Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Таңғажайып алаңы» -

«Таңғажайып алаңы»

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 243 | Просмотров: 1497 | Размер: 67.0 Kb | Автор: Тәрбие
. «Бакалавриат» мектебі




Тақырыбы: «Таңғажайып алаңы»
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Тойғұлиева Р.М.

Алматы - 2010
Ойын сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Таңғажайыптар алаңы»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі – балалардың аңдар туралы білімдерін тиянақтау, Қазақстанда кездесетін аңдардың түрлерімен танысу, әр аңның қасиеттерін білу.
2. Дамытушылық – оқушының ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру т.б.
3. Тәрбиелік – оқушыны жан – жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға,сабырлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың пәнаралық байланысы: Орыс тілі, биология
Сабаққа қажет көрнекі құралдар: Айландырма барабан, суреттер, сыйлықтар, т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме, балалар? Бүгін сіздер «Таңғажайып алаңына» келіп отырсыздар.Бұл алаңда біз аңдар әлемімен танысамыз.Ойынның тартысты және қызықты өтуі сіздерге байланысты . Олай болса мен сіздерді ойынның шартымен таныстырайын.
ІІ. Ойынның шарты
Әр сыныптан оқушыларды білім деңгейіне байланысты таңдап, 9 оқушы шығарамыз. Оларды сыныптарына байланысты 3 топқа бөлемін. Ойын 3 турдан тұрады. Бұл турлардан жеңіп шыққан жеңімпаздар финал ойынына қатысады. Финалдан шыққан оқушы «Супер – ойынға» қатысады. «Супер – ойынды» ойнау ойнамауды ойыншы өзі шешеді. Егер ойнайтын болса барабан бетіне супер ойын сыйлықтары ілінеді. Барабанды айналдырып сыйлығын таңдайды, яғни нұсқағыш қайсысына тоқтайды соны алады. «Супер – ойынның» жеңімпазы арнайы сыйлықпен және мақтау қағазымен марапатталады.
Ойын кезегін күтпей жауап берген оқушы ойыннан шығарылады немесе бірден жауап берген кезде бір әріптен қате жіберсе ойыннан шығады.

ІІІ. Ойынның жүру барысы
Тақтаға аң атауына байланысты жасырын сөздер беріледі. Бұл сөздерді барабанды айландыру арқылы ойыншылар табады. Әріптеп табу арқылы немесе бірден жауабын беру арқылы табуға болады. Егерде жасырынған сөзде ойыншы айтқан әріп екі немесе одан да көп кездесетін болса, сәйкесінше сонша есе ойыншының ұпай саны еселенеді. Ойыншы үш әріпті қатарынан тапса екі сандықша әкелінеді, 1 сандықшаның ішінде теңге жасырылған, сол сандықшаны тапқан оқушы теңгені алады. Тақтада айландырма барабан ілініп тұрады. Бұл барабанның бетінде сандар белгіленген. Сандарды жинау арқылы ұпайын толықтырады. Егер оқушы финал ойынына шықса, осы жинаған ұпайларына сыйлық сатып ала – алады. Ол үшін тақтада бағалары белгіленген сыйлықтар тізімі ілінеді, осы сыйлықтардың бағасына қарап жинаған ұпайына шақ сыйлық сатып алады.
Барабан бетіндегі Ө (банкрот) белгісі жинаған ұпайларыңызды түгелдей күйдіріп, әріп немесе сөз айту мүмкіндігінен айырып, келесі адамға кезегіңіз беріледі. Барабан бетіндегі сөйле белгісі сіздің қазақша ән шырқап немесе тақпақ айтуыңызды талап етеді. Егер бұл талапты орындай алмасаңыз кезегіңізді келесі ойыншыға беруіңізге тура келеді. Ал егер талапты орындасаңыз, ойынды жалғастырасыз. Барабан бетіндегі сыйлық белгісі сізге сыйлық алу мүмкіндігін береді. Ол үшін сіз таңдау жасайсыз не сыйлықты аласыз, не ойнайсыз. Сыйлықты алсаңыз ойыннан шығасыз.
І тур
2 сынып - Диас, 3 сынып – Лера, 4 сынып - София
Үш оқушы шығады. Алдарына жеребе тастаймын. Рет сандарын анықталғаннан кейін әр ойыншы кезегімен өздерін таныстырады. Таныстырып болғаннан кейін мен бірінші турдың жасырылған сөзінің сұрағымен таныстырамын. Мына тақтада жасырылған сөзді тапсаңыз 2010 жылдың қазақша жыл атауы шығады (БАРЫС).

ІІ тур
5 сынып – Женя, Никита 6-сынып - Әдилер
Үш оқушы шығады. Алдарына жеребе тастаймын. Рет сандарын анықталғаннан кейін әр ойыншы кезегімен өздерін таныстырады. Таныстырып болғаннан кейін мен екінші турдың жасырылған сөзінің сұрағымен таныстырамын. Жирафтың қазақша атауы (КЕРІК).
ІІІ тур
6 сынып – Илана 7 сынып - Аружан, Айтемир
Үш оқушы шығады. Алдарына жеребе тастаймын. Рет сандарын анықталғаннан кейін әр ойыншы кезегімен өздерін таныстырады. Таныстырып болғаннан кейін мен үшінші турдың жасырылған сөзінің сұрағымен таныстырамын. Қазақша жыл басы қалай аталады (ТЫШҚАН).
Финал ойыны
Жеңімпаз үш оқушыға жеребе тасталып, кезегін анықтайды. Финал ойынының сұрағы. Жүрегі ең кішкентай аң (АРЫСТАН).
Супер ойын
Жеңімпаз «Супер – ойынды» таңдаған болса, бір минут уақыт беріледі. Тақтадағы жасырын сөздің сұрағымен таныстырамын. Ең биік жартастарда мекендейтін аң (АРҚАР). Сіздің жасырын сөзден үш әріп айту мүмкіндігіңіз бар (ойыншы үш әріп айтады, егер айтқан әріптері сәйкес келсе әріптерді ашасыз). Ойлану уақытыңыз басталды.
Қорытынды: Осымен балалар ойынымыз аяқталды. Ат салысып қатысқандарыңызға үлкен рахмет. Келесі ойынды бұдан да қызықты ғып өткізейік. Сау болыңыздар!

Сабақтан көріністер:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.