Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Шығармашылық диктант -

Шығармашылық диктант

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 8124 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Мазмұны

1. Кіріспе ...............................................................................................4

2. Диктант жұмыстарының түрлері ................................................ 5

3. Жаттығу жұмыстарының түрлері .............................................. 8

4. Тест тапсырмалары ……………………………………….......... 16

5. Қосымша деректер .......................................................................... 21

6. Ізденіс – табыс кепілі ........................................………………….. 37

7. Танымдық ойындар - білім кілті .................................................. 47

8. Әдебиеттер ……………………………………………………........ 55

Кіріспе

«Мұғалімнің айналысатыны - үнемі қозғалып, өзгеріп, өсіп - өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдістен табан алмай шектеліп қалуға болмайды... Сабақ беру - жәй үйреншікті шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер», - деп тәлімгер – ғалым Ж.Аймауытов атап көрсеткендей пәннің пәрменділігін арттыруда деңгейлік тапсырмалардың рөлі зор. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс істеу - әр оқушымен даралап, саралап жұмыс істеу деген сөз, яғни әр оқушының жеке басын құрметтей отырып білім беру - қазіргі оқытудың негізгі талабы.
В.П.Беспалько бұл мүмкіндік деңгейлерді төртке бөледі. Бірінші деңгей – міндетті; Екінші деңгей – алгоритмдік; Үшінші деңгей – эвристикалық; Төртінші деңгей – шығармашылық.
Бірінші деңгей тапсырмалары білімнің ең төменгі шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес диктант түрлері мен тест жұмыстары .
Екінші деңгейдегі тапсырмаларда сынып бағдарламасына сай лингвистикалық тапсырманың, жаттығу жұмыстарының және сабаққа қосымша пайдалануға арналған мәтін түрлері ұсынылады.
Үшінші деңгейде оқушыларға шығармашылық жұмыспен айналысуға түрлі ребустар, сөзжұмбақтар, анаграммалар және грамматикалық ойындар беріледі.
Төртінші деңгей дарынды, ізденімпаз, қабілеті жоғары талапты балаларға арнап құрастыруға үлгі ретінде мәтін, ертегі, өлең шумақтары беріледі. Шығармашылық деңгей үшін ой толғау, сырласу хат т.б жұмыс түрлерін жазу жиі тапсырылуы тиіс.
Бұл дидактикалық жұмыстың мақсаты – оқушының әр түрлі тапсырмалар арқылы өз ойын еркін және сенімді жеткізуге үйрету, білім деңгейін тереңдету, шығармашылық жұмыс істеуге баулу және коммуникативтік тәсіл арқылы оқушының алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру. Дидактикалық жинақта берілген тапсырмалар жоғарыда айтылған төрт деңгейге сай жинақталған.
Сонымен қатар ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарты талаптарына сай оқу материалдары жергілікті тілдік ортаға сай өлкетану материалдарымен толықтырылатын болса, осыған негізделе отырып, Батыс Қазақстан өлкесінің танымал тұлғалары жөніндегі деректермен толықтырылған.
Қазаіргі таңда оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеуге де аса мән беріп келеміз. Сол бағыттағы материалдар шоғыры да кірістірілді, атап айтсақ, оқушылардың спортқа қызығушылыған арттыратын Орал қаласындағы алғашқы спорт ойындарының шығу тарихы, алғашқы жүлдегерлер т.б.
Өзіндік «Мен-і» бар жеке тұлғаны қалыптастыруға бағыталған түрлі материалдар осы жинақта қамтылған.

1. Диктант жұмыстарының түрлері

Шығармашылық диктант

Б...рінш...ден, спорт-үлкен ...нер ғана ем..с, әрб...р адам үшін ...лкен емтих...н да.
Спортш...ның м...ндет...-хал...қарал...қ ой...ндард... ж...ң...ске ж..ту.

 1.Жоғалған әріптерді тап.
2.Спортшы сөзіне фонетикалық талдау жаса.

Шығармашылық диктант

Қалың бұтаның арасында бір қоян жатыр еді. Сабырдың иті бұтаға қарай жүгірді. Қоян қаша жөнелді.

 Жуан сөздердің астын сыз.

Терме диктант

Балам,балам, жақсы бол,
Міне, сенің мектебің.
Сабағыңа зейін сал,
Ақылды бол, тентегім.
(Қ.Аманжолов)

Шығармашылық диктант

Жаңб...р түрл... ж...птерден,
Шәл... тоқи бастады.
Аулақ шығып аулад..н,
Кепт..р..лг...н ...л...пт...
Жауабы: (Кемпірқосақ)

 Жоғалған әріптерді тап.

Шығармашылық диктант
Балғамен ... қақ.
Арамен ... арала.
Балтамен... шап.
Қысқышпен ... суыр.
Сүргімен ... сүргіле.
Керекті сөздер: ағаш, тақтай, шеге.

Бақылау диктанты

Күш атасы – Қажымұқан

Қажымұқан Мұңайтпасов - әлемге танымал болған тұңғыш қазақ балуаны.Ол өзінің спорттық жолын Петербургте бастады. Қажымұқан Франция, Германия, Бельгия, Түркия, Америка сияқты ірі мемлекеттерде өткен белдесулерде жеңіске жетті. Ол барлығы 26 мемлекетте болды. Осы сындарда Қажымұқан 48 алтын, күміс және қола медальдарға ие болды.
1927 жылы оған «Қазақ даласының батыры» атағы берілді.
(53 сөз)

 1.Қажымұқан кім ?
2. Мәтіннен сан есімдерді тап.
3. Балуан сөзіне фонетикалық талдау жаса.

Сөздік диктанты
(Тыйым сөздер)

1. Асты үрлеме, асты жамандама.
2. Тамағыңды сораптап ішпе.
3. Қолыңды төбеңе, желкеңе қойма.
4. Өтірік күлме, өтірік ауырма, өтірік сөйлеме.
5. Ішегіңді тартпа, табаныңды тартпа.

Бақылау диктанты
Алтын адам

Алтын адам жатқан Есік обасынан біздің заманымыздан бұрынғы V-VI ғасырларға тән 4 мыңнан артық бұйым табылыпты. Соның ішіндегі күміс зереннің сыртқы бетіне екі қатар етіп жазылған жазуларды ғалымдар осы уақытқа дейін ғылымға белгісіз таңбалар деп жориды. Қалай болғанда да, бұл- бұдан екі-екі жарым мың жыл бұрын осы өңірді мекендеген адамдардың жазу таңбаларын жасап, пайдалана білгенінің куәсі. Алтын киімді адам және оның қабірінен табылған заттар дүниежүзілік маңызы бар аса зор жаңалық болып табылады. (51 сөз)

 1.Көмекші есімдерді табыңдар.
2.Мәтіннен есімшелерді табыңдар.

Бақылау диктанты
Мектеп

Қыркүйек айы жақындап қалды. Мектептегі жөндеу жұмыстары аяқталып, оқушыларды таза сыныптар, сырланған есіктер, терезе, парта, тақталар күтіп тұрғандай. Жаз бойы дем алып тыныққан оқушылар көтеріңкі көңілмен мектептеріне сағынышпен оралады. Мен өзімнің Абай даңғылы бойында тұрған төрт қабатты мектебімді өте жақсы көремін. Біздің мектеп өте әдемі, биік. Мектепте компьютер сыныптары бар. Мектепте өте білімді мұғалімдер сабақ береді. Мектептің үлкен спорт залы бар. Ол еш уақытта бос болмайды. (70 сөз)

 1 сөйлемге фонетикалық талдау жаса.

Сөздік диктанты

1. Көру диктанты
Жабырқаған. Қайғы. Құрбы. Ажар. Тәңірінің.

2. Есту диктанты. Фразеологизм.

«Сырдың суы сирағынан келмейді», «Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді», «Тайға таңба басқандай», «Айы оңынан туды», «Қолы ашық кісі», «Қолы тар кісі».

3. Жұмбақтар

Отынсыз, сусыз піскен ас,
Адамның бәрі ішкен ас.
(Ана сүті)
Таппайтын тағат,
Тығулы сағат
(Жүрек)
Есігін ашсаң,
Сайраған бұлбұл.
Есігін жапсаң,
Қамалған дүлдүл.
(Тіл)
Ғаламның шырағы не?
Адамның шырағы не?
(Күн мен білім)

4. Жаңылтпаштар

Іске іскер,
Істі іскер істер.

Көк тырна, көп тырна,
Тыраулап көп тұрма.

Әсел әсем бе, Әсем әсем бе,
Әсем әсем бе, Әсел әсем бе?

Бақылау диктанты

Алтыбақан

Алтыбақан - қазақтың даңқты ұлттық ойыны. Той-томалақ, ойынның бәрінде болады. Алтыбақан ұзын алты сырықтан мосы сияқты жасалады. Арқан керіледі. Бір жағына қыз, екінші жағына жігіт отырады да, екі жақты екі кісі тербетеді. Қыз бен жігіт тербеліп, ән шырқайды. Бұл ойынға жастар жақсы киініп келеді. Қыздар желбірлі ақ көйлек, қынай бел қызыл камзол, үкілі тақия, жігіттер жағы құндыз бөрік, етек-жеңі, балағы оюланған бешпет-шалбар киеді.
Алтыбақан - әрі дене тәрбиесі, әрі көркемөнер мектебі. (72 сөз)
(«Қазақтың салт-дәстүрлері» кітабынан)

5. Жаттығу жұмыстарының түрлері

Жоғалған әріптерді тап
Б...з к...ршілерімізбен тату – тәтті тұрам...з. К...рш...лер...м...з жақс... к...с...лер. Олар бізге үнем... к...мектесед.... Мен күнде аулада к...рші балалармен ойнайм...н.
...жем бесік тербетіп,
Әлди әнін салады.
...лди сәби ержетіп,
Әже еңбегі жанады. (Ә)

Сөйлемді аяқта

Екі дос көшеде.... Алыстан бірнеше аттылар .... Қар жауып..... Мен сабақ оқып..... Мамам дүкеннен нан сатып.... Ол шелекті сұрап.... Қымыз – ерекше дәмді, құнарлы, адамның жан сарайын ашып, тәбетін шақыратын хош иісті өте пайдалы жылқы сүтінен алынған .. ..

Берілген етістіктерді болымсыз етістікке айналдыр

Сен мектепке бар...
Сен дәптерге жаз...
Тақтаға шық...
Тақтаны сүрт...
Ертең мектепке кел..

Жалғасын тап
Досы көпті жау...
Ақылы көпті дау...

Сөздерді буынға бөліп жаз

Оқы, жазды, көрді, боламын, тиеді, жұқпаған, айтпасын, жасады.

Ойлан, тап !

Орманнан, жалпақ даладан,
Бал іздеп бір аң жортады.
Кіп-кішкене арадан,
Үп-үлкен боп қорқады. Бұл не? (Аю)

Жауабын тап

Он алтыға он алты қосса, қанша? Жиырма сегізді екіге бөлсе, қанша? Жетіні беске көбейтсе, неше? Он төрт мыңды екіге бөлсе, қанша? Он бес мыңнан жеті мыңды алса, қанша?

Сөйлемді толықтыр

Әсел - ... . Ол балаларды оқытады. Сәкен - ... . Ол автобус жүргізеді. Серік - .... . Ол мал бағады. Әсем - ... . Ол кітап жазады. Айнұр - ... . Ол ақша санай алады. Роза - ... . Ол шашыңызды сәндеп бере алады. Данияр - .... Ол балық аулайды.

Дыбыстар әлеміне саяхат

дыбыстар жуан жіңішке ашық қысаң еріндік езулік
А
Ә
Ұ
Ү
Ы

Спорт – үлкен де күрделі өнер

Спорт - үлкен де күрделі өнер. Барлық жаныңмен берілсең ғана оның асқар биігіне шыға аласың. Сол биікке шығар жолда не кездеспейді дейсің?! Сәтсіздікке күйреме, қайта жігеріңді жанып жаңа күшпен биікке ұмтыл.
Табыс келсе тасыма, келесі жолы бәсекенің мұнан да қиын болатынын түсін.

Тапсырма:
1. Есіңе сақта.
2. Сәтсіздік, жігер, күш, бәсеке сөздерінің аудармасын тап.
3. Спорт - ... (ойды жалғастыр)
Открой, встретиться, ложись, уходи, поздоровайся, подожди, доберись, порежь, разбросай, развяжи, расскажи, дави

 1.Сөздерді қазақ тіліне аудар .
2.Етістіктерді қатыстырып сөйлем құра.

Ала жіптен аттама
Сұғанақты ақтама,
Сумақайды жақтама.
Жерде жатқан біреудің
Ала жібін аттама.
Олжа ғой деп жүгірме,
Қиын болар түбінде.
Бүлінгеннің жұртынан
Бүлдіргі алып бүлінбе.

 1.Болымсыз етістіктерді теріп жаз.
2. Сұғанақ, сумақай, бүлінген сөздерін аудар.
3. Өлеңнің қандай тәрбиелік мәні бар ?

Синонимдік қатар құра
Әдемі,...
Жылдам,...
Ынтымақ,...
Жасөспірім, ...
Шапшаң, ...

 1.Берілген сөздерден синонимдік қатар құра.
2. Аудармасын тап.

Дара етістіктерден күрделі етістіктер жаса

Еріді, жылады, күресті, оқыды, келді, жаттықты, жүгірді, айналдырды, бар, дайындал, қатыс, кел, шомыл, түс, ал, жарат, шық, тұр, қара.

 1.Күрделі етістіктерді қатыстырып сөйлем құра.
2.Болымсыз етістіктерге айналдыр.

Жаңылмай айт, жаңылма

Шын жүйрік торы ала ма, қара ала ма?
Қара аланы босқа сен қаралама!
Бермеймін қара аланы торы алаңа,
Торы алаң оған таяу бара ала ма?
Қара аланы босқа сен қаралама!

 1.Болымсыз етістік жұрнақтарын тап.
2. Жаңылтпашты жаттап ал.
3. Жасына қарай жылқы атауларын жаз.

• Жеңістің негізі - алдымен мінез-құлықта, қажыр мен қайратта. Жауапты жарыс алдында тас түйін болып, езу тартып, орынсыз күлмейсің. Орынсыз ыржалақтасаң босап сала бересің.

 1.Жеңістің негізі не?
2. Қажыр мен қайрат деген сөздерін қалай түсінесің?
3. Көсемшені тап.
Перфокарта

Етістіктерге қосымшалардың дұрыс жалғанғанын белгіле

Қосымшалар тазала көр оқы биле ұста сыйла

-мақ
-мек
-бақ
-бек
-атын
-етін
-йтын

• Үлкен споршы өзі өнер көрсеткен кезде бір қағиданы дәлелдеуге тиіс. Ол - спорттың сан қырының дамуы, рекорд жасауда шектің жоқтығы...

 1.Үлкен спортшы дегенді қалай түсінесің?
2. Спортшы деп кімді айтамыз?
3. Спортшы сөзіне фонетикалық талдау жаса.

Жаңылмай айт, жаңылма

Ұлытауда ұларлар бар,
Ұларларды ұстар ұландар.
Оларды орағыта қашатын
Ұларлар айлалы ма?
Ұларды орнынан басатын
Ұландар айлалы ма?

 1. Жылдам оқы.
2. Ұлытау сөзіне фонетикалық талдау жаса.
3. Жаңылтпашты жаттап ал.

Жалғасын тап
Атаның баласы ... ,
Адамның баласы ... .
Ас-адамның ... .
Туған жердің түтіні де ... .
Отан үшін отқа түс,... .
Ер елінде ...
Талаптыға нұр ...
Ашу – дұшпан ...
Болат қайнауда шыңдалады ....
Қаһарлы сөз қамал ...
Сөйлемді аяқта

Досан оқу құралдарын жинастырып сөмкесіне … . Артына бұрылып керегедегі сағатқа … . Сағаттың тілдері он екі жарымды көрсетіп … . Күнде бұл кезде пырылдап ұйықтап … . Сабаққа дайындаламын деп уақыттың қалай өткеннін сезбей … .

 1. Сөйлемдерді аяқта
2. Кереге сөзіне фонетикалық талдау жаса.

Ұйқасын тап
(ұйқасы омоним болу керек)

Бала үшін әкелер,
...............................
Көмекке келсе шешеміз,
................................

Жалтақтайсың тау жаққа,
Ентелейсің бау-баққа.
Бөрі тап боп жүрмесін,
Ұзай көрме ... (аулаққа)

 1.Қарамен жазылған сөздерді басқа қай сөзбен
ауыстыруға болады ?
2. Дауыссыз дыбыстарды тап.

Тарих қана, халық қана туатын,
Алыптардың арқа тұтпас кім атын?
Ұлы арманын жырлау үшін халыққа,
Керек болды Абай сынды ұлы ақын!
(Ж.Әбдірашев)

Өзіңе сал, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
(Абай)
Әркімді адам сүйремен,
Заманды қай жан билемек?
Заманға жан күйлемен,
Заманы оны билемек

 1.Берілген өлең жолдарынан есімдіктерді тап.
2. Есімдік дегеніміз не?

Спорт... сүйіп, онымен ерінбей шұғылдан... бала есімі бүкіл әлем білетін атақты спортшы бола алады. Ондай спортшы елі... атағын шығарады, халқы... құрметіне бөленеді.

 1.Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақ пен жалғауларды
қой.
2. Спортшы сөзін жікте.

Жұмбақ сұрақтар. Бұл қай есімдіктер?

1. Етікшінің аспабының біріне ұқсас есімдіктің қай түрі?
(Біз – жіктеу есімдігі)
2. Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды.
(сұрау есімдігі)
3. Жақтас жалғауға жіктеле қояды, жақтас емесіне жоламай қояды
(мен, сен)
4. Көпшіл және көңілшек
Ештемені бөліп жатпайды.
Көптік ұғым беріп,
Көпшілікті қармайды.
(жалпылау есімдігі)

5. Құрамындағы сөздің көпшілігін көршісінен сұрап алыпты.
Алдына бір буын қосыпты да есімдіктің бір түрі боп тұра
қалыпты.
(болымсыздық есімдігі)

Есімдікті сатылай кешенді талдау

Бұл жерде ешкім сырымды білмейді.
бұл ешкім
негізгі негізгі
дара күрделі
есімдік есімдік
сілтеу болымсыздық
сұрағы: қай? сұрағы: кім?
анықтауыш бастауыш

Есімдікті қайталауға арналған ашық тест

1. Үлкенді сен сыйласаң,
Кіші ... сыйлар. (сені)

2. Жаманның ... бола алмайды, (өзі)
Болғанды көре алмайды.

3. Балапан ұяда ... көрсе, (не)
Ұшқанда соны іледі.

4. Не ексең, ... орасың. (соны)

5. Біреу тойып секіреді,
... тоңып секіреді. (біреу)

• Спорттың аты - спорт. Бір тұста айдарыңнан жел есіп, Отаныңның әнұраны ойналып, туың көтеріліп жатса, екінші жақта басқалардың мерейлері үстем болып жатады.


 1.« Айдар» сөзінің синонимін тап.
2. Көсемшелерді тап.
3. «Спорт» сөзін септе.



• Спорт - үлкен өнер ғана емес, әрбір адам үшін үлкен емтихан.
Спортшының міндеті - халықаралық жарыстарда , олимпиадалық ойындарда жеңіске жету.

 1.Сөйлемнен зат есімдерді тап.
2. Спортшының міндеті не?
3. Қатаң дауыссыздарды теріп жаз.


Тест тапсырмалары

1-нұсқа

1. Етістік дегеніміз не?
а) заттың атын білдіретін сөз табы
ә) қимыл-әрекетті білдіретін сөз табы
б) санын білдіретін сөз табы
2. Қайтті? Не істеді? Не қылды? Сұрақтарына қай сөз табы жауап береді?
а) зат есім
ә) сн есім
б) еістік
3. Етістіктің болымсыз түрінің жұрнақтары
а)-ған,-ген
ә) –ма,-ме,-ба,-бе,-па-пе
б) –а,-е,-й
4. Не обманывай друзей. Сөйлемнің дұрыс аудармасын тап.
а) достарыңа жамандық жасама
ә) достарыңды алдама
б) достарыңды ренжітпе
5. Алғашқы олимпиадалық ойындар қай қалада өткізілді?
а) Италия
ә) Греция
б) Венеция
6. Айтыс дегеніміз не?
а) сөз сайысы
ә) спорттық ойын
б) өлең айту
7. Нәресте дүниеге келгеннен кейін орындалатын салт
а) балаға ат қою
ә) атқа мінгізу
б) тұсау кесу
8. «Қазақкино» студиясының алғашқы туындысы
а) «Барымта»
ә) «Амангелді»
б) «Қыз Жібек»
9. Елбасының «Қазақстан - 2030» Жолдауы қай жылы жарияланды?
а) 1997 ж
ә) 1991 ж
б) 1986 ж
10. Мемлекеттік Туымыздың түсі
а) ақ
ә) көк
б) жасыл

2-нұсқа
1. Біржан сал кім?
а) жазушы
ә) сері, айтыскер ақын
б) молда
2. – ған,-ген,-қан,-кен жұрнақтары есімшенің қай шағына
жалғанады?
а) осы шақ
ә) өткен шақ
б) келер шақ
3. Есімшенің жұрнақтарын тап
а) -атын, -етін ,-йтін
ә )-ып, -іп, -п
б) –а, -е, -й
4. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой
Қазақстан - … мемлекет
а) тәуелсіз
ә) тәуелді
б) құл иеленуші
5. Қазақ театрының алғаш қойған туындысы
а) Б.Майлин «Шаншар молда»
ә) М.Әуезов «Еңлік - Кебек»
б) Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»
6. Заттың санын білдіретін сөз табы
а) зат есім
ә) сан есім
б) сын есім
7. Қазақ тілінде сан есімнің қанша түрі бар?
а) 5
ә) 6
б) 8
8. Бөлшектік сан есімді тап
а) 10
ә) 2/5
б) 152
9. Сан есімдер құрамына қарай нешеге бөлінеді?
а) 5
ә) 3
б) 2
10. Белгісіздік есімдігі арқылы жасалған сөйлемді тап
а) Жайлау – шалғайда жатқан жазғы қоныс.
ә) Біреуге ор қазба,
Ор қазсаң зор қаз,
Өзің түсеріңе жақсы.
б) Менің апам дзюдо спортымен айналысады
3-нұсқа
1. Табыс септігіндегі сөзді табыңыз
а) кетті
ә) балалы
б) оқыды
2. Көсемшені табыңыз
а) кетер
ә) кеткен
б) кетпек
3. Жинақтық сан есімдер қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
а) –ау, -еу
ә) –ншы, -нші
б) -ыншы, -інші
4. Буынға бөлінбейтін сөзді табыңыз
а) іні
ә) қарт
б) намыс
5. Тұйық буынды көрсетіңіз
а) ант
ә) Анар
б) қант
6. Қобыздың атасы
а) Құрманғазы
ә) Қорқыт
б) Тәттімбет
7. Ән падишасы
а) Жаяу Мұса
ә) Шәмші Қалдаяқов
б) Ақан сері
8. Қазақ тілі Мемлекеттік мәртебені қай жылы алды?
а) 1989 ж
ә) 1991 ж
б) 1993 ж
9. Орыс тілінде жоқ септік
а) атау септік
ә) көмектес септік
б) шығыс септік
10. Қазақтың бас ақыны
а) Ыбырай
ә) Абай
б) Шоқан

4-нұсқа

1. Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз.
а) тоқсан
ә) үштен бір
б) алпысыншы
2. Антоним сөзді табыңыз.
а) сертшіл - уәдешіл
ә) ақ - қара
б) айында, жылында
3. Сан есімнің сұрақтарын белгілеңіз
а) не істеді? қайтті
ә) қанша? неше?
б) кім ? не?
4. Көсемшенің жұрнағын табыңыз
а) - атын, -етін, -йтін,- йтын
ә) - ар,-ер,-р
б) - ды,-ді,-ты,-ті
5. Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар
а) 12
ә) 10
б) 5
6.Болжалдық сан есім жасайтын жұрнақтар
а) –ыншы, -інші, -ншы, - нші
ә) –дай, -дей, -тай, -тей
б) –дан, -ден, -тан, -тен
7. Бұйрық райлы етістіктерді тап
а) кел, келсін, келіңіз
ә)барғым келеді, барғысы келеді, барғың келеді
б) оқыдым, оқығын, оқыса
8. Омоним сөздерді тап
а) ақ-қара
ә) сұлу, әдемі , әсем
б) есіктің кілті, жүректің кілті
9.Тұрақты сөз тіркесін тап
а) Қой аузынан шөп алмас
ә) Қойға шөп салды
б) Қойға шөп салуға шықты
10. Затты не құбылысты нақты атамайтын есімдік түрі
А) сұрау есімдігі
ә) белгісіздік есімдігі
б) жалпылау есімдігі

5-нұсқа

1. Жуан дауысты дыбыстар қатарын табыңыз
а) ұ, ы, о, а
ә) ы, і, и, а
б) ә, е, ы, ұ
2.Тура мағынада қолданылған сөзді көрсетіңіз
а) биік сезім
ә) биік тау
б) биік тұлға
3. «Жүйрік» сөзінің антонимі
а) желісті
ә) шабан
б) жүрдек
4. Көсемшенің жұрнағын табыңыз
а) –а, -е, -й
ә) -ар, - ер, - р
б) - ды, - ді, - ты, - ті
5. «Қараш - қараш» оқиғасының авторы
а) Абай Құнанбаев
ә) Мұхтар Әуезов
б) Шәкәрім Құдайбердіұлы
6. Қазақ тілінде етістің қанша түрі бар?
а) 5
ә) 8
б) 4
7. Етіс жұрнағын жалғап, сөйлемді аяқта
Әнді біреуге сал...
а) -дыр
ә) -дір
б) –қыз
8. Құсбегі деген кім?
а) ән салатын адам
ә) құс баулып, аңға салатын кісі
б) мал бағатын адам
9. «Тұлпар» сөзінің синонимі
а) шабан
ә) мәстек
б) арғымақ
10. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
а) 5
ә) 9
б) 6

4. Қосымша деректер
Салт–дәстүр – алтын қазына

Сүйінші

Қуанышты хабарды жеткізуші адам «Сүйінші, Сүйінші!» деп келеді. Мұндайда қуанған үй иесі «қалағаныңыңды ал» дейді. Оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл шын қуануды және ризашылықты білдіреді.

Шашу

Шашу - қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр. Бала дүниеге келгенде, келін түскенде, құда келгенде осындай қуанышты күндерге тәттілермен, күміс тиындармен әйелдер шашу шашады.

Қонақасы

Қонақасы – халқымыздың әлеуметтік тұрмыс жағдайындағы ерекше қымбат дәстүр. Қонақжайлылық – үйге келген қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып қонақасын беру - жомарттықтың, елдіктің белгісі.

Сыбаға

Сыбаға – құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын – жуығына арнап сақтаған кәде. Көбінесе, сыбаға үлкен ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға әдейі сақталады.

Бастаңғы

Бастаңғы – үй үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолы болсын, сапарлары сәтті болсын деп «бастаңғы» жасайды.

Жеті ата

Әр адам өзінің жеті атасын білуі тиіс. Бұл көрегендік пен білімділігін, ата көргендігін танытады. Жеті атасын білмесе, жетесіз деп сөккен. Жеті атаны
білу- болашақ ұрпақ үшін де маңызы зор.

Сырғалы

Сырғалы – олжалы, қанжығасы майланып келе жатқан аңшыдан немесе саятшыдан сұрап алған жоралғы. Олар сырғалы ретінде олжасын беруге даяр.

Тоқымқағар

Тоқымқағар – жас жігіт немесе жас бала алғаш жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Мұндайда арнаулы мал сойылып, ет асылып, кең дастархан жайылады.Ойын–сауық, өлең– жыр айтылады.

Аманат

Аманат – бір адамның екінші адамға сақтауға берген немесе біреуге беруге тапсырған заттары. Аманатты сақтау, оны мезгілінде қайтару зор адамгершілікке жатады. Аманатқа қиянат жасауға болмайды, ол - өте ауыр күнә деп есептеледі.
Сәлем беру

Алыс жолдан келген жолаушы немесе сол елдің адамы ауыл ақсақалдарына немесе белгілі бір адамға әдетте іздеп келіп сәлем беру қалыптасқан дәстүріміз. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария келіп сәлем берер» - деген сөз осындай кішіпейілділігімізден болса керек.

Тұсаукесер

Әдетте сәби аяғын тәй–тәй басып жүре бастағанда тұсауы кесіледі. Ата-әжелеріміз бұл ырымға өте қатты көңіл бөлген, өйткені баланың болашағы, жолы, аяқалысы жақсы, нық болуы осы тұсау кесуге байланысты деп шешкен. Сондықтан баланың тұсауын ауылдағы үлкен ата-әжелерге кестірген.

Ұлттық ойын - асыл қазына

Қазақ халқы - ұлттық ойындарға бай халықтардың бірі. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, тапқырлықты, табандылықты, байсалдылықты, күш-қуат молдығын, білек күшін, дененің құрыштай шынығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген, өйткені ойынға қатыспай тұрып-ақ , оған күн ілгері көп адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді. Қазақтың ұлттық ойындары тек ойын-сауықтық жағынан ғана маңызды емес,ол - спорт, ол - өнер, ол - шаруашылық, тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы.
Қазақтың ұлттық ойындары: Көкпар, Сайыс, Күрес, Теңге алу, Қыз қуу, Жамбы ату т.б. Ұлттық ойындар ата-бабамыздан бізге жеткен. Олар өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.

 1.Мәтінді оқы.
2. Етістіктерді тауып астын сыз.
3. Жоспар құр.

Асық ойыны

Асық ойынын спортпен шұғылданудың алғашқы баспалдағы деп қарауға болады, өйткені асық ойыны балаларды ептілік пен шапшаңдыққа, сондай-ақ тез шешім қабылдауға дағдыландырады. Жаз айларында тақыр жерлерге асық тігіп, аяқтай жүріп ойнайтын түрлері бұлшық еттерін шынықтырып, нысана көздеуге дағдыландырса, қыс айларында үйде ойнайтын «иірмекіл», «бес асық», «ханталапай» деп аталатын ойын түрлері қол ептілігі мен ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Бұл тек қазақ ұлтына ғана емес, бүкіл түркі тектес халықтардың бәріне ортақ құбылыс болса керек-ті.

 1.Асық ойынының түрлерін ата.
2. Асық ойынының қандай пайдасы бар?

Ақсүйек

Ақсүйек - ұлттық ойын. Айлы түнде ашық далада ойналады. Ақсүйек ойынына малдың ақжем болып қураған жілігі немесе қабығы аршылған ұзындығы екі қарыстай жұмыр ақ таяқша пайдаланады. Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Ойынды бастау жеребе арқылы анықталады. Содан кейін ойынды бастаушы ақсүйекті бар пәрменімен алысқа лақтырады. Жастар таяқты іздейді. Бұл ойын жастарды шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулиды.

 «Ұлттық ойын» дегенді қалай түсінесің?

Алтын қабақ

Алтын қабақ - жамбы ату сайысы негізінде пайда болған. Мергендік пен ептілікті сынайды. Түзу қайың құрықтарды ұластыра байлап, бір ұшын жерге қадайды. Биіктігі 30-40м болуы тиіс. Жоғары ұшына екі жарым метрлік көлденең ағаш бекітіледі. Оны қабақ деп атайды. Қабаққа көбінесе алтын, күміс теңгелердің шетін тесіп, аттың қылына іліп байлайды. Сайысқа түсушілер оларды атып түсіруге тиіс. Атып түсірушіге сый-сияпат беріледі.

 1.«Мерген» деген кім?
2. Құрық, қыл, ұластыра - сөздерінің аудармасы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.