.
.
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Сөзжасам
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 253 | Просмотров: 2152 | Размер: 285.0 Kb | Автор: ТәрбиеММ «№19 жалпы орта білім беретін мектеп»
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Етекбаева Баян Уаткановна
Сабақтың тақырыбы: Сөзжасам
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Сөзжасам туралы мағлұмат беру, сөзжасамның жасалу жолдарынан алған білімдерін пысықтау, мысалдар арқылы дәлелдей білуге үйрету
Дамытушылық: Алған білімдерін кеңейтіп, жаңа дағдысын қалыптастыру,өз бетінше сөзжасаманың жасалу жолдарын ажырата білуге дағыдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды тілдік- эстетикалық сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру, игерілген білімді пысықтау.
Сабақтың түрі: Түрлендірілген аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,түсіндіру, сын-тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері (семантикалық карта,Инсерт кестесі)
Пәнаралық байланыс: информатика
Көрнекіліктер: слайд, сызбалар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: сынып кезекшісімен жұмыс, өтілетін сабақ тақырыбы, мақсат- міндеттерімен таныстыру.
2. Үй тапсырмасын пысықтау.
1. Слайд №1 «Ой шақыру стратегиясына» ілінген шеңбер
Қималар бойынша сұрақтарға жауап береді. Шеңбердегі сұрақтар:
1. Екпін дегеніміз не?
2. Екпін нешеге бөлінеді?
3. Сөз екпіні дегеніміз не?
4. Ой екпіні дегеніміз не?
5. Тіркес екпіні дегеніміз не?
6. Тіл туралы үш мақал
ІІІ. Жаңа сабақ : Бүгін сабақта біз сөзжасам және оның жасалу жолдарымен танысамыз.
Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер
Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздер
Екі сөзді біріктіру арқылы жасалған туынды сөздер Екі сөздің қосарлануы арқылы жасалған туынды сөздер Екі сөзді тіркестіру арқылы жасалған туынды сөздер
Тұтқа : 1) Есіктің тұтқасы;
2)Өмірдің тұтқасы
Құлақ: 1)Адамның құлағы;
2) Қазанның құлағы
Қара: 1)қара шаш – заттың түсін білдіріп тұр;
2) тақтаға қара- қимыл-әрекетті білдіріп тұр
Түбір+ сөз тудырушы жұрнақтар
мек
Жүр ме
ген
іс Мысалы: Көктөбе
(Көк+ төбе)
Екібастұз
(Екі+бас+тұз)
Қызылорда
(Қызыл+орда)
Итмұрын
(Ит+мұрын)
Көлбақа
(Көл+бақа) Мысалы:
Ауыл-аймақ,
кәрі-жас,
сөйлей-сөйлей,
ақ-қара,
азды-көпті,
үгіт-насихат,
оқу- әдістемелік Маңғыстау облысы
Он жеті
Мың тоғыз жүз жиырма бес
Сөз таптары
Қара-торы,
мал шаруашылығы
ІҮ. Оқулықпен жұмыс:
355-жаттығу.Мына сөздердің қайсысы түбір,қайсысы жаңа мағынаға ие болған туынды сөз екенін айтыңдар.
Жер,жер серігі, бұлт, кемпірқосақ, күн, күн сәулесі,аспан, көкжиек,жұмыс,жұмысшы,жұрт, ағайын-жұрт,жер-көк,тау-тас.
Ү. Жаңа сабақты меңгеру. слайд№3
Семантикалық карта №1
Мысалдар Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөз Екі сөзді біріктіру арқылы жасалған туынды сөз Екі сөздің қосарлануы арқылы
жасалған туынды сөз Екі сөзді тіркестіру арқылы
жасалған туынды сөз Лексикалық жолмен жасалған
туынды сөз
Бүркітші +
Бүгін
+
Арам шөп, арам тамақ
+
Үлкен үй
+
Білім
+
Баспасөз
+
Жүзбе-жүз
+
Жер серігі
+
Семантикалық карта №2
Мысалдар Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөз Екі сөзді біріктіру арқылы жасалған туынды сөз Екі сөздңі қосарлануы арқылы
жасалған туынды сөз Екі сөзді тіркестіру арқылы
жасалған туынды сөз Лексикалық жолмен жасалған
туынды сөз
Түсім
+
Еңбеккүн
+
Қарама-қарсы
+
Суық су, суық хабар +
Ұшқыш
+
Күн сәулесі +
Қолбасшы
+
Көзбе-көз +
ҮІ Бекіту: Суретпен жұмыс. Слайд №4
1. Суретші, биші, күйші (жұрнақ арқылы)
2. Атжарыс (екі сөзді біріктіру арқылы)
3. Ыдыс-аяқ (Қосарлану арқылы)
4. Күн сәулесі (тіркесу арқылы)
5. 1) Жаз мезгілінің суреті
2) Жазу жазып отырған баланың суреті (лексикалық жолмен жасалған)
ҮІІ Бекіту: Қорытынды: слайд №5
Сабағымызда қолданатын келесі әдіс ИНСЕРТ, яғни түртіп алу стратегиясы арқылы бүгінгі сабақта не білдік және бұл сабаққа дейін не білгенмін деген сұрақтарға жауап бере отырып сабағымызды қорытындылаймыз.
Инсерт кестесі
Білетінім Мен үшін жаңалық Мені таң қалдырады «?»
ҮІІІ. Үй тапсырмасы: слайд №6
1. Өткен тақырып бойынша сөзжұмбақ құрастырып келу
2. 359-шы жаттығу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.