Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сан есімнен өткенді қайталау -

Сан есімнен өткенді қайталау

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 383 | Просмотров: 1680 | Размер: 14.3 Kb | Автор: Тәрбие
. Қазақ тілі, 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Сан есімнің мағыналық, құрамдық түрлерін, түрленуін сөйлемдегі қызметін, емлесін қайталау.
Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігін арттырады, танымдық ізденімпаздылығын қалыптастырады.
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу,табиғатты сүюге баулу.
Сабақтың міндеті: Сан есімнен алған білімдерін жинақтайды, қорытындылайды. Өмірде керек жерінде сан есімдерді пайдалана алады.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, кесте, асық, түрлі-түсті суреттер.
Сабатың түрі: қайталау, жинақтау сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, семантикалық карта.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу өнері, математика, жаратылыстану.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Сыныпты түгендеу. Оқушыларға сабақтың мақсаты мен міндетін баяндау.

Қызығушылығын арттыру
І.Асық арқылы сұрақтарға жауап беру.
1. Сан есім деген не?
2. Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
3. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
4. Сан есімнің емлесі жайында не білесің?
5. Сан есім сөйлемде қандай қызмет атқарады?

2.Семантикалық карта
мысалы дара күрделі есептік реттік жинақ
тық топтау болжал
дық бөл
шектік
жетеу
мыңдаған
екі-үш
алтыншы
жүз
бестен төрт

3. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып, мағынасын, құрамын ажыратыңдар
1. Ер......рет өледі, қорқақ........рет өледі.
2. Қызға........... үйден тыю.
3.........жүйрік,..........тұлпар шығады.
4. Білекті..............жығады, білімді........... жығады.

4. Сөзжұмбақ шешу

О е т
Н к ө
Б і р
Е л т
С ү ш

5. Мәтінді оқып, сан есімдерді жазбаша жазып, түрін ажырату.
Әлемде көптеген жануарлар бар. Біздің планетамыздағы ең ірі жануар – көк кит. Жер бетіндегі ең ірі, ауыр салмақты жануар – піл. Зіл – пілден кейінгі ең алып жануар. Оның салмағы – 3,5 тонна, күндік азығы - 70кг. Әлемдегі ең биік жануар – керік, оның бойы 5-6 метр. Ең жүйрік құс – африкалық түйеқұс. Ал құстардың ішіндегі ең кішкентайы – колибр. Оның салмағы – 1,5 грамм.

6. «Сөз мәнісін байқайық» ойыны
Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр. Осы үйде неше адам отыр? Жауабы: 3 адам

7. «Өзім де құр қалмадым» ойыны
Жексенбі күні еді. Атамның үйіне немерелері келді. Атасы олардың алдына бір табақ алма қойды, немерелері атасына алманы бөліп беруді өтінді. Алманы бір-бірден берсе, біреуі артылып қалады, екі-екіден берсе жетпейді. Сонда атасының үйіне келген немересі нешеу, атасының табаққа салып әкелген алмасы нешеу болғаны? Жауабы: 3 бала, 4 алма

Үй тапсырмасы: Құрамында сан есімдері бар бес мақал-мәтел, бес жұмбақ жазып, сан есімдерге талдау жасау.
Білімдерін бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.