.
.
Күні:19.11.2011ж Тұрақты сөз тіркестеріне тіл дамыту жұмыстары
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 410 | Просмотров: 5804 | Размер: 540.5 Kb | Автор: Тәрбие5 «Б» сынып
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестеріне тіл дамыту жұмыстары
Білімділік: Оқушылардың білімдерін практикалық жұмыстармен ұштастыра отырып, тұрақты тіркестер мен қазақ халқының таным-түйсігін, сөз өнерін ұғындыру.
Дамытушылық: Тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын ояту, шығармашылық қабілетін арттыру, өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ана тілін қастерлеуге, сөз өнерін дәріптеуге, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, білімділікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: білімді бекіту сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі: миға шабуыл, топтастыру, ідендіру, ойын элементтері.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суретті презентациялар
Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет, этнография, жаратылыстану
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару, сабақ мақсатын таныстыру.
Сабақ құрылысы.
1. Өткен сабақтарға шолу
А)Миға шабуыл (Зымыран сұрақтар)
Ә) 116-117 – жаттығуларды тексеру
Б) Топтастыру стратегиясы
2. Жемісті себет
3. Суреттер сөйлейді (дәптермен жұмыс)
4. Сергіту сәті. (Қыз қуу)
5. Ой дамыту (сөз мәдениеті)118-жаттығу
6. Сабақты қорытындылау «Венн диаграммасы»
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Миға шабуыл (Зымыран сұрақтар)
1. Лексика деген не?
2. Омоним деген не?
3. Тура мағына деген не?
4. Жарық сөзінің антонимі?
5. Сұлу сөзінің синонимі
6. Эвфемизм дегеніміз не?
7. Тұрақты сөз тіркесі дегеніміз не?
8. Идиома дегеніміз не?
9. Синонимдес тұрақты тіркес айт.
10. “Білім” туралы мақал айт
1. Лексика салаларын ата?
2. Антоним дегеніміз не?
3. Ауыспалы мағына дегеніміз не?
4. Үлкен сөзінің антонимі.
5. Амандасу сөзінің синонимі.
6. Табу дегеніміз не?
7. Дисфемизм дегеніміз не?
8. Фраза дегеніміз не?
9. Антонимдес тұрақты тіркес айт
10. “Отан” туралы мақал айт.
Үйге берілген жаттығуларды текскру
Топтастыру стратегиясы
Жемісті себет . Ойынның шарты: екі оқушы төмендегі сөздердің тұрақты
тіркес баламаларын тауып себеттеріне жеміс жинайды.
1. Бармағын шайнау- өкіну
2.Ит арқасы қиянда- алыс
3.Жұлдызы қарсы- араз
4.Мысы құру- амал жоқ
5.Көзді ашып – жұмғанша –тез, лез.
6.Сабасына түсу- ашуы тарқау
7.Ат ізін салмау- хабарласпау
8.Жағасын ұстау- таңдану
9.Қалпақтай ұшу- құлап түсу
10.Сілтідей тыну- тым-тырыс болу
11.Мұртын балта шаппау- дүниесі түгел
12.Сағы сыну- беті қайту
13.Сөзінің жаны бар- айтқаны дұрыс
14.Іш тарту - жақын тұту
15.Қолды болу - ұрлану
16.Сіркесі су көтермейді - ештеңені көңілі жақтырмайды
«Суреттер сөйлейді”ойыны
Тақтадан суреттер көрсетіледі. Суретке байланысты тұрақты сөз тіркесін құрау
1. Құлағы елең етті
2. Көз байланды
3. Жылан жалағандай
4. Қолы ұзарды, қол көтерді
5. Қасқыр шапқан қойдай
6. Тіс жармады, тісі батпады
7. Түймедейді түйедей қылды
8. Шие жегендей қылды
9. Түлкі бұлаңға салды
10. Ит арқасы қиянда
11. Бала басты болды
12. Ат ізін салмады
13. Қой үстіне бозторғай ұялады.
14. Ас иесімен тәтті
Сергіту сәті
Қыз қуу. Қазақтың ұлттық ойыны туралы айтып өтіп, ойын шартын түсіндіру.
1 Көз , қабақ
2 Бас, ми
3 Құлақ, мұрын
4 Тіл, тіс
5 Аяқ, табан
Кітаппен жұмыс
118-жаттығу
Үлгі:
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс. Тақтамен жұмыс.
Көп нүктенің орнына тиісті тұрақты тіркестерді қой.
1. Сенің жопарың өзім жасағандай .....(миыма қона кетті)
2. Аядай бөлменің ішінде .... (ине шаншар жер жоқ) .... (аузы мұрнынан шығады.
3. Оның мына сөзі ..... (төбемнен жай түскендей) етті.
4. Бұл отбасы бір-біріне қатты ұқсайды, әсіресе, Айдын әкесінің..... (аузынан түскендей)
Дарынды оқушылармен жұмыс
Мына тіркестерді қатыстыра отырып, тәуелсіздіктің 20 жылдығына ой толғау жаз.
Ақ түйенің қарны жарылды
Торқалы той
Бастан кешу
Сабақты қорытындылау
«Венн» диаграммасы
Тұрақты тіркестер
Ұқсастығы Еркін тіркестер
1 Құрамы тұрақты
2 Мағына тұтастығын сақтайды
3 Мәнерлі, ауыспалы мағынада айтылады
4 Сөйлем мүшелеріне талданбайды
Кемінде екі сөз тіркесінен тұрады 1 Құрамы тұрақсыз
2 Мағынасы құрамындағы сөздердің лексикалық мағынасына тәуелді
3 Сөйлем мүшелеріне талданады
Бағалау Электронды журнал
Үйге тапсырма: 120-121-жаттығулар
№ 1 орта мектеп
Ашық сабақтың тақырыбы:
Тұрақты сөз тіркестеріне
тіл дамыту жұмыстары
5 «Б»сынып
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Адраимова Маржан
Мұнайлы 2011ж.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.