Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тиімді оқыту - уақыт талабы -

Тиімді оқыту - уақыт талабы

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1587 | Размер: | Автор: гость
. Барлыбай Айнұр Әбдіғаппарқызы,
№46 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
ОҚО, Шымкент қаласы
Сабақтың тақырыбы: Тиімді оқыту - уақыт талабы

Ұстаздардың біліктілігі жоғары, кәсіби дайындалған, құзіретті маман болуы бүгінгі күннің әрбір ұстазға қойып отырған талабы деп түсінемін. Жаңа ғасырда жаңаша ойлайтын жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр. Ұстаздық ету - тынымсыз еңбек, таусылмас төзім мен шынайы сезім бірлігі. Қазіргі таңда орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында оқытудағы Кембридж тәсілі ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыру, зерделеу мақсатында жүргізілуде. Жаңашылдыққа ұмтылу - ұстаз бойындағы асыл қасиет. Бүгінгі таңда осы әдіс-тәсіл бойынша сабақ беруді күнделікті тәжірибемізге ендірудеміз. Заманымыздың ұлы перзенті Жүсіпбек Аймауытовтың : «Мұғалімнің айналысатыны - үнемі қозғалып, өгеріп, өсіп-өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдістен табан алмай шектеліп қалуға болмайды. Сабақ беру үйреншікті шеберлік емес, ол - үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер... » деген ұлағатты сөзін өз іс-тәжірибемде үнемі басшылыққа алып отырамын. Әріптестеріме қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспарымды ұсынамын.

Қысқа мерзімді жоспар
ПӘНІ Қазақ әдебиеті сыныбы 11ә
ТАҚЫРЫП Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абай мен Құнанбай бейнесі

МАҚСАТЫ Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы - ғасырлық туынды екендігі жөнінде білім бере отырып роман-эпопеядағы Абай мен Құнанбай бейнесін салыстыру арқылы, өзіндік тұжырым, пікір жасау дағдыларына үйрету. Эстетикалық- философиялық ой дағдыларын дамыту.
ОҚЫТУ НӘТИЖЕСІ Ақыл- ойларын, іскерлік белсендіктерін, шығармашылықтарын шыңдайды;
Бір-бірінің ойына пікірлерін еркін қоса алады;
Бір-бірімен қарым-қатынасы қалыптасады;
Бір-бірін тыңдай білуге үйренеді, бағалай алады;
Топтасуды үйренеді, мағынаны ашуда бірлесе жұмыс атқаруға дағдыланады, білімін кеңейтеді.
ТҮЙІНДІ ИДЕЯСЫ «Абай жолы» - халық жолы...» пікірін сабақ барысында ашу.
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР АКТ пайдалану, «Кластер» әдісі, сын тұрғысынан ойлау, жұптық, топтық жұмыстар, диалог, анықтау, талдау, ауызша баяндау.

КЕЗЕҢДЕРІ ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ РЕСУРСТАР
Ұйымдастыру кезеңі
(2 минут)
Амандасу
«Мен өмірді сүйемін, себебі..........» деген аяқталмаған сөйлемді аяқтауға нұсқау бере отырып, топқа ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді, топтарға бөледі. Оқушылар «Мен өмірді сүйемін, себебі мен білмейтін ғажайыбы көп...» деген сияқты сөйлемді аяқтау арқылы топта жағымды қарым-қатынас орната отырып, қағаз қиындылары арқылы топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасы
(5 минут) Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша үй тапсырмасын сұрайды. Оқушылар бір-бірінің тапсырмалары бойынша пікір айтады, бағалайды. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы
Мағынаны тану
(15 минут) «Мұхтар Әуезовтің роман-эпопеясы» бейнефильмінен үзінді көрсетеді. Диалог әдісі бойынша видеофильм айналасында сұрақтар қояды. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы - ғасырлық туынды екендігін түсіндіреді. Қарайды, талдайды, сұрақтар қоюы мүмкін. Жауап беру арқылы диалогқа түседі. «Мұхтар Әуезов» бейнефильмі, интерактивті тақта, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы, суреттер, слайдтар
Топтық жұмыс
(10 минут) Топтарға тапсырма береді. 1-топ- Абай бейнесі, 2-топ- Құнанбай бейнесі, 3-топ- Даттаушылар, 4-топ- Жақтаушылар болып тапсырманы орындайды.
Топтар жұмыстарын қорғайды. «Абай жолы» эпопеясы, постер, маркерлер

Сергіту сәті
(3 минут) Сергіту сәтін ұйымдастырады.
«Бинго» ойыны. Сергіту сәтіне қатысып, көңіл-күйлері көтеріледі. Кеспе қағаздар
Рефлексия
(10 минут) «Соңғы сөзді мен айтамын» сабақты қорытындылау. Кері байланысқа арналған стикерлер таратады. Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша алған білімдерін қорытып, соңғы түйіндерін айтады. Стикерге сабақтан алған әсерлерін жазады және «Сабақтан алған әсерім» қабырға газетіне жапсырады. Стикерлер, қабырға газеті
Топтастыру Абай мен Құнанбай образдары бойынша алған білімдерін «Кластер» әдісі арқылы топтастыруға тапсырма береді. Оқушылар Абай мен Құнанбайдың бойындағы қасиеттерін топтастыру арқылы бүгінгі сабақта алған білімдерін қорытындылайды.

Бағалау Бүгінгі сабақ бойынша бір-бірін бағалауды ұсынады. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша топтар бірін-бірі бағалайды
Сабақты қорытындылау Үйге тапсырма беру: «Идеал тапсырма» әдісі: Әр оқушы өзі орындайтын үй тапсырмасын өзі таңдайды. Абай мен Құнанбайға мінездеме жазып келу және ғаламтордан қосымша мәліметтер іздестіру тапсырылады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.