.
.
8 - сынып Қазақ тілі Тұйық етістік
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 438 | Просмотров: 4012 | Размер: 23.0 Kb | Автор: ТәрбиеСабақтың тақырыбы: Тұйық етістік
Сілтеме : «Қазақ тілі» оқулығы
Жалпы мақсаттары: 1. Етістіктің ерекше түрі- тұйық етістіктің мағынасы мен тұлғасын түсіндіру, оқушылардың етістік жайлы білімдерін кеңейту.
2.Оқушылардың әр түрлі әдістер мен тапсырмалар арқылы тілдік білімін, есте сақтау қабілетін дамыту. Сөздік қорларын молайту.
3.Ананы құрметтеп, сыйлап, тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: 1.Етістіктің түрлерін ажырата білу.
2.Тұйық етістік –у жұрнағы арқылы жасалатынын түсіну.
3.Топпен жұмыс жасап, өз ойларын ашық айта білуге,
бір-бірін оқытуға дағдылану
Әдіс-тәсілдер: Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы,топтық жұмыс, сұрақ-жауап.
Көрнекілік : Суреттер,сызба,флипчарт,стикерлер
Сабақтың барысы:
Кезеңдері :
Ұйымдастыру:
Үй жұмысын сұрау:
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану
Топтық жұмыс
Жұптық жұмыс:
Топтық жұмыс
Ой толғаныс
Жеке жұмыс
Жұптық жұмыс
Рефлексия
Үйге тапсырма
Бағалау.
Психологиялық жаттығу «Майшам».
Оқушылар бір- біріне жылы сөздер айтады.
/ Көңілді стикерлер арқылы сыныпты топқа бөлу/
Үй тапсырмасын « Олжалы бестік» ойыны арқылы тексеру.
« Мықты болсаң, тауып көр»- Етістік дегеніміз не?
Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді?
« Ойлы болсаң, озып көр»-Есімше дегеніміз не?
Етістіктің райларын ата.
« Алғыр болсаң, айтып көр»-«Балара» өлеңін жатқа айт.
« Тапқыр болсаң, тауып көр»- Етістіктің шақтарын ата.
Көсемшенің жұрнақтарын ата.
« Дайын болсаң, ашып көр»- Құттықтаймын, сен олжалы бестік алдың!
Топтық жұмыс
«Ана бақыты үшін менің қосар үлесім» тақырыбына постер қорғау.
Сұрақ: Қандай етістіктер қолдандыңдар? Жұрнақтары қандай?
«Екі жақты күнделік» әдісі
Ең маңыздысы Түсініктеме
1.Тұйық етістік- зат есімдерше түрленіп, шақпен де, жақпен де байланысты болмай, қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрі.
2.Тұйық етістік –у жұрнағы арқылы жасалады. 1.Тұйық етісітк септеледі, тәуелденеді, бірақ жіктел-мейді.
2.Зат есім мәнінде де жиі қолданылады: жасау,ою.
1.Тапсырма
Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тұйық етістікті қойып жазу:
Тапсырманы уақытында...керек. Мектепте және үйде тәртіп ...керек. Үлкендерді ...сыйлау керек. Мәдениетті ...керек.
Сабаққа белсенді ...керек.
Тұйық етістіктерді тауып, олардың қандай септікте
тұрғаның ажырату:
1.Сөздің асыл болуы-адамға ұнауымен.
2. Сөз -ұлы құдірет, ұлылығы- сөзбен адамдарды табыстыруға болады.
3.Ана тілін құрметтемеу–анаңды да сыйламау деген сөз.
4. Аяққа кісен салуға болар,
Тілге кісен салынбас.
Сатылай кешенді талдау
1- топ – Фонологиялық талдау –Тілдер
2-топ- Математикалық тәсілмен дыбыстық
талдау жасау- Құдірет
1-топ Септеу –сыйлау
2-топ Тәуелдеу-бару
1.“Ыстық орындық” әдісі
/ Оқушылар әр топтан бір оқушыға сұрақтар қояды/
2. Шығармашылық жұмыс.
1) Берілген сөздерді әрі есім сөз,
әрі етістік мағынасында қолданып, сөйлем құрау .
Байқау, сайлау, мақтау, қою.
2) Үлестірмелі қағаздармен жұмыс
«Айналмалы бекет» әдісі
/ Жұптар ауыса отырып 4 сөз табы бойынша білгендерін постерге жазады/
1. Етістік
2. Сөйлем
3.Зат есім
4.Сын есім
Сабақты қорытындылау.
Блум токсономиясы әдісі:
Жуан және жіңішке сұрақтар:
1.Ы.Алтынсарин қай жылы дүниеге келген?
2.Етістік сөз табы ма?
3.-ған,-ген,-қан,-кен есімшенің жұрнақтары ма?
4.Тұйық етістік жіктеле ме?
5. Тұйық етістік – у,-ю жұрнақтары арқылы жасалады ма?
6.Ы.Алтынсариннің “Таза бұлақ” әңгімесінде үшінші жолаушының қорытындысын еске түсіріп, айтып бер.
7.Қатаң п,қ,к дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанса, олар қандай дыбыстарға айналады?
8.С.Бегалиннің “Бір табақ ұн, бір табақ арпа” әңгімесіндегі Тілеу неге аш болудың не екенін білмейді?
1.Бүгінгі сабақта не туралы айттық?
2.Не үйрендік?
3.Бүгінгі сабақ ұнады ма?
1.Тұйық етістік туралы айту.
2.Тұйық етістігі бар мақал-мәтел жазып келу
1.Оқушылар бір- бірін бағалайды.
2.Қорытынды баға қойылады..
8 «Б» сынып
Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік
Сабақтың мақсаты:
1. Етістіктің ерекше түрі- тұйық етістіктің мағынасы мен тұлғасын түсіндіру, оқушылардың етістік жайлы білімдерін кеңейту.
2. Оқушылардың әр түрлі әдістер мен тапсырмалар арқылы тілдік білімін, есте сақтау қабілетін дамыту. Сөздік қорларын молайту.
3. Ананы құрметтеп, сыйлап, тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: 1.Етістіктің түрлерін ажырата білу.
2.Тұйық етістік –у жұрнағы арқылы жасалатынын түсіну.
3.Топпен жұмыс жасап, өз ойларын ашық айта білуге,
бір-бірін оқытуға дағдылану.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру
Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап, СТО технологиясы
Көрнекілік: Карточкалар, флипчарт, маркерлер, суреттер.
Жүру барысы:
I. Ұйымдастыру.
Психологиялық жаттығу «Майшам»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.