.
.
Сабақ: 9б Орал-тарихи қала
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 306 | Просмотров: 2302 | Размер: 26.0 Kb | Автор: ТәрбиеПән: қазақ тілі
Тақырып: Орал-тарихи қала.
Мақсаты:
Тәрбиелік: Отанға,ел мен жерге,тілге,ұлтқа деген құрметін арттыру.Ұлтжанды азаматы болуға,адамгершілікке,кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Білімділік: Оқушыларды қазақша сөйлете отырып,қазақ тілінен білім деңгейін көтеру,тілге,өмірге қызығушылығын арттыру.Сауатты жазып,сауатты сөйлеуге дағдыландыру,сөздік қорын кеңейту.
Дамытушылық: Тіл дамыту.тілге,елге,жерге,халыққа,Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру оқушылырдың ой-өрісін дамытады.
Сабақтың әдісі: ауызекі сөйлеу, жазбаша жұмыс, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: үлестірме қағаздар,интерактивтік тақта
Сабақтың өту барысы:
Бүгін сабақты қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтің өлеңімен бастаймын:
Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау,гүлін сүйем.
Мен оның қасиетт тілін сүйем,
Мен оның құдіретті нін сүйем.
- Бұл өлең не туралы?
- Туған же,Отан туралы.
- Отан деген не?
- Отан деген адамдардың туып-өскен жері.
- Сендер қай жерде,қай мемлекетте туып өстіндер?
- Қазақстанда.
- Қай сөзді Қазақстан сөзімен алмастыруға болады?
- Оның сөзін алмастыруға болмайды.
- Қазақстан қайда орналасқан мемлекет?
- Бұл ел Еуразияның орталығында орналасқан мемлекет.
- Қазақстан қандай мемлекет?
- Қазақстан тәуелсіз,дербес,егеменді мемлекет.
Ал,енді,Қазақстан туралы сендер қандай өлең білесіндер?
1- оқушы: Отансыз жан өмір оңбайды,
Білесің бе?
Отансыз сен не екенін
Екі өмір жоқ,әрине,жоқ екі өлім.
Екі Отан жоқ.
Жалғыз Отан-мекенің!
Біздің Отанымыз біреу-ақ
Ол-Қазақстан.
2-оқушы: Туған жерім нұр шашып,жарық берген
Қуанышпен мол бақыт алып келген
16-желтоқсан шуақ болып
Тәуелсіздік еліме алып келген.
Бұл өлеңдер не туралы?
Отанымыз Қазақстан туралы.
-16 желтоқсанда қандай мерекені атап өттік?
- Дұрыс, еліміздің тәуелсіздік алған күнін атап өтеміз
- Сондықтан біз бүгінгі сабағымызды осы 16 желтоқсан мерекесіне арнаймыз.
- Балалар, бізге қонақтар келіп отыр, сондықтан өз білімдеріңді жақсылап көрсетуге тырысыңдар. Ең бірінші біз мына сөзжұмбақты шешіп алайық.
1.Қазақ халқының ұлттық аспабы (домбыра)
2.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәмізі.(әнұран)
3.Біздің Отанымыз. . . (Қазақстан)
4.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік . . . (тілі)
Бүгін біз сабақта Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласы туралы қысқаша дерек аламыз.
Сөздік жұмысы
Өңір-край
Тұлға – личность
Құрлық – континент
Әлемнің екі бөлігі – две части света
Нақ түйіскен жері – на пересечении
Негізі қаланған – основан
Әкімшілік орталық – административный центр
Шаршы метр – квадратный метр
Шаруалар көтерілісі – крестьянское восстание
Өскелең ұрпақ – булущее поколение
Асыл мұра – бесценное наследие
Банк ғимараты – здание банка
Мәлімет – сведения
Этникалық топ өкілдері – представители этнических групп
- Сөз тіркес, сөйлем құрастыру
Мәтінмен жұмыс
Орал – тарихи қала
Тамаша орманы мен өзені, кең даласы барОрал өңірімен таныс болыңыздар. Өңірдің өткен тарихы көптеген тұлғалар мен оқиғаларды өз қойнауына жасырып жатыр. Оның географиялық тұрған жері де бір құрлықты құрайтын әлемнің екі бөлігі – Еуропа мен Азияның нақ түйіскен жерінде орналасқан
Орал қаласы – Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы. Орал қаласы – Қазақстандағы көне қалалардың бірі. Ресми мәліметтер бойынша 1613 жылы Жайық өзенінің оң жақ жағалауында негізі қаланған. Басында «Яик қалашығы» деп аталып, 1773-1775 жылдардағы Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінен кейін, Екатерина император патшайымның бұйрығымен атауы «Орал» деп өзгертілген.
Қаланың жалпы аумағы 700 шаршы метрді құрайды. Жалпы ұзындығы оңтүстіктен солтүстікке қарай – 8 шақырым, батыстан шығысқа қарай – 12 шақырым. 2009 ж. Санақ бойынша халқының саны – 211 мың адам. Онда жүзден астам этникалық топ өкілдері тату-тәтті өмір сүреді.
Қазіргі уақытта Орал қаласы – инфрақұрылымы дамыған, көркейген қала. Онда көз қуантарлық қазақ және орыс драма театрлары, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония, 7 мұражай, 6 кинотеатр, 11 мәдениет үйі мен клуб, 24 кітапхана қала тұрғындарына қызмет етеді. Сондай-ақ, өскелең ұрпаққа асыл мұра болып қалдырылған оннан аса тарихи және мәдени ескерткіш бар. Олар: 1751 ж. Салынған Михаил-Архангель соборы, Орал казак әскерінің 300 жылдығына салынған Құтқарушы Христос Храмы, Алаштың жетекшілері бітіріп шыққан реалды училище, Атаман үйі, Карев үйі, Ванюшиндер үйі, коммерциялық банк ғимараты және т.б.
-мен оқимын
- оқушылар оқиды, аударады.
- бөліктерге ат қояды
- сұрақтарға жауап береді (оқушылар сұрақтарды үлестірме қағаздарға жазады да, «сандықшаға» салады, содан кейін мұғалім кезек-кезекпен оқушыларға таратады олар жауап береді).
- бір зат есім, сын есімге морфологиялық талдау жасатқызу.
- екі сөйлемге синтаксистік талдау.
Кластер бойынша әңгімелеу (өздері құрастырады, жазады).
тарихы
Географиялық орны аумағы
Орал – тарихи қала
Тарихи ескерткіштер Халқының саны
Мәдени орындар Қазіргі Орал
Үйге тапсырма : «Орал – тарихи қала» мәтіннің мазмұнын айтып келу, реферат жазып келу.
Бекіту: «Ақжайығым – ару мекенім» атты өлеңді оқушылардың бәрі де айтады.
Шежірем бар таусылмайтын сан қилы
Алқабында дән-дария шалқиды
Тербетіліп толқынында ғашықтар
Ән самалы көк күмбездей шалқиды
Ақжайығым айдай ару мекенім
Жыл құсындай сағынышпен жетемін
Туғагн жердің ажары мен айбары
Жер ұйығым сені мақтан етемін
Қорытындылау: оқушылардың білімін бағалау.
Қолданылған әдебиеттер:
1.«Қазақ тілі мен әдебиет орыс мектебінде» №11. 2007ж.
2. Қазақ тілі оқулық Т.Артықова, Б.Немеренова. Алматы, «Атамұра»,2007ж.
3.Көмекші оқу құралы(қарапайым деңгей) Орал: « Ағартушы» мемлекеттік тілді оқыту орталығы МКК. 2011ж.
Тақырып: Орал-тарихи қала.
Мақсаты:
Тәрбиелік: Отанға,ел мен жерге,тілге,ұлтқа деген құрметін арттыру.Ұлтжанды азаматы болуға,адамгершілікке,кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Білімділік: Оқушыларды қазақша сөйлете отырып,қазақ тілінен білім деңгейін көтеру,тілге,өмірге қызығушылығын арттыру.Сауатты жазып,сауатты сөйлеуге дағдыландыру,сөздік қорын кеңейту.
Дамытушылық: Тіл дамыту.тілге,елге,жерге,халыққа,Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру оқушылырдың ой-өрісін дамытады.
Сабақтың әдісі: ауызекі сөйлеу, жазбаша жұмыс, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: үлестірме қағаздар,интерактивтік тақта
Сабақтың өту барысы:
Бүгін сабақты қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтің өлеңімен бастаймын:
Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау,гүлін сүйем.
Мен оның қасиетт тілін сүйем,
Мен оның құдіретті нін сүйем.
- Бұл өлең не туралы?
- Туған же,Отан туралы.
- Отан деген не?
- Отан деген адамдардың туып-өскен жері.
- Сендер қай жерде,қай мемлекетте туып өстіндер?
- Қазақстанда.
- Қазақстан қайда орналасқан мемлекет?
- Бұл ел Еуразияның орталығында орналасқан мемлекет.
- Қазақстан қандай мемлекет?
- Қазақстан тәуелсіз,дербес,егеменді мемлекет.
Ал,енді,Қазақстан туралы сендер қандай өлең білесіндер?
1- оқушы: Отансыз жан өмір оңбайды,
Білесің бе?
Отансыз сен не екенін
Екі өмір жоқ,әрине,жоқ екі өлім.
Екі Отан жоқ.
Жалғыз Отан-мекенің!
Біздің Отанымыз біреу-ақ
Ол-Қазақстан.
2-оқушы: Туған жерім нұр шашып,жарық берген
Қуанышпен мол бақыт алып келген
16-желтоқсан шуақ болып
Тәуелсіздік еліме алып келген.
Бұл өлеңдер не туралы?
Отанымыз Қазақстан туралы.
-16 желтоқсанда қандай мерекені атап өттік?
- Дұрыс, еліміздің тәуелсіздік алған күнін атап өтеміз
- Сондықтан біз бүгінгі сабағымызды осы 16 желтоқсан мерекесіне арнаймыз.
- Балалар, бізге қонақтар келіп отыр, сондықтан өз білімдеріңді жақсылап көрсетуге тырысыңдар. Ең бірінші біз мына сөзжұмбақты шешіп алайық.
1.Қазақ халқының ұлттық аспабы (домбыра)
2.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәмізі.(әнұран)
3.Біздің Отанымыз. . . (Қазақстан)
4.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік . . . (тілі)
Бүгін біз сабақта Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласы туралы қысқаша дерек аламыз.
Сөздік жұмысы
Өңір-край
Тұлға – личность
Құрлық – континент
Әлемнің екі бөлігі – две части света
Нақ түйіскен жері – на пересечении
Негізі қаланған – основан
Әкімшілік орталық – административный центр
- Сөз тіркес, сөйлем құрастыру
Мәтінмен жұмыс Орал – тарихи қала
-мен оқимын
- оқушылар оқиды, аударады.
- бөліктерге ат қояды
- сұрақтарға жауап береді (оқушылар сұрақтарды үлестірме қағаздарға жазады да, «сандықшаға» салады, содан кейін мұғалім кезек-кезекпен оқушыларға таратады олар жауап береді).
- бір зат есім, сын есімге морфологиялық талдау жасатқызу.
- екі сөйлемге синтаксистік талдау.
Кластер бойынша әңгімелеу (өздері құрастырады, жазады).
тарихы
Географиялық орны аумағы
Орал – тарихи қала
Тарихи ескерткіштер Халқының саны
Мәдени орындар Қазіргі Орал
Үйге тапсырма : «Орал – тарихи қала» мәтіннің мазмұнын айтып келу, реферат жазып келу.
Бекіту: «Ақжайығым – ару мекенім» атты өлеңді оқушылардың бәрі де айтады.
Қорытындылау: оқушылардың білімін бағалау.
Айсұлу Рахматуллина.
Батыс Қазақстан облысы
Зеленов ауданы
Зеленов орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.