.
.
Түсінік хат Тіл білімі салаларын оқыту
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 341 | Просмотров: 3650 | Размер: 15.9 Kb | Автор: ТәрбиеТіл - қоғамдағы ғасырлар бойы халқымыздың қатынас құралы болып, күн өткен сайын дамып, байып, қанатын кең жайып келе жатқан тарих құралы. Халқымыз болашақ ұрпақ алдына ана тілінің қадір – қасиетін зор бағалап, пір тұтуды, оның рухани мәдениетінен үлгі алуды азаматтық аманатым деп түсінеді. Сондықтан да, әрбір қазақ өз тілінде сауатты жазып, шешен сөйлеп, бабаларымыз ардақтаған, бізге жеткізген байлығымызды келер ұрпаққа толыққанды түрде жеткізу жолында бұл бағдарламаның маңызы зор.
Мектепте арнайы тақырып ретінде оқуды қажет ететін мәселенің бірі - тіл білімінің салалары. Бұған дейінгі сыныптарда өтілген фонетика, лексика, морфология, синтаксис, грамматикалық категориялардың ерекшеліктерін терең меңгерту қамтылады.
Қазақ тілі грамматикасы түрлеріне қарай қолданылатын орындары жинақталып оқытылады.
11-сыныпты ҰБТ – ге дайындауда негізгі теориялық ұғымдарды тереңдетіп оқыта отырып, грантқа түсуге дайындау көзделген.
Бекітемін: _________________ Келісемін:___________________
№34 мектеп директоры Мектеп директорының оқу ісі
Ж. Нұрмаханова жөніндегі орынбасары Ә.Шөменова
«____» ___________ 2011 жыл «____» __________ 2011 жыл
Мектептегі гуманитарлық пән
бірлестігінің жетекшісі «____» ___________ М. Қарақұл
Бейіндік оқытудың қолданбалы курсына арналған күнтізбелік жоспар
Бағыты: Қоғамдық - гуманитарлық
Бағдары: Қазақ тілі
Сыныбы: 11а
Тақырыбы: Тіл білімі салаларын оқыту
Пән мұғалімі: Мусаева Сабира
Мақсаты: Оқушыларға тіл тарихының тарихи принципінен бастап, фонема – морфеманың түрленуінен, тіл категориялары, грамматика салалары, орфоэпиялық, орфографиялық заңдылықтары туралы түсінік бере отырып, оқытуда даралауға және әлеуметтендіруге болашақ кәсіби іс - әрекет саласын саналы және жауапты түрде таңдауға және дайындауға бағдарлау.
Міндеттері:
1. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойлау дағдыларын қалыптастыру.
2. Оқушылардың байқағыштық, зейінді, ойлау сияқты танымдық қабілетін дамыту арқылы құзырлылығын арттыру.
3. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар:
• Қазақ тілі грамматикасы - халық тілінен бүкіл фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік категориялардың барлық салаларын, орфоэпиялық, орфографиялық даму заңдарын, өзгеріске түсу сипаттары, фонетикалық және грамматикалық өзгерістердің түрлері, олардың тіл құрылымын қамту дәрежесі туралы ғылым екендігін анықтау.
• Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, лексикасымен граматикалық құрылымды терең меңгеру арқылы бір жүйеде сауатты жазу, тілдік грамматикалық құрылымды орынды пайдалану деңгейін тест тапсырмалары арқылы анықтау.
• Ауызекі сөйлеуде адам ойының кейбір жетпей тұрған жерлерін бет – жүз, қол қимылы, дауыс ырғағы сияқты қосымша құралдарын ажырату.
• Оның бәрін қағаз бетіне әріппен түсіре алмайсың, тыныс
белгілері – жазуда осы сияқты нәрселерді айнытпай белгілеудің
құралы екендігін таныту.
• Оқушыларды оқыту бағдарына сәйкес практикалық іс - әрекетке тарту.
Пәнаралық кіріктіру: Әдебиет, әуез, театр
Уақыт көлемі: Аптасына - 1 сағат, жылына - 34 сағат
Курсты ұйымдастыру формасы: Семинар, лекция, сынақ тапсырмалары, тест.
Курсты оқытуды аяқтау формасы: Реферат, баяндама, тест.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі: Тест.
11- сыныпқа арналған таңдау курсының «Тіл білімінің салаларын оқыту»
тақырыбындағы қазақ тілі пәнінің күнтізбелік жоспары (2011 – 2012 ж.ж.)
№ Р/с Сабақтың тақырыбы Сағат Мерзімі
1 І Фонетика. Фонетика туралы жалпы түсінік Лекция 2
2 Тест тапсырмалары бойынша жұмыс Семинар 1
3 Үндестік заңы Лекция 1
4 Тест тапсырмалары бойынша жұмыс Семинар 1
5 ІІ Лексика. Лексика жайлы жалпы түсінік Лекция 2
6 Тест тапсырмалары бойынша жұмыс Семинар 1
7 ІІІ Сөзжасам туралы түсінік Лекция 1
8 Тест тапсырмалары бойынша жұмыс Семинар 1
9 IV Морфология. Сөз таптары. Лекция 2
10 Тест тапсырмалары бойынша жұмыс Семинар 1
11 V Синтаксис Лекция 1
12 Тест тапсырмалары бойынша жұмыс Семинар 1
13 VI Сөйлем мүшелері Лекция 2
14 Тест тапсырмалары бойынша жұмыс Семинар 1
15 VII Жай сөйлем Лекция 1
16 Тест тапсырмалары бойынша жұмыс Семинар 1
17 VIII Құрмалас сөйлем Лекция 1
18 Тест тапсырмалары бойынша жұмыс Семинар 1
19 ІХ Төл сөз бен төлеу сөз Лекция 1
20 Тест тапсырмалары бойынша жұмыс Семинар 1
21 Х Стилистика және сөйлеу мәдениеті. Әдеби тіл. Лекция 1
22 Тест тапсырмалары бойынша жұмыс Семинар 1
23 ХІ Сөйлемнің бірыңғай мүшелері Лекция 1
24 Тест тапсырмалары бойынша жұмыс Семинар 1
25 ХІІ Айқындауыш, үйірлі мүшелер Лекция 1
26 Тест тапсырмалары бойынша жұмыс Семинар 1
27 ХІІІ Оқшау сөздер Лекция 1
28 Тест тапсырмалары бойынша жұмыс Семинар 1
29 Тест тапсырмалары бойынша жұмыс Семинар 2
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. А. Байтұрсынов «Жазу қосымша белгілері мен тыныс белгілерінің жалпы ережесі», «Тіл тағлымы».
2. Қазақ грамматикасы.Фонетика, лексика, морфология, синтаксис, сөзжасам. Астана. 2002 – 784 бет.
3. С. Құрманғалиева. «Қазақ тілін тереңдіп оқыту» Алматы, 1995 ж. 160 бет
4. Р. Сыздықова «Емле және тыныс белгілері» Алматы, 1996 ж
5. М. Шәбжантайқызы « Ана тілім – азығым , адастырмас қазығым »
Көкшетау -2002 ж
6. Орфографиялық сөздік Алматы -2007 ж
7.С. Исаев «Қазақ тілі» Алматы -1991 ж
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.