Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Отбасындағы қарым-қатынас. Тәуелдік жалғау -

Отбасындағы қарым-қатынас. Тәуелдік жалғау

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 292 | Просмотров: 2793 | Размер: 21.3 Kb | Автор: Тәрбие
. Рысқұлова Р.Р.
Алматы қаласы,
Халықаралық үздіксіз
Білім беру колледжінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі

Отбасындағы қарым-қатынас. Тәуелдік жалғау

Сабақтың мақсаты: отбасы мүшелері атауларын қайталау.Отбасы туралы әңгімелей алуға үйрету. Оқушылардың сөздік қорларын молайтып, ауызекі сөйлей дағдысын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Пәндік: отбасы мүшелерінің атын, жасын, мінезін айта алу.Отбасы мүшелері туралы алған білімдерін кеңейту.
Тұллғалық: отбасы мүшелерін құрметтеу,үлкенді сыйлау,кішіге қамқор болу.
Жүелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.
Бөлімі Бөлімнің мазмұны Мұғалімнің іс -әрекеті Оқушының іс -әрекеті Ресурстар
Кіріспе Психологиялық
ахуал.
Ұйымдастыру кезені.
Тұлғалық байланысты орнату. *Балалармен жылы шыраймен сәлемдесу,жылы орта қалыптастыруға тырысу.
*Оқушыларды жұп және тақ сан бойынша екі топқа бөлемін.
*Бағалау туралы түсіндіремін.Әр топқа бағалау критерийлері жазылған бағалау парақтары таратылады.
Әр топптың спикері өз топтарындағы оқушыларды бағалайды.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару,стикерлер тарату,сәттілік тілеу. Балалар ретпен санап шығады.Жұп сандар бір топқа,тақ садар екінші топқа бөлінеді.
Топ ұстанымын еске түсіреді.
1.Бірімізді біріміз тыңдау.
2.Тыңдағаннан ауытқымау.
3.Әр ой құнды.
4.Уақытты тиімді падалану.
5.Өзгенің ойын сыйлау.
6.Топта бәсең сөйлеу.
Әр топ өз спикерлерін сайлайды.Оқушылар стикерлерге «Бүгін менің көңіл күйім қандай?» деген сұраққа жауап жазады және бүгінгі күніне сәттілік тілейді.Оқушылар бірінің артына бірі тұрып,шеңбер жасайды.Әр оқушы алдыңғы оқушының арқасына стикерді жапсырады. Қима қағаздар,
стикерлер,
смайликтер

Үй тапсырмасын
тексеру Сөздікпен жұмыс
«Адасқан әріптер әдісі»
Берілген әріптерден сөз құрастыр.
«Адасқан әріптер әдісі»Берілген әріптерден сөз құрастыр.
Оқушылар әріптерден өткен тақырып бойынша сөздерді жазады. Дәптер,тақта
Тұсау кесер Қызығушылықты ояту,
ой шақыру. Сабақтың тақырыбымен,мақсатыме таныстыру.Тәуелдік жалғауды қайталау.
Ассоциация.
«Отбасы» дегенде қандай сөздер естеріне түседі? Парақшаларға жазыңдар.Әр топтан бір бір оқушы тақтаға шығып жазады.

А) еске түсіру
Б)топтау
Адам қандай, не істейді? Әр топ айтады.
1.Елдің,отбасының ең сыйлы адамын ата. (Ата )
2.Әкенің,шешенің анасын ата. (Әже)
3.Үйдің басшысы,асыраушысы кім? ( Әке)
4.Өмірдегі ең жақын адам кім? (Ана)
5.Қазақ отбасында шаңырақ иесі, әке өмірінің жалғасы кім? (Ұл бала)
6.Елдің сәні,көркі,өмірдің гүлі,отбасының мақтанышы кім?
(Қыз бала).

Сабақты тақырыбымен,мақсатымен танысады.Тәуелдік жалғауын, отбасы мүшелерінің атауларын еске түсіреді.

Әр топтан бір бір оқушы тақтаға шығып жазады.

Миға шабуыл.

Сұрақтарға жауап беру. Интербелсенді тақта
Негізгі бөлім Мағнаны тану

Топтық,жеке, жұптық жұмыс Жаңа сөздермен жұмыс
Аудармасын дауыстап қайталау,есте сақтау,фонетикалық талдау жасау.Сөздік дәптерге жазу.
2-тапсырманы орындау.
1-тапсырма:
Суретке қарап,сан есім,тәуелдік жалғауды еске түсіреді.Сұрақтарға жауап береді.
2-тапсырма:Мәтінді оқып,тәуелдік жалғауларды теріп жазу,өздерінше аяқтау. «Автор орындығы» стратегиясын қолдану. Оқушылар кезекпен жаңа сөздерді оқиды,қайталайды,аударады.
Фонетикалық талдау жасайды,сөздік дәтерге жазады.

Ережені еске түсіреді,сұрақтарға жауап береді.Мәтінді оқып, тәуелдік жалғауларды теріп жазады,мәтінді өздерінше аяқтайды.

Сөздік дәптер,қалам.
Сергіту сәті «Мені түсін ойыны»
Мен жасырған сөзді оқушы барша балаларға мимикамен, сол сөздің ассоциациясымен айтады, ал отырңандар сол сөзді табу керек.Кім табады,сол ойынды жалғастырады. Екі топ кезекпен бір оқушыдан шығып мұғалімнің жасырған сөзді қимылмен, ассоциациясын айтады,ал отырғандар,сол сөзді табу керек.
Қорытынды

«Синквейн»әдісін қолдану

Тапсырма: «Синквейн» немесе 5 жолды өлең құру.
1. Зат есім(1 сөз)
2. 2 сын есім (2сөз)
3. 3 етістік (3сөз)
4.Сөз тіркесі (4 сөз)
5.зат есімге алынып отырған синоним (1сөз) Әр топ 5 жолды өлеңді құрады, дауыстап оқиды.Дәптерлеріне жазады.
1.Ана
2.Қасиетті,көреген.
3.Болжайды,тәрбиелейді,мәпелейді.
4.Неткен ақылды адам еді.
5.Әйел.

Сұрақ-жауап әдісі Миға шабуыл.
Сабақта бүгін не өттік?
Мақсатымызға жеттік пе?


Оқушылар пікірлерін айтады
Үй тапсырмасын беру Отбасы туралы шағын эссе жазып келу Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Бағалау парақшалары арқылы оқушыларды бағалау Топ жетекшісі бағалау парағы бойынша топ мүшелерін бағалау
Рефлексия Кері байланыс
1.Сабақта мен жұмыс істедім...
2.Сабақта іс-әрекетіме мен...
3.Сабақ мен үшін...
4.Сабақ бойы мен...
5.Менің көңіл-күйім...
Оқушылар рефлексия парақшаларын толтырып,өткізеді. Парақшалар

Бағалау парақшасы
Топтағы жұмыс Өзіндік бағасы Мұғалімнің бағасы
«5»Ойымды толық айттым,қорытынды жасадым, сөз сөйледім. «5» Сабақта белсенділік таныттым, барлық жұмыс түрін орындадым.Сабақ материалын толық меңгердім.
«4» Талдауға қатыстым, алға қойған мақсатты түсіндім. «4»Материалды түсіндім,белсенді қатыстым,сабақтың барлық бөлігінде емес.
«3»Баяу жұмыс жасадым, тапсырманы орындадым. «3»Белсенді қатысқаным жоқ, материалды толық меңгерген жоқпын.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.