.
.
Дилбирим Мичитова, Долайты орта мектебінің мұғалімі. Алматы облысы,Ұйғыр ауданы,Долайты ауылы. Қос сөздердің түрлері. Қайталама қос сөздер.
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 322 | Просмотров: 3539 | Размер: 84.0 Kb | Автор: Тәрбие(6-сынып)
Сабақтың тақырыбы: Қос сөздердің түрлері. Қайталама қос сөздер. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға қос сөздер, оның түрлері, қайталама қос сөздер жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.
э) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап,тест,талдау.
Сабақтың көрнекілігі:интербелсенді тақта, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар,Абай Құнанбайұлы кітаптары.
Пәнаралық байланыс:әдебиет.
Сабақтың барысы:
ІҰйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Кезекші мәлімдемесі.
3. Жаңа сабаққа дайындық.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
1. Біріккен сөздер,мысал келтір.
2. Кіріккен сөздер
3. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
ІІІ Білім тексеру
Тест (ауызша)
1.Қандай сөздер кіріккен сөздерге жатады?
А) Темірқазық,Сарысу
В) биыл,жаздыгүні
С) ГАЗ-51, ТУ-154
Д) бозторғай,қараторы
Е) үлкен-кіші,аяқ-табақ
2.Қос сөзді тап.
А) жетідей
В) бесеу
С) екі-үш
Д) үш-ақ
Е) төрт шақты
3.Кіріккен сөздердің құрамындағы сөздер қандай өзгеріске ұшырайды?
А) Мағынасы толық сақталады
В) Дыбыстық өзгеріске ұшырайды
С) Сөз мағынасы кеңейеді
Д) Сөздер қысқарады
Е) Ешқандай өзгеріске ұшырамай,бір ұғымды білдіреді
4.Бірге жазылатын сөздерді көрсет
А) күні бойы,әдемі қыз
В) жылы су,жарқын болашақ
С) Талды қорған,сабақ кестесі
Д) сынып бұрышы,кәсіп орын
Е) ит мұрын,түйе табан
5.Біріккен сөздердің емлесін тап
А) Әрқашан бірге жазылады
В) Қосымша арқылы жазылады
С) Сызықша арқылы жазылады
Д) Үлкен әріппен жазылады
Е) Тіркесіп жазылады
Қызығушылықты ояту
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұр шашады. (Күн)
Күн шуақтары сияқты бізден де жылылық,мейірімділік тарайды.
ІV Жаңа сабақ.
1.Тірек сызба арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздерді қос сөз деп атайды. Мысалы: Жан-жануар,адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі (Абай).
Қос сөздер екі түрлі болады: қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер.
Бір түбірдің екі рет қайталануынан жасалған қос сөздер қайталама қос сөздер деп аталады.
Қосымшасыз және қосымшалы түбірдің түгелдей қайталануы
Тау-тау астық,үйдей-үйдей боп жатыр,алпамсадай-алпамсадай жігіттер
Бір сыңары қосымшалы,бір сыңары қосымшасыз бір түбірдің қайталануы
Көзбе-көз айтты,жүзбе-жүз көрісті,
өз-өзінен қысылды
Бір түбірдің әр түрлі қосымша жалғанып қайталануы
Өзді-өзіне айтты,ерні-ерніне жұқпады,
орынды-орынсыз күлме
Екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу мәнінде келу
Ет-мет,шай-пай,түйе-мүйе,ат-мат.
Еліктеуіш сөздің екінші сыңары кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшырап қайталануы
Тарс-тұрс дыбыс шықты,жалт-жұлт етті,найзағай жарқ-жұрқ етті
Түбір сөздің алдынан күшейткіш буын қосылып айтылуы
Үп-үлкен,қып-қызыл
Оқулықпен жұмыс.
88-жаттығу.
90-жаттығу.Қос сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.
Жұмбақтар шешу,қос сөздерді анықтау
1. Бір көлде он екіден қаз ойнайды
Алсам деп бірін-бірі наз ойнайды.
Келгенде жақындасып,қожаңдасып,
Бір-бірін алмасына еш қоймайды.
2 Көк көйлекті жеңешем
Көлбең-көлбең етеді.
Жер түбіне жетеді
Жаңа сабақты меңгерту барысында "Кім жылдам?" ойынын пайдалану (үш оқушыны тақтаға шығарып жарыстыру).
тіп-тік жалт-жұлт тәп-тәуір
қап- сарт - -сары
сүп - тарс - - шикі
қып - сатыр - - қысқа
Талдау жұмыстары
Жолға шықсам,көлігім,
Жапанда жүрсем,серігім.
Қамбарата өсірген,
Құлыным менің,қайдасың?
Құрау- құрау деп нені шақырады?
Құрау-құрау
1.Бұл сөз екі құрамнан тұр:құрау-құрау
2.Тұлғасына қарай—туынды түбір.
3.Құрылысына қарай—күрделі,қос сөз.
4.Сөзде бір лексикалық,бір грамматикалық мағына бар.
5.Лекс.мағынасы--үй жануарларын шақыру үшін айтылытын сөз .
6.Грамматикалық-қ мағынасы—одағай.
7. Мағынасына қарай---шақыру одағайы.
2. Жар-жар — қазақ халқының тұрмыс-салт жырла рының ежелден келе жатқан жанрлық түрінің бірі. Ол қыздың ұзатылатын тойы аяқталып, аттанар алдында орындалады. Күйеу бастаған жігіттер жағы атқа мініп келіп, отау үйдің сыртынан жабықты ашып өлең бастайды.
Жігіттер:
Алып келген базардан қара нөсер,
Жар-жар-ау!
Қара мақпал сәукеле шашың басар,
Жар-жар-ау!
Мұнда әкем қалды деп қам жемеңіз,
Жар-жар-ау!
Жақсы болсаң, қайын атаң орын басар,
Жар-жар-ау,
Қыздар:
Есік алды қара су майдан болсын,
Жар-жар-ау,
Ақ жүзіңді көрерлік айнам болсын,
Жар-жар-ау,
Қайын атасы бар дейді осы қазақ
Жар-жар-ау,
Айналайын әкемдей қайдан болсын,
Жар-жар-ау.
Жар-жар
1.Бұл сөз екі құрамнан тұр:жар-жар
2.Тұлғасына қарай—туынды түбір.
3.Құрылысына қарай—күрделі,қос сөз.
3.1.Қайталама қос сөз.
3.2.Екі сыңары да мағыналы. .
3.3.Екі сыңары да қосымшасыз.
4.Сөзде бір лексикалық,екі грамматикалық мағына бар.
5.Лексикалық мағынасы-өлең-жырдың бір түріне берілген атау.
6.1.Бірінші грамматикалық мағынасы-зат есім.
6.2.Екінші грамматикалық мағынасы-атауыштық мағына
V Сабақты бекіту.
Семантикалық картамен жұмыс
Семантикалық карта
Түрлері
Мысалдар Түбір немесе қосымшалы сөздердің қайталануы Бір сыңары қосымшалы,бір сыңары қосымшасыз қайталануы Әртүрлі қосымша жалғанып қайталануы М,п дыбыстары жалғанып қайталануы Бір дыбысы өзгеріп қайталануы
Ет-мет
Жалт-жұлт
Тарс-тұрс
Алуан-алуан
Аз-аздап
Жарқ-жұрқ
Түйе-мүйе
Бірде-бір
Тектен-текке
Бетпе-бет
VI.Сабақты қорыту.Үнтаспадан Абай Құнанбаевтың өлеңдерін тыңдата отырып,қос сөздерді атап өту.
VII.Оқушыларды бағалау.
VIIIҮйге тапсырма:
1.Ережені түсініп оқу.
2.92-жаттығу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.