Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тәуелдік жалғауы -

Тәуелдік жалғауы

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2274 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Иманова Алма Үкібасқызы
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Cолтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
Бірлік орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық тақырып: Тәуелдік жалғауы
Лексикалық тақырып: Қазақстанның қалалары .
Сабақтың айдары : Туған жердей жер болмас ,
Туған елдей ел болмас . (Мақал)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік : Отанымыздың қалаларын білу, тәуелдік жалғауларын дұрыс
жалғай білу.
2.Дамытушылық: Сұрақтарға жауап беру,суретпен жұмыс істей білу,
деңгейлік тапсырмаларды орындау, әңгіме жазу дағдыларын
дамыту.
3.Тәрбиелік : Отанды, туған жерін, ауылын сүйуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі : Тәуелдік жалғау кестесі, суреттер, кеспелер,
ҚР картасы, интерактивті тақта
Пән аралық байланыс: Әдебиет, география.
Сабақтың түрі: сиқырлы конверт .
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
- амандасу;
- кезекшінің жауабын тыңдау;
- оқушыларды түгендеу;
ІІ. Тілдік ортаға бейімдейтін сұрақтарға жауап алу:
- Балалар, қазір қай сабақ?
- Қазір қазақ тілі сабағы.
- Қай жыл мезгілі?
- Қыс .
- Желтоқсан қыстың нешінші айы?
- 16 желтоқсан қандай күн?
- Тәуелсіздік күні.
- ҚР рәміздерін ата?
- Ту.Елтаңба.Әнұран.
Сабағымыздың тақырыбы: Қазақстан қалалары және тәуелдік жалғауы.
Біздің Отанымыз –Қазақстан. Мұнда барлық ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Біздің еліміздің балалары бақытты. Қазақстанда әдемі жерлер көп.Қазақстан жері пайдалы қазбаларға бай. Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше.
- Балалар айтыңдаршы қарапайым жұртқа көмекке келетін , байларды алдайтын, аңыз –әңгімелердің кейіпкері кім?(Алдар көсе )
- Әдебиет пәні сабағынан бізге таныс кейіпкер ,аңыз –әңгімелер елінен қонаққа Алдар Көсе келді. Ол сендердің жауаптарыңды тыңдап XXІ –ғасыр оқушылары қандай заманда өмір сүріп,білім алып жатқанын, білігісі келеді.Алдар көсе құр қол келмепті,ол бізге қоржынымен келіпті .
- Амансыңдар ма? Құрметті балалар, бүгін мен сіздердің сабақтарыңа қатысуға келгеніме өте қуаныштымын.Сіздерден жаңалық естіп, жаңа сөздермен танысайын деп келдім.Өйткені мен басқа заманнан келдім,сіздермен бірге жаңа сөздер үйренсем деймін.Балалар сөздердің аудармасын оқып беріңдерші –деп көмек сұрайды.
Балалар біз Алдар көсеге көмектесеміз бе? -көмектесеміз.
Қоржынды ашып көрелік.Ой,балалар, қараңдаршы, ішінде көп конверттер бар екен.Алдар көсе әкелген хаттарды оқып көрейік.

1-конверт. Сөздікпен жұмыс.
ғимарат-здание кең-широкий көмір- уголь
оңтүстік –юг шығыс – восток мұнай-нефть
солтүстік – север батыс – запад күріш-рис
Сөздерді аудармасымен бірге дауыстап қайталап оқимыз, есте сақтаймыз. Алдар көсе де бізбен бірге қайталап жаттайды.
-Дима, сен сөздікті дауыстап оқы.-жақсы.
-Лера , дауыстап оқы ,-рахмет.
Алдар көсе.Мен сендермен бірге жаңа сөздермен таныстым.Енді сіздер қайда тұрып жатырсыздар, ауылдарыңның аты қандай, көшелерің қандай соны білгім келеді.Өйткені , менің үйім , мекен –жайым кең дала.
Қоржынды алып ашып көрейік.. Жанар,Дима,Темірлан, Еділ,Ербол, Динара, Ләззат,Кенжебек,Лера сендерге жеке-жеке хаттар бар екен . Оқушылар хаттарын ашып оқып тақтаның алдында диалогқа жауап береді.

2-ші конверт. Диалог. Диалог сұрақтары:
1.Сен Қазақстанның қай жерінде тұрасың?(Солтүстік Қазақстан облысы)
2.Тұратын ауылың қалай аталады?(Бірлік)
3.Қандай көшеде тұрасың?(Абай)
4.Көшенің бойында нелер бар? (ғимараттар,үйлер,ағаштар )
5.Ауылдың батысында не бар? (Есіл өзені)
Алдар көсе жауапқа риза. Балалар , енді грамматикалық жаттығулар орындайық. Балалар өткен сабақтарда біз тәуелдеік жалғауларымыен таныстық , соны мысалдар арқылы еске түсірейік.
Дауыстыдан кейін. І ж. бала-м
ІІ ж. бала-ң немесе бала-ңыз
ІІІж. Бала-сы немесе жіңішке сөзде –сі жалғауы жалғанады
Дауыссыздан кейін: І ж. ... –ым/- ім
ІІ ж. ... -ың/- ің
... -ыңыз/- іңіз
ІІІ ж. ... - ы/- і

3 конверт. Грамматикалық жұмыс . Қоржыннан тағы бір хатты алып оқиық.
Хаттарды таратып беремін. Балалар, хаттарды оқып , сөз тіркестеріндегі көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауын қойып дәптерге жазамыз, (жазады).Жұмысты жақсы жасаған оушыларға жетон беремін.
Екі баланы тақтаға шақырамын, жұппен жұмыс жасаймыз , олар сөз тіркестеріндегі көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауын қойып тақтаға жазады.
менің өлке ... менің Отан ...
сенің өлке ... сенің Отан ...
сіздің өлке ... сіздің Отан ...
оның өлке ... оның Отан ...
тақтадағы жалғаулардың қатесін тексереміз, түзетеміз.

4 конверт.Суретпен жұмыс . Суретке қарап 2 –тапсырма бойынша сұрақтарға жауап беріңдер. Алдар көсе біздің қалалар, көшелер,үйлердің қандай екенін бізбен бірге тамашаласын.

ҚАНДАЙ?
Қалалары ..., ..., ... .
Үйлері ..., ... .
Көшелері ..., ... .
Қалалары жыл сайын жақсарады. Ал енді мына сөзге назар аударыңдар
АУЫЛ
Осы сөзге шамасына қарай кім сөз тіркесін құрай алады, кім сөйлем құрай алады, кім әңгіме құрай алады? Дәптерлеріңе орындаңдар.
5 конверт . Сыйлық . Балалар , кәне денелеріңді, қолдарыңды қозғап демалып ,біраз серігіңдер. Валеоминутка
6 конверт. Картамен жұмыс. Конвертті ашып картаны аламыз. Ал енді картаға назар аударайық . Картада нөмірленген ақ дақтар бар, оның шешуін табу үшін біз сұрақтарға жауап беруіміз керек. Сұрақтар:
1. Біздің Республикамыздың аты.
2. Қазақстанның астанасын ата.
3. Оңтүстік астананы ата.
4. Солтүстік астананы ата.
5. Көмірлі қала қалай аталады?
6. Күріштің қаласы қандай ?
7. Мұнайдың қаласы қандай?
8. Картадан ҚР ірі қалаларын табамыз.
Сабақты қорытындылаймыз. Балалар ,біздің бүгінгі тақырыбымыз Отан , туған жер, Қазақстанның қалалары болды.
- Кім Отан туралы өлең біледі?
- Кім Отан туралы мақал-мәтелдерді біледі? Үйге Қазақстанның қалалары туралы сөзжұмбақ жасап келу тапсырылған , тексеремін.
Үйге тапсырма : Модуль бойынша өткен сөздерді жаттап келу.
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.