.
.
Қалдыбаева Күланда Тұрдыбайқызы, «№2 Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің I санатты мұғалімі. Сын есімнің түрленуі
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1802 | Размер: | Автор: гостьОңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы
Сабақтың тақырыбы : Сын есімнің түрленуі
Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың мақсаты: а) Сын есімнің түрленуі туралы түсінік
беру,сабаққа деген қызығушылығын арттыру
және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету ;
ә) Өз бетінше ізденуге,ойлау қабілетін арттыруға
ықпал ету,өз ойын еркін жеткізуге баулу,жылдам
жауап беруге дағдыландыру,сөйлеу тілдерін
жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға
жол ашу,ойлау қабілеттерін,сөздік қорларын
дамыту ;
Тәрбиелік: оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін
арттыру, оқушыларды өз Отанын, елін сүюге,
мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап, талдау, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі : суреттер, мысалдар, тірек сызбалар
Пәнаралық байланыс : әдебиет, бейнелеу өнері
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Бағалау белгісімен оқушыларды таныстырып өту.
ә) Үй тапсырмасын сұрау :
Зат есімнің сөйлемдегі қызметі. 45-жаттығу. Берілген сөздерді септеп, зат есімдерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрау.
«Кім жылдам?» ойыны
1.Зат есімнің сөйлемдегі атқаратын қызметі қандай?
2.Зат есімнің септелуі деген не?
3. Зат есімнің мағыналық белгісі дегенді қалай түсінесің?
4. Зат есімнің жіктелуіне мысал келтір?
5. Зат есім атау мен ілік септіктерінен басқа септіктер тұлғасында тұрып,қандай қызмет атқарады?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Сын есімнің не екенін сурет арқылы топтастыра отырып, ережесін шығарып алайық.
қызыл жақсы (сапасы)
(түсі)
қатты (сыны)
Алма (қандай?)
дөңгелек (көлемі)
тәтті (дәмді)
Заттың сынын, сапасын, дәмін, түсін, көлемін білдіретін, қандай? деген сұраққа жауап беретін сөз табын сын есім деп атаймыз.
Сын есім құрамына қарай дара және күрделі;тұлғасына қарай негізгі және туынды болып бөлінеді.
Мысалы: көк, көкшіл, қып-қызыл,қара ала,бойшаң,жұқа,оқымысты,тап – таза,тәтті.
Сын есімнің мағынасына қарай түрлері болатынын біз білеміз. Олар: сапалық және қатыстық сын есімдер.
Сапалық сын есімдер деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр – сипатын білдіретін, атап айтқанда, түрі мен түсін,көлемі мен аумағын,дәмі мен исін тағы басқа қасиеттерін білдіретін сөздерді айтамыз. Мысалы: ақ,сұр,жасыл,жақсы, жаман,ащы,тәтті.
Қатыстық сын есім деп басқа сөз таптарынан жасалған сын есімдерді айтамыз.. Мысалы: қына-лы, алақан-дай, жиде-л,бой-шаң,өнер-л,шөп-ті.
Сын есімнің шырай формасына енуі сын есімнің түрленуі деп аталады.
Біртектес түр мен түстің,сапа мен белгінің, иіс пен дәмнің әр қилы реңдерін шырай дейміз. .
Сын есімнің екі түрлі шырайы бар: салыстырмалы және күшейтпелі шырай
Суреттерге қарап, мысалдар арқылы ережесін шығару.
Салыстырмалы шырай – бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстырғанда я кем, я артық екенін білдіретін шырай түрі. Мысалы: ауырырақ, кішірек,ақшыл, жылылау.
Күшейтпелі шырай – заттың біркелкі сындық белгілерін күшейте немесе кеміте түсетін шырай түрі. Мысалы: сап-сары, өте жарық, аса маңызды,қап – қара,кіп – кішкентай,ап – ауыр.
Шырайдың жасалуының өзіндік ерекшелігі бар:
1.Сын есімнің шырайлары сапалық сын есімдерден ғана жасалады. Біртектес сынның әртүрлі дәрежеде болуы тек сапалық сынға тән, ал қатыстық сында ондай қасиет болмайды. Мысалы: үлкен-үлкенірек-аса үлкен. Ал таулырақ,таулылау, аса таулы деп айта алмаймыз.(тау сөзі зат есім, яғни басқа сөз табынан болып тұр, демек бұл қатыстық сын есім)
2.Шырай түрлері сапалық сын есімге: а)қосымшалар жалғану арқылы; ә) күшейткіш буын қосарлануы немесе күшейткіш үстеулер тіркесуі арқылы жасалады.
Мысалы: салыстырмалы шырай: қызыл-дау, қызыл-ырақ; Күшейтпелі шырай: қып-қызыл, тым қызыл, өте қызыл, ең қызыл, аса қызыл.
«Кітап - алтын қазына» (оқулықпен жұмыс )
49-жаттығу. Берілген сын есімдерді түрлі реңге түрлендіріп көріңдер. Қайсысы түрленеді, шырай түрін анықтаңдар.
Әдемі-әдемілеу, әдемірек, өте әдемі; Көк-көкшіл, көгілдір, көкпеңбек, тым көк.
Жүдеу, сулы, денелі деген сөздер бізде түрлене ме? Жоқ, олар қатыстық сын есім.
«Біліміңді байқап көр»
Көп нүктенің орнына қарсы мәндес сөзді тауып, оларды түрлендіру.
Семіз – арық. (С.т-арықтау, К.ш-өте арық, тым арық)
Жаңа-көне (көнелеу, өте көне, ең көне)
Қараңғы-жарық (жарықтау, өте жарық, жап-жарық)
Сұйық-қою (қоюлау, өте қою, қоп-қою)
Жуас-пысық (пысықтау, өте пысық)
Үлкен-кіші (кішілеу, кішірек, өте кіші, тым кіші)
50-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, ішінен сын есімдерді теріп жазып, шырай жасаймыз.
Сұлу, қолаң қара, бұйра, әдемі, көк, қап-қара, әп-әсем.
«Кім тапқыр?»
1.Өзі қысқа,
Өзі нұсқа,
Сөз қаймағын есіңде ұста. (мақал)
2. Қорыққанда жел аяқ
Отырғанда томардай-ақ.
(қоян)
3. Өзі суық,
Өзі өткір,
Өзі үскірік (жел)
Тапсырма.
Берілген сын есімдердің біртектес сапалық белгілерін көрсететін жұрнақтарды жалғап жазыңдар.
Ақ. Арзан. Қызыл. Қысқа. Тәтті.Жұмсақ.Қалың
«Сыңарын тап» ойынын ойнату.
Ақ-лау, көк-қай
Үлкен-ше, сар-шіл
қоңыр-ғылтым ,жақсы-ғыш
Толық-деу, жұқа-қай
Жеңіл-ша ,жуан-лау
Боз-тау, терең-деу
Білімді бекіту :
Семантикалық картамен жұмыс.
Мысалдар Салыстырмалы шырай Күшейтпелі шырай
Жап - жақсы
Үлкендеу
Кіршең
Қып-қызыл
Көгірек
Өте әдемі
Ақшыл
Шымқай қара
Теп-тегіс
Жуандау
Дымқыл
Сұрғылт
Сарғыш
Венн диаграммасы
Салыстырмалы шырай мен күшейтпелі шырай.
Үй тапсырмасы: Сын есімнің түрленуін оқу
52-жаттығу. «Адами қасиеттер» тақырыбында шырай формасына
енген сын есімдерді қатыстыра отырып, шағын пікір жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.