.
.
Cабақтың тақырыбы: Сан есім Сан есім
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 317 | Просмотров: 1632 | Размер: 12.0 Kb | Автор: ТәрбиеСабақтың мақсаты: Мысалдарды оқып, жаттығулар орындау арқылы сан есімді меңгерту.
Дамытушылық: балалардың сауаттылығы мен тілдік қорын арттыру.
Тәрбиелілік: оқушыларға сауатты жазуға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба,үлестірмелі кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру
2.Үй тапсырмасын сұрап, бағалау. Мәтінмен жұмыс
а)мәтінді оқу, аудару
ә)мазмұнын айту
б)мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беру.
3.Жаңа сабақ
Сан есім
Тақтаға тірек сызба ілінеді. Мұғалім грамматикалық тақырыпты осы сызба арқылы түсіндіреді. Содан соң оқушылар оны көшіріп жазады.
Түрлері Мысалдар (примеры)
1.Тұлғасына қарай
(По способу образования)
1.Негізгі(Непроизводные) Екі,жеті,қырық
2.Туынды(Производные)
Бірінші,екеу,елудей
2.Құрамына қарай (По составу) 1.Дара(Простые) Үш,тоғыз,жүз
2.Күрделі(Сложные) Он бес,бір мың елу,бес жүз
3.Мағынасына қарай (По значению) 1.Есептік(Количественные)қанша?неше?(сколько?) Алты,сегіз,жетпіс
2.Реттік(Порядковые)нешінші?қаншасыншы?(который?) Бір+інші,он+ыншы
3.Жинақтық(Собирательные)нешеу?(сколько?) Төрт+еу,алт(ы)+ау
4.Топтау(Разделительные)нешеден?қаншадан?(по сколько?) Бес+тен,он+нан,жүз-жүз+ден
5.Болжалдық(Предположительные)қанша?неше?нешеге жуық?қаншадай?(приблизительно сколько?) Елу+дей, отыз+дай, он+даған, (лар+сеп.ж.)отыз+дарда(ес.+ес.)бес-алты
6.Бөлшектік(Дробные) қанша?неше?(сколько?) (ес.+шығ.с.)
1 оннан бір
10
Сан есім ( Имя числительное )
Сан есімдер заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, неше? қанша? (сколько?) нешінші? (который?) сұрақтарына жауап береді. Құрамына қарай дара және күрделі сан есімдер болып бөлінеді.
4.Сөздікпен жұмыс
1.Өтетін сөздердің, сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіріп, аудару.
2.Дұрыс айтуға дағдыландыру.
а)Мұғалім мәнерлеп оқиды.
ә)Оқушылар хормен қайталайды.
5.Грамматикалық жаттығуларды орындау.
Сыныпты 3 топқа бөлу, әр оқушы берілген грамматикалық жаттығуларды өз бетінше орындайды, әр жаттығуға 8 минут уақыт беріледі. Оқушылар жаттығуды орындап болған соң, бір-бірімен дәптер алмастырып,жауап үлгісі бойынша тексеріп, бағалайды.
А) Мәтінді оқып шығып,сан есімнің астын сызыңдар.
1.Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.(Мақал)
2. Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
3.Атадан алтау, анадан төртеу-жалғыздық көрер жерім жоқ.(Абай)
4.Жеті рет өлшеп, бір рет кес.(Мақал)
5.Мың жылқыны үш адам бағып жүр.(Ғ.М.)
6.Ер жігітке жеті өнер де аз.
Жауап үлгісі
1.Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.(Мақал)
2. Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
3.Атадан алтау, анадан төртеу-жалғыздық көрер жерім жоқ.(Абай)
4.Жеті рет өлшеп, бір рет кес.(Мақал)
5.Мың жылқыны үш адам бағып жүр.(Ғ.М.)
6.Ер жігітке жеті өнер де аз.
Ә) Көп нүктенің орнына керекті сан есімдерді қойып, астын сызыңдар.
Керекті сөздер: отыз, үшінші, жетінші, он екінші, төрт, он екі, жиырма төрт, бірінші.
1. Бір жылда ... ай, ... мезгіл бар.
2. Қаңтар-жылдың ... айы.
3. Жылдың ... айы желтоқсан.
4. Бір тәулікте ... сағат бар.
5. Аптаның ...күні – сәрсенбі, ... күні –жексенбі.
6. Бір айда ...күн бар.
Жауап үлгісі
Ә)1.Бір жылда он екі ай, төрт мезгіл бар.
2.Қаңтар-жылдың бірінші айы.
3.Жылдың он екінші айы - желтоқсан.
4. Бір тәулікте жиырма төрт сағат бар.
5. Аптаның үшінші күні – сәрсенбі, жетінші күні –жексенбі.
6. Бір айда отыз күн бар.
Б) Сөйлемдерді дұрыс құрастырып,сан есімнің астын сызыңдар.
1. Жүгері, екі сантиметрден, күн сайын, отырады,ұзарып.
2. Кіріседі, жеті-сегіз, аптадан, шапшаң, кейін, өсуге.
3.Наурыз, бір мың тоғыз жүз қырық үшінші, жылдың, айы.
4.Ақсақалдың, қасында, екі, болған, Сәбит Мұқанов, болды, аудармашы.
5.Бірінші, ғарышкері, елінің , қазақ, Тоқтар Әубәкіров, білеміз, екенін.
6.Жылқысы, жиырма-отыздай, қойы, екі-үш, жүз, сауын сиыры, жиырмаға тарта, бар.
Жауап үлгісі
Б) 1.Жүгері күн сайын екі сантиметрден ұзарып отырады.
2.Жеті-сегіз аптадан кейін шапшаң өсуге кіріседі.(Ә.Нурш.)
3.Бір мың тоғыз жүз қырық үшінші жылдың наурыз айы.
4.Екі ақсақалдың қасында болған Сәбит Мұқанов аудармашы болды.
5.Қазақ елінің бірінші ғарышкері Тоқтар Әубәкіров екенін білеміз.
6.Жиырма-отыздай жылқысы, екі-үш жүз қойы, жиырмаға тарта сауын сиыры бар.(С.М.)
Сабақты бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру: Сан есімдерді қатыстырып, бес сөйлем құрап жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.