.
.
Тақырыбы: Сын есімнің жасалуы Сын есімнің жасалуы
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 316 | Просмотров: 2043 | Размер: 29.6 Kb | Автор: ТәрбиеСабақтың мақсаты, міндеттері: білімділік – оқушылардың сын есімнен өткен
тақырыптарды меңгеру деңгейін айқындау,
білімін толықтыру;
дамытушылық – әртүрлі әдіс-тәсілдерді
пайдалана отырып балалардың тапқырлық,
жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру,
сөйлесу тілін жетілдіріп, сауатты жазуға
дағдыландыру;
тәрбиелік – тілді құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, талдау, топтастыру.
Сабақтың түрі: білімді жүйелеу, жинақтау, іздендіру, қайталау, түсіндіру.
Сабақтың типі – аралас.
Көрнекілігі: мақал-мәтел, үлестірмелі карточкалар, тест.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Балалар, біздің ұранымыз:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан,
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар, қалан.
ІІ. Өткен сабақтарды еске түсіру, пысықтау.
а) Пысықтау сұрақтары:
1. Сөз таптары дегеніміз не?
2. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
3. Осылардың ішінде біз қай сөз табын өттік?
4. Зат есім дегеніміз не?
5. Зат есімнің қандай мағыналық түрлерін білеміз?
6. Туынды зат есімдер қалай жасалады?
7. Сын есім дегеніміз не?
8. Жазбаша үй тапсырмасын тексеру
ә) Өткен сабақты қайталау бойынша деңгейлік тапсырмалар орындау.
1-деңгей (5 балл)
Берілген сөздерден сын есімдерді, зат есімдерді мағынасына қарай сәйкестендіріп теріп жаз: он бір, қара, орындық, қағаз, бәріміз, терең, жоспар, мен, ақылды, епті, екі, құдық, адам, жүр, тұр, жылдық, ат, кеше, өлке, бәрекелді, спортшы, таулы, олар, қазір, боз, жазғы, жалтылдады, демалыс, көмір, жұмсақ, ақ.
Сын есім
Қандай? Қай? Зат есім
Кім? Не?
1 а
2 ә
3 б
4 в
5 г
6 ғ
7 д
8 ж
9 з
10 и
2-деңгей (5 балл+4 балл=9 балл)
Берілген сын есімдер ішінен негізгі және туынды сын есімдерді теріп жаз: қара, бойшаң, таза, кәрі, жершіл, ағашсыз, жақсы, аудандық, биік, терең, ұйқышыл, тарихи, жылы, үйден, табыскер, суық, денелі, бәлеқор, кең, ұзын, түнгі.
Негізгі сын есім Туынды сын есім Түбірі Жұрнағы
1 1
2 2
3 3
4 4
5 5
6 6
7 7
8 8
9 9
10 10
Туынды сын есімдер қай сөз табынан болып тұр?
________________________________________________________
________________________________________________________
ІІІ. Жаңа сабақ
3-деңгей (9 балл+3 балл=12 балл)
Берілген сөйлемдер ішінен туынды сын есімдерді тіркесіп тұрған зат есімдермен бірге теріп жазыңдар. Туынды сын есімнің түбірі мен жұрнағын бөлек-бөлек бағанға жазыңдар.
1. Біздің көшеде бір ұрысқақ апай тұрады. 2.Ақсақ қой түстен кейін
маңырайды. 3.Көргіш көзім көрмейтінді көреді. 4. Өткір пышақ-өткір қару. 5.Сүріншек ат бәйгеге шаба алмас. 6.Салбыраңқы киім сымбаттыға жараспас. 7.Қапшағай – жасанды көл. 8.Бүгін көшпелі өмір салты келмеске кетті. 9.Сал-серілер қонымды киім киген. 10.Сүзеген сиырдың алдына барма. 11.Асулы қазан – тоқшылық белгісі. 12.Қызба мінез жарға жығар.
р/с Зат есімдермен тіркескен
сын есімдер Туынды сын есім түбірі Жұрнағы Ұқсас жұрнақ
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Туынды сын есімдер қандай сөз табынан болып тұр?
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Бекіту
141-жаттығу, 69-бет, жазбаша.
Оқушылардың білімдерінің деңгейін айқындауға арналған тест.
1. Сын есімдерді көрсет.
А) Жауын, қар.
В) Жылдам, тез.
С) Суық, таңдамалы.
Д) Мен, сен.
Е) Пай-пай
2. Туынды сын есімдерді тап.
А) Ақ, көк.
В) Айтқыш, таулы.
С) Қатты, суық.
Д) Бақыт, болашақ.
Е) Биік, аласа.
3. Зат есімнен болған сын есімді тап.
А) Ұрыншақ, ұшқыр.
В) Үйсіз, денелі.
С) Көшпелі, қысқа.
Д) Ілулі, киім.
Е) Қызғаншақ адам.
4. Етістіктен болған сын есімді анықта.
А) Тасты жер.
В) Ағашсыз аула.
С) Жазғы кеш.
Д) Еріншек оқушы.
Е) Діни ұйым.
5. «Қаш» сөзіне сәйкес келетін сын есім жұрнағын көрсет.
А) – шақ, шек.
В) - аған.
С) - мды.
Д) - еген.
Е) - кір.
Дұрыс жауаптар кілтін жаз.
ІУ. Қорытынды бөлім.
1. Үйге тапсырма
а. 142-жаттығу, жазбаша.
ә. Ереже жазу, жаттау.
2. Оқушылар білімін бағалау.
Тест жауабы
Реті Оқушы жауабы
Реті Дұрыс жауабы
Әріптік белгісі Әріптік белгісі
1 1
2 2
3 3
4 4
5 5
Оқушының аты, тегі ______________________________________
Тест жауабы
Реті Оқушы жауабы
Реті Дұрыс жауабы
Әріптік белгісі Әріптік белгісі
1 1
2 2
3 3
4 4
5 5
Оқушының аты, тегі ______________________________________
Құрастырған: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Рахымберды Батымбетов
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.