Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тұрлаусыз мүше -

Тұрлаусыз мүше

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 285 | Просмотров: 2110 | Размер: 83.9 Kb | Автор: Тәрбие
. Оңтүстік Қазақстан Обылысы Созақ ауданы
№14 мектеп-интернат лицейінің мұғалімі
Иманбердиева Айжан Сапарханқызы
тәрбие сағаттарынан жинақ жұмыс

Ашық сабақ тақырыбы: Тұрлаусыз мүше
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: 1. Тұрлаусыз мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру, бастауыш пен баяндауыштың байланысын меңгеру.
2. Оқушылардың сөз, сөйлем, сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ана тілін сүюге, халқымыздың ұлағатты, ғибратты сөздерінен үлгі-өнеге алуға, сол арқылы кішіпейілділік, қайырымдылық, кеңпей-ілдік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тест тапсырмалары, сөзжұмбақтар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
2. Үй тапсырмасын анықтау:

5-жаттығу
Сөйлемдерге тұрлаусыз мүшелерді қосып жаз.
Жаңбыр басылды. Аспан ашылды. Күн ашылды. Күн жылынды. Су ақты.
Сөйлемдердегі сөйлем мүшелеріне назар аудартылады. Қандай айырмашылық байқағандары айтқызылады:
Интерактивті тақтамен жұмыс


«Айға қонамын» ойыны.
Ойын интерактивті тақтада көрсетіледі. Зымыранның әрбір қанатына « ағаштың», «ағашқа», «ағашты», «ағашта», «ағаштан», «ағашпен», «аз», «жасыл» сөздері жазылған сурет ілінеді. Оқушылар әрбір сөзді өзіне қатысты сұрақтар жазылған сқздерді айға қондыру керек.

Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Сөздерді оқы. Қайда? Сұрағына жауап болатын сөздерді теріп жаз: әдемі, аулада, жүгіріп келеді, кеше, жоғарыда, домбыра, артта, ұзын, мектепте, тау басында.

2-жаттығу. Көп нүктенің орнына тұрлаусыз мүшелермен толықтырып жаз. Сөйлемде қандай өзгерістер болды?

Сергіту: Мақалдың сыңарын тап:
1.Мұғалім: Оқусыз білім жоқ
Оқушылар: Білімсіз күнің жоқ.
2. Мұғалім: Әдепті бала, арлы бала
Оқушылар: Әдепсіз бала, сорлы бала.
3. Мұғалім: Жақсыдан үйрен,
Оқушылар: Жаманнан жирен.
4. Мұғалім: Жаздан өнім жиған-ақылды бала,
Оқушылар: Орақ кезінде ұйықтаған-арсыз бала.
5. Мұғалім: Жаңбыр жауса жер ырысы,
Оқушылар: Батыр туса - ел ырысы.
Шығармашылық жұмыс.
Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.
• болды, Күз
• ағаштан жасайды Қанат бұйымдар
Осы сөздерді сөйлем мүшелеріне талда. Бастауыштың астын – бір, баяндауыштың астын – екі рет, ал тұрлаусыз мүшелердің астын ирек сызықтармен сызыңдар.
Тест тапсырмасы
Өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтау, қайталау мақсатында жүргізіледі.
1.Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемдерді тап
A. Әсет үйге келді.
B. Майра домбыра тартты.
C. Дәурен жүгірді.
D. Нөсерлеп жаңбыр жауды.
2.Тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді тап.
A. Салтанат биледі.
B. Қайрат қақпаны қорғады.
C. Мал жайылды.
D. Жібек орамал
3.Мақалды толтыр.
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға кез.
A. Келсін
B. Болсын
C. Жолықсын
D. Барсын

4.Сызбаға сәйкес келетін сөйлемді тап.

A. Қараша айынынң соңы.
B. Жапалақтап қар жауып тұр.
C. Ерасыл анасына еріп аулаға шықты.
D. Алғашқы қар.

К І М Д І
Ө Н А О Ң
К І Р С К
Е М А Ы Ә
М Д Т М Р
Д І Т Д Д
І Ы Ы І

Н Е Н І
А Д А Р
Н Е Й І
Д Н З М
Ы Д А Ш
І Н І
Ы К
Т
І

О Ү
Қ А Н Ш А
Ы Л Л
Р Т П
Ы Ы Ы
Қ С

Сабақты қортындылау:
«ҰҚСАСТЫҚ ПЕН ДАРАЛЫҚ» стратегиясы бойынша тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді салыстыру
1. Тұрлаулы мүшелердің сұрақтары: Қандай? (Кім? Кімдер? Не? Нелер? Не істеді? Не қылды? Қайтті?)
2. Тұрлаусыз мүшелердің сұрақтары (Қандай? Кімге? Неге? Нені? Қашан? Қайда?)
3. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдау.

Үйге тапсырма:5-жаттығу .

Бағалау: «3» жас талапкер
«4» білімқұмар оқушы
«5» жүйріктердің жүйрігі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.