Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. 2 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Отбасы.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: - отбасы туралы білімдерін жүйелеу, жинақтау, бекіту
Дамытушылық: - тақырып бойынша оқушылардьң сөйлеу тілдерін, сауатты жазу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: - үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу;
сабаққа деген ынтасын арттыру.
Сабақтың түрі:
дәстүрлі.
Сабақтың типі: білімді жүйелеу сабағы
Сабактың әдістері: сұрақ — жауап, әңгімелесу, фонетикалық жаттыгу, саяхат, тапсырмаларды орындау, мәнерлеп оқу
Көрнекілік:
суреттер, үй макеті, қоржын, карточкалар, фото-
альбом, матадан табиғаттың суреті.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен амандасу;
ә) әңгімелесу;
- Қазір қандай сабақ
-Қазақ тілі нешінші сабақ?
-Сыныпта кім кезекші?
-Кім жоқ?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыста күн кандай болады?
- Қыс айлары қандай?
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
б) фонетикалық жаттығу;
Кэ — кэ — кэ — кәмшат
әк — әк — әк — әке
ке - ке — ке – кеме
өк- өк-өк- өкпе
кү - кү - кү — күн
үк - үк — үк — үкі
кі — кі - кi — кici

П.Білімді жүйелеу кезеңі:

1.Тақтаға үй макеті iлінеді
- Мынау не?
- Мынау қандай үй?
- Үйде кімдер тұрады?
- Суреттерді екі топқа бөлу: жуан, жіңішке сөздер.
-Осы адамдар бәрі бір үйде тұрса біз қалай айтамыз?
- Отбасы қандай?
- Отбасында ата, әже болса, сендер кім?
2.Саяхат. (матада табиғаттың суреті)
Бүгін бiз «Отбасы» тақырыбын пысықтаймыз.
Саяхатқа шығамыз. Батыстан Ақтау қаласынан Руслан
деген бала бізге қонаққа келе жатыр. Русланньң
жолында әр түрлі тапсырмалар кездеседі. Біз Русланға
көмектесуіміз керек.Көмектесеміз бе? Сендер
дайынсьңдар ма?
1 -тапсырма: Өз отбасың туралы әңгімеле (Фото-альбом)
2 - тапсырма: жазбаша жұмыс
Қоржыннан сиқырлы гүлді алу.
Жұмыстың алдында дауыстап оқу, орындау.
Дэптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтыктан қашайық,
Әдемі етіп жазайық.
(әp қатардан 1 оқушы тақтаға шығып жазады.)
Сөйлемдерді аудар:
Моя семья большая.
Мама - учитель.
Папа - врач
Сергіту cәтi:
Жаздық, жаздық бәpiміз,
Талды, талды қолымыз.
Бір, екі, үш,
Жинап алдық күш.
3 — тапсырма: «Отбасы» тақырыбына өлеңдері жатқа оқу.
4 - тапсырма: Бізге Айжан, Ораз, Жайна, Раушан хат жазды
Біз де хат жаздық. Жазған хаттарымызды оқиық.
Оқушылар хаттарды оқып, қоржынға салады.
Тапсырмаларды орындап болғасын, eciктi соғады.
Руслан кіреді. Өзін таныстырады.
Оқушылар сұрақ қояды. Русланға қоржынды тапсырамын.
3 Қорытынды:
а) Мұғалім өлеңді оқиды, оқушылар аударады.
ә) Ата - ананы, үлкендерді бiз не істеуіміз керек?
Ал інілерді,сіңлерді не істеуіміз керек?
б) Ойын. Русланға кім бipiншi келеді? Сөздерді аудару.
в) Бағалау, алған фишкаларын санау. Біз ата — анаға
деген махаббатымызды мәңгілік сақтайық.
Оқушылар сыйлықтарын үйге алады
4 Үйге тапсырма: сөздерді қайталау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.