Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сөз тіркесінің түрлері -

Сөз тіркесінің түрлері

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3618 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесінің түрлері
Сабақтың мақсаты – білімділік: оқушыларға сөз тіркесінің түрлері туралы мағлұмат беру, оқушылардың алған білімдерін кеңейту, теориялық білімін практикамен ұштастыру
Сабақтың дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын арттыру, дамыту
Сабақтың тәрбиелік мәні: орындалатын жұмыстар арқылы отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдісі: талдау, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: сызба, кесте, тест
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылардың сабаққа даярлығын, қатысымын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Биылғы мерейтой иелерінің өлеңдерін жаттап келу
1) Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) – 120 жыл
2) Мағжан Жұмабаев (1893-1938) – 120 жыл

ІІІ. Өтілген материялдарға арналған сұрақтар қою.
Ең алдымен «Біліміңді байқап көр» сайысы (теориялыр білімін тексеру)
- грамматиканың синтаксис саласы нені қарастырады?
- сөздің байланысу тәсілдері қандай?
- сөз тіркесі дегеніміз не?
- күрделі сөз дегеніміз не?
- тұрақты тіркес дегеніміз не?
IV. Жаңа сабақ
Сөз тіркесінің түрлері
Сөз тіркесінің екі түрі бар: есімді сөз тіркесі және етістікті сөз тіркесі
Есімді сөз тіркесі – басыңқы сыңары есім сөзден болған сөз тіркесі. Мысалы: Жаңа киім, айтуға құштар, оның екеуі, менің бұным.
Етістікті сөз тіркесі – басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесі. Мысалы: Жел соқты, соғыс аяқталды, сурет салды.
253 – жаттығу. Сөз тіркесін тауып, байланысу тәсілдері мен түрлеріне қарай ажыратып талдаңдар. (тақтамен жұмыс)
254 – жаттығу. Мәнерлеп оқып шығыңдар. Сөз тіркесінің түрлерін ажыратыңдар. (ауызша)
Мақал – мәтелдерден сөз тіркесінің түрлерін табыңдар
1) Татулық – шаңырақ шаттығы,
Ынтымақ – көңілдің пәктігі.
2) Ұяты бар ертеңін ойлаңды,
Ұятсыз әдетін қоймайды.
3) Жақсының сәлемі жоғалмайды,
Жаманның пәлегі оңалмайды.
4) Өсиет айту – нұрға батырады,
Өсек айту – күнәға батырады.
5) Жомарттық – жоғалмас қасиет,
Жамандық – жазылмас қасірет.
І. Деңгейлік тапсырма
Синтаксистік талдау жасаңдар.
1. Мен келесі көшеде тұрамын.
2. Көп үйлердің терезелерінің оты сөнген.
3. Амантайдың оқушыға көмектескісі келеді.
4. Мен бұл әңгімені инженерге айттым.
5. Ол енді көпшілікке ұғымды әңгіме айтты.
6. Келген ізімен қаладан шығып кетті.
ІІ. Деңгейлік тапсырма
Сөз тіркесін, тұрақты тіркесті, күрделі сөздерді топтап жазыңдар.
Кең бөлме, су жүрек, жүз жиырма бес, әдемі қыз, жүрек жұтқан, бара жатыр, жер шары, соғыс аяқталды, бесіктің үсті, бармағын тістеді.
Сөз тіркесі Тұрақты тіркес Күрделі сөз


ІІІ. Деңгейлік тапсырма
Мына сөздерге басыңқы сөз тіркеп есімді тіркес жасаңдар.
Қара ... , оқыған ... , жақсы ... , жаңа ... , жайнаған ... , мейірімді ... , сұлу ... , шөкім ... , суық ... , еңбектенген ... .

V. Шығармашылық тапсырма
1) Үнтаспадан Мағжан Жұмабаевтың «Қазақ тілі», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Мен – қазақ» өлеңдерін тыңдатып, сөз тіркесінің түрлерін тапқызу.
2) Мына сөйлемдегі етістіктерді рай түріне жіктеп жазыңдар
Ашық рай Бұйрық рай Шартты рай Қалау рай


1) Бөгемеңдер, жол беріңдер. 2) Абайдың бұл ауылдан к0еткісі келмеді (М.Ә.) 3) Бал салмаса, ара қасиетсіз. 4) Анаңа ауыр сөз айтпа. 5) Амантайдың жігітке көмектескісі келді. (С.М.) 6) Менімен сөйлессін, осында алып келіңдер.
VI. Сабақты қорытындылау
ТЕСТ
1. «Синтаксис» сөзі қай тілден енген?
а) араб
ә) грек
б) латын
2. Синтаксис нені зерттейді?
а) сөз табын
ә) сөз мағынасын
б) сөз тіркесі мен сөйлемді
3. Сөздердің байланысу тәсілдері нешеге бөлінеді
а) 4
ә) 3
б) 5
4. Қиысу қандай сөйлем мүшелерінің арасында болады?
а) анықтауыш пен баяндауыштың
ә) бастауыш пен баяндауыштың
б) толықтауыш пен бяндауыштың
5. Сөз тіркесі неше сыңырдан тұрады?
а) 1
ә) 3
б) 2
6. Есімді сөз тіркесін көрсетіңіз
а) бұны көрді
ә) келген адам
б) бүгін айтты
7. Етістікті сөз тіркесін көрсетіңіз
а) шамның сәулесі
ә) торы аттың
б) іркілмей айтты
8. Сөйлем деген не?
а) тілдің аяқталған ойды білдіретін ең кіші бөлшегі
ә) жеке ұғымды білдіреді
б) грамматикалық қарым-қатынасты білдіреді.
9. Көсемшенің жұрнақтарын көрсет
а) -ар, -ер, -р
ә) -ып, -іп, -п
б) –мақ, -мек, -пақ, -пек
10. Етістіктің райлары нешеге бөлінеді
а) 6
ә) 5
б) 4
VII. Оқушыларды бағалау
VIIІ. Үйге тапсырма: газет-журналдардан сөз тіркесінің түрлерін теріп жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.