.
.
Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту. Тіл ұстарту
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1943 | Размер: | Автор: ТәрбиеСабақтың мақсаты: Омоним, антоним, синоним сөздерді қайталау.
Міндеттері:
1. Омоним, антоним, синоним сөздерді еске түсіреді.
2. Теориялық білімді практикада қолданады.
3. Бірлесіп жұмыс істейді. Ой қорытындысын жасауға дағдыланады.
Бағалау:
1. Мәтін бойынша берілген грамматикалық тапсырмаларды орындауы.
2. Мәтінмен жұмыс кезінде өз бетімен жұмыс жасауы.
3. Бес жолды өлең құрастыра білуі.
Қолданылған әдіс-тәсілдер: Ассоциаця құрастыру, мәтінмен жұмыс, бес жолды өлең құрастыру.
Көрнекіліктер: Мәтіндер, сауалнама, ақ плакаттар, түрлі-түсті маркерлер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
І. Қызығушылықты ояту.
Батыр деген сөзді естігенде естеріңе не түседі?
Батыр
- Бүгінгі сабақта Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ жауынгерлерінің ерлік істері туралы еске түсіріп, батыр ұл – қыздарымыз туралы әңгімелейтін боламыз. Олар: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Талғат Бигелдинов.
ІІ. Мағынаны тану.
1. Мәтінмен жұмыс.
1 – топ.
Бауыржан Момышұлы
Бауыржан Момышұлы – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, Халық Қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы.
1941 жылы екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен, Бауыржан Момышұлы даңқты генерал-мойор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады. Батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.
Соғыс кезінде жеке басының қаһармандық ерлігімен, жаужүректігімен, батырлығымен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман-сау алып шығады. Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады. Бауыржан Момышұлының батырлығы жөнінде белгілі орыс жазушысы Александр Бек “Волоколамское шоссе” (қазақшасы “Арпалыс”) хикаятын жазды. Бұл шығарма кейіннен бірнеше тілге аударылды.
Ол соғыс кезінде “Красная Звезда” газетінде былай деп жазды: “Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам. Өз елінің бағасын білген пенде ғана басқа елді қадірлей алады. Өйткені халықтардың туыстығы алдымен адамдардың өз халқына сүйіспеншілігі арқылы ғана келеді. Мен өзге ұлттарды құрметтеуші, өз ұлтын сүюші адаммын.”
Бауыржан Момышұлы өз сарбаздарымен бірге “жаным - арымның садағасы”, халқым үшін қасықтай қаным пида деп жанып тұрған отқа талай түсті.
Соғыстан кейін Бауыржан атамыз әскери – педагогикалық жұмыспен айналысты. Демалысқа шыққаннан кейін біржола шығармашылық жұмыспен айналысты. Аты аңызға айналған батыр ұлын халқы ешқашан ұмытпайды.
2 – топ.
Қаһарлы күндерде
Ұшқалы он минуттай өтті. Төмендеуіме болады. Тұтқаны жайлап итердім. Жерге бес жүз метр… үш жүз метр, екі жүз метр қалған мезетте ұшақ жалт етіп бұлттар арасынан шыға келді. Тағы да төмен түстім. Қырық метр биіктікте ұшып генерал айтқан нысанаға тарттым.
Терең бір сай екен. Қыбыр еткен жан жоқ. Сайды өрлей бірнеше бомбаларды тастап-тастап жібердім. Гүрс-гүрс бірнеше рет жарылған дыбыс естілді де, тым-тырақай оңды-солды қаша жөнелген адамдар қарасы көрінді.
Қайтадан жоғары көтерілдім. Бұлт арасына еніп, бұрылып алдым да, енді колоннаға тап бердім. Екі танк пен бірнеше машиналар лапылдап жанып жатыр. Енді үйге қайтуға болады.
Төменде жапан дала, шошайған шөмелелер. Майдан шетінің қақ іргесінде жатқан мына шөмелелерді-ай! Астында талай пәлелер жатыр-ау жасырынып. Осылардың бірін атқылап көрейінші деп ұйғардым. Өздерінің тым-тырыс жатқан түрі жаман. Шүйіліп келдім де, зеңбіректен ұрғыладым. Мәссаған! Шөмеленің гүрс етіп жарылмасы бар ма? Екінші біреуін атып едім, жалп етіп шөп жерге түсті де, бірнеше адам айқайлап қаша жөнелді. Ендеше, жорамалым шынға айналды. Енді шөмелелердің үстінен қыдыра ұшып, үлкенді-кішілі бомбаларды тастай бердім. Шамасы, немістер шыдап жата алмаса керек, танктер шөптерін сыпырып тастай сала, беті ауған жаққа қарай шашыла жөңки қашты.
Ұшқыш Талғат Бигелдиновтің естелігінен.
3 – топ.
Шығыс жұлдызы
Әлия Молдағұлова бар атқыштар батальоны жау қоршауын бұзып, алға шықты. Шайқас барған сайын қыза түсті. Фашистер жанталасып үсті-үстіне зеңбірек оғын жаудырды. Көп кешікпей екі жақ бетпе-бет келіп қалды. Ұрыс қыза түсті, аямай атысты. Әлия сол қолынан жараланғанына қарамай, жаумен қасық қаны қалғанша, батырларша соғысты. Бір кезде окопқа тасаланып жатқан неміс офицері он тоғыз жасар талдырмаш, ер жүрек қыз Әлияға тап берді. Әлия оны басынан асырып лақтырып жіберді де, сұм жауды шалқасынан түсірді. Автоматын кезеп, ата жауды құртуға айналғанда, фашист Әлияны пистолетпен атып қалды.
Қапылыста қазаға ұшыраған Әлияны майдандас жолдастары “Шығыс жұлдызы” деп атады.
Ер жүрек, мерген қыз, Шығыс жұлдызы Әлия майданда болған аз уақыт ішінде жүзге тарта фашистерді жер жастандырды.
Әлияның ерлігі жоғары бағаланып, 1944 жылы 4 шілде күні оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың асқан ерлігі мәңгі ұмытылмайды.
“Әлия – батыр қызы сен халқымның,
Ерке құсы сен даламның.
Ә-ли-я!”- деген ән жолдары Тәуелсіз қазақ елінің аспанында мәңгі қалықтай береді.
Тапсырма:
А) Мәтінді оқы. Мәтіннің мазмұнына сүйеніп 1 негізгі, 1 қосымша сұрақ құрастыр.
Жұппен, топта, араларыңнан кім жауап беретінін анықтаңдар.
Ә) Грамматикалық тапсырма.
1 – топқа:
Мәтіннен синоним сөздерді тап.
2 – топқа:
Мәтіннен антоним сөздерді тап.
3 – топқа:
Мәтіннен омоним сөздерді тап.
2. Мәтінмен жұмыс.
Мәтіндерді ауыстыру.
Тапсырма:
А) Мәтінді оқып, 5 жолдық өлең құрастыр.
Ә) Грамматикалық тапсырма.
1 – топқа:
Батыр, батыл, ер жүрек сөздерінің антонимдерін тауып, синонимдік қатардағы осы сөздердің антонимдері неге әр түрлі болып шыққанын түсіндір.
2 – топқа:
Жаз сөзі омоним болатындай бірнеше сөйлем құрастырып жаз.
3 – топқа:
Мәтіндегі кез-келген 3 сөзді алып, синонимдік қатар жаса.
Мұғалімнің сөзі:
- Ұлы Отан соғысы 1418 күнге созылып, 27 миллион Отандастарымыз мерт болды. Орта есеппен алғанда күніне 1900 адамнан келеді.
Ендеше, соғысты қалай болдырмауға болады?
Бұл үшін:
1. Әскерилер
2. Саясаткерлер
3. Экономистер не істей алады?
Әр топ өз әдіс – тәсілдерін ұсынады.
Өз іс-әрекеттерінің бағдарламасын ұсыну. (кесте, сызба, сурет т.б. түрінде)
- Топпен жұмыс жасап, өз бағдарламаларыңды кім таныстыратынын анықтаңдар.
Қорытындылау, бағалау.
Үйге тапсырма:
1. 3 мәтінді оқып, “Ер есімі, ел есінде” атты эссе жазыңдар.
2. Халық арасында социологиялық сауалнама жүргізіңдер.
Мен, -------------------------------------------- 5 “А” сынып оқушысымын. Біздің сынып оқушылары Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстандық жауынгерлердің ерлік істерін мәңгі есте сақтау үшін халық арасында социологиялық сауалнама жүргізеді. Әркімнің жеке көзқарасы құпия сақталады. Төмендегі сұрақтарға жауап берулеріңіз сұралады.
1. Сіздің көзқарасыңыз бойынша Қазақстанға қазір соғыс қауіпі төніп тұр ма?
А) Иә
Ә) Жоқ
Б) Білмеймін
В) Бұл жайлы ойлаған емеспін
2. Сіздің ойыңызша біздің елімізде соғыс ардагерлері мемлекеттің қамқорлығына алынған ба?
А) Иә
Ә) Иә, бірақ барлығы емес
Б) Жоқ
В) Білмеймін
3. “Даңқ” мұражайында қанша рет болдыңыз?
А) Жылда
Ә) 1 рет
Б) Ешқашан
В) Мектепте оқыған кезімде
4. Сіз өз Отаныңыз үшін өміріңізді қиюға дайынсыз ба?
А) Иә
Ә) Жоқ
Б) Білмеймін
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.