Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сөйлем  ішіндегі сөздерге, дыбыстарғафонетикалық  талдау. -

Сөйлем ішіндегі сөздерге, дыбыстарғафонетикалық талдау.

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 433 | Просмотров: 3613 | Размер: 480.5 Kb | Автор: Тәрбие
. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
БӘЙДІБЕК АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН ҰЛТТЫҚ
БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ДАЯРЛАУДАҒЫ КЕЗДЕСЕТІН
КЕДЕРГІЛЕР ЖӘНЕ ОДАН ШЫҒУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

(ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ)

2011 ЖЫЛ

БӘЙДІБЕК АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ
ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ
Ғ.МҰРАТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН ҰЛТТЫҚ
БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ДАЯРЛАУДАҒЫ КЕЗДЕСЕТІН
КЕДЕРГІЛЕР ЖӘНЕ ОДАН ШЫҒУДЫҢ ТИІМДІ
ЖОЛДАРЫ

2011 жыл

Бәйдібек аудандық білім бөлімі, әдістемелік кеңесінің
"---------" ---------20----------жылғы №--------шешімімен таратылған

Құрастырушы:
Бәйдібек аудандық білім бөлімінің әдістемелік
кабинет әдіскері Т. М. Рысбекова.

Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулықта
Ғ. Мұратбаев атындағы жалпы орта мектептің қазақ
тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әкімова
Гүлчехраның шығармашылық еңбектері жинақталған.
Әдістемелік нұсқау қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған.

© Г. К. Әкімова


КІРІСПЕ


Елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың
қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры –
ұстаздың қолында.
Н.Ә. Назарбаев.

ХХІ ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз делінген Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында.
Білім ордасында толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни оқушыдан болашақта жақсы маман, білімді азамат шығары анық. Себебі, біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасыр жан- жақты дамыған, білімді, өз ісіне және өзгенің ісіні әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, Отанының әлеуметтік – экономикалық жағынан дамуына үлесін қоса алатын азамат тәрбиелеуді талап етіп отыр.
«Ел боламын десең - бесігіңді түзе» - деп заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезов айтқандай, ел болашағы жасөспірімдердің сапалы білімі мен саналы тәрбиесіне тікелей байланысты. Егемен еліміздің тірегі- білімді ұрпақ. Баламен тіл табысып, оның бойына білім нәрін себетін басты тұлға- ұстаз. Ұлы Абай атамыз айтқандай, білімімен теңессе ғана ұлттар теңесе алады.
Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кірігуіне қатысты білім беру саласына қойылып отырған заман талабы- шығармашылықпен жұмыс істей алатын, қабілетті тұлға тәрбиелеп қалыптастыру.



ӘКІМОВА ГҮЛЧЕХРА КӘРІМҚЫЗЫ

Ғани Мұратбаев атындағы жалпы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әкімова Гүлчехра өз пәнін жетік меңгерген озық тәжірибелі маман.Ол оқу тәжірбие үрдісінде бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы биік талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқытуды білім беру және тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді мақсат тұтқан мұғалім.
Мұғалімнің «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ұлттық біріңғай тестілеуге даярлаулда кездесетін кедергілер және одан шығудың тиімді жолдары» атты іс-тәжірибесі мұғалімдердің тамыз маслихатында мақұлданып,аудан көлемінде таратылды.
Озық тәжірбиелі мұғалім сапалы білім,саналы тәрбие беру жолындағы еңбегі үшін бірнеше рет аудандық білім бөлімінің мақтау грамотасымен марапатталған.
Мұғалім қазіргі таңда іс-тәжірибесі мен шәкірттеріне деген сүйіспеншілігін біріктіру арқылы жаңа дәуірдің жаңа талабына сай шығармашылықпен жұмыс жасауда.

Қазақ тілі пәнінің ҰБТ-ға енгізілуі - тіл мәртебесін көтеретін факторлардың бірі, мемелекеттік тілді қолдану мен дамытуды жүзеге асырудың сара жолы
Елімізде білім берудің сапасын арттыру мен сапалы білім беру жүйесін құру мақсатында республикамызда ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) енгізілгеніне де бірнеше жыл болды. Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) – жаңа технологияға негізделген мектеп бітірушілерді қорытынды мемлкеттік аттестациялау және жоғарғы оқу орнына түсу емтихандарын қоса атқаратын білім сапасын бағалаудың ерекше жүйесі екені баршамызға белгілі.
Қазір ғылым мен техниканың дамыған кезінде , алдымызда отырған шәкірттер білімді терең қажет етеді. Олар бізден көп нәрсені талап етеді. Біз бір пәнге дайындалғанда олар 5 – 6 пәнге дайындалады. Тақта мен бор ғана тұратын сабақтар оларға қызықты емес. Заман талабынан артта қалмай оқушы алдында барлық жақтан хабарың, өз біліміңді олардың бойына бере алатындай болуымыз керек.
ҰБТ – ке даярлауда менің көп ізденуімнің қажет екенін түсіндім . Оқушылармен әрдайым бірлікте отырып, жаңа тақырыпты меңгеру, әрбір өтілген тақырыпты тест сұрақтарымен байланыстыру, негізгі қажетті деген сөздерді түрлендіре отырып, сұрақтар қойдырта білу, әрбір сұраққа дұрыс жауап бере білуге, дұрыс жауапты есте сақтап қалуға үйрету негізгі міндетім болды.

Негізгі міндеттер:

1 Қазақ тілінің салалары бойынша жоспар құру.
І бөлім : фонетика.
ІІ бөлім : лексика
ІІІ бөлім: морфология
ІҮ бөлім : синтаксис
Ү бөлім : пунктуация

2.Әр салаға байланысты тақырып бойынша түсіндіру жұмыстары.
3. Оқулық бойынша тапсырманың нақты орындалуы.
4. Әрбір сала бойынша тест сұрақтарын ұйымдастыру.
5. Тест сұрақтары арқылы оқушының қай тақырыпты дұрыс меңгере алмағандығын анықтау.
6. Мониторинг бойынша қорытынды шығарып отыру.
Мысалы, фонетика саласында:
1 – сабақта : Қазақ тіліндегі алфавиттік жүйе , дауысты , дауыссыз дыбыстар түрлерін өткенде өзім түсіндіріп өтемін.
2 – сабақта : Осы өтілген тақырып бойынша жаттығу жұмыстары .

Сөйлем ішіндегі сөздерге, дыбыстарғафонетикалық талдау.

Сөз ашық қысаң жуан жіңішке еріндік езулік қатаң ұяң үнді
жігіт і і і т ж,г
тағдыр а а,ы а,ы т ғ,д р

3 – сабақта тест жұмыстары
4. Сұрақ – жауап ұйымдастыру.

Әр тақырыпқа арналған тесттер бойынша «Ең қиын сұрақ» деген сәт кезінде әрбір оқушы өзіне қиын сұрақты айтады. Мүмкін ол сұрақ бір оқушыға қиын болғанымен , екінші оқушыға оңай болуы мүмкін. «Мен» деп жауап берген қушыға тақтаға сол сұрақты жазып , дәлелдеп түсіндіріп беруін айтамыз. Солай ол кемшілікті жоямыз. Оқушының
әрбір жазған тест жұмыстарынан кейін , анализ жасалып,білім сапасы , үлгерім сапасы , орта балы есепке алынып отырады. Бұл оқушылардың алға қарай жылжуына негізгі жол болмақ.
Мектеп бітіруші түлектің алдында бір ғана мақсат қоятынын білеміз. Ол оқу грантын жеңіп алу. Осы мақсаттың орындалуы үшін « не істеу керек?» деген сауал туындайды. Ол үшін ҰБТ тапсыруда кездесетін негізгі кедергілерді жоюға жұмыс жасау керек деп ойлаймын.
1. Ең бастысы бала біліміндегі олқылықтарды жою. Ол олқылықтар қайдан пайда болады ? Ол баршамызға аян, мектеп қабырғасында білім алып жатқан баланың әр сыныпта меңгермеген оқу материалдары 11 – сыныптың соңында олқылыққа айналады.
2. Психологиялық кедергі. Белгілі бір тексерудің, емтиханның алдында әр адамға қорқыныш сезімі, үрейі басым болады. Мұндай бала білгенін ұмытады. Бұл әрине, ҰБТ-да көп ұпай жинауына үлкен кедергі жасайды.
3. Зейін қою, мұқият болу. Тапсырмаларға жауап бергенде немесе белгілегенде сұрақты толық оқымай жатып дұрыс жауапты іздеу , қателікке апарын ұрындырады. Сондықтан әр сұрақты зер сала отырып , түсініп оқығаны дұрыс.
4. Уақытты ұтымды пайдалана білу.
5. Техникалық ақау. Жауап парағындағы шеңберді немқұрайды бояйды. Жауап парағы мен тест кітапшасымен жұмыс жасай білмейді.
6. Оқушының әлеуметтік жағдайы . Бұған ата – ана тікелей жауапты. Отбасындағы түрлі стресс тудыратын жағдайлар баланың ұйқысының дұрыс қанбауы , кейбір аурулардың тест алдында сыр беруі кедергі жасайды.
7. Кәсіби біліктілігі жоғары , жауапкершілігі жоғары , білімді , шебер , тәжірибелі маманның аздығы балаға білім беруде басты кедергі болмақ .
Енді қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша айтар болсақ лбасы «Қазақ тілі – мәдениеттің бір бөлігі ретінде барлық қазақстандықтарды біріктірудің қосымша құралы болуға тиіс.
Ол барлық ұлттар мен ұлыстарға қазақ халқының мәдениетін, дәстүрін, әдет – ғұрпын, тұрмыс – тіршілігін танып білудің негізі болып табылады» деген. Қазақ тілі пәнінің ҰБТ -ға енгізілуі - тіл мәртебесін көтеретін факторлардың бірі, мемлекеттік тілді қолдану мен дамытуды жүзеге асырудың сара жолы.
Ал халқымыздың сөздік қоры, тіл байлығы әдебиетімізден көрінеді. Тіл білімнің әрбір сала, тақырып бөліміне дейін іздене отырып, тест құрап, сол тестті меңгергеннен кейін жалпы тақырыптық тест шешіп отыру – оқушы білімін көтерудің бір жолы.
Өз тәжірибемде оқушылардың тест орындау жолдарын төрт түрлі жолмен аламын.
1. Өзін - өзі бақылау.
2. Өзін - өзі тексеру.
3. Жылдамдыққа , шапшаңдыққа үйрету.
4. Сынақ тест.
Өз тәжірибеме сүйене отырып, қазақ тілі пәнінен ҰБТ – ға даярлауда болатын мынадай кедергілерді айтқым келеді.
1. Тіл білімінің әр түрлі саласындағы белгілі бір тақырыптарды нашар білуі. (бұл орта буында кеткен кемшіліктер).
2. Оқушылардың сөздік қорының аздығы. ( синонимін, омонимін таба алмай жатады).
3. Сөз төркінін терең түсінбеуі.
4. Оқу техникасының темендігі. (ондай оқушылар сұрақты қате , баяу оқиды). Осындай кедергілерді көрсете келіп, оқушылардың көп қате жіберетін және қиын деген тақырыптарын қарастырайық:
1. Диалект сөз бен кәсіби сөзді шатастыру.
2. Сұраулық шылаулар мен болымсыз етістік жұрнағын ажырата алмауы.
3. Қабысу мен жанасуды ажырата алмау .
4. Құрмалас сөйлем түрлерін шатастыру.
5. Сөз тіркесі мен күрделі сөздерді ұқсас деп ойлау.
6. Есімдіктің тәуелденуі, септелуі, жіктелуі.
7. Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын аша алмау.
8. Дыбыс үндестігі.
9. Орфография мен орпоэпия нормаларын сақтамауы.
(сөздің айтылуы бойынша жазылуын таба алмай жатады,
себебі қазіргі жастар орфография бойынша сөйлейді)


Таңдау пәні ретінде кейбір оқушылар қазақ әдебиеті пәнін таңдайды. Бұл пәнді қандай оқушы таңдайды?

1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болғысы келетін;
2. Тілші мамандығын алғысы келетін оқушы;
3. Театр, әртістікке баратын оқушы.

Қарап отырсақ,осы пәнді дарынды оқушылар таңдайды екен. Ол оқушы орфография мен орфоэпия заңдылығын терең меңгерген, сауатты, шешен тілді, қаламы қарымды, әртістік шеберлігі жоғары болу керек.
Осындай оқушыны қазақ әдебиеті пәнінен даярлап, жоғары нәтижеге жеткізу шебер мұғалімнің қолынан және еңбекқор, талантты оқушының қолынан келеді демекпін. Осындай оқушыларды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен тест сауаттылығына үйрету мақсатында төмендегідей жұмыстарды өз тәжірибемнен ұсынбақпын.Ұлттық біріңғай тестілеуде биіктікке жету тәсілдері:
1) Пайдалануға тиіс оқулықтар, қосымша оқулықтар.
2) Сол оқулықтарда кеткен(баспадан не басқа жағдайда) қателіктерді талдау.
3) Жаңа оқулықтағы жаңалық , өзгеріс, оны бұрынғымен салыстыра оқыту.(1-сыныптан қалыптасып қалған дағдылы ережені еске түсіріп, оның жаңа заңдылықтарын түсіндіру).
4) Тіл білімдерінің әр саласына енетін объектілерді анықтау.
5) Фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік, пунктуациялық талдаулар жасау.
6) Кешенді талдау жасату.
7) Өз ойын поэзия, проза, тіпті сахна тілінде жетік білуге ұштау, дайындау.
8) Даталы күндерге шығарма жаздырып орындату.
9) Мәнерлеп оқудың технологиясын үйрету
10) Әдебиетте де мәтіндік талдау табиғатын білдіру

1) Әр жанр табиғаты, мәтін тақырыбы, компазициясы.
2) Эпилог, пролог, монолог, даму, шиеленісу, шарықтау шегі.
3) Кешенді әр түрлі тұлғада, тарихи, әдеби, мәдени, психологиялық,, проблемалық талдауды үйрету.
Бірыңғай ұлттық тестілеуде қазақ әдебиеті пәнінен берілетін сұрақтардың мазмұнындағы үлкен кемшілік – ғылыми мәнінің жоқтығында, себебі әдебиет пәнін оқытудың түпкі мұраты сөз өнерінің мәнін, маңызын түсіндіру, оқушылардың бойында эстетикалық байлығын қалыптастыру, ақын – жазушыларымыздың шығармаларының халықтық сипатын ашу.

Мысалы, тестілеуде мынадай сұрақтар жиі кездеседі:
1) Ш.Уалихановтың туған жері.
2) М. Өтемісұлының туған жері.
3) «Қартқожа» романының шыққан жылын көрсет.
Осындай сұрақтардан гөрі әдеби туындының ерекшелігін талдауға қызмет ететін сұрақ болса, әдебиет пәнінен тест тапсырмасының маңызы мен саласын арттырып, түпкі мұратына қол жеткізу мүмкін болар еді. Бұл турасында З.Қабдоловтың мына пікірі шешуші рөль атқарады деп ойлаймын:
«... шығарма талдар болсаңыз, ондағы көркемдік мәселесі ешқашан назардан тыс қалмауы керек, көркемдік сайып келгенде тілге тіреледі. Ал тіл – жазушылық шеберлігін тексерудің бірден – бір құралы, тіпті технологиясы екені даусыз».
ҰБТ – ға даярлауда мұғалімнің орны ең басты назарда тұруы қажет . Әр мұғалім әрдайым жаңалықты бастаушы ретінде әрекет жасауы тиіс. Оқытудың әр түрлі технологиясы жасалып, мектеп өміріне енгізілгені бәрімізге белгілі. Сондықтан да мұғалімнің өзі жаңа технологиямен үздіксіз жұмыс жасайтын, жеке тұлғаны қалыптастыруда орны ерекше адам . Енді өз тәжірбиемнен қазақ әдебиеті пәнінен тапсырма түрін көрсете кетейін.
Берілген тірек сөздерді сәйкестендір:
1) Қаратаудың ойы, Қаратаудың бойы, «Шағым», «Асауға тұсау», «Асау тұлпар».
1. Жамбыл өлеңі
2. Кендебай қай жерде мекен еткен.
3. М. Әуезовтың аудармалары.
4. С. Сейфулиннің туындысы.
Оқушы тірек сөздерін сәйкестендірді. Есте сақтауына ерекше мән берді.
2 – сынақ тест:
Мұғалім тек сұрақты оқыды. Оқушы жауабын жазып үлгеруі керек. Уақыт шектеулі. Оқушыны шапшаңдыққа үйрету.

Мысалы, қазақ тілі . Лексика

1. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білім саласы _______________ лексика.
2. Көп мағыналы сөздің терминдік атауы................. полисемия
3. Мұрап сөзінің мағынасы...................Егін суаратын адам.
4. Атыз сөзінің синонимі ................ Арық
5. Сараң сөзінің антонимі ......................... Жомарт

Тест алынып болғаннан кейін қатемен жұмыс бірден жүргізіледі , ортақ талдаулар , түзету жұмыстары жүргізіледі.
Қорыта келгенде ұстаздар қауымының алдында тұрған ең үлкен жауапкершілік-мемлекетті, ғылымды, өнеркәсіпті,өндірісті нағыз басқаратын жастар қазір біздің алдымызда екенін, соларға өз дәрежесінде білім беру, тәлім-тәрбие беру, біліктілігін арттыру, санасын тәрбиелеу, болашаққа жол салу біздің қолымызда тұрғанын сезіну үшін тек ерінбей еңбек ету, іздену, шығармашылықпен жұмыс жасау деп түсінемін. Мен өзім еңбек еткен тәжірибемде біршама жемісті еңбектерім бар деп түсінемін.Оның айғағы-ҰБТ кезінде оқушыларымның білімінің жоғарғы деңгейде болуы, мемлекеттік грант иегері болуы, әр түрлі байқауларға қатысып, алдыңғы қатардан көрінді.

ҰБТ-ге дайындық курсының мақсаты:

- Оқушылардың оқу қабілетін, білім, таным ерекшелігін арттыру.
- Білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау.
- Өз жетістіктерін өздеріне талдатып, өзіндік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.
- Жаңашыл ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана білу.
- Сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
- Шығармашылығын, ізденісін арттыру.
- Тақырыптың ғылыми негізділігін қалыптастыру.
- Тақырып бойынша тестпен жұмыс жүргізу әрекетін жетілдіру.
- Психологиялық дайындық.

Міндеттері:

- Оқып үйренген тақырыпты меңгеріп, есте сақтау қабілетін дамыту.
- Ой-өрісін, белсенділігін, қызығушылығын, шығармашылық
ізденісін ояту.
- Тақырыпты оқытудың жаңа технологиясына негіздеп жоспарлау.
- Тақырыпқа ынта қоюға, оның мақсатын, мазмұнын, болашағын
түсініп, іс жүзіне асыра білуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже:

-Оқушылар тақырыпты қайталау, пысықтау арқылы білімін
жетілдіреді.

-Тест тапсыруда психологиялық тұрғыдан өзін-өзі жан-жақты
дайындайды.

- Қиын сәттерден өзі жол тауып шығуға қалыптасады.
- Ана тілі мен әдебиетін құрметтеп, оны дамытуға үлесін қосады.

Ұлттық Бірыңғай Тестке даярлық курсының бағдарламасы.
1 Фонетика

Қ/с Өтілетін тақырыптар Сабақ түрі с/с
1 Тіл дыбыстары.
Қазақ әліпбиі лекция 1
2 Дауысты дыбыстардың түрлері. интеграция 2
3 Дауыссыз дыбыстардың түрлері. семинар 2
4 Буынның түрлері Білімді тексеру 2
5 Тасымал лекция 1
6 Үндестік заңы Ізденіс 2
7 Орфография мен орфоэпия Семинар 2
8 Екпіннің түрлері Лекция 2
2.Лексика
1 Сөз бен мағына Семинар 1
2 Сөздің тура және ауыспалы мағынасы. Сайыс 2
3 Көп мағыналы сөздер Пікірсайыс 2
4 Омонимдер Саяхат 2
5 Синонимдер Семинар 2
6 Антонимдер Білімді тексеру 1
7 Эвфемизм Лекция 1
8 Тұрақты тіркестер Дебат 2
9 Мақал-мәтелдер Пікірсайыс 1
10 Көнерген сөздер Лекция 1
11 Диалект сөздер лекция 1
12 Кәсіби сөздер Семинар 1
13 Термин сөздер Лекция 1
3.Сөзжасам
1 Түбір мен қосымша Сайыс 2
2 Дара сөздер мен күрделі сөздер Саяхат 1
3 Біріккен сөздер Ізденіс 1
4 Қос сөздер Лекция 1
5 Тіркесті сөздер лекция 1
4. Морфология
1. Зат есімдердің жасалу жолдары. Қорыту 2
1. Деректі және дерексіз зат есідер Ізденіс 2
2. Сын есімдер Лекция 1
3. Сын есімдердің жасалу жолдары Лекция 1
4. Сапалық және қатыстық сын есім Жарыс 1
5. Сын есімнің шырайлары. Білімді тексеру 2
6. Сын есімдердің түрлері. Семинар 2
7. Есімдіктердің түрлері Ұжымдық 2
8. Етістіктің түрлері Лекция 2
9. Сабақты және салт етістік Ізденіс 2
10. Етістің түрлері. Саяхат 2
11. Есімше Лекция 1
12. Көсемше Лекция 1
13. Тұйық етістік Семинар 1
14. Үстеудің түрлері Қорыту 2
2. Еліктеу сөздер Дебат 2
15. Одағай Қорыту 1
16. Көмекші есімдер Семинар 1
17. Көмекші етістіктер Лекция 1
18. Шылаудың түрлері. саяхат 2
5.Синтаксис
1. Күрделі сөздер Лекция 1
2. Тұрақты тіркестер Семинар 1
3. Сөздердің байланысу тәсілдері Ізденіс 1
4. Сөздердің байланысу түрлері Лекция 1
5. Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастар Ізденіс 2
6. Сөйлемнің түрлері Семинар 2
7. Сөйлем мүшелері Сайыс 2
8. Бастауыш Саяхат 2
9. Баяндауыш Лекция 2
10. Толықтауыш Семинар 2
11. Анықтауыш Ізденіс 2
12. Пысықтауыш Қорытынды 2
13. Айқындауыш мүшелер Біліді бекіту 2
14. Бірыңғай мүшелер Лекция 1
15. Оқшау сөздер Лекция 1
16. Жай сөйлемнің түрлері Семинар 1
17. Атаулы сөйлем Лекция 2
18. Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері Лекция 1
19. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері Ізденіс 2
20. Аралас құрмалас сөйлем Ізденіс 2
21. Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері Білімді тексеру 2
22. Төл сөз бен төлеу сөз Лекция 1
23. Төл сөз бен автор сөз Лекция 1
6. Пунктуация
1 Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері Лекция 1
2 Сөйлемнің ішіне қойылатын тыныс белгілері Лекция 1
7. Стилистика
1 Ауызекі сөйлеу стилі Семинар 1
2 Көркем әдебиет стилі Ізденіс 1
3 Публицистикалық стиль Шығармашылық 1
4 Ресми іс қағаздар стилі Ізденіс 1
5 Ғылыми стиль ізденіс 1

Жоғарыда аталған сөзімнің нақты айғағы ретінде ҰБТ-ке дайындық
курсының бірнеше сабақ үлгісін ұсынамын.

Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлері

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың сөздердің байланысу түрлері туралы алған білімдерін нығайту,бір жүйеге келтіріп қорыту,теориялық білімін бағалау.
Дамытушылық: ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды туған тілі-қазақ тілін қүрметтеуге, дамытуға, адамгершілікке, ізеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,тірек сөздер,тірек сызбалар,кесте.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.
2.Үйге берілген тапсырманы сұрау.
3. Жаңа сабақ.
4. Жаңа сабақ бойынша жаттығу.
5. Сабақты пысықтау.
6. Бағалау.
7. Үйге тапсырма.

Үй тапсырмасын сұрау.

1.Сұрақтар:
1.Сөздердің байланысу тәсілдері қандай?
2.Сөздердің жалғау арқылы байланысу тәсіліне он сөз тіркесін жаз(2 мин.)
1. Шылаулар арқылы байланысқан сөз тіркестерін жаз.
2. Орын тәртібі арқылы байланысқан он сөз тіркесін жаз.
3. Интонация арқылы байланысқан сөздер.

2. Көркем шығармадан жазып келген сөйлемдердегі сөздердің байланысу тәсілін талдау.Мысалы: Аймен аталас емеспіз,күнмен баталас емеспіз,бұлтпен туысқанымыз жоқ,сол күні жауған жаңбырмен жуысқанымыз жоқ.

Сөз тіркесі Байланысу тәсілі

Аймен аталас Ай+мен көмектес септік жалғауы
Күнмен баталас Күн+мен көмектес септік жалғауы
Бұлтпен туысқанымыз жоқ Туыс-қан-ымыз т.ж 1 жағы
Жаңбырмен жуысқанымыз жоқ жаңбыр+мен көмектес септік жалғауы
Сол күні жауған орын тәртібі арқылы.
Аталас емеспіз орын тәртібі арқылы


Жаңа сабақ: Сөздердің байланысу түрлері

(1) Қиыса байланысқан
сөз тіркестері.
қиысу
2.Матаса байланысқан сөз тіркестері.
матасу
3.Меңгере байланысқан сөз тіркестері.
меңгеру 4.Қабыса байланысқан сөз тіркестері.
қабысу 5.Жанаса байланысқан сөз тіркестері.
жанасу
Баяндауыштың
бастауышпен жақ жағынан үйлесе байланысқан түрі. Біріншісі зат есім немесе затталған сөз ілік септік жалғауында, екінші сөз
тәуелдік жалғауында келу арқылы байланысу. Барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулары мен септеулік шылаулар арқылы байланысқан түрі. Орын тәртібі жағынан іргелес тұру арқылы байланысқан түрі. Орын тәртібі жағынан іргелес тұрып та, алшақ тұрып та байланысуы.
Санжар өлеңді жақсы айтқанмен, өзін көрсете алмай жүр. Ана тілі-бұл атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Экологияны сақтайық, соған ат салысайық. Мәліктің талдырмаш жас денесі баяғы сол арықтау қалпында. Шақырылған қонақтар кештете келді.
Санжар көрсете алмай жүр

бастауыш баяндауыш

қиысу Атаңның тілі
Анаңның тілі
Халқыңның тілі

Ілікжалғаулы тәуелдік
сөз жалғау
III
Жағы
матасу Экологияны сақтайық

табыс
жалғаулы етістік
сөз
етістікті меңгеру Талдырмаш денесі

сын есім зат есім

арықтау қалпында

сын есім зат есім
есімді қабысу Кештете келді

үстеу етістік

жанасу



Тапсырмалар:

1 –тапсырмасы.
1.Мәтіннің мағынасын түсініп оқы.
Мәтін ішінен сөз тіркестерін жасап,байланысу түрін анықта.

Естілген сөзді ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі-көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші-сол нәрсені көргенде, я естігенде ғибратлану керек, көңілденіп, тұншығып, ынтамен ұғу керек. Үшінші-сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек. Төртінші-ой кеселді нәрселерден қашық болу керек.
А. Құнанбайұлы.
Отыз бірінші сөз.

Үлгі: Естілген сөзді қабысу есімді;

2 -тапсырмасы.

1) Сөйлемді дұрыс құра.
Сөздердің байланысу түрін анықта.

а) болса, ауылында, қарияң,

тең, хатпен, қойған, жазып

б) жетпіс, де, адамға, өнер, жігіт, аз

в) інінен, сөйлесең, жылан, жылы - жылы, шығады.

2) Сөздердің байланысу түрін сызба түрінде көрсетіп түсіндір.

3-тапсырмасы

1) Бүгінгі сабақ барысы туралы ой толғау жазу.

2) Шығарма тақырыбы:

1. Адал достық.
2. Табиғат аясында.
3. Басты байлық - денсаулық.

ТАПСЫРМА: СУРЕТТЕ

Салыстыр /кубизм стратегиясы бойынша/





4 4

1. Суретте. Өз досының бейнесі.
2. Салыстыр. Сөздердің байланысу тәсілдерін салыстыр.
3. Суретте. Табиғат көрінісі.
4. Салыстыр. Сөздердің байланысу түрлерін салыстыр.

«ТОПТАУ» СТРАТЕГИЯСЫ:




ТЕСТПЕН ЖҰМЫС

1. Матасуды табыңыз.
А. Он күн. Д. Жылы сөз.
В. Көкке қарады. Е. Қаланың іші.
С. Ұзын бойлы.
2. Есімді қабысу.
А. Қара шашты Д. Дауыстап сөйледі
В. Жоғары шықты. Е. Жақсы оқиды.
С. бырт-бырт үзді
3. Меңгеруді белгіле.
А. Жас-кәрінің тілегі Д. Ертелі - кеш дайындалды.
В. Ұлжан да күлді. Е. Бақытты болашақ.
С. Бөжейді жоқтады.
4. Қиыса байланысқан сөз тіркесі.
А. Бағдарлап қарады. Д. Бірге дайындалды.
В. Отанға оралу. Е. Сәбит дайындалды.
С. Жіп-жіңішке темір.
5. Жанасуды тап.
А. Күз аспаны. Д. Қалың кітап.
В. Үй іші. Е. Сіз барасыз.
С. асығып-үсігіп киінді.
6. Орын тәртібі арқылы байланысқан сөз тіркесі.
А. Хат арқылы жеткізді. Д. Туған жерге.
В. Ұстазымнан үйрендім. Е. Абайды оқыдым.
С. Марат-студент.
7. Жалғау арқылы байланысқан сөз тіркесі.
А. Қаз-қатар тізілді. Д. Сен үшін келдім.
В. Сіздің арқаңызда. Е. Кеңесіп пішкен тон
С. Екпінді жел.
8. Интонация арқылы байланысқан сөз тіркесі.
А. Тарс-түрс дауыс. Д. Бұл - жігіт.
В. Қып - қызыл көйлек. Е. Қара торы.
С. Оспан кіріп келді.
9. Сөздердің байланысу түрлері қанша?
А. 5 Д. 6
В. 4 Е. 2
С. 3
10. Ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздердің тіркесуі.
А. Матасу Д. Жанасу
В. Меңгеру Е. Қиысу
С. Қабысу


ТЕСТ ЖАУАПТАРЫН КЕСТЕГЕ МЫНАДАЙ БЕЛГІ БОЙЫНША БЕЛГІЛЕ (•)

А В С Д Е
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10

5. Сабақты пысықтау.
6. Оқушыларды бағалау.
7. Үйге тапсырма:
Көркем шығармалардан сөйлем жазып, сөздердің
байланысу түрін ажырату.

Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлем түрлерін пысықтау

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың құрмалас сөйлем түрлері туралы білімін тиянақтау, пысықтау.
Дамытушылық: Топпен жұмыс жүргізу арқылы дүниетанымын, ойлау қабілетін арттыру, шығармашылық ізденісін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды тілді құрметтеуге, алға қарай ұмтылушылыққа, ынтымақтастыққа баулу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі:интеллектуалды ойын,жаттығулар, ой тастау, топпен жұмыс.
Пән аралық байланыс: әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, «Бәйге» ойыны.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
а) психологиялық дайындық
ә) сабақтың мақсатын, жоспарын, жүру барысын таныстыру.
б) оқушыларды үш топқа бөлу:
I – топ . «Салалас» тобы.
II-топ. «Сабақтас» тобы.
III-топ. «Аралас» тобы.
1) Үй тапсырмасын «Бәйге» ойыны арқылы тексеру.

20 40 10 50 30
30 50 20 40 10
50 20 40 10 30

Ұпай саны 10-50-ге дейін.
1-қатардағы - 20. Жайылма сөйлем.
40. Шартты бағынынқылы сабақтас құрмалас сөйлем деген не? Жасалу жолдары.
10. Жақты және жақсыз сөйлемді салыстыр.
50. Мезгіл бағынынқылы сабақтас сөйлем.
30. ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем.
2-қатардағы - 30. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем.
50. Қимыл - сын бағынынқылы сабақтас сөйлем
20. Толымды, толымсыз сөйлемдер.
40. Талғаулы салалас сөйлем.
10. Салалас құрмалас сөйлем.

3-қатардағы 50. Себеп бағынынқылы құрмалас сөйлем

20. Қарсылықты салалас
40. Қарсылықты бағынынқылы сабақтас сөйлем
10. Аралас құрмалас сөйлем
30. Түсіндірмелі салалас
Әр топ мұшелері өздері таңдаған сұрақтарға жауап беріп, ұпайларын алады.

Дұрыс емес жауабын келесі топ мүшесі толықтырады.

2).Қайталауға арналған жаттығулар.

«Салалас» тобына арналған үлестірмелі қағаздағы тапсырмалар: Көп нүктенің орнына жақшада берілген сөзді сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру керек.
1.Мақтаны көтерген нәзік қыз алаңқайлау аралықпен зыр (жүгіру, келу)..., жаңа терген мақтасын атып ұрды.
2.Бетіндегі шып-шып теріне мақтаның ұсақ ұлпалары (жабысу)..., беті де мақта сияқты болып кетіпті.
3.Түнде мылтық (атылу)..., дауысы қатты естілді.
4. Кеше кешке уақытым (болмау)..., сүйікті телехикаямды көре алмадым.

«Сабақтас» тобына берілген тапсырмалар:

Көп нүктенің орнына салалас құрмалас сөйлем болатындай
етіп толықтыр.

1.Бұрын мұрны шолақтау (болу)..., биыл біраз ұзарып қалыпты.
2.Онда талай жастар білім (алу)..., еліміздің әр жерінде еңбекке араласуда.
3. Қыз кітапты партаға (қою)..., оны оқуға кірісті.
4. Болат қарындасына сыйлық (әперу, келу)..., бірақ ақшасы жетпеді.
«Аралас» тобының тапсырмасы.
1.Абай үйге (кіру).., Әбіш конверттегі бар қағазды оқып шыққан еді.
2.Күн (шығу)..., ел тұра (бастау)..., - Нұрлан әлі жоқ.
3.Амантай Серғазыларға (ақылдасу еді)..., Жамантайдың науқасының түрі жаман (болу)... , олар ырық бере қоймады.
4.Білмегенін (білу деп)..., оқушылар ынтығар.

3. «Топтастыру» стратегиясы арқылы білімін тиянақтау






4). Тестпен жұмыс.

Интерактивті тақтада берілген тест сұрақтарымен жұмыс.
1). Шартты бағыныңқылы сабақтасты белгіле.
А. Сөз жүйесін тапқан кезде,мал иесін табады.
В .Сөз жүйесін тапса, мал иесін табар.
С. Сөз жүйесін тапты, мал иесін тапты.
2). Шартты, қарсылықты, мезгіл бағыныңқы сабақтасқа ортақ қосымшаны тап.
А. -са, -се
В. -ғалы, -гелі
С. –дықтан, -діктен
3). Талғаулы салаласқа тән қатарды көрсет.
А. Соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын талдап түсіндіреді.
В. Жай сөйлемнің біріндегі іс,оқиға екіншісіне қарама-қарсы болады.
С. Жай сөйлемдері бір-біріне тәуелсіз,тек біреуі ғана жүзеге асады.
4). Себеп- салдар мәнді жалғаулық :
А. неге десеңіз, сондықтан, өйткені;
В. неге солай, солай, осылай;
С. біресе айтты, кейде айтпады.
5). Сабақтас пен салаласқа тән ортақ термин:
А) ыңғайлас ;
В) қарсылықты;
С) түсіндірмелі.
6). Мақсат бағыныңқы сабақтас.
А .Ойын аяқталған соң, Санжарлар үйге қайтты.
В. Жұмысын ерте бітіргендіктен,қосымша тапсырма бердім.
С. Келгендердің бәрі разы болсын деп, жан-тәні қалмай қалбалақтауда.
7). Қарсылықты бағыныңқы сабақтас.
А. Олар теңізге ерте шықты,бірақ жолы болмады.
В. Ұлберген кедей болғанымен,киім-кешегін таза ұстайтын.
С. Теңіздің суы мөп-мөлдір екен.
8). Кезектес салалас сөйлем.
А. Клубта кейде кино болады,кейде қызықты баяндамалар оқылады.
В. Түнгі кезекте болғандықтан ,шаршап та отырмын.
С. Арман өлеңді жақсы айтқанымен, өзін көрсете алмай жүр.
9). Түсіндірмелі салаласты тап.
А. Оларда пасықтық бар, - адамдық жоқ.
В. Тұманның қалыңдығы сонша - түк те көрінбейді.
С. Гұлбаршын сәлем беріп еді,- ол қырын қарап кетті.
10). Ынғайлас мәнді жалғаулық.
А. Бірақ,дегенмен;
В. Алайда, неге десеңіз;
С. да, әрі, және.

Сабақты қорытындылау. Салыстыру:
Интерактивті тақтаға қаламұшпен әр топтың
бір мүшесі өздерінің шеңберін толтырады

САЛАЛАС САБАҚТАС АРАЛАС





ОҚУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУ

1-топ «Салалас» тобы -

2-топ «Сабақтас» тобы -

3-топ «Аралас» тобы -

Қ/с Оқушы Бәйге Жаттығу Салыстыру Тест Қорытынды
1. Айтбек Қ
Ағабек Ұ 30
100 10
10 -
10 7
10 47
130

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:

Көркем әдеби шығармалардан бірнеше
сөйлем жазып, синтаксистік талдау жүргізу.

Сабақтың тақырыбы Баяндауыш

Сабақтың мақсаты 1. Білімділік:
Оқушылардың баяндауышқа тән белгілері, жасалу жолдары, сөйлемдегі орны туралы білімін кеңейту;

2. Дамытушылық:
Сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін арттыру, шапшаңдыққа, байқағыштыққа үйрету.

3.Тәрбиелік:
Алғырлық, сабырлылыққа, шығармашылыққа баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, дәлелдеу, сұрақ жауап, тест
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек сызбалар, бағалау парағы, сызба-нұсқалар.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушы назарын сабаққа аудару.
Сабақ жоспарымен таныстыру.

1-кезең

2.Үй тапсырмасы.

Сөйлем мүшелері деген не?
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері?
Бастауыштың сөйлемдегі орны, маңызы қандай?
Бастауышқа тән негізгі белгілер?
Басқа сөйлем мүшелерінен ерекшелігі қандай?
Бастауышсыз сөйлем бола ала ма?
Бастауыштың сұраулары
Логикалық бастауыш деген не?
Бастауыштың жасалу жолдары
Сөз таптарының бастауыш қызметінде жұмсалуы.


2-кезең

Интерактивті тақтада берілген сөйлемдерден бастауышты талдау.
Жауынгерлер ақ қар, көк мұз аязды күндер мен түндерді елемей жүріп келеді.
Жауынгерлер – көптік жалғаулы зат есім; жалпы есім.
Жақсы - ісімен жақсы
Сын есім нөлдік тұлғада заттану арқылы жасалған
Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
қатыстық сын есімдер заттық мағынаға ие болып, бастауыштың қызметінде.

3-кезең

Жаңа сабақ: Баяндауыш.
Біріншіден, баяндауыш деген не?
Бұрынғы өткен сабақтарды еске түсіріп, ережесін,сұрақтарын айтып, мысал келтіреді.

Баяндауышқа тән белгілер:

1. Баяндауыш бастауышқа бағынышты сөйлем мүшесі.
2. Баяндауыш сөйлемдегі ойды тиянақтайды.
3. Баяндауыш бастауыштың әр түрлі қасиетін көрсетеді.
а/ ісін, қимылын
ә/ жай-күйін, заттың сандық, сапасын, мөлшерін,
мекенін, мезгілін
б/ іс-әрекеттің сапасын
в/ қасиетін
г/ амалын
д/ кім екендігін, белгісі мен сапа ретін т.б.
4. Баяндауыш бастауышпен жақ, жекеше, көпше түрде үйлесуі.
5. Предикативтілік білдіруі.
6. Олар екі құрамда болады.
7. Сөйлемнің бас мүшесі болады.
Осы белгілеріне қарай ереже шығару: Демек баяндауыш дегеніміз - бастауыштың қимылын, ісін, жайын, күйін, заттық, сындық сапасын, санын, мөлшерін, мекенін, мезгілін, предикативтілік іс-әрекетті білдіріп,екі құрамда жұмсалатын,
ойды тиянақтап, бастауышқа бағынышты болып тұратын
сөйлемнің бас мүшесі.


Баяндауыштың жасалу жолдарын тірек-сызбалар арқылы түсіндіріп өту


ТАПСЫРМАЛАР:

Тиісті баяндауышты қойып жаз.

1.Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін баяндауышты қойып жаз.
Мен сізбен әлі . . . . . . /сөйлесемін/.
Өзен суы айнадай мөлдір боп . . . /ағады/.
2. Заттық мағынадағы баяндауыш.
Білім берген, нәр берген - . . . /мектебім/.
3. Көсемше тұлғалы баяндауыш.
Әбдірахманның қаладан келгенін естіп, үй-іші . . . . /қуанып
отыр екен/.
4. Сын есімнен жасалған баяндауыш.
Шіркін, туған жерімнің табиғаты . . . / сұлу , көркем/.
5. Сан есімнен жасалған баяндауыш.
Ұлпан биыл . . . /жетіде/.
6. Есімше тұлғалы баяндауыш.
Жұрттың айдаған малы былтырғыдан гөрі . . . /көбейген,
азайған/.
7. Есімдіктен жасалған баяндауыш.
Барым да, нарым да бір . . . /өзің/.
8. Тұйық етістігінен жасалған баяндауыш.
Менің арманым - қалай да осы мақсатыма . . . /жету/.

САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ ВЕНН ДИАГРАММАСЫ



Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма:
Көркем шығармалардан сөйлемдер жазып, баяндауышты талдау.

Сабақтың тақырыбы: Үндестік заңы

Сабақтың мақсаты:

1/ Білімділік: Оқушылардың үндестік заңы туралы білімдерін кеңейту, шыңдай түсу, оның түрлерін пысықтау
2/ Дамытушылық:. Өз бетінше ойлау қабілетін, сөздік қорын, тіл байлығын, белсенділігін, қызығушылығын дамыту.
3/ Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, білімділікке,бір - бірін сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жарыс сабағы.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, сұрақ-жауап, тест, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, кесте қағаздар,
Венн диаграммасы, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: Психологиялық дайындық
Үй тапсырмасын сұрау.

1. /Деңгейлік тапсырмалар арқылы/
2. Оқушыларды үш топқа бөлу.

1-ші топ: Дауыстылар.
2-ші топ: Дауыссыздар.
3-ші топ: Буындар.
Әр топ өздерінің тақырыбын қорғайды.

1-кезең
1-деңгей

1/ Тіл дыбыстары деген не?
2/ Дауысты дыбыстарға тән белгілер.
3/ Дауысты дыбыстардың түрлерін ажырату, салыстыру.

2-деңгей
1/ Дауыссыз дыбыстардың түрлері.
2/ Дауысты дыбыстармен салыстыру.
3/ Дауыссыз дыбыстарға тән белгілер.

3-деңгей

1/ Буын деген не?
2/ Буынның түрлерін ажырат.
3/ Буын мен тасымал.

2-кезең
Интерактивті тақтада берілген сөздерге фонетикалық талдау. Мысалы.

Сөз дауысты ашық қысаң жуан жіңішке еріндік езулік дауыссыз қатаң ұяң үнді

шегіртке е,і + + ++ ++ ш,г,р,т,к +++ + +

бақыт а,ы + + ++ ++ б,қ,т ++ +



ЖАҢА САБАҚ

1-кезең. Үндестік заңы.

Морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығындағы қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустика-артикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуі
немесе үндестік заңы дейміз.

2. Негізі үндестік заңы мынадай болып келеді.

1. Түбірдің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан буынды болады:
мал-шы-лық-та, ал-дыр-ыңдар, қала-лық-тар-ға, жылқы-лар-ымыз.
2.Түбірдің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке буынды болады:
мектеп-тер-ің-ді, кел-тір-іңдер, қате-лік-тер-ді,
мұғалім-дер-ге.


3. Түбірдің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса, оған жалғанатын қосымшалар ұяң не үндіден басталады:

бала-лар дауысты+үнді. бала-ға дауысты+ұяң
жел-ге үнді+ұяң. жел-мен үнді+үнді.

4.Түбірдің соңғы дыбысы ұяң болса, қосымша ұяңнан басталады: қаз-дар, қаз-ға, жез-ді, мұқтаж-дық.

5. Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса қосымша тек қатаңнан басталады: мақсат-қа, мақсат-пен, тілек-пен, тілек-ті.

ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ

Қазақ тілінде дыбыстардың бір-біріне ықпалы үш түрлі болады.

Ықпалдың түрлері

Ілгерінді Кейінді Тоғыспалы
/прогрессивті/ /регрессивті/ ықпал.
ықпал ықпал

1. Ілгерінді ықпал. (прогрессивті)

Аш- са – аш – ша. ш-с = шш

Қара қой – қара ғой. а – қ = ағ.

Жас бала – жаспала. с – б =сп

Ілгерінді ықпал-алдыңғы дыбыстардың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі, игеруі.

2. Кейінді ықпал (регресивті)-прогрессивті ықпалға
қарама-қарсы, кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етуі, игеруі.

Тарақ + ы – тарағы. қ – ы = ғы.

Күрек + і – күрегі. К – і = гі.

Жан + бады – жамбады. Н – б = мб

Сөз - жоқ – сөж жоқ. З – ж = жж.

3. Тоғыспалы ықпал - көрші дыбыстардың ілгері-кейінді қарсы әсері. Бұл сөзбен сөздің арасында кездеседі.

1.Аман келді- Амаң - гелді. нк-ңг

2.Қан қызыл- қаң ғызыл нқ-ңғ

3.Мен келдім-мең гелдім нк-ңг

4.Дос жаран- дошшаран сж-шш


2 – кезең

Теориялық материалды бекіту жаттығулары.
Өлең шумақтарындағы сөздерді орфоэпия, айтылуы бойынша жазу.

Мысалы:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам.
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
Қыз өссе елдің көркі деген сөзді.
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Мең ғазақ қыздарына қайраң ғалам.

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

Қыз өссө елдің гөркү деген сөздү.

Қапысыз қалай айтқан қайрам бабам.

3-кезең

Тестпен жұмыс
Уақыт шектеулі

1.Дыбыс үндестігінің неше түрі бар?
А.1; В.2; С.3; Д.4; Е.5;

2.Д. ү. Қазақ тілінің қай саласы қарастырады?
А.лексика. Д.синтаксис
В.фонетика Е. стилистика
С.морфология

3.Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды тап.
А. арыстанда бар. Д.қырық жігіттің
В. күші бар Е. жігіттің жүрегі
С. жігіттің күші

4.Кейінді ықпалды көрсет.
А.Көрікбай Д.Ашса.
В.Көк гүл Е.Ала көз
Е.Жан пейіс.

5.Дыбыс үндестіне тән термин:
А алдыңғы ықпал
В Артқы ықпал
С жанындағы ықпал
Д ілгерінді ықпал
Е шеткі ықпал

6. Кейінді ықпалы бар сөйлемді тап.
А Пияздың дәрулігі адамға ежелден – ақ мәлім.
В. Оны әр түрлі ісікке, жараға пайдаланып келіпті.
С. Пияз неге ащы?
Д. Пияздың түрлері көп.
Е. Шөлдің сөлін тартқан пияз, жанның жарасын сормақ.

7. Тоғыспалы ықпалды тап
А.бара қалды.
В. ала кел.
С.он бес
Д. күн кешті
Е. қабы

8. Жіктік жалғауы жалғанғанда өзгеріске ұшыраған сөз:
А) дәптер
В) үй
С) қатар
Д) бала
Е) қап

9. Сөйлем ішіндегі тоғыспалы ықпалды тап:
А) Еш адамды күндемегін.
В) Аттар жайылып жүр.
С) Адамзаттың ең абзал қасиеттерінің бірі – сөйлей білу.
Д) Оның ерлігіне қайран қалдық.
Е) Сол сүйікті анаң емес пе?

10. Дыбыстық өзгеріске ұшырамаған сөзді тап:
А) бүгін
В) қағаз – қалам
С) тастай
Д) бізше
Е) біз келдік


4-кезең

ВЕНН ДИАГРАММАСЫ

Ілгерінді Кейінді



5 –кезең

Сабақты қорытындылау.
Сұрақтар:
1) Үндестік заңы. Сингорманиз деген не?
2) Тіл үндестігі деген не?
3) Ерін үндестігі.
4) Дауыссыз дыбыстардың бір – біріне ықпалын қалай атаймыз?
5) Дыбыс үндестігінің түрлері.
6) Ілгерінді ықпалдың ерекшелігі.
7) Кейінді ықпал.
8) Тоғыспалы ықпал.
9) Дауысты дыбыстардың жіктелуі.
10) Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі.

6-кезең Бағалау

Қ/С Аты – жөні 1-кезең
үй тапсырмасы 2-кезең
жаттығу жұмыстары 3-кезең
тест Қорытынды
Жалпы бағасы Үлгерімі нашар.
1 Айтбек Қ 3 4 6/3 10 3 +
2 Атақұл А 4 4 8/4 12 4
3 Әлшер А 3 4 9/5 12 4
4 Бейсенәлі А 4 5 8/4 13 4
5 Бейсенбаев Е 3 3 4/3 9 3 +
6 Ерімбетова С 5 5 10/5 15 5
7 Карбозқызы Б 4 5 9/5 14 4
8 Қожамұрат Н 3 4 7/4 11 4
9 Сәрсенбекұлы С 4 5 8/4 13 4
10 Тәңірберген Т 4 4 6/3 11 3 +
11 Омарова Д. 5 5 10/5 15 5

Үйге тапсырма.

1. 5-сыныпқа арналған оқулық пен басқа кітаптардағы үндестік заңы туралы жазылған материалдарды салыстыру.

2. Өлең шумақтарындағы дыбыстардың бір-біріне әсерін, ықпалын анықтау.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Сайрамбаев Т."Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері" 1991 ж. 92-150б.
2. Мырзабеков С. "Қазақ тілінің дыбыс жүйесі" 1999ж.
3. "Қазақ тілі мен әдебиеті" журналы №7 2007ж.
4. Методикалық газет-журнал басылымдары.
5. Мектептегі 5-11 сыныптарға арналған оқулықтар.
6. " Мектеп " журналы 2010 № 2
7. Қазақ тілі ҰБТ-ке дайындалу тесттері.Шыныбаева А.К. 2009ж
8. Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар.
9. "Оңтүстік ұстаздары" газеті
10. "Болашақ" газеті
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.