.
.
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жүрментаева Әсел Серікбекқызы Сан есімнің түрленуі
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2116 | Размер: | Автор: ТәрбиеПәні: Қазақ тілі
Сыныбы:7 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің түрленуі
Білімділік мақсаты: Оқушылардың сан есімнің түрлері туралы түсініктерін кеңейту, түрленуімен таныстыру.
Дамытушылық: Дамыта оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың теориялық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларға сандарға қатысты ұғымдарға мән бере отырып, шапшаңдыққа ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі сұрақ – жауап, оқулықпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Плакат, үлестірмелі карточка.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу, сынып тазалығын қадағалау.
Үй тапсырмасын сұрау: 65 – жаттығу. Заттанып тұрған сын есімдермен баяндауыш қызметіндегі сын есімдерді табу.
Үй тапсырмасын бекіту: 1.Сын есімнің түрленуі дегеніміз не? 2. Сын есімнің шырайы дегеніміз не? 3. Салыстырмалы шырай дегеніміз не? 4. Күшейтпелі шырай дегеніміз не?
Жаңа сабақ: Сан есімнің түрленуі.
Сан есімдер – сандық ұғымды білдіретін сөздер. Олар екі түрлі қызметте жұмсалады: 1. Белгілі бір заттың нақтылы сандық мөлшерін білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. 2. Санның атауы болып қызмет етеді де, не? деген сұраққа жауап береді. Мысалы: Домбырада он бір перне , екі ішек бар десек, он бір, екі сан есімдері перненің және ішектің қанша екенін білдіреді, яғни заттардың сандық мөлшерін білдіріп тұр. Ал егер Қырық беске төртті қосса, қырық тоғыз болады десек, мұнда сан атаулары ретінде қолданылып тұр.
Құрылысына қарай
Құрамына қарай
Дара сан есім
Күрделі сан есім
Негізгі сан есім
Туынды сан есім
Бір,мың,жүз,миллион
Мың-мыңдап,екі-үштен,бір мың
Он,бес,жүз,тоғыз
Алт(ы)ау,жүз мың,сексен(сегіз он)он-оннан
Сан есім мағынасына қарай алтыға бөлінеді:
Мағыналық түрлері
Мысал
Мағынасы
Есептік сан есім
Бір сағат өтті
Уақыт мөлшері (нақты санды білдіреді)
Реттік сан есім
Екінші үйде тұрады
Заттың реттік саны (саналу ретін білдіреді)
Жинақтық сан есім
Бесеуі жолға шықты
Заттық ұғымды (кімдер?). (жинақ санын білдіреді)
Болжалдық сан есім
Жетпістей адам келді
Зат (адамдардың) мөлшері. (дәл емес, шамалап, мөлшерлеп көрсетеді)
Топтау сан есім
Бес – алтыдан бөлінді
Заттың топталуы
Бөлшектік сан есім
Екінің бірі ән айтады
Заттық ұғымды білдіреді (бөлшек ұғымын білдіреді)
Сан есімдердің түрлену жүйесі біркелкі емес,әркелкі болып келеді. Мысалы есептік, жинақтық сан есімдер сан атаулары ретінде заттық ұғымда қолданылатын сөздер болғандықтан, олар септік, тәуелдік, жіктік жалғауларын қабыылдай алады. Есептік сан есімдер заттардың сандық мөлшерін білдіргенде ешбір өзгеріске түспейді, тек заттық ұғымда жұмсалғанда ғана түрленеді: көптеледі, септеледі, тәуелденеді, жіктеледі. Мысалы: Тоқтар доллар айқайы, өтер залым, Орнар өмір тербеткен мыңдар жанын. Жасы сол кездің өзінде қырықтан асқан болар. Бестің басы болғанша, алтының аяғы болшы. Тоқсанымыз жиылып, тоқты жыққан батырмыз. Сексеніміз жиылып, серке жыққан батырмыз. Жинақтық сан есімдер мағына жағынан заттық қасиеті бар сөздер болғандықтан, түрлендіруші қосымшаларды, яғни көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларының бәрін қабылдай береді.
Мысалы: Менің бес құлыным бар, бесеуін бесеуіңе берейін. Біреулер аңын, терісін әкеп, Күзеген байталының біреуі жалын. Бөлшектік сан есімдер негізінде заттанған сандар тіркесінен құралған сөздер болғандықтан, әр түрлі септік жалғауларын қабылдай береді. Бірақ көптелмейді, өз құрылысы тәуелді болғандықтан, тәуелдік жалғауларын да қабылдамайды. Жіктік жалғауларын қабылдаса, заттық ұғымда жұмсалады.
Мысалы: Сен –төрттің бірісің десек, төрт кісінің біреуі сенсің ұғымға ие болып кетеді.
Сан есімнің түрлену кестесі.
Сан есімдер
Көптелуі
Септелуі
Тәуелденуі
Жіктелуі
миллион
миллион-дар
миллион-ның
миллион – ы
миллион-быз
үшеу
үшеу- лер – і
үшеу – ден
үшеу – іміз
үшеу – міз
екінің бірі
-
екінің бірі-не
-
екінің бірі – сің
Сергіту сәті: Математика пәні бойынша ой қозғау:
1-ұяшық: Аспанда үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Аспанда қанша түйеқұс қалды? (түйеқұс ұшпайды)
2-ұяшық: Бір жүз екі құлақ неше адамның құлағы? (бір адамның)
V. Оқулықпен жұмыс: 68-жаттығу. Мәтіндердегі заттық ұғымда жұмсалып тұрған сан есімдерді табыңдар.
1.Сен биыл ондасың ба? Ол жасы сол кезде қырықтарды алқымдаған, сақалды, мұртты кісі еді.Жасы қырықтан асқан,ат – арбасы бар, жаман қосы бар, бір – екі бұзаулы сиыры бар, 18 – 19 – ға келген келіншегі бар.Екеуі бірінші қатарда отырып алып, жұрттың бәріне аждаһадай әсер етті.Мырза, сіз басқа біреуді маған жорып отырсыз ғой деймін.
2.Тоқтышағым, тоғыз тап, Өлмей, жітпей есен бол,
Саулық қойым, сегіз тап, Қой алдында көсем бол,
Сегізінен де семіз тап. Төртеуің де серке бол.
Құла бием, құлын тап, Әукем, бұзауды алты тап,
Құлын таппа,құнан тап, Әукелері салпылдап,
Құнан тапсаң, егіз тап. Өгіз болсын атандай.
Бөкен жүнді бөрте ешкім, Бақайлары майсып,
Төрт айда бол төрт ешкім, Елемесін қайысып,
Төртеуің де бөрте бол. Адам мінсе де атамдайі
«Кім шапшаң?» ойыны. Сан есімді тез табу.
1.Жеті атасын білмеген жетесіз.
2. Қызға қырық үйден тию.
3. Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені.
4. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
5. Білгенің бір тоғыз, білмегенің – тоқсан тоғыз.
6. Бала жетіге келгенше, жерден таяқ жейді.
69 – жаттығу: Цифрмен берілген сан есімдерді сөзбен жазыңдар және құрамына қарай талдаңдар.
12, 7, 18, 45, 236, 60 – 70, 1912, 12346, 61910, 3000, 1664.
Балалар, 3, 5, 7, 13 деген қандай сандар? Жалпы адамның өмірі санмен байланысты, кейбір сандарды киелі сандар деп есептеген. Ал сендер осы сандарға байланысты кездесетін қандай ұғымдармен, түсініктерді білесіңдер, жазып шығайық.
Үш жүз, үш би, үш арсыз, үш бәйтерек, , бес парыз, бес дұшпан, бес асыл, жеті ата, жеті күн, жеті су, он үште отау иесі, он үш мүшелі жас.
70 – жаттығу:Сан есімдерді құрамына, мағынасына қарай талдап, сөйлем құраңдар.
Екі –үш, жүздей, мыңдаған, миллионнан астам, жүз шақты, он – оннан, қырық, отыз, жиырмаларда, сегіз жарым, бесеу, бір мың тоғыз жүз қырық бірінші, оннан бірі, тоғыз, алтау, жүзден екісі, біреу, он төрт.
VI. Сабақты бекіту: Әзілді – логикалық сұрақтар.
1. 1) Бір сан ойлаңыз!
2) Бұл санды 4-ке көбейтіңіз!
3) Оған 18-ді қосыңыз!
4) Шыққан санды 2-ге бөліңіз!
5) Нәтижеден 7-ні алыңыз!
6) 3-ке көбейтіңіз!
7) 6-ға бөліңіз!
Баста ойлаған санды алып тастаңыз!
Жауабы: Нәтиже үнемі 1 шығады.
2. 100 шөже, 100 кг бидайды 100 күнде жейтін болса, 10 шөже, 10 күнде қанша кг
бидай жейді?
Жауабы: 1 кг
3. Қай айда 28 күн бар?
Жауабы: Барлық айда
4. Лимонның жартысы не болады?
Жауабы: Лимбес
5. Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ, Алматыда екеу Астанада көп? Ол не?
Жауабы: “а” әрібі
VII. Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма: 72 – жаттығу.Сан есімді мағыналық түріне қарай ажырату, 3 –ші бөлімдегі сан есімдерді цифрмен жазу.Сан есімді қатыстырып өзің туралы жаз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.