу парақшаларын таратамын
«Микс» әдісі бойынша әр топ өлең,эссе жазады, өз ойларын жазады.3- топ критерий түзіп,бағалайды.
Мұғалімдер кейін бөлігіне бағалау туралы не түсінгенін жазады.
Мұғалімдер осы коучингтен алған сезімдерін 3 тілек,2 сұрақ, 1 ұсынысын шығу парағына жазады.
Ойларын жинақтайды,
ойлау,
қадағалау жүйесін арттырады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.