.
.
№16 Д.Жазықбаев атындағы жоғары сатылы мектеп «Табиғатты қорғаймыз»
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 302 | Просмотров: 1950 | Размер: 48.0 Kb | Автор: ТәрбиеАшық сабақ :
«Табиғатты қорғаймыз»
(сайыс сабақ)
Дайындаған: Сланова Фарида Қойшыбаевна
Сайыс тақырыбы: «Табиғатты қорғаймыз»
Мақсаты: Табиғатты аялауға шақыру.
Білімділігі: Оқушыларға табиғат ананы қорғап, қастерлеу керектігін ұғындыру. Мәтіннің мазмұнын ашу.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын дамыту, ойлау қабілеттерін және дүние танымын кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты: Табиғатты аялап – қорғауға, елді – жерді сүюге, болашақ ұрпақтың табиғатқа деген сүйішпеншілігін оятып, эстетикакалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: Жаңа технологиялық элементтерінен топтау әдісі, кубизм әдісі, еркін жазу стратегиясы, оза оқыту стратегиясы.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, табиғаттану, дүниетану, орыс тілі, бейнелеу.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, қима карточкалар, суреттер, ақындардың өлең жолдарынан үзінді.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
- Оқушылар, осы тақырыпты бастарда мен сіздерді үш топқа бөліп қоямын. Бөлгендегі мақсатым, сіздерді жарыстыру емес, берілген тапсырмаларды, яғни осы сабақты бірлесе, ұжымдаса отырып орындау.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
- Қазақ батырлары: Қабанбай мен Бөгенбай батырлар туралы түсінік айту. 1-тапсырма.
3. Үй тапсырмасын қорыту: 1-2 баладан сабақ сұрап, 1-2 балаға пысықтау сұрақтарын қою. Венн диаграммасы бойынша.
4. Жаңа сабақ.
(Плакатқа әдемілеп жазылған Мұқағали Мақатаевтың «Табиғат» өлеңі жазылып қойылған).
1). Өлең оқылады.
Әй, табиғат, шеберсің ау,шеберсің,
Көрмегенді көрсетерсің, көрерсің,
Ұлан ғайыр байлығыңды місеетпей,
Ашкөзденген адамдарға не дерсің.
Айың анау, күнің анау, жерің мынау,
Ау, адамдар, жетпей жатыр енді не?
Табиғатқа таласпаңдар, ағайын,
Асырайды сеніде де, елді де...
- Балалар біздің тақырыбымыз, Табиғатты қорғау деп аталады. Мына кітапта «Табиғаттың панасымыз» деген өлең берілген екен, соған мән берейік.
- Балалар өлеңде не жазылған?
- Ия, табиғаттың құбылыстары мен оны қорғау туралы жазылған.
- «Табиғаттың панасымыз» дегенді қалай түсінесіздер?
- «Табиғаттың панасымыз» деген яғни, табиғаттың қорғаушысымыз, біз оны аялап, мәпелеуге тиіспіз, сол үшін де табиғатқа біз пана бола аламыз.
- Дұрыс, өте жақсы. Енді қайсысың жақсылап, мәнерлеп оқып бересіңдер? 1 оқушы мәнерлеп оқиды.
2). Балалар, ендітақтаға көңіл аударайық.
- Қызыл кітап деген не? Кім біледі?
- Қызыл кітап –бұл қорғауға алынсын деп азайған аң-құстар мен қорықтар енгізілген кітап.
Табиғат және экология.
Азайды белдер, құсы шулаған,
Жоғалды көлдер балығы тулаған,
Ағашы сынып, айнала жұтап,
Орманның орны жатыр қураған.
Ұрпаққа не қалар сол қайғы,
Түзету керек бұл жайды.
Табиғатқа бұлайша енді,
Қарауға болмайды, болмайды...
1-бетше. Ұжымдық жұмыс.
1. «Табиғат біздің панамыз»-дың артындағы тапсырма бойынша 3 сұрақ 3 топқа. (балықтарды суға салу).
1).
2).
3).
Міне, балалар тартылған көлдің балықтарына біз көмектесіп, қайтадан суға салғасын, балықтар сіздерге рахмет айтуда.
2-бетше. «Орманның сәнін келтіру»-деп аталады.
Осы тақырыпқа байланысты «Орманды аралап келейік»-деген мәтін бар екен, соны алдымен түсіндіріп өтейін.
Сабақ түсіндірілген соң, 1-2 сұрақ қойылып, сабақ пысықталады.
1). Атасы Қошанды қайда шақырды?
2). Ақжал деген не? Сосын диалог етіп 1 оқытып шығу.
Енді, балалар, мына 2 бетшедегі орманды аралайық, адамзат өзі ағаштарды кесіп, орманның сәнін кетірген. Сәні кеткен орманнан аңдар да жан-жаққа тарасқан. Енді осы орманға ағаш егіп, аңдарды қайтару керек. Ол үшін мына 3сұраққа 3топ жауап береді.
1. Қошан атасынан нелерді сұрады?
2. Атасы Қошанға нені біл деді?
3. Олар қайда келді?
- Өте жақсы балалар, мәтіннің соңындағы сөздікке назар аударамыз. (Сөздіктер тақтаға ілінеді және дәптерлеріне жазылады, мағынасы түсіндіріледі).
3 бетше туралы.
- Балалар қәзір табиғатта неше түрлі біз білмейтін сыр жатыр. Су тасып, үйлер құлауда, не болмаса зілзала, апаттың салдарынан тұрғын үйлер жапа шегуде. Мына үйлер құлаған екен, соын біздің білімді балаларымыз тұрғызуы керек, енді соған назар аударамыз.
1). Шатыр – «Ақжал» деген сөзге фонетикалық талдау жасау және сөйлем ойлау.
құрауер урет
2). Сікке – ауыл маңында деген сөз тіркесінен сөйлем құрап, синтаксистік талдау жасау.
3). Қалың орманды – сөйлем ойлау, сөз құрамына талдау.
Міне, енді аңдар да бізге рахметін айтып, мекендеріне оралуда.
4-бетшеде:
Табиғаттың бір әдемі көрінісі суреттелген.
Осы туралы 3 топ әңгіме құраулары керек. Яғни, 5-6 сөйлем құрап көрсету.
- Балалар біз бүгін табиғат туралы біраз нәрсе өттік. Енді сабағымызды былай пысықтайық.
- Бізді қоршаған орта қалай аталады?
- Табиғат бізге не береді, оған нелер жатады?
Ал, енді осы табиғат туралы кім өлең біледі, білетіндерің бар ма?
- Айзада
- Гүлдана
- Ерік
- Балалар, енді, маған назар аударыңыздар. Жұмбақ жасырып, шапшаңдық-пен табамыз. Ол үшін, мына кубикте 6 жұмбақ бар. Соны 3 топ 2-ден бөліп алып, шешеді.
- Қане, кім батыр?
- Бірінші келіп кубикті лақтыру керек. Жұмбақтар:
1). Көктемде көңіл идіреді,
Жазда салқындатады.
Күзде тамақтандырады,
Қыста суықтан қорғайды. (орман)
2). Отырса жасыл,
Ұшса сарғаяды,
Жерге түсіп қараяды. (жапырақ)
3). Жасыл, бірақ жуа емес,
Өзі ақ, бірақ қар емес,
Бұйра-бұйра, бірақ шаш емес. (аққайың)
4). Керегінше әрқайсың,
Сіміресің, қанбайсың,
Онсыз жерде он минут,
Өмір сүре алмайсың. (ауа)
5). Көпшілікті тәнті еткен,
Жылғадан өткен. (су)
6). Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (күн)
Сонымен, үйге тапсырма:
Өлеңді жаттау, мәтінін, мазмұнын айту.
САБАҚТЫ ҚОРЫТУ.
Қорытындылау:
Білсең егер, Табиғатта зор мән бар
Онда: аң, құс, жануарлар, ормандар.
Жерің, суың, таза ауаң қажетті
Шын жүректен оны сендер қорғаңдар
Сүйейік, табиғатты аялайық.
Біз де одан жақсылықты аямайық,
Анадайтабиғаттың аясында,
Жас балаша қуанып, демалайық!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.