Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Үстеуді модульді оқыту. -

Үстеуді модульді оқыту.

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 264 | Просмотров: 3939 | Размер: 223.8 Kb | Автор: Тәрбие
. 6- сынып

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Төңкерқызы Айгүл



Үстеуді модульді оқыту. Модуль № 6
ҮІ сынып

Бөлімі
Сабақ
Сабақтың мазмұны


Мерзімі

Кіріспе

1-сабақ Модульге кіру
Теориялық білім
Визуалдық лекция
Тірек сызбалар арқылы түсіндіру
Үстеу туралы түсінік
Үстеудің құрамдық түрлері
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс 5 минут

15 минут
15 минут
5 минут
5 минут
2- сабақ «Қарлы кесек» ойыны 45 минут
3-сабақ «Сиқырлы сандықша» ойыны 45 минут
4-сабақ «Брейн-ринг» ойыны 45 минут
5-сабақ Сайыс сабақ 45 минут
6-сабақ 1. Тест
2.Сынақ 20 минут
20 минут
7-сабақ Диктант 45 минут

Тірек сызбалар
Үстеу туралы түсінік
1- сызба

Кеше (қашан?)
Жоғарыдан
(қайдан?)

Амалсыздан
(Не себептен?) Келді (Қайтті?) тез (қалай?)

әдейі
(не мақсатпен?) недәуір
(қанша)
әрең
қалай?
2- сызба



3- сызба

Үстеудің құрамдық түрлері



Сызбалар дәптерге жазылады.
Кітаппен жұмыс: 270- жаттығу (ауызша)
Қорыту.
Үй тапсырмасы: 138 -15-беттерді оқу.
Үстеудің мағыналық 7 түріне 7 мақал іздеп жазу,
Антоним үстеулер іздеу (ауызша)
2-сабақ Тақырыбы: «Қарлы кесек» ойыны.
Мақсаты:
білімдік –үстеудің мағыналық түрлерін оқып үйрену;
дамыту – топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;
тәрбиелік - өзара сыйластыққа, бір-бірін тындай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын
Жабдығы: сілтемелер, әріптер мен сандар.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Үстеу деген не?
2. Мақалдарды оқыту
3. Антонимдерді тақтаға жазғызу.
ІІІ. «Қарлы кесек» ойыны.
Сынып топтарға бөлінеді. А,Ә,Б,В,Г үстелдеріне орналасады, әр топ өз тапсырмаларын оқып үйрену үшін 10-15 минут дайындалады. Дайындалып болған сон, оқушылар мынадай тәртіппен орын алмасады: 1 үстелдің басына А-1,Ә-1,Б-1,В-1,Г-1 жетоны барлары, келесі үстел басына А-2,Ә-2, В-2 Г-2 жетоны барлары тағы сол сияқты. Келесі кезекте мұғалім үстелдердің сілтемесін өзгертіп, А,Ә,Б,В,Г әріптерінің орнына 1,2,3,4,5 сандары жазылған сілтемелер қояды. Әр оқушы өз тақырыбын әңгімелейді. Басқалар жазып алады.
Ойынның І туры жарияланады. (10 минут)
Жаңа топқа әрбір алғашқы топ өкілі әріптерінің кезегі бойынша өз тақырыбын әңгімелейді. Олардың әңгімесін тыңдаушылар сызба, жоспар, тезис түрде жазып алады. Бұл уақытта 5 нөмерлі ойыншылар тақтада жұмыс істеп сызбалар сызады. (Ватамен немесе кодопленка).
ІІ тур. Оқушылар өздерінің алғашқы орындарына қайта оралады, мұғалім үстел сілтемелерін ауыстырады. Тақтада (А-5,Ә-5, Б-5, В-5,Г-5) ойыншылар өздерінің сызба конспектілерің қорғайды. Мұғалім және басқа оқушылар бақылап отырады.
ІІІ тур: қорытынды шығарылады.
Бағалау.
Үй тапсырмасы: 138-150- беттерді оқу, 273- жаттығу жазбаша.
3-сабақ. «Сиқырла сандықша»
Сабақтың тақырыбы: «Сиқырлы сандықша».
Мақсаты:
білімдік- үстеу бойынша берілген тақырыптарды меңггерту;
Дамыту- теориялық материал бойынша белгілерді айқындау;
Тәрбиелік – білімге, құштарлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: оқыта үйрету ойыны
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап
Сабақтың жабдығы: кеспе қағаздар, кестелер, сандықша, шығармашылық жұмыстарға арналған папка.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақтың барысы:
І- Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ- Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сөзжұмбақ, ребусты шешкізу.
2. Мақалдарды ауызша айтқызу. Ъ
3. Ойынның шартын, мақсатын айту.
Мұғалім үлестірме материалдарын дайындайды:
5 ұпай, 4 ұпай және 1 ұпай көрсетілген карточкалар. «Сиқирлы сандықша» сұрақтармен толтырылады, олардың саны оқушылар санынан артық болады. Сұрақтар алдында өтілген тақырыптарға құралады.
Әрбір оқушы кезегімен сұрап алып, дауыстап оқып, жауап береді де тиісті бағасын алады. Ойынды аяқтай келемұғалімнің көмекшісі әрбір оқушының ойын барысында алған жалпы ұпайын есептеп отыра, соған сәйкес үш орын (1,2,3) беріледі.
Сандықшаға салынатын сұрақтар
1. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (4 ұпай)
2. Түркі тіодерінің саны шамамен қанша? (3 ұпай)
3. Орхон – Енисей ескерткіштеріндегі үстеулер нешеге бөлінген? (5 ұпай)
4. Атаушы сөздердің тұрлері нешеу? Аттары қалай? (1 ұпай)
5. Үстеуші есімдерге қай сөз таптары жатады? (1 ұпай)
6. Себеп- салдар үстеуі нені білдіреді? (4 ұпай)
7. Сын есіммен де тіркесе алатын қай үстеулер? (5 ұпай)
8. Мақсат үстеуі нені білдіреді? (4 ұпай)
9. Күшейткіш үстеуі нені білдіреді? (4 ұпай)
10. Мөлшер үстеуі нені білдіреді? (4 ұпай)
11. Сын- қимыл үстеуі нені білдіреді? (4 ұпай)
12. Мекен үстеуі нені білдіреді? (4 ұпай)
13. Мезгіл үстеуі нені білдіреді? (4 ұпай)
14. Үстеудің мағыналық түрлері нешеу? (1 ұпай)
15. Үстеу құрамына қарай нешеге бөлінеді? (1 ұпай)
16. Үстеу дегеніміз не? (4 ұпай)
17. Үстеу неге етістіктен кейін орналасқан? (5 ұпай)
18. Етістік неге есімдерден кеін орналасқан? (5 ұпай)
19. Сын есім неге екінші орныда тұр? (5 ұпай)
20. Зат есім неге бірінші орында тұр? (5 ұпай)
21. Етістік деп қандай сөз табын айтамыз? (4 ұпай)
22. Есімдік дегеніміз не? (4 ұпай)
23. Сан есім дегеніміз не? (4 ұпай)
24. Сын есім деп қандай сөз табын айтамыз? (4 ұпай)
25. Зат есім дегеніміз не? (4 ұпай)
26. Есімдер тобына қандай сөздер жатады? (1 ұпай)
27. Етістік тобына қандай сөздер жатады? (1 ұпай)
28. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (1 ұпай)
Сабақты қорыту ретінде мына мақал дәптерге жазылады: Көп оқыған білмейді, көп тоқыған біледі.
Үй тапсырмасы.

Сабақтың тақырыбы: «Брейн - ринг» ойыны (2 нұсқа).
Мақсаты: білімдік – деңгейлік тапсырмалар арқылы үстеуді таныту; дамыту- шығармашылық қабілеттерін дамыту; тәрбиелік – ағымды қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топтық ойын.
Сабақтың әдісі: молульдік жүйе бойынша
Сабақтың жабдығы: жаймалар, фишкалар, карточкалар, нөмірлер
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды қызыл, сары, жасыл, көк үстелдерге орналастыру. Ойынның тәртібін, мақсатын түсіндіру.
ІІ. Ойынды жүргізу:
4 бөлікке бөлінген әрбір жаймаға бір ғана тапсырмасы бар карточка қойылады.

Сары үстел
№1. Қай сөйлемде мақсат үстеу бар?
а) Әңгімені әдейі ұзақ созып айтты.
ә) Еріншектің ертеңі бітпес.
б) Көп оқыған білмейді, көп тоқыған біледі.
№2. Қай сөйлемде күшейткіш үстеу бар?
а) Ауыл тым алыс емес.
ә) Анаға қарап қыз өсер.
б) Арттан соққан жел үдей түсті.
№3. Мына сөйлемге қай үстеу лайықты. Ұшақ ...көтерілді.
а) Былтыр.
ә) Еміс- еміс
б) Жоғары
№4. Қай сөйлемде үстеу бар?
а) Әке- бәйтерек, бала – жапырақ.
ә) Мектепте түрлі сайыстар өтеді.
б) Астық биыл бітік шықты.
Қызыл үстел
№1 Үстеулер қай жұмбақта кездеседі?
а) Таң атқанша, таң атқан соң.
Жұмбақты толықтырып айт. Шешуі не?
ә) Таңертең, түсте, кеште.
Жұмбақты толықтырып айт. Шешуі не?
№2 Мына үстеулерге антоним болатын үстеулерді тап: жоғары, қыстыгүні, ілгері, кейін.
ә) Осы үстеулерді қатыстырып сөйлем құра.
№3 Мақалдарды толықтырып айт.
Қай уақытта тұрған жігіттің ырысы артық, әйелдің бір ісі артық?
Еріншекке қашанғыдан қашанғы оңай?
ә) қазша қанатын жазады,
Үйрекше мойнын созады,
Құсша қонады.
Жұмбақты шешіп, үстеуді құрамына, мағынасына қарай ажырат.
№4 кімнің шығармасынан алынған? Үзіндіден үстеуді тауып, құрамына, мағынасына қарай талда.
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегін кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға.
ә) Мына сөздерді қандай үстеулермен айтуға болады?
Ертеңгі уақыт –
Осы жел ---
Жерге арқасын бере жығылу—

Жасыл үстел
№1. Үстеулерді қатыстырып «Жаздыкүні» атты мәтін құрастыр.
№2. Үстеулерді қатыстырып «Серуенде» атты мәтін құрастыр.
№3 Үстеулерді қатыстырып «Қыстыгүні» атты мәтін құрастыр.
№4 Үстеулерді қатыстырып «Білім» атты мәтін құрастыр.

Көк үстел
№1 Ой толғау (Үстеулері қатыстыру арқылы)
Тақырыбы: Ана тілі туралы.
№2 тақырыбы: Ауыл жылы туралы.
№3. Тақырыбы: Тәуелсіздік туралы
№4Тақырыбы: Астана туралы.
Әр ойыншыға 1,5-2 минут уақыт беріледі. Ойын барысында әр ойыншыға фишка алып отырады. Солардың саны мен түсіне қарай баға қойылады. Жүргізушілер ортақ бағалау парағын толтырып отырады.
Сары фишка («3»), жасыл («4»), көк («5»), жарты көк қосымша толықтыруға беріледі.
ІІІ. Ойынды қорыту.
ІV. Бағалау
V. Үй тапсырмасы. Үстеуді қайталау. Сөзжұмбақ, ребус, дайындау.
Сабақтың тақырыбы: Үстеуді қайталау
Мақсаты: білімдік – үстеуден алған білімдерін сұрақ, жаттығу тапсырмалар арқылы тексеру; дамыту—шапшаң ойлау, ұтқыр жауап беруге дағдыландыру; тәрбиелік – тіл мәдениетін үйрету.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Әдісі: сұрақ- жауап, талдау.
Жабдығы: карточкалар, сөзжұмбақ, ребус.
Барысы:
І. Ұйымдастырк кезеңі. Сайыс өткізу үшін оқушыларды 36 топқа бөлу.
«мезгіл», «мекен», «мөлшер».
ІІ. Сайысты жұргізу.
1- сайыс: «Үндемес ойыны»
Үстеудің құрамына қарай бөлінетін түрлеріне жарысып мысал жазу. Кім көп жазса сол жеңеді.
1 үстеуге 1 ұпай.
«Мезгіл» тобы – негізгі үстеулер.
«Мекен» тобы- туынды үстеулер.
«Мөлшер» тобы- күрделі үстеулер.
2- сайыс: Сатылай кешенді талдау
Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, үстеуі бар бір мақал жазады. Үстеуге сатылай кешенді талдау жасайды. Қалған оқушылар әр топқа үш сұрақтан қояды.
3-сайыс «Ойлан тап
Үйде дайындап әкелген сөзжұмбақтар мен ребустарды әр топтан бір оқушы шығып шешеді.
4-сайыс Киелі сандар
Әр топқа бір сан беріледі Мезгіл тобына 7 саны, Мекен тобына 9 саны, Мөлшер тобына 40 саны.
Әр топ киелі сандар жөнінде түсініктерін ауызша әңгімелейді.
5 –сайыс
Сурет бойынша қысқаша әңгіме айту (Топ басшылары орындайды.)
Қалған оқушылар әңгімелерді дәптерге жазады.
ІІІ. Қорытынды. Әр топтың ұпайы есептеледі. Жеңімпаз топ пен белсенді оқушылар анықталып марапатталады.
ІV. Бағалау.
V. Үй тапсырмасы: тест сұрақтарына дайындалу.
Тест сұрақтары
1.Мезгіл үстеулі тіркесті көрсетініз.
а) Жоғары өрледі. б) Қысы- жазы үзілмейді.
ә) Ышқына өрледі. в) Ілгері кетті.
2. Мекен үстеулі тіркесті көрсетіңіз.
а) Былтыр көрген б) ілгері жылжыды.
ә) Тағы да келді. в) Ән салды.
3. Күшейткіш үстеуді табыңыз.
а) Тіпті, әбден. б) Емін- еркін, әбден.
ә) Амалсыздан, босқа. в) Онша, әжептәуір
4. Сын- қимыл үстеуді табыңыз.
а) Қолма- қол жұмсады. б) Бірталай отырды.
ә) Қасақана кешікті. в) Ерең еңбек етті.
5. Мөлшер үстеуді табыңыз.
а) әдейі, жорта б) дәл, сәл, нақ.
ә) Лажсыздан, амалсыздан в)Анағұрлым, неғұрлым.
6. Мақсат үстеуді табыңыз.
а) қазір келеді. б) босқа кетті.
ә) Жорта үнемдеді. в) Сөйтіп, қаннен- қаперсіз отырды.
7. Себеп- салдар үстеуді табыңыз.
а) Құр босқа бақырған б) Әлгінде келіп кетті.
ә) Ендігәрі келмейді. в) Қыруар әңгіме айтылды.

Ауызша сынақтардың билеттері
1- билет

1. Орхон- Енисей ескерткіштерінде кездесетін үстеулердің мағыналық түрлері.
Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулердің мағыналық түрлері.
2- билет
1. Үстеу деп қандай сөз табын айтамыз?
2. Мақал айтып мысал келтір.
3- билет
1. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? Аттарын ата.
2. Күрделі үстеулер қалай аталады?
4- билет.
1. Үстеу мағынасына нешеге бөлінеді? Аттарын ата.
2. Әрқайсысына мысал келтір.
5- билет
1. Етістікпен де, сын есіммен де тіркесе алатын қай үстеулерді білесің?
2. Туынды үстеу жасайтын қандай жұрнақтарды білесің? Мысалмен дәлелде.
6- билет
1. Сан есім дегеніміз не? Оның қандай мағыналық түрлері бар?
2. Үш жұрт ұғымын түсіндір.
7- билет
1. Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.
2. Сын есім мағынасына қарай қалай бөлінеді?
8- билет
1. Президент жарлығы бойынша биыл қандай жыл?
2. Жылдың атына байланысты қанша мақал айта аласың
9-билет
1. Туынды үстеулер қалай жасалады
2. Тақтадағы кестенің ашық тұрған бөлігіне мысалдар жазып көрсет.
10- билет
1. Мұқағалидың Қара өлең шығармасында нендей үстеулер кездеседі
2. Үзіндіні жатқа айтып дәлелде.
11- билет
1. Осы жыл дегенді қай үстеумен ауыстырып айтуға болады.
2. Бір жыл бұрын дегенді қай үстеумен айтуға болады.
12- билет
1. Өте жақын деген мағынаны білдіретін нендей қашықтық өлшемдерін білесің?
2. Мекен үстеуге 5 мысал келтір
13- билет
1. Өте алыста деген үстеудің мағынасын қандай тұрақты тіркестермен айтуға болады.
2. Өте алыста деген үстеуді құрамы мен мағынасына қарай талда.
14- билет
1. Үстеуші есімдерге қай сөз таптарын жатқызамыз?
2. Бірігу арқылы жасалған күрделі үстеулерге мысал келтір.

15- билет
1. Атаушы есімдерге қай сөз таптарын жатқызамыз?
2. Қайталау, қосарлану арқылы жасалған үстеулерге мысал келтір.
16- билет
1. Атаушы сөздердің түрлері неше топқа бөлінеді? Мысал келтір.
2. Сөздердің тіркесуін құралған үстеулерге мысал келтір.
17- билет
1. Аптаның әр күнінің аттары қалай аталады?
2. Оларды құрамы мен мағынасына қарай талда.
18- билет
1. Мекен үстеуі нені білдіреді? Сұрақтары.
2. Мысал келтіріп дәлелде.

19- билет
1. Себеп – салдар үстеуі нені білдіреді? Сұрақтары.
2. Мысалмен дәлелде.
20- билет
1. Сын- қимыл үстеуі нені білдіреді. Сұрақтары.
2. Мысалмен дәлелде.

7- сабақ: Диктант.
Таң көрінісі.
Бірте тіпті ерте тұрып кетіппіз. Біз Тобеби басына жеткенде биік тау шатқалдарынан күн жаңа көтеріліп келе жатты.
-Балалар, әне қараңдар, күн шығып келеді!- деп мәз бола жар салды Жұпар.
Күннің шығуын жаңа көріп, жаңа байқағандай, бәріміз де жалт- жалт қарсатық. Бір сәт бәріміз де үнсіз тұрып қалыппыз.
-Қандай әдемі, жүріңдерші, күннің шықаның тағы көрейік, - деді Жұпар балғын жүзі алаулап.
Сөйтті де қалай көреміз деп антарыла үйірілген бізді тастап, төмен құлдилады. Сол сәт еш нәрсенің байыбына жете түсінбесек те оның соңынан біз де жарыса жүгірдік.
Одан кейін тағы да төмен түстік. Екі- екіден тұрып күн нұрын үшінші рет қарсы алдық. Үшінші рет тау жиегінен алтын арайдың алғашқы шуағына шомылып, кәусар сұлулығын тамашаладық. Ойламаған жерден өзіміз ашқан жаңалыққа қуанып, қайта өрге ұмтылдық.
Туған жер, оның тұнған байлық, асқан сұлулығын мен сонда алғаш рет көрдім.
Грамматикалық тапсырма: бір үстеуді тандап алып оған сатылай кешенді талдау жаса.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.