Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сұраулы сөйлем -

Сұраулы сөйлем

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2364 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сабақ тақырыбы: Сұраулы сөйлем
Мақсаты: Оқушыларға сұраулы сөйлемнің мағынасын түсіндіру. Сұраулық мағынаны білдіретін сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Дауыс ырғағымен айтуға үйрету.
Көрнекілік: Интерактивтік тақта,карточкалар,ойын.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
Қазақ тілім –өз тілім ,ана тілім
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл –қызың мәңгі сені
Болашағым ,бақытым ,дара тілім.
Міне, балалар кемеңгер,ғұлама ақындарымыздың тілі туған тіліміз қазақ тілі сабағы
II Өткен сабақты қайталау .
Үй жұмысын тексеру
Сөйлем жазудың қандай ережелерін білесіңдер? Топтастыру.Сөйлемнің қандай түрлері бар?
Хабалы сөйлем деген не?Мысалдар келтірту.
III Жаңа сабақ
Жұмбақ шештіру
Ойды аяқтап орақ тұрады
Жауап сөз қалап тұрады
Бұл не?
«Сұраған мен сұрау белгісі» өлеңін рөлге бөліп оқыту.
Сұраулы сөйлем қандай сөздердің көмегімен жасалады?
3-слайд .кім?не?не істеді?қанша? қайда?қандай?
Сұраулы сөйлемдер құрату.Ережені оқыту.
IY .Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу .Ауызша.Өлеңді мәнерлеп оқыту.Сұрақтарға жауап айтқызу.
Тақтамен жұмыс.
2-жаттығу.Жазбаша.Өлеңді дауыс ырғағына келтіріп оқыту.Осы сөйлемдердің қайсысы сұраулы мағынада айтылып тұр?Қай сөйлемдер сұраққа жауап беріп тұр?
Сұраулы мағынада айтылған сөйлемдерді көшіріп жаздыру .
Y.Сергіту сәті.
YI.Шығармашылық диктант.
Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып жаздыру.
YII.Сұрақ жауапқа құрылған хат» ойыны
YIII.Сурет бойынша сұраулы сөйлем құрату.
IX.Сабақты қорытындылау.
X.Бағалау
XI..Үйге:98-бет 3-жаттығу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.