Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сілтеу есімдігі және сұрау есімдігі -

Сілтеу есімдігі және сұрау есімдігі

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3118 | Размер: | Автор: гость
. Ерденова Г.Ж,
№22 жалпы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
ОҚО, Түркістан қаласы
Сабақтың мақсаты: Сілтеу есімдігі және сұрау есімдігі

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік. Сілтеу, сұрау есімдіктері туралы жалпы түсінік беру,тиянақтау, анықтамасы, тұлғалық ерекшелігі жағынан білім беру;
2. Дамытушылық. Оқушының іздену, зерттеу шығармашылық қабілеттерін өрістету, өлеңдердің, мәтіндердің мәнін аша отырып, терең ойлауға, жүйелі, көркем сөйлеуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, белсенділіктерінің артуына ықпал ету, қорытынды шығаруға машықтандыру, таным, іздену ірекетін дамыту;
3. Тәрбиелік. Мақал- мәтелдер, жұмбақтар, ақынның өлеңдері арқылы адамгершілікке, ой алғырлығы мен тапқырлыққа, ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдіс- тәсілі: сұрақ –жауап, өзіндік ізденіс, топтау, жинақтау, салыстыру, дәлелдеу, көрнекілік, халық педагогикасының элементтері;
Көрнекілігі: тірек-сызба, интербелсенді тақта, ойын түрлері, сәукеле, домбыра, шаңырақ, семантикалық карта.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, музыка.
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын сұрау. 194- жаттығу.Есімдік бойынша алған білімдерін жаңғырту; Жіктеу есімдіктерін теріп жазып, қай септікте тұрғанын анықтау;
Үлгі : Сен – жіктеу есімдігі, ІІ жақта атау септігінде тұр.
* І.Өткен тақырыпты пысықтау, бекіту. Бағдарлау- мотивациялық кезең. Психологиялық дайындық.
« Кім білімді?» ойыны.( слайд арқылы сұрақтар беріледі)
1.Есімдіктер дегеніміз не? Мысал келтір.
2.Есімдіктер мағынасына қарай нешеге бөлінді? Атап шық.
3.Жіктеу есімдігі дегеніміз не? Мысал келтір.
4.Зат есім дегеніміз не? Мысал келтір.
5.Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.
6.Сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.

Жіктеу есімдігі- үнемі адаммен байланысты айтылып, жақтық ұғыммен келеді.

Жақ Жекеше түрі Көпше түрі Жақтық ұғымы
І
ІІ
ІІІ Мен
Сен, сіз
Ол Біз, біздер
Сендер, сіздер
Олар Сөйлеушінің өзін білдіреді.
Тыңдаушыны білдіреді.
Бөгде адамды білдіреді
3. Жаңа сабақ. Тақырыпты тақтаға жазу. Сілтеу есімдігі . Сұрау есімдігі.
Сызба арқылы түсіндіру

*Ережені анализ- синтез әдісі арқылы мысал келтіре отырып шығарту.
Мысал келтіру.1. Самғай бер асқардан асқарға мынау қырандай.
2.Бұл кісі- менімен таныс кісі.
3.Қазақ осы ашық жарқын қабағы
Қонақ келсе шабылып бір қалады.
Қара да тұр саған да ол кетерде
Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.
Сөйлемдегі бұл, осы деген сөздер қандай мағына үстеп тұр?
Сілтеу есімдіктері сөйлемге нұсқау, мегзеу, көрсету мағыналарын білдіреді.Олар мегзеу мәнін білдіріп, сын есімнің орнына жұмсалып, қай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыштың қызметін атқарып тұрады.
*Сұрақ-жауап әдісін қолдану;
- Балалар, бүгін аптаның қай күні?
- Бүгін нешесі?
-Бүгінгі күннен қандай ерекшелікті байқап тұрсыңдар?
-Балалар, мен сендерден жауап алу мақсатында қандай сөздерді қолдандым?
-Сұрау мағынасындағы сөздерді қолдандыңыз.
Ал ендеше , осы мысалдар арқылы қорытып ереже шығарайық.
Сонымен, сұрау есімдігі дегеніміз - жауап алу мақсатында қойылған сұрақтар. Зат есімге және зат есім орнына қолданылатын сөздерге қойылатын сұрақтарға көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары қосылады.Мысалы: кім? кімім? кімдер? кімге? кіммін? нешеуі ?/Ал егерде сұрау есімдігі құрмалас сөйлемнің алғашқы жай сөйлемінде келсе, сұрау мағынасынан айрылады. Мысалы: Кім еңбекті көп істесе, үлесті де мол алады. Жоғары сыныпқа барғанда кеңінен талқылаймыз./
***Тақтамен жұмыс.
1) 197-жаттығу Мәтіннен жіктеу, сілтеу есімдіктерін табыңдар.
(Қ. Қайсенов қысқаша слайд арқылы таныстырып өтемін)
2) Осы жаттығудан соң сабақты өмірмен байланыстырып, 1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасы, тәуелсіздігіміз жайлы «Бейбіт күндегі Тәуелсіз елдің ұланымын» атты шағын мәтін құрастырамыз.
3) Жеке оқушымен жұмыс .(Сурет бойынша әңгімелеу)
ІІ. Операциялық- орындаушылық кезең.
«Атамыздың ауылына кім бұрын жетеді?»
Шарты: кеспе қағаздарда берілген сұрақтарға кім көп әрі дұрыс жауап берсе, сол оқушы атамыздың ауылына бұрын жетеді.
1. Сұрақтарға жылдам жауап беру.
2. Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қою.
3. «Өз үйіме сал» есімдіктерді орналастыру.
ІІ Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қою.
....... – белсенді оқушы.
........ үлкенге құрмет көрсетеміз.
....... домбыра үиірмесіне қатысамын.
....... күнделікті сабақты «...... Қазақстаным» атты әнұранмен бастаймыз.
ІІІ. «Өз үйіме сал» есімдіктерді орналастыру. (197-жаттығу қамтылады) Берілген кеспе қағазды(кеспе қағаз домбыра, сәукеле, айырқалпақ үлгісінде ) орындап өз үйіне (шаңыраққа) салады.
Қорытынды.
1.Семантикалық кестені толтырыңдар.

Мысал\ түрлері Жіктеу Сілтеу Сұрау
Мен
Анау
Қандай
Сол
Біз
Неше
Сіз
Әнеки
Міне

Үй тапсырмасы:Есімдіктерді қатыстыра отырып, «Менің ертегім» атты шағын ертегі құрастыру.
Белсенді оқушыларды марапаттау, бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.