Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сан есім. Дара және күрделі сан есім. -

Сан есім. Дара және күрделі сан есім.

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1542 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Сан есім. Дара және күрделі сан есім.
Сабақтың мақсаты:
- Сан есім туралы түсінігін жетілдіру, дара және күрделі сан есімді ажырата білуге үйрету;
- Оқушылардың өзіндік ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту;
- Орындалатын жұмыстар арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі-мысалды, деңгейлік тапсырма.
Сабақтың көрнекілігі: инт. Тақта
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Сын есімді пысықтау.
1. Қазір жылдың қай мезгілі?
2. Көктем туралы шағын мәтін.
Шумақ өлең , жұмбақ, мақал-мәтел.
ІІІ Жаңа сабақ
- Балалар, біз сендермен сөз таптарын өтіп жатырмыз.
- Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
- Тоғыз.
- Біз қандай сөз таптарымен таныстық?
- Зат есім, Сын есім.
Енді бүгін біз тағы бір сөз табымен танысамыз. Ол үшін сендер мына сөз жұмбақты шешулерің керек.

С
А
Н
Е
С
І
М
1. Кәделі мүше
2. Ел ордасы
3. Ас атасы
4. «Кет» сөзінің антонимі
5. Нәрестенің төсегі
6. Киім қыстыратын орын
7. Сөзді көркі
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Сан есім. Дара және күрделі сан есімдерді өтеміз.
- Енді сөйлемдерге назар аударып, мағынасына көңіл бөліп оқып көрейікші.
Алпыс бестен асқанда
Жетпіске қадам басқанда...
Атадан алтау, анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ,
Бұл Жамбыл жасап отыр тоқсан жасты,
Тоқсаннан әрі кетті, жүзге де жетті.
- Иә, балалар, бұл сөйлемдердегі сөздер заттың санын, мөлшерін білдіріп тұр.
Кейде сан есімдер зат есімсіз-ақ жұмсала береді. Ондайда сан есім әрі заттық мағынаны, әрі сол заттың санын, мөлшерін білдіріп тұрады.
Мысалы: Тоқсаннан әрі кетті, жүзге де жетті. Осы сөйлемде тоқсаннан, жүзге деген сан есімдер заттық ұғымды (тоқсан жастан және жүз жасқа) әрі оның мөлшерін, санын білдіріп тұр. Сан есімдер құрамына қарай дара сан есім және күрделі сан есім болып бөлінеді.
Дара сан есім дегеніміз – бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есім.
Мысалы: он, бес, екі, сегізінші, т.б.
Күрделі сан есім дегеніміз – екі немесе одан да көп түбірдің тіркесінен немесе қосарлануынан жасалған сан есім.
Мысалы: екі жүз, он екі, үш мың, үш-төрт, т.б.
ІҮ Түсінгенін тексеру.
1. Кестемен жұмыс. /ережені хормен қайталау/.

1. Есептік 2. Жинақтық 3. Бөлшектік
4. Реттік 5. Топтау 6. Болжалдық
2. Кітаппен жұмыс
56-жаттығу. Мәтін мазмұнынан сан есімдерді теріп жазу.
59-жаттығу. Мәтіннің құрамынан дара сан есімдерді бір бөлек, күрделі сан есімдерді бір бөлек екі баған етіп жазу.
3. Деңгейлік тапсырма.
І деңгей
Дара, күрделі сан есімдерді қатыстырып, сөз тіркесін жазыңдар. 4,7,12,21.
ІІ деңгей
Дара, күрделі сан есімдерді қатыстырып, екі сөйлем жазыңдар.
ІІІ деңгей
Дара, күрделі сан есімдерді қатыстырып, шағын мәтін құрастыру.
Ү Бекіту
1. Сөз құрамынан сан есімдерді тауып, цифрмен жаз.
Түбір, Күшік, Тоғызқұмалақ,
Кекіл, Балтыр, Төртпақ,
Сегізкөз, Дербес, Жетік.
2. Біз бесінші сыныпта мақал-мәтелдерді өткенбіз, қане, ойымызға түсірейік, сан есімдер қандай мақал-мәтелдерде бар екен.
3. Тапсырма; мына мақал-мәтелдердегі сан есімдерді тауып жаз.
• Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
ҮІ Қорытынды
- Балалар, ең бірінші қандай сөз табымен таныстық?
- Зат есім.
- Иә, зат есімнің бірінші болуы – адам баласының дүниені танып білуі, ең бірінші нақты заттарды танудан басталады.
- Екінші қандай сөз табымен таныстық?
- Сын есім.
- Иә, кез-келген заттың сапалық, сындық қасиеттері болатыны сөзсіз, сондықтан зат есімнен кейінгі орында сын есім тұрады.
- Сан есім
- Барлығы да есімдер.
ҮІІ Үйге тапсырма
Ереже жаттау, 60-жаттығу.
ҮІІІ бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.