.
.
№ 4 C.Сейфуллин атындағы орта мектебі “Талғаулы салалас құрмалас сөйлем”
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1732 | Размер: | Автор: ТәрбиеАшық сабақ
Тақырыбы: “Талғаулы салалас
құрмалас сөйлем”
9-сынып
Пәні: Қазақ тілі
Пән мұғалімі: Исмайлова Б.Х.
Қызылорда қаласы
Тақырыбы: Талғаулы салалас құрмалас сөйлем.
Мақсаты: 1. Салалас құрмалас сөйлемнен өткен материалдарды пысықтай отырып, оқушыларды салалас құрмаластың талғаулы түрімен таныстыру;
2. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын, мағынасын, ерекшеліктерін меңгерту, оқушылардың тілін, сөйлеу тұрғысынан ойлау қабілетін дамытып, сауаттылығын арттыру;
3. Сөйлемдер арқылы оқушыларды адамгершілікке, бірлікке,еңбекке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: тест сұрақтары, сұрақ-жауап, талдау, топтастыру, ой шақыру,
кубизм, тұжырымдау, жаттығу жұмыстары.
Көрнекілігі: таблица-планшет, таблица, сигналдық кеспе, бор, тақта, слайд.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, эстетика, сызу.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Оқушыларды түгелдеп, үй тапсырмасын пысықтау мақсатымен тест сұрақтарын таратамын да, 3 минутта дұрыс, нақты, дәл орындап, фамилиясын жазуды тапсырамын. Қорытындысын экспорт – сарапшы Жанат Қорғанбекова шығарады.
Орындағаны: - 23
Қатесіз – «5» - 16
1 қате – «4» - 5
2 қате – «3» - 2
3 қате – «2» -0
Қорытынды есепке алынып, бағаланады.
ІІІ. Оқушылардың өзіндік ой-пікірлерін қалыптастырып, жұмыс қабілетін арттыру үшін 5 топқа бөліп, тобымен отырғызамын.
І топ – сұрақ қоюшы
ІІ – ІІІ – ІҮ – жауап беруші
Ү – сарапшы топ
а) Әр топтың мақсатымен таныстырып,сарапшы топтың әділдігін, пікірін, қорытындылау;
ә) Тест қорытындысын тыңдау;
б) Қойылған теориялық сұрақтар тақырыпты, өткен материалдарды толық қамтуы тиіс.
в) Сарапшы топ берілген сұрақ-жауаптарға талдау жасайды.
ІҮ. Жаңа сабаққа кіріспе.
Қызығушылығын ояту. Болжау. Ой шақыру.
- Талға, Талғам, Талғампаз, Талғау деген сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?
- Мағынасын түсіндіргеннен кейін, тірек сөздері арқылы жаңа сабақты бастаймын.
Таблица планшет
Талағаулы салалас құрмалас.
1. Шындықты не көзімен көрген айтар немесе құлағымен естіген айтар.
/ - не - , немесе -/
2. Бұл жерде я сен тұрасың, я мен тұрамын. / - я - , я - /
Жалғаулықтары: не, немесе, я, яки, болмаса, әйтпесе, әлде, не болмаса, я болмаса;
Салыстыр: Омар я Алматыға, я Астанаға барады. (сөйлемнің бірыңғай мүшесі)
Тұжырым: 1. Талғаулы салаластың құрамына енген сөйлемдердегі
іс-әрекеттің біреуі ғана орындалуы мүмкін;
2. Талғаулы салалас құрмалас компоненттері тек қана
жалғаулықтармен байланысады;
3. Жалғаулықтардан бұрын келетін жай сөйлемнің алдынан үтір
қойылады;
4. Жалғаулықтарын алып тастаса, ыңғайласқа айналады;
Ү. Жаттығу жұмысын орындау. №14
(Тақтада – 3 оқушы орындайды) Қалғаны өз бетінше орнында орындайды.
Талғаулы салалас құрмаласты теріп жазу, сызбасын сызу.
1. Кезек-кезек шелекті не машинамен айналдырып шығарады, не атпен айналдырып тартып шығарады. / - не - , не - /.
2. Я алқымда булығып ашу тұрды, я көзінде жаңа біа үрей тұрды.
/ я -, я - /.
3. Тура келесің бе, әлде жолдағы ауылдарға соқтың ба? / - әлде - ? /.
(дәптерлеріне жазады)
ҮІ. Бекіту. Кубизм тапсырмалары:
1. Талғаулы салалас құрмалас схемасын сызыңыз.
Маған бура я жетер, я жетпес.
2. Салыстырыңыз.Қайсысы талғаулы салалас?
а) Күн батты, тауды көлеңке басты.
ә) Не күн батар, не тауды көлеіке басар.
3.Сөйлем құрастырыңыз: / я - , я - /.
4. Талғаулы салалас құрмалас жалғаулықтарын іздеңіз:
бірақ, әрі, өйткені, я, яки, және, не болмаса.
5.Айырмашылығын айтыңыз.
6. Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз? Эссе жазу.
ҮІІ. Үйге тапсырма: 16-жаттығуды жазу; ережелерді жаттау.
ҮІІІ. Қорытынды: Бүгінгі сабақта талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің ерекшеліктеріне көз жеткіздік, келесі сабағымыз – кезектес салалас құрмалас сөйлем.
ІХ. Бағалау.
Сабақтың соңы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.