.
.
Сабақтың тақырыбы: Семей қаласы Семей қаласы
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1554 | Размер: | Автор: ТәрбиеМақсаты: Оқушыларға Семей қаласы туралы қысқаша әңгімелей білуді үйрету
Міндеті:
1.Тақырыпқа сай жаңа сөздерді үйрету.
2.Семей қаласы жайлы жалпы мағлұмат беріп, тақырыпқа сай сөздермен сөз тіркестерін құрап әңгімелей білуді үйрету.
3.Өз туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, үнтаспа, таратпа қағаздағы мәтіндер, «Артығын тап» ойнына арналған слайдтар, карточкалар, жаңа сөздер жазылған плакат
Қолданылған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын, диалог,түсіндіру
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезі: амандасу, түгендеу, қызығушылығын арттыру, сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: «Қазақстанның қалалары» , буын түрлері.
Ойын: «Артығын тап». Шарты: 1 слайдта 4 қаланың аты берілген соның бірі біздің мемлекетте жоқ. Дұрыс жауапты тапқанда «қошемет» естіледі, дұрыс емес кезде «қоңырау» беріледі.
Жаңа сабақ:
1.Сөздікпен жұмыс: рухани-мәдени орталық – духовно культурный центр, ескерткіш – памятник, аспалы көпір – висячий мост, іргетасы қаланған – возложен фундамент
2. Суретпен жұмыс: Семей қаласының көріністерімен таныстыру
2.1 сұрақ – жауап жүргізу
2.2 оқушыларға сөз тіркестерін құрастырту ,
2.3 жаңа сөздермен сөйлем құрап дәптерге жазып , буын түрлеріне талдау.
2.4 Қала сөзін тәуелдеп дәптерге жазу.
Сергіту сәті «Туған қалам Семейім» әнін үнтаспадан тыңдап жаттығулар жасату
3.Мәтінмен жұмыс: оқу,аудару,сұрақ-жауап
Семей қаласы
Семей Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Ірі қала. Семейде Ертіс өзені бар. Семей қаласы мемлекетіміздің рухани-мәдени орталығы. Семейде Абай , Шәкәрім , Мұхтар дүниеге келген. Қаламызда ірі орталықтар, саябақтар , кітапханалар бар. Қаламыздың іргетасы 1718 жылы қаланған.
4. «Туған қалам - Семейім» тақырыбында суреттерді пайдаланып, сұрақ –жауап арқылы балаларға диалог жасату.
ІҮҚорытындылау : мақал жазғызу
Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол.
Ү Бекіту: Ойын «Семейде осы бар ма?» тақтадағы суреттерді қолданып оқушыларға диалог жасату.
ҮІ Бағалау
ҮІІ Үйге тапсырма
Реферат: «Семей қаласы»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.