Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Республика күні» -

«Республика күні»

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 273 | Просмотров: 1772 | Размер: 106.7 Kb | Автор: Тәрбие
. ММ «№ 28 жалпы орта білім беретін мектеп»



Сабақтың тақырыбы:

«Республика күні»

5 сынып

Семей қаласы
Сабақтың тақырыбы: «Республика күні»
Сабақтың мақсаты:
ә) білімділік: оқушыларға жаңа тақырыпты меңгерту, есте сақтау қаблеттерін ұлғайту, ауызекі тілде сөйлеуге машықтандыру;
ә) дамытушылық: әр оқушының ой-қиялына ерік бере отырып, өз ойын түйіндркге, топпен жұмыс істеуге жұмылдыру, белсенділігін арттыру, сөйлеу тілін дамыту;
б) тәрбиелік: оқушыларды саналы, парасатты азамат етіп тәрбиелеу, елдің әр мерекесіне мақтанышпен қарауға баулу.
Сабақтың түрі: сайыс- сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, пікір алмасу;
Сабақтың көрнекілігі: қанатты сөздер, суреттер, үлестірмелі қағаздар
Пәнаралық байланысы: музыка пәні

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Мұғалімнің кірспе сөзі
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Балалар, бүгінгі сабағымызды ҚР әнұанымен бастайық.
- Бүгін нешесі
- Аптаның қай күні?
- Мемлекеттік мерекелерді атаңдар?
3. Сайыс- сабақ
f) Үйге берілген тапсырманы тексеру
ә) Сайыстың кезеңдерімен таныстыру:
1. Топпен таныстыру, ұраны (әр топ өзінің тобының атымен, ұранымен таныстыру
2. Тақпақ сайысы (әр топтан бір оқушыдан шығып республика туралы жаттаған тақпақтарын мәнерімен жатқа айту
3. Егер де мен ..... (депутат, әкім, президент, кәсіпкер) болсам өз ойларын жазу
4. Сұрақтарға жауап беру (1.Қазақ тіліне ғана тән дыбыстарды ата
2.Үндестік заңының неше түрі бар
3. Буын түрлерін ата
4. Қазақ тілінде неше дыбыс бар, оның нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз
5. Антоним дегеніміз не
6. Омоним дегеніміз не
7. Синоним дегеніміз не
8. Отбасы мүшелерін ата
9. Жыл мезгілдерін ата
10. Сөз құрамы туралы айт)
5. Сурет сайысы («Менің Республикам» атты тақырыпта сурет салу
6. Актерлік шеберліктерін көрсету (өз еріктері бойынша ке-келген тақырыпта актерлік шеберліктерін көрсету)
7. Кім жылдам (берілген үш сөзге фонетикалық талдау жасау)
4. Сайысты қорытындылау (сайыстың қорытындысын шығару үшін әділқазылар алқасына сөз кезегі беріледі. Оқушыларды мақтау қағазымен мадақтау.)
5. Бағалау.
6. Үйге тапсырма
«Республика» сөзіне сөзжұмбақ жазып келу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.