Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қос сөздер. -

Қос сөздер.

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 409 | Просмотров: 2683 | Размер: 54.3 Kb | Автор: Тәрбие
. Ботантаева Самал Сәрсенбайқызы,
Текелі кәсіптік колледжінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы

Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер.
Эпиграф:
Адам мақсатқа, ең алдымен, өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.
Әл-Фараби
Сабақтың мақсаттары:
а)Білімділік: білім алушыларға қос сөздер туралы теориялық білім бере отырып, оның түрлерін, жасалу жолдарын меңгерту, қос сөздердің жазылу емлесі туралы түсінік беру;
ә)Дамытушылық: білім алушылардың сөздік қорларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
б)Тәрбиелік: білім алушыларды тапсырмалар орындау арқылы білімділікке, ізденімпаздылыққа, тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Оқыту әдістері: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, тапсырма орындау, тест әдісі.
Оқыту құралдары: Activstudio бағдарламасы, флипчарт, компьютер, интерактивті тақта, тест құрылғылары, перфокарта, кеспе қағаздар, семантикалық карта, Венн диаграммасы.
Оқыту технологиясы: Дамыта оқыту технологиясы.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі «Парные слова».

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Білім алушылармен сәлемдесу.
2. Білім алушыларды түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1.«Өз-өздеріңді тексеріңдер».
(Activstudio бағдарламасымен «Біріккен сөздер» тақырыбы бойынша тест әдісін қолдану).
2. Семантикалық карта
Берілген біріккен сөздердің қай сөз табынан екенін белгілеңдер.

Біріккен сөздер Зат есім Сын есім Есімдік Етістік Үстеу
Баспасөз
Әлдекім
Күздігүні
Өркөкірек
Атамекен
Ешқандай
Әкелу
Бейнетаспа
Әлдеқашан
Еңбеккүн
Бірталай
Апару
Сөзқұмар

Тапсырма «Ойлан, тап»:
Мына мақалдардан біріккен сөздерді тап:
1. Өз елінде көртышқан да батыр.
2. Отанды сүю – отбасынан басталады.
3. Әркімнің өзі шығар биігі бар.
4. Жолбарыс жұлқынса, жонынан от шығады.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Бір сөздің қайталанып айтылуы арқылы немесе сөздің қосарлануы арқылы жасалатын сөздерді қос сөздер дейміз. Қос сөз дефис арқылы жазылады. Мысалы: Биік-биік, жақсы-жақсы, үлкен-кіші, құрт-құмырсқа, жалт-жұлт, бала-шаға.
«ЭЕМ операторы» мамандығы – жақсы-жақсы мамандықтардың бірі. Сыныпта оператор мамандығы бойынша білім алатын бес-алты оқушы отыр.

Қос сөздердің жасалуындағы ерекшеліктер:

1. Бір сөздің қайталануы Қора-қора, көзбе-көз, бетпе-бет
2. Екі түрлі сөздің қайталануы Ата-ана, жақсы-жаман
3. Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз сөздер көйлек-көншек, ескі-құсқы, ет-мет
4. Екі сыңары мағынасыз сөздің қосарлануы оқта-текте , ығы-жығы, некен-саяқ т/б.
5. Күйшейткіш буындардың қосарлануы Қып-қызыл, әп-әдемі, жап-жақсы, үп-үлкен
6. Еліктеу сөздерінің қосарлануы Сарт-сұрт, жалт-жұлт, сырт-сырт
7. Екі жағы да мәнді сөздердің қайталануы Ағайын-туыс, аға-іні, дос-жар

Қоғамдық даму аясындағы өзгерістер барысында кейінгі кезде қалыптаса бастаған қосарлама қос сөздердің тобы. Олардың сыңарлары әр түрлі тұлғада кейде бір тұлғада келеді. Мысалы: Оқу-әдістемелік, мәдени-ағарту, қазақша-орысша үгіт-насихат, қазақша-орысша, оқу-ағарту, саяси-экономикалық т/б. Лицей оқытушылары оқу-әдістемелік құралдар сатып алды.
Қос сөздер мағыналық, тұлғалық жағынан әр түрлі. Жасалу тәсіліне қарай қосарлама және қайталама қос сөз болып бөлінеді.

Сызба № 1

Қосарлама қос сөз өзара мәндес немесе қайшы мәндес сөздердің қосарлануынан жасалады. Мысалы, ата-ана, салт-сана, құрт-құмырсқа, ер-тоқым (мәндес қос сөз); күні-түні, азды-көпті, үлкенді-кішілі, ертелі-кеш (қайшы мәндес қос сөз). Менің атамда елу түйесі, екі жүздей қой–ешкілері бар. Мен бүгінгі сабақтан азды-көпті білім алдым.
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
(Сәкен Сейфуллин)
Қайталама қос сөз бір сөздің қайталанып айтылуынан жасалады. Мысалы, сөйлей-сөйлей, төбе-төбе, қолма-қол, жекпе-жек. Көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың.

ІҮ. Сабақты бекіту.
1. Перфокартамен жұмыс.
2. Тапсырма «Жалғасын тап»
Қос сөздердің сыңарларын тауып жазу.

Дос –
Құлын –
Жоғары –
Үйрек –
Қыз –
Көре –
Жарқ –
Өз –
Кескін –
Ығы –
Сана –
Шал –
Ет –
Егжей –
Қару –
Қора –
Апалы –
Қылтың –


Тапсырма № 3: «Ойлан, тап»
Мына мақалдардан қос сөздерді тап:
1. Жылай-жылай арық қазсаң,
Күле-күле су ішерсің.
2.Тамшыдан тама-тама дария болар.
3. Үйдің жылы-суығын,
Қыс түскенде білерсің.
Ағайынның алыс-жақынын,
Іс түскенде білерсің.
4. Ақымақ ішкен-жегенін айтады,
Ақылды көрген-білгенін айтады.

Тапсырма № 4.
Сөйлемдерді оқып, қос сөздерді табыңдар.
1. Кімде-кімнің әділеті жоқ болса, оның ұяты да жоқ. (Абай)
2. Мен - қазақпын, жаралған сүйек-еттен,
Менде ар бар, менде ой бар жан тебіренткен. (Б.Момышұлы)
3. Қазақ тілінде «таза адам» деген сөз үсті-басының тазалығымен бірге, ар-ұятының тазалығын да көрсетіп тұрады. (Ғ.Мүсірепов)
4. Мінез-құлық – әркім өзінің кейпін көрсететін айна. (Гете)

Тапсырма № 5.«Толықтыр»
Мақал-мәтелдердегі қос сөздерді толықтыр. Қос сөздердің түрлерін ажырат.
1. …………. көсем боласың,
………….. шешен боласың.
2. .................. – тілсіз мұғалім.
3. Атыңнан айырылсаң да, .................. айырылма.
4. ………….ның ақылы – сайрап жатқан жолмен тең,
Ақылдының ақылы – сарқылмайтын көлмен тең.
5. .......... сөйлесең, жылан інінен шығады.
6. Ақылың болса арыңды сақта:
................... керек әр уақытта.
7. ................. сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.

V. Қорытындылау:
Венн диаграммасы
Ортақ белгі
Біріккен сөз Қос сөз

VІ. Үй тапсырмасы:
Өз мамандықтарың бойынша қос сөздері бар шағын мәтін құру.

ҮІІ. Бағалау.
Білім алушылардың білімін бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.