Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. Сабақтың лексикалық тақырыбы: Абай Құнанбаев
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Сын есім

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
1.Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев жайлы түсінік беру, өткен сын есім туралы қайталап өту, алған білімдерін бағалау;
2.Дамытушылық: өз ойларын емін-еркін айтуға, сөздік қорларын молайту;
3.Тәрбиелік: Оқушыларды ақын өлеңдерін оқыта отырып, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география
Сабақтың көрнекі құралдары: Абай Құнанбаев туралы бүктемелер, Қазақстан картасы, таратпалы тапсырмалар.
Сабақтың өтілу формасы: жекелей, топтық, жұптық
Қолданылған технология: Дамыта оқыту технологиясы

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
• Оқушылармен сәлемдесу
• Сыныптың, тақтаның тазалығына көңіл бөлу
• Сабақтың жоспарымен, мақсатымен таныстыру
• Сыныпты топқа бөлу

Топтарға ат беру үшін оларға сұрақтар қойылады.
1. Жыл мезгілдері нешеге бөлінеді?
2. Әр жыл мезгілінің ерекшеліктері қандай?
Қоржыннан асық алу арқылы топ өз аттарын белгілейді.

Сабақтың жоспары
1. Нені білеміз? сөз таптары (өткен тақырыптар туралы сұрақ- жауап)
2. Нені білдік? Бұл қай кезде болады? (үй тапсырмасын сызба арқылы
қорытындылау)
3. Нені білгіміз келеді? “Ақ киімді денелі.....” (жаңа сабақты түсіндіру)
4. “Қыс” өлеңі (оқулықпен, таратпалы матриалдармен жұмыс)
5. Қазақ халқының ұлы ақыны. ( жаңа сабақты бекіту)

ІІ. Білімді тексеру кезеңі
Нені білеміз? СӨЗ ТАПТАРЫ
(топтық жұмыс)
1. Қанша сөз табын білесіңдер? І топ.
2. Зат есім дегеніміз не? ІІ топ.
3. Сын есім дегеніміз не? І топ.
4. Мектеп, әдемі сөздерімен сөйлем құра. ІІ топ.(тақтаға жазу)
5. Үлкен,Отан сөздерімен сөйлем құра І топ. (тақтаға жазу)
6. Қазақ тілінде қанша септік бар? І-ІІ топқа

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
2. Нені білдік?? БҰЛ ҚАЙ КЕЗДЕ БОЛАДЫ?
(үй тапсырмасын тексеру)
3-тапсырма. Суреттер арқылы құраған әңгімелерін тексеру. Сын есімдерге көңіл бөлу.
Балалар не істеп жүр?



Нені білгіміз келеді?

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Абай Құнанбаев
(1845-1904)

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Семей облысының Абай ауданында дүниеге келген.Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайға ертегі, аңыз-әңгімелерді айтып, Абайды тәрбиелеп отырады. Әкесі Абайды 10 жасында Семейдегі діни мектепке береді. 13 жасында Абайды әкесі оқудан алып шығады. Семейде жүргенде Абай орыс тілін үйренуге тырысады.Үш ай орыс мектебінде оқиды. Абай Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты көп оқып, солардың шығармаларын қазақ тіліне аударады. Біз Абайды ұлы ақын, аудармашы, сазгер деп танимыз. Абайдың халық арасына тараған көптеген әндері бар. Абай өзінің өлеңдерін әр түрлі тақырыптарда жазған. Мысалы: табиғат туралы, оқу-білім туралы, өмірдегі адамдар жайлы.

А.С.Пушкин И.А.Крылов М.Ю.Лермонтов

Сөздікпен жұмыс

Ұлы- великий
Медресе –мусульманская духовная школа
Өз бетінше –самостоятельно
Мәдениет-культура
Ынталы –прилежный
Осында жүріп-находясь здесь
Кейін-потом
Жасынан –с детства

1. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру
2. Дұрыс айтуға дағлыландыру
а) Мұғалім мәнерлеп оқиды
ә) Оқушылар дауыстап қайталайды
3. Сөздермен сөз тіркестерін құрастыру
4. Сөйлемдер құрастыру
5. Сөздік дәптерлеріне жаздыру

4. «Қыс» өлеңімен жұмыс


1. Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды
2. Оқушылар тізбектп оқып шығады.
3. Өлеңдегі сын есімдерді табу

Оқулықпен жұмыс
2-тапсырма.
а) оқушылар мәтінді оқиды
ә) Екі топ бір-бірлеріне сұрақ қояды
б) мәтіннен сын есім,зат есімдерді табу.
І топ сын есім (тақтаға жазу)
ІІ топ зат есім (тақтаға жазу)

”Кім көп мақал біледі?” екі топты жарыстыру.
(Сергіту сәті)
V. Жаңа сабақты бекіту кезеңі
5.Қазақ халқының ұлы ақыны

1. «Қай топ көп біледі?» сұрақ-жауап
1. Абай қай жылы дүниеге келді?
2. Әжесі кім?
3. Анасы кім?
4. Ол кімнің шығармаларын аударды?
5. Неше жасында оқуға барды?

2. Ойна да ойла
І топ:
1.Біреуінің құрамында 3 т, енді біреуінде 3 а келетін негізгі сын есімдерді ата.
2.Құрамында 3 е келетін негізгі сын есімді ата.

ІІ топ:
1. Оңға қарай оқысаң да, солға қарай оқысаң да сын есім болатын қай сөздер?
2. Екі әріптен ғана құралған қандай сын есімдер бар?

VІ. Үйге тапсырма:
• 3-тапсырманы жазбаша орындау 74-бет
• Абайдың «Қыс»леңін жаттау

VІІ. Оқушыларды бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.