.
.
Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы «Сан есімнің түрленуі»
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 397 | Просмотров: 2395 | Размер: 90.0 Kb | Автор: ТәрбиеТақырыбы: «Сан есімнің түрленуі»
Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Юсупова Баян
Түркістан-2014ж
Сабақтың тақырыбы: «Сан есімнің түрленуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Сан есімнің мағыналық түрлері мен құрамы жайында және оның түрленуі туралы түсінік беру.
Дамытушылық:
Ойын, талдау, жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушының білімділік, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, тіл ерекшеліктерін дамыту.
Тәрбиелік:
Бір-бірін сыйлауға, ұжыммен жұмыс жасай білуге, салт-дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, киіз үй, бағалау парағы, кестелі плакаттар,
тірек- сызба, қоржын, асық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың тазалығын тексеру
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй жұмысы
Сан есім дегеніміз не?
Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
Сан есімнің мағыналық түрлері?
ІІІ. Жаңа сабақ
Сан есімнің түрленуі
Сан есімдер сандық ұғымды білдіреді, оған заттық ұғым тән. Олай болса, сан есімдер 2 түрлі қызметте жұмсалады.
1) Белгілі бір заттың нақтылы сандық мөлшерін білдіреді. Қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді.
Мысалы: Бір жылда он екі \неше\ ай бар.
2) Жеке дара айтылғанда тек абстракт сандық ұғым атаулары ретінде қолданылады.
Мысалы: бес, жиырма бес мың
Сан есімдер заттық ұғымда қолданылатындықтан, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларын қабылдай алады.
Сан есімнің түрлену кестесі
Сан есімдер Есептік Реттік Жинақтық Болжалдық Топтық Бөлшектік
қырық бесінші төртеу жүздеген екі-екіден екі жарым
көптелуі қырық-тар бесінші-лер - - - -
септелуі қырық-қа бесінші-ге төртеу-ге жүздеген-ге - екі-жарым-ға
тәуелденуі қыр\ы\қ-ы бесінші-сі төртеу-і жүздеген-і - -
жіктелуі қырық-сыңдар бесінші-сіңдер төртеу-сіңдер жүздеген-сіңдер - екі-жарымсың
ІV. Дамыту кезеңі
Ойын «Білімділер жарысы»
Білімімізді ары қарай тереңдету үшін оқушылар екі топқа бөлініп, бәйгеге түсеміз.
Оқушылар «Қыран», «Тұлпар» болып екі топқа бөлінеді.
Жоспары:
1. Білімдіге дүние жарық
2. Мақал-мәтелдер жарысы
3. Білім мен дәстүр
Кім көп біледі?
Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылар бағалау жетондарымен бағаланады. Бәйге соңында көп ұпай жинаған топ жеңіске жетіп, «Ең жақсы ойыншы» деген мақтау қағазына ие болады.
І бөлімде екі топқа ортақ 3 тапсырма беріледі.
1-тапсырма: 74-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазып, сан есімдердің астын сызыңдар. Түрленуіне тоқталып, талдап айтып беріңдер. Қара өлең үлгілерін жаттап алыңдар.
2-тапсырма: Төмендегі сан есімдерді мағынасына қарай топтап, сызбаны толтыр.
сексен, бес-бестен, тоқсандай, он-оннан, елу-алпыс, алтау, жетпістей, мыңыншы, біреу, екі жүз қырық екі, қырықтын, отыз шақты, бес жүз, бір мың тоғыз жүз жиырма төрт, екеу, жетінші, онға тарта, тоқсандай, 0,25, бес жарым
Есептік Реттік Жинақтық Болжалдық Топтық Бөлшектік
3-тапсырма: Төмендегі сан есімдерге сатылай фонетикалық талдау жасау.
І топ
жиырма
ІІ топ
тоқсан
ІІ бөлімде мақал-мәтелдер жарысы. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып жазу. Мақал-мәтелдің мағынасын ашу.
1. Білікті .....ді жығар, білімді ....ды жығар.
2. ..... кісі ..... жақ, қыңыр кісі .... жақ.
3. ..... ала болса, ауыздағы кетеді, ..... түгел болса, төбедегі келеді.
4. ..... сомың болғанша, ..... досың болсын.
5. ..... атасын білген ер ..... жұрттың қамын жер.
6. Қызға ..... үйден тыю.
ІІІ бөлім. Білім мен дәстүр. Қоржыннан асықтарды алу арқылы сұрақтарға жауап береді. Әр кеспе қағазда 2 сұрақтан берілген.
1-кеспе
1. Жеті атаны ата.
2. Жеті санына мақал-мәтел айт.
2-кеспе.
1. Үш арсызды ата.
2. Үш санына мақал-мәтел айт.
3-кеспе.
1. Әдебиеттегі бес арысты ата.
2. Бес сөзіне мақал-мәтел айт.
4-кеспе.
1. Жеті жоқты ата.
2. Халық даналығындағы 3,5,7 сандарына байланысты ұғымдарын айт.
5-кеспе.
1. Үш тәттіні ата.
2. Қазақ әдебиетіндегі үш бәйтеректі айт.
6-кеспе.
1. Қазақ салт-дәстүрінде 40 саны кездесетін жерлер.
2. Қырық сөзіне байланысты мақал-мәтел айт.
V. Сабақты бекіту. «Кім көп біледі?»
І-топ
1. Сан есімнің мағыналық түрлері.
2. Сан есімнің түрленуі.
3. Жинақтық сан есім.
4. Жалғаудың неше түрі бар?
5. Күрделі сан есімге мысал келтір.
ІІ-топ
1. Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
2. Болжалдық сан есім.
3. Сан есімнің түрленуі.
4. Реттік сан есім дегеніміз не?
5. Дара сан есімге мысал келтір.
VI. Сабақты қорытындылау.
Құрметті оқушылар бүгін біз сан есім, оның түрлері туралы білдік. Сонымен бірге сөз байлығымыз бен салт-дәстүріміз жайында білімімізді кеңейте түстік.
VII. Үйге тапсырма.
78-жаттығу. Көркем шығармалардан сан есімдер кездесетін үзінділерді тауып жазып, сан есімдердің астын сызып келу.
VIII. Бағалау.
Бағалау парақшасына топ басшысы сабақ барысында жауап берген оқушыға баға береді.
№ Оқушының аты-жөні 1 2 3 4 5 6 Жалпы ұпайы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Бағалау парақшасына топ басшысы сабақ барысында жауап берген оқушыға баға береді.
№ Оқушының аты-жөні 1 2 3 4 5 6 Жалпы ұпайы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Төмендегі сан есімдерді мағынасына қарай топтап, сызбаны толтыр
сексен, бес-бестен, тоқсандай, он-оннан, елу-алпыс, алтау, жетпістей, мыңыншы,
біреу, екі жүз қырық екі, қырықтын, отыз шақты, бес жүз, бір мың тоғыз жүз жиырма төрт,
екеу, жетінші, онға тарта, тоқсандай, 0,25, бес жарым
Есептік Реттік Жинақтық Болжалдық Топтық Бөлшектік
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.