.
.
Ақмола облысы «Тұңғыш ғалымдар»
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 465 | Просмотров: 5316 | Размер: 41.0 Kb | Автор: ТәрбиеБурабай ауданы
«Тұңғыш ғалымдар»
Сабақтар әзірлемелері
Тасыбаева А.М. – Оқжетпес
орта мектебінің қазақ тілі
пәнінің мұғалімі
Алғы сөз
Бул кітапшада 9 сынып бойынша сабақтар әзірлемері ұсынылған. Сабақтардың тақырыбы «Тұңғыш ғалымдар». Бұл сабақтар модульдің оқыту технологиясы негізінде құрылған.
9 сыныптағы «Тұңғыш ғалымдар» тақырыбы бойынша тұңғыш ғалымдар туралы мағлумат беру, грамматикалық білімді игеру, тілдік, қарым-қатынастық біліктерін арттыру мақсатын көздейді.
Модульдің құрамына 6 сабақ кіреді.
Кіріспе бөліміне – 1 сағат,
Сөйлесу бөліміне – 4 сағат.
Қорытынды бөліміне – 1 сағат.
Сабақтардың нәтижесінде оқушылар нені білуі тиіс:
- оқулық деңгейінде берілген тұнғыш ғалымдар туралы мағлұматтарды айта білу;
- шығармашылықтары туралы әңгімелей – байланыстырып сөйлей білу;
- сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін және жасалу жолдарын білу.
Нені меңгеруі қажет:
- тақырып бойынша жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгеру;
- оларды сөйлемде сабақтас құрмалас сөйлемдер арқылы қолдану;
- сөздік қоры байып, сөздерді айтуға дағдылану.
Лексикалық тақырып: «Тұңғыш ғалымдар»
Грамматикалық тақырып: «Сабақтас құрмалас сөйлем»
Бөлімі Сабақ саны Сабақтың мазмұны Уақыты
Кіріспе 1 Модульдік құрамын түсіндіру. Лексикалық тақырып.
Сөздік жұмысы.
Грамматикалық тақырып. 3 мин
20 мин
7 мин
15 мин
Сөйлесу 2
3
4
5 Ахмет Байтұрсынұлы.
Ш.Уәлиханов
Ы.Алтынсарин
Тұңғыш ғалымдар 45 мин
45 мин
45 мин
45 мин
Қорытынды
6
Қорытынды сабақ
45 мин
1 сабақ – кіріспе бөлімі
Сабақтың барысы
І. Кіріспе.
Халқымның Ұлы ғалымы,
Артық туған дарынды
Атқарған істер алымды
Өзіне тартар бәріңді.
Эпиграфты оқыту.
- оқушылар, сабағымыздың кілт сөзінің мағынасын қалай түсіндіңдер?
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Тұңғыш ғалымдар».
Модульдің құрамын түсіндіремін, сабақтың мақсатын баяндаймын.
Мына сызбаға сүйене отырып, осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша айтып беремін.
2. Тыңдаған мәтін бойынша сөздерді сөздікке жазу.
Тілші –
Оқу құралы –
Ерекше –
Табиғат күші –
Жаңа сөздермен сөз тіркес, сөйлем құрастыру.
ІІ. Грамматикалық тақырып.
Тақтада тірек сызба графопроектормен көрсетіледі.
Сызба арқылы грамматикалық тақырып түсіндіріледі.
ІІІ. Қорытынды.
Үйге тапсырма: сызба бойынша ережені білу, сөздерді жаттап алу.
2 сабақ
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Ахмет Байтұрсынұлы туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту.
2. Дамытушылық: тақырып бойынша түсініп оқу, байланыстырып сөйлеу, баяндау машықтарын дамыту.
3. Тәрбиелік: қазақ халқының белгілі тұлғаларын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, суреттер, сызба, кесте.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, кластер құру, іздену, ақпараттық- коммуникативтік.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі: интерактивті тақтада мақал-мәтелдер көрсетіледі.
Ғылым теңіз – білім қайық.
Кітап – ғылым, тілсіз мұғалім
Бүгінгі тақырыбымыз «Тұңғыш ғалымдар»
ІІ. Топтастыру әдісі.
«Ғалым» деген сөздің сырына үңілейік, балалар. Оқушыларды үш топқа бөлемін. «Ғалымдар» тақырыбына кластер жасау.
Әр топтап бір оқушы шығып, жазғандарын қорғайды. Сабақ барысында бұл кластерді толықтырып отырады.
ІІІ. Жаңа сабақты игеру.
1. Мағынаны ажырату сайысы.
«Ахмет Байтұрсынұлы» мәтінмен жұмыс.
«+» - білемін
«?» - мен үшін жаңа
«+» - менің ізденістерім.
Мәтінді оқу барысында оқушылар әр топта пікірлесіп, білгендерімен бөлісіп, білгісі келгендерін сұрайды. Сол сұрақтар бойынша сөздік жұмысы жүргізіледі. Жаңа сөздер: көрнекті, оқу құралы, ағартушы айналысады, басылып шықты, бітірген соң. Жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жазып алады, хормен қайталайды. Жаңа сөздермен сөз тіркес, сөйлем құрастырады.
Мына сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтаңдар.
Интерактивті тақтамен жұмыс.
Сөйлем Дұрыс Бұрыс
1. Ахмет Байтұрсынұлы қазіргі Торғай облысындағы Сартүбек деген жерде туған.
2. Әкесі оны оқуға бермейді.
3. Ахмет Байтұрсынұлы – көрнекті географ, саяхатшы.
4. «Тіл құрал» деп аталатын оқулығы 1914-1928 жылдар аралығында алты-жеті рет басылып шықты.
IV.Бекіту кезеңі.
Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
ІІІ- деңгей.
Мәтін бойынша сұрақ-жауап. Жұптық жұмыс.
1. Ахмет Байтұрсынұлы – кім?
2. Ол қай жылдары өмір сүрген?
3. Ол қай жерде дүниеге келген?
4. Мектеп бітірген соң, қай қалада оқиды?
5. Оқуды бітірген соң немен айналысады?
6. 1914 жылы басылып шыққан оқулығы қалай аталады?
ІІ-деңгей
Мәтінге тірек сызба дайындау.
І-деңгей
Мәтін бойынша күрделі жоспар құрап жазыңдар.
Мына жоспар бойынша А. Байтұрсынұлы туралы әңгімелеңдер.
V. Рефлексия.
Мағынаны ажырату мақсатымен, терең ойды қысқа сөзбен қамту әрі қазақ тілімен байланыстыру үшін оқушылар көмегімен бес жолды өлең пайдаланамын.
1. Бір зат есім.
2. Екі сын есім.
3. Үш етістік.
4. Мағыналы сөйлем
5. Синоним.
Ғалым
Көрнекті, дарынды
Зерттеді, жазды, сабақ береді
Дарынды ғалым оқу құралдарын жазды.
Ғұлама
Үйге тапсырма. «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тілі емлесінің реформаторы» деген тақырыпқа реферат жазу, жаңа сөздерді жаттау.
3 сабақ.
Сабақтың тақырыбы: «Шоқан Уәлиханов – ғалым»
Сабақтың мақсаты:
1. Шоқан Уәлиханов туралы мағлумат беру; сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін білу.
2. Тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгеру, сол сөздерді айтуға арқылы оқушылардың тілін дамыту.
3. Ғалымның өмірімен таныса отырып, оған деген мақтаныш, құрмет сезімін баулу.
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, интерактивті тақта, сызбалар, қосымша материал.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, insert-стратегиясы, кластер құру, іздену, топтау әдісі, ақпараттық- коммуникативтік.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ғылым туралы мақал-мәтелдерді интерактивті тақтада көрсетіп қайталау.
Оқусыз білім жоқ, Алтын алма,
Білімсіз күнің жоқ. Білім ал.
ІІ. Қайталау.
1. Үй тапсырмасын тексеру.
2. Өткен сабақтың сөздерін қайталау, сөздік хормен айтылады.
Оқушы – сынып, сынып – оқушы режимінде жүргізіледі.
Сөздікті қолданып сөйлем құрау.
ІІІ. Жаңа тақырыпты игеру.
1. Сызбаны пайдалана отырып жаңа тақырыппен таныстыру.
(интерактивті тақтаны қолдану)
Сабақтас құрмалас сөйлем 6 түрге бөлінеді
Оқушылар мысал келтіріп, кластерді толықтырады.
2. Мәтінмен жұмыс.
«Шоқан Уәлиханов» деген мәтінді тізбектеп оқиды.
Insert – стратегиясы бойынша оқу
«+» білемін
«√» мен үшін жаңалық
«-« білмеймін
«?» білгім келеді
Топтық жұмыс.
Күтілетін нәтиже:
Хат таныған, әруақ, оянған, қайта қозу,
Шаһар, жан-жақты.
Жаңа сөздерді дәптерлеріне жазады, хормен қайталайды; сөз тіркес құрастырады, орысшаға аударады
3. Диалог құрастыру.
Мәтін бойынша диалог дайындайды. Жүптық жұмыс.
- Шоқан Уәлихановтың шын аты кім болған?
- Шоқан Уәлихановтың шын аты Мұхаммедханафия болған.
- Қай жерде Шоқан Уалиханов дүниеге келген?
- Шоқан Уәлиханов Қостанай облысының Құсмұрын бекітінде дүниеге келген.
- Шоқанның зерттеушілік қабілеті қашан оянған?
- Шоқанның зерттеушілік қабілеті оқып жүргенде оянған.
- Шоқанның тамаша еңбектерінің бірі қалай аталады?
- «Алтын шаһардың жайы туралы.» деп аталады.
- Уәлихановтың ең қызық шығармалары неге арналады?
- Уәлихановтың ең қызық шығармалары қазақтың ескі дінінің тарихына арналған.
IV. Рефлексия.
Шоқан Уәлиханов туралы бүгінгі сабақта нені білдік? Сызба жасайды.
Үйге тапсырма: сөздікті жатқа оқу, Шоқан Уәлиханов туралы әңгімелеу.
4 –сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Ыбырай Алтынсарин туралы түсінік беру;
2.Дамытушылық: тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын молайту; түсініп сөйлеу; коммуникативтік машықтарын дамыту;
3. Тәрбиелік: ғалымның өмірімен таныса отырып, оған деген мақтаныш, құрмет сезімін баулу.
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, интерактивті тақта, сызбалар, қосымша материал.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: коммуникативтік жаттығулар, аудирование, әңгімелеу, ақпараттық- коммуникативтік.
Сабақтың барысы.
1 Кіріспе.
1. Сабақтың мақсатын, тақырыбы интерактивті тақтада көрсетіледі:
Кел, балалар, оқылық
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан табылар.
Балалар, бұл өлеңді кім жазғанын білесіңдер ме? Бүл өлеңді барлық балалар жатқа біледі.
- Ыбырай Алтынсарин.
2.Қайталау
1.Өткен сабақтардың жаңа сөздері хормен айтылады.
2.Оқушыларға үлестірме карточкалар беріледі.
3. Тапсырма: Бағдар сызықпен көрсете отырып, екінші бағанадан аудармасын табыңдар: (интерактивті тақта)
Ағартушы разносторонний
Бітірген соң просветитель
Хат таныған занимается
Шаһар город
Айналысады окончив
Жан-жақты обучался грамоте
Тіл ұстарту. (Аудирование)
1.Оқушылар «Ыбырай Алтынсарин» атты мәтінді тыңдайды.
«Ыбырай Алтынсарин 1841жылы Торғай облысында туған. Оның әкесі ерте қайтыс болды. Ыбырайды атасы Балғожа тәрбиеледі. 1850 жылы Балғожа өзінің немересін қазақ балаларына арнап ашылған мектепке оқуға береді.
Мектепте ол алғаш татар тілінде оқиды. Ыбырай жеті жылдық мектепті бітірген соң, туған халқы үшін қызмет етеді. Ең алдымен тілмаш, кейін мектепте мұғалім болып істейді. Ол қазақ балалары үшін мектептер ашып, жаңа мектептер салдырды.
Дарынды педагог 1879 жылы мектеп оқушыларына арнап «Қазақ хрестоматиясы» мен «Қазақтарға орыс тілін оқыту құралы» деген екі кітап жазып, бастырды.
Ыбырай Алтынсарин «Өзен», «Жаз», деген өлеңдері табиғат туралы.
Оның « Кел, балалар, оқылық» деген өлеңін қазір барлық балалар жатқа біледі. Ыбырай Алтынсариннің қай шығармасын алсаң да, балаларды білімге, еңбекке, адалдыққа, іскерлікке шақырады. Ы. Алтынсарин әрі педагог, әрі ақын, әрі жазушы болған. Ол өз халқын жоғары бағалаған. Ол өз халқын сүйген патриот адам».
Мәтіннің мазмұнын дұрыс түсінгендерін тапсырмалар арқылы тексеру.
Тапсырма: Мына мәтінде берілген сөзбен сөз тіркестерді орысшаға аударыңдар: қайтыс болды, немересі, қазақ балалрына арнап, тілмаш, қазақ тіліне аударды адалдық, жоғары бағалайды.
Тапсырма: Тірек сөздерді пайдаланып, мәтіннің әрбір бөлігін мазмұндап беріңдер:
Тірек сөздер:
1 бөлігі - Торғай облысында, ерте қайтыс болды, атасы Балғожа тәрбиеледі, татар тілінде, халқы үшін, мұғалім болып істейді;
2 бөлігі - дарынды педагог, бастырды, өлеңдері,табиғат туралы;
3 бөлігі - адалдыққа шақырады, жатқа біледі, жоғары бағалаған.
Тапсырма: Тірек сөздерді пайдаланып, өзара сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу
Күтілетін нәтиже:
-Ыбырай Алтынсарин қай жылы және қайда туған?
-Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай облысында туған.
-Ыбырайды кім тәрбиеледі?
-Ыбырайды атасы Балғожа тәрбиеледі.
-Мектеп бітірген соң, кім болып істейді?
-Мектеп бітірген соң, ол мұғалім болып істейді.
-Ол қазақ балалары үшін не ашты?
-Ол қазақ балалары үшін мектептер ашты
-Ы. Алтынсарин кім болған?
-Ы. Алтысарин педагог, ақын, жазушы болған..
Тапсырма: Мына жай сөйлемдерден сабақтас құрмалас сөйлем жасаңдар:
1. Ыбырайдың өз әкесі Алтынсары ерте қайтыс болды. Ол атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өсті.
2. Ыбырай Орынборда жетіжылдық мектепті бітірді. Ол атасы Балғожа бидің хатшысы болды.
Тапсырма: Төмендегі сызба бойынша Ыбырай Алтынсарин туралы әңгіме дайындау. Топтық жұмыс. Байланастырып сөйлеу.
4. Рефлексия
1.Қазақ халқы Ы. Алтынсаринді қалай бағалайды?
2. Ы. Алтынсариннің есімімен нелер аталды?
Үйге тапсырма: «Ы. Алтынсарин» деген тақырыпқа реферат жазу.
5-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: «Тұңғыш ғалымдар».
Сабақтың мақсаты:
1) Тұңғыш ғалымдар туралы мағлұматтарды айта білу, шығармашылықтары туралы байланыстыра сөйлей білу;
2) Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың шығармашылық ойын дамыту, өз пікірін айта білуін қалыптастыру;
3) Белгілі адамдар өмірін өнеге етіп тәрбиелеу; оқушылардың қазақ тіліне деген белсенділік, қызығушылығын арттыру.
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, сызбалар, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, Венн-диаграммасы, коммуникативтік жаттығулар, ақпараттық- коммуникативтік.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту. Бүгінгі сабақта біз тұңғыш ғалымдар, дарынды тұлғалар Ахмет Байтұрсынов, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин туралы тақырыптарды бекіте отырып, жаңа сөздерді қайталап, грамматикалық тапсырма орындаймыз және осы тұлғалар туралы баяндаймыз. Оқушыларды 3 топқа бөлемін. Ғылым, білім туралы мақал-мәтелдер сайысы өткізіледі.
ІІ. Қайталау.
Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, грамматикалық тапсырма орындайды. Барлық тапсырмалар интерактивті тақтада орындалады.
1-тапсырма. Мына сабақтас құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар. Шоқан қазақ, қырғыз, ноғайлы әдебиетінің жазба мұраларын, тарихи шежірелерді жинап, бір жүйеге келтіріп, олар жөнінде ғылыми талдаулар жасады.
2-тапсырма. Мына сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңдар. «Ол мезгілді уақытында келе алмай, біз біраз кешігіп қалдық. Бүгін қара жел басылысымен, қиыршықтап қар да түсе бастады.»
3-тапсырма. Мына сабақтас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін дұрыс қойып жазыңдар.
1) Сонда үйленіп тұрып қалады.
2) Сөйтіп жүргенде ескі өкпе ауруы қайта қозып Шоқан 1865 жылдың сәуір айында қайтыс болады.
2. Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздерді хормен айту. Әр топтан бір оқушы ортаға шығады, сөздерді орысшаға аударады.
Сынып-оқушы ретінде жұмыс жасалады.
ІІІ. Бекіту.
1. Топтық жұмыс. Әр топ біріне-бірі Ахмет Байтұрсынұлы, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин тақырыптарға сұрақ қояды.
1 топ – Ахмет Байтұрсынұлы тақырыбына қойылған сұрақтарға жауап береді.
2 топ – Ыбырай Алтынсарин тақырыбына қойылған сұрақтарға жауап береді.
3 топ – Шоқан Уәлиханов тақырыбына қойылған сұрақтарға жауап береді.
2. «Тұңғыш ғалымдар» тақырыбын қорытындылай отырып, оқушылар Венн-диаграммасын толтырады.
1 топ – Ахмет Байтұрсынұлы мен Шоқан Уәлихановты салыстырады.
2 топ – Шоқан Уәлиханов пен Ыбырай Алтынсаринді салыстырады.
3 топ – Ахмет Байтұрсынұлы мен Ыбырай Алтынсаринді салыстырады.
1 топтың диаграммасы:
Әр топтан бір оқушы ортаға шығып Венн-диаграммасын қорғайды.
1. Шығармашылық тапсырма. Тұңғыш ғалымдар – шын мәнінде ғылым үшін туған адамдар. Бұл ойды қалай деп түсінуге болады? Пікір алмасу.
ІV. Сабақтың қорытындысы.
1. Тұңғыш ғалымдарды ата.
2. Олардың жазған еңбектерін ата.
3. Тұңғыш ғалымдар кімнің пайдасына еңбек етті.
Үйге тапсырма: Ы. Алтынсарин туралы реферат жазу.
6 сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ
Сабақтың мақсаты:
1. Өткен тақырыптар бойынша сөздік қорын жүйеге келтіріп, байланыстырып сөйлеуге баулу;
2. Оқушылардың ойын жүйелей отырып, тіл дамыту.
Сабақтың түрі: бақылау-пысықтау сабағы.
Сабақтың барысы:
І. Кіріспе сөз.
Оқушылармен әңгімелесу. Ы. Алтынсарин қандай адамгершілік қасиеттерге баулиды?
Ш. Уәлиханов қазақ халқының қандай рухани күшіне сенді?
Бүгін біз «Тұңғыш ғалымдар» тақырыбы бойынша сөздікті жүйелеп әңгімелейміз.
ІІ. Қайталау.
1.Оқушылар жеке тапсырма орындайды. Перфокартамен жұмыс.
Перфокарта №1. Мына сөздерді дұрыс аудар.
Окончив Умер Просветитель Переводчик Издан Честный Разностороний
Ағартушы +
Қайтыс болды +
Тілмаш +
Адалдық +
Жан-жақты +
Бітірген соң +
Басылып шықты +
Орындаған тапсырмаларды оқушылар өзара тексеріп, бағалайды.
2.Аудару жұмысы. Кім шапшаң аударып береді?
1 парақша. Қазақ тіліне аударыңдар.
1) Талантливый переводчик, просветитель, а также автор учебных пособий Ахмет Байтурсынов родился в Тургайской области.
2) Один из самых интересных трудов Шокана Уалиханова посвящено истории древней казахской религии.
3) Шокан умер в апреле 1865 года.
4) В начале он работает переводчиком, затем учителем в школе.
2 парақша. Орыс тіліне аударыңдар.
1) Шоқанның зертеушілік қабілеті оқып жүргенде оянған.
2) Дарынды педагог 1879 жылы мектеп оқушыларына арнап «қазақ хрестоматиясы» мен қазақтарға «Орыс тілін оқыту құралы» деген екі кітап жазып, бастырды.
3) Ы. Алтынсарин әрі педагог, әрі ақын, әрі жазушы болған.
4) А. Байтұрсынұлы 1913 жылы Орынборда «Қазақ» газетін шығарды.
ІІІ. Реферат қорғау.
Зерттеулік жұмыс. Байланыстырып сөйлеу. Оқушылар тақырып бойынша жазған рефераттарын қорғайды. Әр оқушы рефератын жазған жоспар бойынша қорғайды.
Оқушылар алдына қойылған мақсат:
1) Оқушының ізденуі.
2) Тақырыпты ашуы.
3) Мәтінмен жұмыс.
4) Тіл дамыту жұмыстары.
5) Әдебиет, тарих пәндерімен байланыс.
6) Қосымша әдебиетпен жұмыс.
ІV. Рефлексия
Жедел-сұрақтар (Блиц-сұрақтар)
1) Ахмет Байтұрсынұлы қай жылдары өмір сүрген? (1873-1937 жж)
2) Ахмет Байтұрсынұлы немен айналысады? (әдебиетпен)
3) Ол қандай газет шығарды? («Қазақ»)
4) Шоқан Уәлиханов қай қаладағы кадет корпусында оқыды? (Омбыда)
5) Шоқан Уәлиханов нені жазып алумен айналысады? (аңыз, әңгіме, жырларды)
6) Шоқанның тамаша еңбектерінің бірін ата. («Алты шаһардың жайы туралы»)
7) Ыбырай Алтынсарин кімге арнап мектеп ашты? (балаларға)
8) Оның қандай өлеңін барлық балалар жатқа біледі? («Кел, балалар, оқылық»)
Үй тапсырмасы.
Оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.