.
.
6-сынып Қазақ тілі Үстеу туралы жалпы түсінік
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3048 | Размер: | Автор: ТәрбиеСабақтың тақырыбы: Үстеу туралы жалпы түсінік
Білімділік мақсаты: Үстеу білдіретін ұғымды өз беттерімен жинақтауға талпындыру,әрекеттендіру,іздендіру,ой қорытуға жеткізу;
Тәрбиелілік мақсаты: Сөздің мағынасына мән беруге тәрбиелеу,,ұлттық қасиетке баулу;
Дамытушылық мақсаты: Теориялық материалды жүйелі,тиянақты баяндай білуге,өз бетінше жұмыс істеуге,шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау,сұрақ-жауап,сөзжұмбақ,деңгейлік тапсырмалар,тест,шығармашылық жұмыс
Пәнаралық байланыс: Әдебиет,бейнелеу
Пәнішілік байланыс: Зат есім,сын есім,сан есім,есімдік,етістік, үстеу
Сабақтың көрнекілігі: Сөзжұмбақ, кесте, сурет
Сабақтың жүру барысы:
I.Ұйымдастыру(сәлемдесу);
II.Үй тапсырмасын тексеру (1 сұраққа 1 жетон беріп отыру)
Оқушылар, өткен сабақта қандай тапсырма берілді?
Өткенді еске түсіру мақсатында мына сұрақтарға жауап берейік (сөзжұмбақ шешу)
Оқушылар, қазақ тілінде неше сөз табы бар?
Ретімен атаңыздар (кесте пайдалану)
Осы сөз таптарының қайсыларымен таныссыздар, қайсылары таныс емес?(таныс еместерінің астын сызу,кесте мен сөзжұмбақтан шыққан үстеу сөзіне назар аударту)
III.Жаңа сабақ.
Балалар, олай болса, біздің бүгінгі күні өтетін тақырыбымыз-үстеу сөз табы.
Мақсатымыз-үстеу туралы жалпы түсінік алу. Дәптерлеріңізді ашып, күннің жадын, тақырыпты жазыңыздар (жаңа сабаққа қатысты слайдтарды ашу; жаңа сабақ бойынша сайысатындарын ескерту; жаңа сабақты баяндамас бұрын сурет көрсету).Мына суретке қараңыздар. Кімнің, қандай шығармасынан алынған деп ойлайсыздар? Жақында ғана әдебиет пәнінен өттіңіздер, киносын да көріп жүрсіздер.
(Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»)Қожаның қай сәтінен көрініс бейнеленген?(Сөмкеге бақа салып жатырған кезі) Енді мысал сөйлемдерге назар аударамыз.(сөз табына талдату,таныс емес сөз табын табу)
1.Қожа сөмкеге бақаны лезде салды. (сын-бейне)
2.Қожа сөмкеге бақаны қасақана салды. (не мақсатпен? мақсат үстеуі)
3. Қожа сөмкеге бақаны құр босқа салды.(неге?себеп-салдар үстеуі)
4. Қожа сөмкеге бақаны салып,кейін кетті. (қайда?мекен үстеуі)
5. Қожа сөмкеге бақаны таңертең салды. (қашан?мезгіл үстеуі)
6. Қожа сөмкеге бақаны онша қорықпай салды. (қаншалықты?мөлшер үстеуі)
7. Қожа сөмкеге бақаны аса сақтықпен салды. (қандай?күшейткіш)
Не байқадыңыздар, оқушылар?
1.Үстеулер қандай сөз табымен тіркесіп келіп тұр? (етістік)
2.Үстеулер дегеніміз не? Етістіктің,яғни қимылдың,іс-әрекеттің әр түрлі белгілерін,сипатын,жай-күйін білдіретін,өзгертуге,грамматикалық тұлғалармен түрлендіруге келе бермейтін сөздер.
3.Түрленбейтіндігін мысалдағы лезде үстеуімен дәлелдеу.(жалғаудың түрлерін сұрау)
IV.Сайыс (Екі топқа бөлу, Қожа тобы,Жантас тобы)
Деңгейлік тапсырмамен жұмыс жасай отырып, жаңа тақырыпты өз бетінше меңгерту.(жетон арқылы бағалап отыру)
I деңгей Кітаппен жұмыс (269,271-жаттығу)
Сұрақ қою арқылы үстеулерді табу
269-жаттығу (тақтаға бір оқушы бір топтан,кей сөздерге түсінік беру)
Биыл-қашан алғаны? (мезгіл)
жартылай-қалай көшіп? (мөлшер)
айқара-қалай асып? (сын-қимыл) (қапсыра) 71 бет
жорғадайын-қалай шайқала? (сын-қимыл) жылқының 4 аяғын тең басып,ырғатыла,тайпала басқан жылқы жүрісі 198.
арагідік- ара арасында
271-жаттығу
Бүгін-қашан аттанған? (мезгіл үстеуі)
таңертең-қашан аттанған? (мезгіл үстеуі)
әдеттегіден-қашанғыдан жым-жырт екен аңғарыпты? (мезгіл үстеуі)
қазір-қашан ойлап отырса? (мезгіл үстеуі)
дәл сол мезетте-қашан сілейіп қатып қалса к/к (күшейткіш)
II деңгей Мақал-мәтелдерден,тыйым сөздерден,болжамдардан үстеулерді
табу. Үстеулі жұмбақтарды шешу.(екі топқа бөліп айту)
1.Қамшы жарасы тез бітер,
Сөз жарасы бітпес.
2.Еріншекке бүгінінен, ертеңі оңай.
1.Ерте тұрған жігіттің ырысы артық,
Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.
2.Қатты жауған күн
Тым тез ашылады.
Болжамдар
1.Қыстыгүні үйде шыбын ұшса, боран болады.
2.Масалар кешке дуылдап ұшса, ертеңіне жауын-шашын болады.
1.Тауық тым ерте қонақтаса,ертеңіне жауын-шашын болады.
2.Құстар төмен ұшса да, ауа райы бұзылады.
Тыйым сөздер
1.Түнде суға барсаң,кесек тастамай өтпе.
2.Аяқ киімді жоғары көтерме.
1.Кешқұрым күл шығарма.
2.Түнде тырнақ алма.
Жұмбақтар
1.Жылт-жылт етеді,
Әдейі тепшіп өтеді.(Ине)
2.Жардай дәулер соғысты,
Кезек-кезек оқ ұшты.(Бұлт пен найзағай)
1.Таңертең тұрдым,
Екі сайды қудым.(Адам мен шалбар)
2.Күндіз қашады,
Түнде аспанды басады. (жұлдыз)
Бекіту мақсатында
III деңгей Тест жұмысы(2 нұсқа, 5 сұрақтан)
IV деңгей Өздік жұмыс(берілген ұйқастарға өлең жолдарын құрастыру,үстеу, оның ерекшеліктерін ескеру)
V.Бағалау(жетон санын,тест ұпайын ескеру арқылы)
VI.Үйге тапсырма:Үстеулер туралы оқып келуге 270- жаттығу (түсіндіру)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.