.
.
1.Тіл туралы түсінік. Тіл туралы түсінік.
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 396 | Просмотров: 12820 | Размер: 497.5 Kb | Автор: ТәрбиеТіл деген сөздің өзінде бірнеше мағына бар.
1. Тіл – жан – жануарлардың дәмді сезетін және адамның сөйлеу дыбысын атқаратын мүшесі.
2. Тіл – уақытты (минут пен сағатты) көрсетіп тұратын көрсеткіш.
3. Тіл – адамдардың бір – бірімен қатынас жасайтын, өзара түсінісуіне мүмкіндік беретін
Тіл, ең алдымен, адамдар арасындағы қатынас құралы болғандықтан, ол белгілі бір адамдар арасында, қоғамда өмір сүреді де, сол ортада қоғамдық қызмет атқарады. Тілдің адамдар арасындағы қатынас құралы болуы деген сөз - адамның бір-біріне ойын жеткізіп, түсінік алуы, сөйтіп, бір-бірімен қатынас жасауы, сөйлесуі. Мысалы, мүғалімнің сабақ түсіндіруі, одан оқушының жаңа үғымдар арқылы білім алуы, түсінбегенін мұгалімнен сүрауы немесе оқушының сабақ айтуы, білгенін түсіндіруі, мүғалімнің сұрақ қоюы, оқушының оған жауап беруі - осының бәрі тілдің қатынас құралы болуы арқылы іске асады.
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл
Қазақ тілі түркі тектес тілдерге, соның ішінде қыпшақ тобындағы тілге жатады. Түркі тілінде сөйлейтін халықтар: қазак, қырғыз, өзбек, үйғыр, қарақалпақ, татар, башқұрт, қарашай, балқар, әзірбайжан, түрікмен, чуваш, саха, тува, хакас, алтай, құмық, га¬гауз, т.б.
Қазақ тілі – Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге басқа туысқан республикаларда, сондай-ақ шетелдерде (Ресей, Қытай, Ауғанстан, Манғолия т.б.) тұратын қазақтардың ана тілі
Ана тілі
Ана тілі - бар білімнің кайнары,
Аталардың өсиеті пайдалы.
Алаканы мейірімді анаңның,
Үстазыңның жаркын жүзі - жайдары.
Ана тілім - тастамайтын әліппем,
Болғаным жок әріптерін танып мен.
Өз тілімді жаксы көру арқылы
Достасамын басқа барлык халықпен.
(Ә. Дәуренбеков)
2.Дыбыс және әріп
Алфавит
Дыбысты айтуға, құлақпен естуге, ал әріпті көруге және жазуға болады. Мәселен, бала, бор, қалам, сия сөздерін айтқанда, ондағы б, а, л, о, р, қ, м, с, и, я сияқты дыбыстар сөйлеу мүшелерінің қатысумен жасалғандықтан, құлаққа еркін естіледі. Бұл сөздерді құрастырып тұрған ең кішкене бөлік – дыбыстар. Осыған орай сөздің ең кішкене бөлігін дыбыс дейміз.
Тілдің дыбыстық жүйесінің өзіне тән орнықты дербес заңдары бар. Мәселен, сөздерді айтып қана қоймаймыз, оны кейде дауыс жетпейтін жерге жеткізуге де тура келеді. Сөздерді ондай деңгейге жеткізу құралдары - радио, телеграф, телефон, және теледидар. Бұлар болмаған жағдайда қолданылатын әдіс – жазу, таңба.
Дыбысты белгілеу үшін қабылданған шартты белгіні әріп дейміз. Әр елдің өзіне тән дыбыстарды белгілейтін шартты белгісі болады. Мәселен, қазақ халқы өз тарихында көне түркі, араб, латын, орыс графикасына негізделген шартты белгілер - әріп таңбалар пайдаланды.
Қазір дүние жүзінде көп тараған жазудың түрлері - латын, орыс, араб, қытай жазуы үлгісінде жасалған таңбалар.
Сөзде дыбыс саны мен әріп саны үнемі бірдей болып келе бермейді. Мысалы, ащы (а-ш-ш-ы); аяқ (а-й-а-қ) сөздерінде, сондай-ақ орыс тілінен енген альбом, руль, съезд сөздерінде дыбыс санынан әріп саны артық. Әріптердің баспаша, жазбаша нұсқалары және олардың баспаша да, жазбаша да нұсқасының бас әріп, кіші әріп түрлері болады. Соны¬мен бірге әр әріптің жеке тұрғандағы өз атауы бар. Әріптер белгілі бір жүйе бойынша, тәртіппен тізіледі. Осылайша әріптердің рет-ретімен тізілген жиынтығын алфавит дейміз.
Қазақ тілінде 42 әріп бар. Олар: Аа (а), Әә (ә), Бб (бэ), Вв (вэ), Гг (гэ), Ғғ (ға), Дд (дэ), Ее (йэ), Ёё (йо), Жж (жэ), Зз (зэ), Ии (и), Йй (қысқа й), Кк(ка), Ққ,(қа),Лл (эл), Мм (эм), Ни (эн), Ңң(эң), Оо(о), Өө(ө),Лп(пэ),Рр(эр), Сс(эс), Тт (тэ), Уу(у), Ұұ(ұ), Үү(ү), Фф (эф), Хх (ха),һһ (һа), Цц(цэ), Чч (чэ), Шш (ша), Щщ (ща), ъ (айыру белгісі), ЬІы (ы), Іі (і), ь (жіңішкелік белгісі), Ээ (э), Юю (йу), Яя (йа).
Алфавит деген сөз — грек алфавитінің алғашқы екі әрпінің қосындысы, яғни альфа - грек әріптерінің бірінші әрпі де, бета екінші әрпі болып табылады. Кейін осы сөздер жазу жүйесінде белгілі бір тәртіппен тізілген әріптер жиынтығы бөлып, алфавит деп аталып кеткен.
Алфавитті дұрыс білудің жазба тіл үшін, күнделікті өмір үшін және еңбек процесін жеңілдетуде практикалық мәні аса зор. Мәселен, сынып оқушыларының тізімі және адамдардың аты жазылған барлық тізімдер алфавит ретімен жазылса, алфавитті жақсы меңгерген адамдар ғана оны жеңіл пайдаланады. Сондай-ақ, басқа тілді меңгеруде түрлі сөздіктермен жұмыс істейтін адамдар үшін де алфавитті дүрыс меңгерудің мәні ерекше. Сөздікпен жұмыс істейтін адамдарға ондағы сөздердің түзілу принципін білген жөн. Мәселен, бірінші әріп біркелкі әріптен басталған сөздер алфавиттік ретпен беріледі, олардың екінші, үшінші әріптері де реттілікті сақтайды. Мұны сөздердің ішкі алфавит тәртібі деп атайды. Мәселен:
қабақ — қас пен кездің арасы;
қабан — жабайы шошқа және еркегі;
қабат - қатар, рет, дүркін;
қағаз - ағаш, шүберек массасына жасалған жазуға арналған зат.
қада - діңгек;
қаз - қүс.
Мүндағы сөздердің басқы әрпі мен екінші әріптері алфавит тәртібін сақтаған.
1. Төмендегі сөздерді алфавит тәртібіне келтіріп көшіріңдер. Алфа¬вит тәртібін сақтап, сөз ішіндегі ешқандай дыбыстық мәні жоқ әріптерді көрсетіңдер.
Қала, жер, орындық, сары, адам, щетка, балык, вагон, иық, ілгек, фабрика, заң, ән, ұршық, өрік, парта, лашын, чех, разъезд, дүйсенбі, тарақ, мал, нан, химия, съезд, бас, альбом, эпос, қол, руль, цирк, яғни, юрист, қаһарлы, щи, біз, фильм, ыстық, үлкен, акт, педагог, грамматика, түз, әкім, сырнай, осы, сіңір, бет, шолақ, асфальт, география, етік, тың, фонетика, жұлдыз, табыс.
3.Дауысты дыбыстар.
Дауысты дыбыстарды айқындау үшін дыбыстау мүшелерінің қызметін көңіл аударған жон. Мәселен, о дыбысы мен д дыбысын алайық, біріншіден өкпеден шыққан ауа о дыбысын айтқанда кергісіз шықса д дыбысын айтқанда тілдің күрек тіске соғылып, кедергіге ұшырайтындығын байқаймыз. Дыбыстарды оқып айтылуына назар аударамыз.
а-б, ә-в, о-д, ө-г, ұ-з. а,ә,о,ө,ұ дыбыстарын айтқанда жақ ашылып, ерін дөңгелектеніп, алдыға созылып, ауа өкпеден кедергісіз шығады. Б,в,д,г,з дыбыстарын айтқанда дыбыстау мүшелер дірілдеп, еріндер бір – біріне тиіп өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырап шығады.
Айтылғанда ауа ауыздан кедергіге ұшырамай шығатын дыбыстар дауысты дыбыстар деп аталады
Дауыстылар да үн басым, олармен ән салуға болады. Сондықтан музыканы тануда до, ре, ми, фа, соль, ля, си дауыстылардың қасиетіне негізделген.
Қазақ тілінде 11 дауысты, (а,ә,е,о,ө,ұ,ү, у, ы,і,и) орыс тілінен енген э,ё,ю,я дауыстыларын қосқанда, небары 15 дауысты дыбыс бар.
Дауысты дыбыстардың тағы бір ерекшелігі оны буын құрайтындығы. Қазақ тілінің буын жүйесі бойынша сөзде қанша дауысы болса, сонша буын болады.
Мысал үшін: үй, үн, қыс, ә-ке, ба-ла-лар, дә-рі-гер, мұ-ға-лім.
1. Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі дыбыстардың тиістісін қойып жаз. Буындарға бөліп оқы.
а. (ұ,ү,у) Ағаш б...ршігі, т...с көрді, б...гінгі, күн аға т...зақ қ...ру, тә...сіз ел, ғарышқа ...шу.
ә. (ә,а,ө) с...йлей бер, т...ң болды, ...рмекші ...рмек құрды, м...н оқушымын, к...мір қара алтын, бұл -...ке ақылы.
2. Дауысты дыбыстарға сөздер тауып жаз.
3. Ән айтып үйренейік. Дауысты дыбыстардың айтылуына назар аудар.
4.
Ақ мамам
Менің мамам, ақ мамам,
Балын маған сақтаған.
Әнін маған сақтаған
Бәрін маған сақтаған,
Менің мамам, ақ мамам.
4.Дауысты дыбыстардың жіктелуі.
Қазақ тіліндегі дауыстылар дыбыстау мүшелерінің әркелкі мөлщерде қатысуына қарай әр түрлі болады. Дауыстыларды:
1) Еріннің қатысына қарай: еріндік, езулік;
2) Иектің (жақтың) қатысына қарай: ашық, қысың;
3) Тілдің қатысына қарай: жуан, жіңішке деп бөлеміз. Кейде дауыстыларды тіл алды, тіл арты деп де атайды. Бұл әсіресе орыс тілінде жиі ұшырасады. өйткені оларда жуан, жіңішке дауысты деген ұғым жоқ.
Қазақ тілінде буынның жуан, жіңішкелігі дауыстыларға байланысты. Тілдің, жақтың (иектің), еріннің қатысына қарай дауысталардың жіктелуін жинақтап, мына секілді кестемен көрсетуге болады:
Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Еріннің қызметіне қарай Жақтың (иектің) қызметіне қарай Тілдің қызметіне қарай
Еріндік дауыстылар
о,ө,у,ұ,ү Езулік дауыстылар
а,ә,э,е,ы,і Ашық дауыстылар
а,ә,е,э Қысаң дауыстылар
ы,і,ұ,ү,и Жуан дауыстылар
А,о,ы,ұ (и),(у) Жіңішке дауыстылар
ә,ө,ү,і,е,(и),(у)
Бұл кестедегі и,у әріптерімен таңбаланып тұрған дыбыстар сөз немесе буын ыңғайына қарай бірде жуан, бірде жіңішке болып өзгереді. Мысалы: тарих, Иса,бару, қызыл ту. Сонымен бірге и мен у кейде дауысты, кейде дауыссыз болатындығын де ескерген жөн.
Дауыстыларды талдаудың үлгісі:
а - езулік, ашық, жуан дауысты;
ә - езулік, ашық, жіңішке дауысты;
е - езулік, ашық, жіңішке дауысты;
ы - езулік, қысаң, жуан дауысты;
і - езулік, қысаң жіңішке дауысты;
о - еріндік, ашық, жуан дауысты;
ө - езулік, ашық, жіңішке дауысты;
ұ - еріндік, қысаң, жуан дауысты;
ү - еріндік, қысаң, жіңішке дауысты;
и мен у – қосынды дауыстылар;
Ашық, қысаң дауыстыларды жете түсіну үшін былайша көрсетуге де болады:
Бір нәрсенің бетін ашқан секілді иектің төмен түсіп ашылуынан дауыстылар қалай қысаңға айналатына былай байқалады:
Бұл сызбаның сол жағындағы топтан езу еріндікке қарай қалай өтетінін көз алдыға келтіру қиын емес.
1. Көп нүктенің орнына ө, е әріптерінің тиістісін қойып жазыңдар.
Күр...к, өлк..., бөб...к, Ақт...бе, көл...ңке, көб...л...к, көрк...м, өск...л...ң, бөлш...к, төрт...у, Ботаг...з, Ақб...п... .
2. Көп нүктенің орнына ұ,ү,ы әріптерінің тиістісін қойып жазыңдар.
Күнд...з, ұз...н, бүг...н, күлк..., бүрс...г...ні, бұр...н, Барат...ғ...н, құр...қ, бүлд...рген, мұр...ндық, түлк..., жұлд...з, бүлдірг..., құм...рсқа, жұд...р...қ, үск...р...к, ұр...ншақ, түй...ншек, кузг...суық, түнг... салқын.
5.Дауыссыз дыбыстар.
Дауыссыздардың жасалуын айтқанда, ол дауыстылардың жасалуымен салыстыра түсіндіріледі, атап айтқанда:
1) Дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дауыс шымылдығынан кейін ешқандай кедергіге ұшырамаса, дауыссыздарда ауа міндетті түрде дыбыстау мүшелерінің бірінде кедергіге ұшырайды. Мысалы а,о,д,т дыбыстарды салыстырып айтып көріңіз;
2) Дауыстыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дауыс шымылдығын қатты, жиі, көбірек дірілдетсе, дауыссыздарда баяу, аз дірілдетеді;
3) Даустыларды айтқанда, өкпеден шыққан ауа дыбыстау мүшелерінің барлығына бірдей таралып түссе, дауыссыздарда ауаның қысымы дыбыстау мүшелерінің бәріне таралып түспейді;
4) Дауыстыларды айтқанда, дыбыстау мүшелерінің бәрі дерлік қимылдаса, дауыссыздарда дыбыстау мүшелері бір жақты ғана қимылдайды;
5) Дауыстылармен ән салуға болса, дауыссыздармен бұлай етуге болмайды;
6) Дауыссыздармен буын құрай алмаймыз.
Сонымен, айтқанда ауа кедергіге ұшырап шығатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.
Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар, олар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, (у), ф, х, һ, ц, ч, ш, щ. Сонымен бірге в, ф, ц, й, ч, щ – қазақ тілінің әсерімен енген дауыссыздар.
6.Дауыссыздардың жіктелуі
Дауыссыз дыбыстар негізінен үн мен салдырдан жасалады. Дауыссыз дыбыстарға салдыр мен үн барлық дауыссыздарда бірдей емес. Мысалы, бай, бас, күн сөздердегі б, й, к дыбыстарын екі құлағыңызды басып тұрып айтып көріңіз. Сонда к дыбысынан ешқандай үн байқай алмаймыз, тек қана салдыр барын байқаймыз. Й дыбысынан, керісінше, ешқандай салдыр байқалмайды, онда үн басым. Б дыбысы екеуіне де ұқсамайды, онда үн мен салдыр қабат байқалады, бірақ салдыр басымырақ болады.
Осы әдіспен дауыссыздардың барлығын тексерсек, дауыссыздар: 1) тек қана салдырдан тұратын 2) салдыр мен үннен тұратын дыбыстар болып екіге бөлінетінін байқаймыз. Оған төмендегі дыбыстар жатады.
Салдырдан тұратындар Салдыр мен үннен тұратындар
к, қ, п, с, т, х, ф, ц, ч, ш, щ й, л, м, н, ң, р, (у), б, в, г, ғ, д, ж, з, һ
Енді қайтадан сол әдіспен салдыр мен үннен тұратын дыбыстарды айтып байқағанымызда, бірқатар дыбыстарда салдырдан гөрі үн басым болса, енді бірқатарында үннен гөрі салдыр басым болып шығады. Сонда олар былай жіктеледі:
Үннен салдыр басым дыбыстар Салдырдан үні басым дыбыстар
б, в, г, ғ, д, ж, з, һ й, л, м, н, ң, р, (у)
Фонетикада тек қана салдырдан тұратын дыбыстарды қатаң, үннен салдыры басым дыбыстарды – ұяң, ал салдырдан гөрі үні басым дыбыстарды үнді деп атайды. Сонымен , қазақ тіліндегі дауыссыздар үнніңқатысына қарай мына төмендегі үшке бөлінеді:
Қатаң: к, қ, п, с, т, х, ф, ц, ч, ш, щ
Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з, һ
Үнді: й, л, м, н, ң, р, (у)
Дауыссыздар жасалу орнына қарай мына төмендегіше жіктеледі.
1. Ерін дауыссыздары: п, б, м, (у);
2. Тіс пен ерін дауыссыздары: ф, в;
3. Тіс дауыссыздары: т, д, ц, с, з;
4. Тіл ұшы дауыссыздары: ч, ж, н, л;
5. тіл алды дауыссыздары: ш, р, и, щ;
6. тіл ортасы дауыссыздары: к, г;
7. тіл арты дауыссыздары: қ, ң, х, ғ;
8. көмей дауыссызы; һ.
Сонымен бірге айтылу жолына қарай шұғыл: п, б, т, к, г, д, ч, ң, ызың: ф, в, с, ғ, ш, х, з, ж, һ болып екіге бөлінеді.
7.Буын
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың бір ерекшелігі – олардың буын қурайтындығы дедік. Демек, сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы: а-та, ша-га-ла, ке-ре-мет, т.б. Буынның айтылудағы өлшемі мен жазылудағы түрі бірдей болып келе бермейді. Мәселен, метр, литр сөздері жазылуда бір буын болғанымен, айтылуда – екі буынды сөздер. Сондай – ақ, кооператив сөзі жазылуда – бес буын, айтылуда – төрт-ақ буын. Қазақ тіліндегі екі дауысты қатар келгенде, айтылуда бірінің түсіп қалуы да осыған байланысты. Мысалы: келе алмады, бара алмады дегендер айтылуда ықшамдалып, келалмады, баралмады болып айтылады. Жазуда бұл ескерілмейді.
Қазақ тілінде буын ішіндегі дыбыс саны төрт түрлі болады:
1) бір дауысты буын, яғни жалғыз дауыстыдан тұратын буын: а-ла, ә-ке, о-рақ, ұ-ран, ат, ер, ін;
2) екі дыбысты буын: бала;
3) үш дыбысты буын: көз, бал, ұлт, ант;
4) төрт дыбысты буын: қант, тарс, жұрт;
дауысты дыбыстардың жуан, жіңішкелігімен байланысты буындар жуан және жіңішке болып та бөлінеді. Сөйтіп, айтылғанда үзік – үзікке бөлініп, дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың алмасып отыруына байланысты буын ашық буын, тұйық буын, бітеу буын болып үшке бөлінеді.
Бір дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан (ол қатаң да, ұяң да, үнді де болуы мүмкін) басталып, дауыстыға аяқталатын буынды ашық буын дейміз.
Ашық буын
Бір дыбысты ашық буын Екі дыбысты ашық буын
Е, со-лай-ма?
А, не дей-сің?
А-та, ә-ке, і-ні, а-на. Па, шіркін! Тамақ же.
Мә, мы-на-ны ал!
Ба-ла, ша-ға-ла
Екі немесе үш дыбыстан құралып және дауысты дыбыстан басталып, бір немесе екі дауыссыз дыбысқа аяқталған буында тұйық буын дейміз.
Тұйық буын
Екі дыбысты тұйық буын Үш дыбысты тұйық буын
Ат, өт, ор, өр, ер, ұн, үн, ыс, іс Ант, аңқ, өрт, ұлт
Ортасы дауыста дыбыс болып, екі жағы дауыссызбен келген үш не төрт дыбысты буынды бітеу буын дейміз.
Бітеу буын
Үш дыбысты бітеу буын Төрт дыбысты бітеу буын
Мал, сол, төс, құс, бұл, қыс, тіс, т.б Төрт, қалт, жалт, тарс, тырс, мырс, т.б
Егер дауыста дыбысты А әрпімен, ал дауыссызды В әрпімен белгілесек, буынның түрлерін төмендегіше жинақтап көрсете аламыз:
1) ашық буын – А, ВА
2) тұйық буын – АВ, АВВ
3) бітеу буын – ВАВ, ВАВВ
1. Берілген сөздерді буынға бөліп жаз. Буын түрлеріне ажырат. Үлгі: А-та, ... .
Жаз, жайлау, ұялшақ, Қазақстан, ұйымдасу, ою, төрт, саяхат, қиық, қуаныш, тату, туысқан, Отан, инелік, көгершін, жауқазын, өмірбаян, данышпан, жайлау, халық, төлқұжат, сазгер, әуежай, әнұран, ұжым, көз, оқу, сыйлық, молшылық, куәлік, уәде, мейман, ау.
2. Бірінші сыңары тұйық буын, екінші сыңары бітеу буын болатын бірнеше сөз ойлап жаз.
Үлгі: Өт-кір, ыс-тық, ... .
3. Берілген ашық буындарға бітеу буын жалғап жаз.
Үлгі: Ба-қыт, ... .
ма-- кө-- тө-- те--
қа-- бұ-- о-- кү--
са-- ше-- ө-- е--
та-- тұ-- а-- кі--
4. Бірінші сыңары тек бітеу буыннан жасалған бірнеше сөз тауып жаз.
Үлгі: Сақ-шы, Құр-ақ, ...
5. Торкөздерді аз буыннан көп буынға көше отырып сөз тауып жаз.
Бір буынды сөз
Екі буынды сөз
Үш буынды сөз
Төрт буынды сөз
Бес буынды сөз
Алты буынды сөз
8.Үндестік заңы
Қазақ тілінің байырғы сөздеріндегі дыбыстар сөз ішінде, сөз бен қосымша, сөз бен сөз арасында бір-бірімен үйлесіп, ыңғайласып айтылады. Түбір буынның жуан не жіңішкелігіне қарай қосымша жуан не жіңішке дыбыстан жалғанады. Мысалы: дыбыс-тар, дыбыс-тың, әріп-ке, әріп-тен. Сөздің соңғы дыбысының қатаң, ұяң, үнділігіне байланысты келесі дыбыс та бейімделіп келеді. Дыбыс¬тардың бұл үйлесімділігі үндестік заңы деп аталады.
1. Берілген сөздерге қосымшаларды дұрыс жалға.
Кітап
апа - лар - лер Күрек
әпке
- тар - тер
- қа - ке
- ға - ге
- сы - сі
- ты - ті
- ым - ім
- м - м
9.Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі
Үндестік заңы буын үндестігі дыбыс үндестігі деп бөлінеді.
Сөз ішіндегі, сөз бен қосымша арасындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып айтылу зандылығын буын үндестгі дейміз. Буын үндестігін ғылымда сингармонизм заңы деп те атайды. Қазақ тілінің байырғы сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке буындардан құралған. Сонымен бірге қазақ тілінде сөз ішінде жуан, жіңішке дыбыстар араласып келеді. Бұндай ерекшелік төмендегідей жағдайларда:
1) басқа тілдерден енген сөздерде (кітап, муғалім, кадір, анекдот т.б.);
2) біріккен сөздер мен қос сөздерде (бойжеткен, қыз-келіншек, баспасөз, зкогары-төмен т.б.) кездеседі. Бұл сөздерге қосымша соңғы буынға қарай жалғанады (бойжеткен-ді, кітап-тың, қыз-келіншек-тер, баспасөз-де).
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
Қазіргі қазақ тіліндегі мынандай қосымшалардың бір тобы соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне қарамастан, не жуан, не жіңішке қалпында қосылады.
1) Көмектес септік жалғауы: дon-пен, өзен-мен т.б.
2) -хана, -стақ -кент, -күнем: дәрі-хана, Пәкі-стан, Шым-кент, пайда-кунем т.б.
3) -кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -ғой, -гөй, -кеш, -yap: калам-гер, пәле-қор, өнер-паз, кәсіп-қой, кіре-кеш, бата-гөй, қазақ-уар, сөз-уар т.б.
4) -ов, -ев, -ик Сейсенбеков-тің, Алмабаев-тың т.б. Мүнда қосымша түбір сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады.
5) Қазак тілінде баска тілден енген сөз алдынан қосылатын бей-, би- қосымшалары да үндестік заңына бағынбайды: бей-берекет, бей-бастық, бей-бақ, бей-шара (би-шара), бей-тарап т.б.
Дыбыс үндестігі
Ауызекі сөйлеу кезінде дыбыстар бір-бірімен үндесіп, ыңғайласа айтылады. Мысалы: жанбады - жамбады, жанған - жаңған. Айтылуда б дыбысының әсерінен (б айтылуы жағынан ерін дыбысы) н дыбысы еріндік м дыбысына өзгерсе, екінші мысалда ғ тіл арты дыбысын тіл алды дыбысын тіл арты дыбысына ауыстырып тұр.
Дауыссыз дыбыстардың бір – біріне әсер етіп, үйлесе, үндесе айтылуы дыбыс үндестігі деп аталады
Дыбыс үндестігін «ықпал» деп атайды. Ықпалдың қазақ тілінде үш түрі бар.
1) Ілгерінді ықпал-қатар келган екі дыбыстың алдыңғысының соңғысына әсер етуі. Мысалы: Қарагөз – Қаракөз
2) Кейінді ықпал – қатар келаган екі дыбыстың соңғысының өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етуі. Мысалы: аяқ – аяғы, төк – төге.
3) Тоғыспалы ықпал – қатар келген екі дыбыстың бір – біріне ілгерінді – кейінді ықпал етіп өзгеріске ұшырауы. Масалы:
Жазылуы Айтылуы
Досжан Дошшан
Есжан Ешшан
Есен келді Есенгелді
Жиенқул Жиенғұл
1. Көп нүктенің орнына тұсындағы қосымшалардың тиістісін қойып жаз.
1. Ауыл... маңы, бала... ойыншығы, көкек... дауысы -ның, -нің, -дың, -дің, -тың
2. Қырман ... бару, мектеп ... келу, қуыршақ... кигізу, кеме...міну -ға, -ге, -қа, -ке
3. Жұмыс... келу, үлкен... үйрену, жүн... тоқу, -нан, -нен, -дан, -ден
2. Түбірге әр буында дұрыс қою арқылы нақыл сөз шығар.
1) Отан/ы/ сүю/ды/ -- от/та/бас/нан бас/ла/ды
2) Біл/қан/ді шық/ден сөз талап/ім/ға бол/ты/сын кез.
3) Бас бол/та/мақ оң/мақ/ бас/ай/ қиын.
4) Біл/ды/ді мың/ім жық/ек/ар
Біл/ар/ті бір/ жық/ді/
3. Естілуі бойынша берілген сөздерді орфографиялық нормасы бойынша жаз
Башшы, Сараарқа, Дошжан, теңізші,жасса, түңі, ашша, сөссіз, сөмбеді, жамбады, жамбыр, Бейсембай, тайақ, тұссыз, Сарөзек, сөшшең, қашша, үшүн, бұрұн, азық – түлүк, сегізғанат.
10.Тасымал
Жазып келе жатқанда сөз жолға сыймай қалса, тұтас бір буынды немесе көп буынды екінші жолға көшіруді тасымал дейміз.
Демек сөздерді буын жігімен ғана тасымалдау керек. Тасымалдауға болмайтын жағдайлар мына төмендегідей:
1) Екі, үш дыбысты тұйық буынды бөліп-жарып тасымалдауға болмайды. Мысалы, ат, ән, ант, өрт сияқты буындардың жігін ажыратуға болмайды;
2) Бітеу буындарды да бөліп – жаруға болмайды. Қысқасы, буын құрамындағы дыбыстарды бір –бірінен ажыратуға болмайды;
3) Бас әріптен қысқарған сөздерді де бөліп тасымалдауға болмайды. ҚР, РТС дегендегі Қ-ны немесе Р-ді сол жолға қалдыруға немесе екінші жолға көшіруге болмайды;
4) Адам атының, әкесінің атының қысқартылып алынған әрпін фамилиядан айырып, сол жолға қалдыруға немесе екінші жолға көшіруге болмайды. Мысалы, А.С.Пушкин, А.Құнанбаев дегендегі А.С. және А. әріптерін фамилиядан ажыратуға болмайды;
5) 15га, 25см сияқты цифр арқылы таңбалатын сандарды оларға қатысты атауларынан бөліп тасымалдауға болмайды.
Сонымен бірге электр, станция,ансамбль, вольт сияқты буын қурай алмайтын дауыссыздар тіркесін де сол жолда қалдыруға немесе екінші жолға көшіруге болмайды.
1. Төмендегі сөздерді бір бағанаға буынға бөліп, бір бағанаға тасымалдап жаз.
Көбелек, бұлбұл, қарсақ, түлкі, әсем, киім, Отан, қызғалдақ, орын, айна, күз, ыдыс, білім, әке, бауыр, қоғам, инелік, терезе, оқушы, еңбек, жайық, аяқ, әрекет, таңғажайып, таңертең, алақан, қолшатыр, демалыс, балмұздақ.
Қандай айырмашылық байқадың себебін түсіндір.
11.Екпін
Бірнеше буынды сөздердің бір буыны қалған буындардан күшті айтылып, айқынырақ естіледі. Қазақ тіліндегі екпін сөз мағынасын айқындап, саралап, дәлелдеп тұрады.
Екпін - сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөлшектерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы.
Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді.
Сөз ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады.
Қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен,соңғы буынға түседі. Мысалы: Бала далада ойнап жүр. Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі.
Ой екпін і -сойлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Ой екпіні сойлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Мысалы:
Айбек ерте тұрады..
Айбек ерте тұрады.
Айбек ерте тұрады.
Ой екпіні түсіру арқылы нақтылау, дәлелдей түсу мақсаты көзделеді.
Тіркес екпіні – бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбіне күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән. Мысалы: мектепке дейін, әке – шеше, әдет - ғұрып т.б
Дыбыс екпіні – сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы. Мысалы: По – ой – па – ай, та – ма – ша – а! Дыбыс екпіні көңіл күйін білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білдіреді.
12.Фонетикалық талдау.
Қазақ тілінен жүргізілетін жұмыстардың ішінде граматикалық талдауға біршама ұқсас, онымен жанаса жүргізілетін жұмыстардың бірі – фонетикалық талдау. Фонетикалық талдау граматикалық талдау емес, сондықтан оны фонетикалық талдау деп өз атымен атаған жөн.
1. Дауысты дыбыстарға арналған фонетикалық талдаудың үлгісі:
а - жуан, ашық, езулік дауысты;
ә - жіңішке, ашық, езулік дауысты;
о – жуан, ашық, еріндік дауысты;
ө - жіңішке, ашық, еріндік дауысты;
е - жіңішке, ашық, езулік дауысты;
ұ – жуан, қысаң, еріндік дауысты;
ү - жіңішке, қысаң, еріндік дауысты;
ы - жуан, қысаң, езулік дауысты;
і - жіңішке, қысаң, езулік дауысты;
у - жуан, қысаң, еріндік дауысты;
и - жіңішке, қысаң, езулік дауысты;
э – ашық, езулік дауысты; (орыс тілінен енген сөздерде ғана кездеседі).
2. Дауыссыз дыбыстарға арналған фонетикалық талдаудың үлгісі:
б – ұяң дауыссыз;
в - ұяң дауыссыз;
ғ - ұяң дауыссыз;
д - ұяң дауыссыз;
ж - ұяң дауыссыз;
з - ұяң дауыссыз;
й – үнді дауыссыз;
к – қатаң дауыссыз;
л – үнді дауыссыз;
м - үнді дауыссыз;
н - үнді дауыссыз;
ң - үнді дауыссыз;
п - қатаң дауыссыз;
р - үнді дауыссыз;
с - қатаң дауыссыз;
т - қатаң дауыссыз;
у - үнді дауыссыз;
ф - қатаң дауыссыз;
х - қатаң дауыссыз;
ц - қатаң дауыссыз;
ш - қатаң дауыссыз;
щ - қатаң дауыссыз (орыс тілінен енген сөздерде кездеседі, бірді – екілі қазақ сөздерінде ұшырайды. Ащы, тұщы)
Мысалы, мына сөйлемдерге фонетикалық талдау жасап көрейік:
Ең алдымен сөйлемнен дауысты дыбыстарды тауып, астын бір сызады, содан кейін дауыссыздарын тауып, астын екі сызу керек. Осыдан соң оларды бір дыбыс екі қайталанбайтын етіп, жеке – жеке тізіп жазамыз:
Оның шығармасы үздік деп табылды.
Оның о – ашық буын, ның – бітеу буын
о – жуан, ашық, еріндік дауысты;
н – үнді дауыссыз;
ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;
ң – үнді дауыссыз;
4 әріп, 4 дыбыс бар.
шығармасы шы – ашық буын, ғар – бітеу буын, ма - ашық буын, сы - ашық буын.
ш – қатаң дауыссыз;
ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;
ғ – ұяң дауыссыз;
а – жуан, ашық, езулік дауысты;
р – үнді дауыссыз;
м – үнді дауыссыз;
а – жуан, ашық, езулік дауысты;
с – қатаң дауыссыз;
ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;
9 әріп, 9 дыбыс бар.
үздік, үз – тұйық буын, дік – бітеу буын.
ү – жіңішке, қысаң, еріндік дауысты;
з – ұяң дауыссыз;
д – ұяң дауыссыз;
і – жіңішке, қысаң, езулік дауысты;
к – қатаң дауыссыз;
5 әріп, 5 дыбыс бар.
деп, деп – бітеу буын.
д – ұяң дауыссыз;
е – жіңішке, ашық, езулік дауысты;
п – қатаң дауыссыз;
3 әріп, 3 дыбыс бар.
табылды. та – ашық буын, был – бітеу буын, ды – ашық буын
т – қатаң дауыссыз;
а – жуан, ашық, езулік дауысты;
б – ұяң дауыссыз;
ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;
л – үнді дауыссыз;
д – ұяң дауыссыз;
ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;
7 әріп, 7 дыбыс бар.
13.Лексика
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СӨЗ БАЙЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Тілдегі сөздердің барлық жиынтығы тілдің сөздік құрамына немесе лексикасына жатады. Сөздік құрамның аясы, көлемі сөздік қордан әлдеқайда мол. Оған кірме сөздер де, терминдер де енеді. Сөздік құрам сөздік қорға қарағанда тез өзгергіш. Сөздік құрамға бір сөздер еніп жатса, екінші біреулері одан шығып қалып жатады.
Тілдегі сөзді және сөздердің жиынтығын зерттейтін тіл білімінің саласын лексикология деп атайды. Лексика сөзі грек тілінің lexis - «сөз» және logos - «ілім» деген сөздерінен жасалған термин. Әрбір тілдің лексикасында сөздер көп әрі сан түрлі болатыны белгілі. Лексикадағы сөздер заттар мен құбылыстардың атауын, түр-түсін, саны мен сапасын, мөлшері мен шамасын, көлемін, мезгілін, қимылын т.б. мағыналарын білдіреді.
Лексикология - лексиканың ғылым ретіндегі атауы. Ол семасиология (сөз мағынасы, оның езгеруі, ауысуы)
Сөз және мағына
Тіл-тілдегі сөздер дыбыстар тіркесінен тұрады. Дыбыстар тіркесі белгілі бір заңдылықтар мен ережелерге бағына тіркеседі. Сөздің дыбыстық жағы оның сыртқы бейнесі болса, мағынасы - ішкі мазмұны. Бұған қарап барлық сөздерде мағына болады деуге де болмайды. Тілде мағынасынан айырылған сөздер де кездеседі. Шылау, көмекші сөздердің нақты мағыналары жоқ, тек атауыш сөздермен тіркесіп, оларға қосымша мағына ұстейді.
Сөз мағынасы- белгілі бірзат, құбылыс, сан, сапа, мөлшер, көлем, шама, қимыл, әрекет туралы түсінік беретін дыбыстардың жүйелі тіркесі.
14.Антоним сөздер.
Тілдегі мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антоним сөздер дейміз. Мысалы: жақсы - жаман, ескі – жаңа, бар-жоқ.
Мүнда да кемінде екі сөз қатысып, мағыналары бір-біріне қарсы мәндес болуы керек. Мысалы: Кейі сараң, кейі мырза, кейі қапа, кейі ырза. Барша жүртты сынадың (С. Сейфуллин). Кейде қайғы, кейде шат, кейде тұнық, кейде лай, кейде тірі, кейде өлі(1. Жансүгіров). Болысекең кейде паң, кейде муләйім, кейде жұмсақ, кейде қатты, кейде береген, кейде сараң (Ғ.Мүстафин). Мұны әлділер әділет деп қуанса, әлсіздер қиянат деп қынжылады (Ә. Сәрсенбаев). Түймедей затқа өкпелесеңіз, түйедей көретініңіз қалмаған, мырза (А. Оразалин).
Осындағы сараң — мырза, қапа — ырза, қайғы — шат, тұнық — лай, тірі —өлі, паң —мүләйім, жұмсақ — қатты, береген — сараң, әлділер — әлсіздер, әділет — қиянат, түймедей — түйедей дегендер жағымсыздық пен
үнамдылыктың, жақсылық пен жаманшылықтың, үлкен мен кішінің кереғар ұғымдары бір-біріне қарама-қарсы қойылып айтылып тұр. Екі жағының салмақ-мөлшері бірі артык, бірі кем емес, нақ бірдей, тепе-тең. Сонда антоним дегеніміз мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер болып шығады.
Антоним сөздер көбінесе бұрынғы халық ақындарының шығармаларында жиі кездеседі. Мысалы:
Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз,
Арғымақ бірде жалды, бірде жалсыз.
Куәлі істі куә табар,
Куәсіз істі күмән табар.
Арлы арына қараса,
Арсыз жеңдім дейді.
Қазақ тілінде антонимдер көбіне-көп сын есімдерден болады, онан соң етістіктерде, зат есімдерде, үстеулерде азды-көпті кездеседі.
1. Кестедегі сөздерге қарама – қарсы мағыналы сөздер қойып жаз.
биік аласа үлкен кіші
жақсы ауыр
жұмсақ қымбат
ерте аз
2. Зат есім антонимдерін бір бағынаға сын есім антонимдерін екінші бағынаға жаз.
Таза-лас, аласа-биік, ақ-қара, кең-тар, дос-дұшпан, ащы-түщі, арлы-арсыз, өтірік-шын.
15.Синонимдер.
Мағыналары жағынан бір-біріне жуық, дыбысталуы әр түрлі сөздерді синонимдер деп атайды.
Синонимдердің негізгі белгілері
1. Сөздердің дыбысталуы әр алуан болуы тиіс.
2. Сөздер бір мағына төңірегінде болуы шарт.
3. Бір сөз табына ғана қатысты болуы керек.
4. Сөйлемде сөзді синонимдес сөзімен ауыстырған жағдайда бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы тиіс (ел, халық, халайық, жұрт, көпшілік, қауым, әлеумет): Жиылған ел (жұрт, қауым, әлеумет, көпшілік, халық, халайық) төраға сөзін ұйып тыңдады. Осындағы ел, жұрт, қауым, әлеумет, көпшілік, халық, халайық- сөз табында зат есім, кім? деген сұраққа жауап береді, сөйлемде бастауыштың қызметін атқарып тұр.
Тілдегі синонимдес сөздер лексиканың белгілі бір арнасына қарай қолданылады.
Синонимдер кем дегенде екі сөзден болады. Одан да көп сөзден болуы да мүмкін.
Синонимдер негізінен үш сөз табынан жасалады. Мысалы:
Зат есім Сын есім Етістік есім
кескін қайғылы айту
пішін уайымды жеткізу
бейне мұңды сөйлеу
мүсін қасіретті капалы хабарлау
1. Мына төмендегі сөйлемдерде автор синонимдерді қандай мақсатпен жұмсап отырғанын айтып беріңдер.
1. Елді, бейбіт жұртты тыныш ет (І. Жансүгіров).
2. Қаладан қашық тұратын ауылга бәрі қат, бәрі зәру (Ә. Нүрпейісов).
3. Ақтамақ жымиса, ол ыржияды. Ақтамак. мырс етсе, ол тарқылдап күледі (Ғ. Мүстафин).
4. Залдың ортасында өңкей ажарлы қыздар, әрлі әйелдер отыр (3. Қабдолов).
5. Жақып езіліп, еріп, балқып кеткен сияқты (Б. Майлин).
6. Гүлшат апай ақтарылмады, шешіліп сыр шашпады (Т Әлімқүлов).
7. Жолыққан жанның бәрі де оған ат үсті, асығыс жауап берді (Ж. Жүмақанов).
8. Абай қаза тапты. Үлы кеуденің ыстық демі тоқтады.
9. Шөл даланы жарып аққан дариядай игілік өмір үгілді. Сонау бір шақта тасты тақыр жалтыр биік басына жалғыз шыққан зәулім өскен алып шынар қүлады. Өмірден Абай кетті (М. Әуезов).
16.Омонимдер
Айтылуы, дыбысталуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөздер- омоним сөздер деп аталады.
Сыртқы дыбысталуы жағынан омонимдер көп мағыналы сөздерге ұқсас келеді. Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің айырмашылығы: көп мағыналы сөздер бір мағынадан тарағандықтан, түпкі мағынаның бірлігі сақталады, бір сөз табына қатысты болады, омоним сөздер мағыналары жағынан бір-бірінен алшақ болады әрі бір сөз табына жататын сөздер ғана кірмейді, олар әр сөз табынан құрала береді.
Мысалы: жүз.
1) Жүз кітап - заттың санын білдіретін соз.
2) Жүз жарқын - бет-әлпетті, түрді білдіретін зат есім.
3) Пышақтың жүзі - пышақтың қайралған, өткір жағы.
4) Суда жүзу - қимыл мағынасындағы сөз.
Омонимдердің жасалу жолдары
1. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы: кір+іс.
а) Жұмысқа кіріс - жұмысты баста, істе мағынасындағы етістік.
ә) Кіріс - табыс деген мағынадағы зат есім.
2. Сөздердің фонетикалық өзгеріске ұшырауынан пайда болады: бігіз.
а) Біз - тігін кұралының көне дыбысталуы ықшамдалып, біз формасына айналған.
ә) Біз - жіктеу есімдігі: Біз аулаға кірдік.
3. Басқа тілден енген сөздер мен қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің омоним болуы: мата.
1. Берілген сөздерден омоним сөздерді анықта.
1. Алмас алма жеді.
2. Жаз – демалыс кезі.
3. Жайлауда ат жұр
4. Ағаштан түс Әзірше ештеңе алма
Әдемі жаз
Допты көздеп ат
Түс кезінде егіншілер дем алады
2. Омоним сөздерді теріп жаз. Мағынасын түсіндір.
Түйенің үсті жайлы, жүрісі де маң жүріс қой. Жүзге жуық құлын байланды. Денеңді шынықтырамын десең, спортпен айналыс, күй суға жүз. Сен аттан түс. Ақ түс кіршіл болады.
17.Кәсіби сөздер мен терминдер
Белгілі бір кәсіп, шаруашылык саласы адамдарына ғана түсінікті, солардың өз ортасында ғана қолданылатын сөздер кәсіби сөздер деп аталады.
Қазақ халқы, негізінен, мал шаруашылығымен айналысқан. Дегенмен тілде еліміздің әр аймақтарының жер жағдайына қарай диханшылықпен айналысуына, бау-бақша, балық, аңшылықты кәсіп етуіне қарай жалпылама лексикаға кірмейтін сөздер бар. Кәсіби сөздер шаруашылықтың бір ғана саласына қызмет етеді. Әр жер ерекшелігіне қарай халықтың шұғылданатын шаруашылығы да ортақ болатындықтан, бұларға аймақтық бірлік тән.
Оңтүстік Қазақстандағы жүрт мақта шаруашылығымен айналысқандықтан, олардың тілінде жегене, күнжара, көсек, терім, шит, қаза т.б. сөздер бар.
Қазақ халқының барлық өңірлерінде қолданылған усталық, аңшылық, зергерлік т.б. өнерге, кәсіпке байланысты пышқы, шербек, кемпірауыз, пәрбі т.б. сөздері колданылады.
Терминдер - ғылым, техника, өндіріс т.б. салаларындағы үғымдар мен жеке сөздердің атаулары. Терминдер тек тура мағынада қолданылатындығымен ерекшеленеді, мағына үнемі тұрақты болады. Терминдерді арнаулы сөздер деп те атайды.
Термин сөздердің жасалу жолдары.
1. Қазіргі қазақ тіліндегі терминдер орыс, араб, Еуропа тілдерінде қалыптасқан үлгісінде жұмсалады: мәтін, квадрат, синоним, тангенс, вектор, эпос, поэзия, пьеса т.б.
2. Қазақ тілінен балама табу арқылы: хаттама (протокол), нарық (рынок), ғарыш (космос) т.б.
3. Сөздерді біріктіру арқылы жаңа термин жасалады: төл+қужат (паспорт), ән+уран (гимн) т.б.
18.Кірме сөздер
Кірме сөздерге- басқа тілдерден әр түрлі себептермен, әр түрлі жолдармен енген сөздер жатады. Қазақ тілінде монғол, араб және иран, орыс тілінен енген сөздердің саны мол. Монғол тілінен көптеп сөз ену кезеңі XIII ғасырдан басталады деп есептеледі. Мысалы: абдыра, алтын, аймақ, аға, жиен, балта, бұрғы, бура, бұқа, т. б. Араб, иран тілдерінен сөз ену орта ғасырлар деп шамаланады. Қазақ тіліне араб-иран сөздері тәжік, өзбек тілдері арқылы мынадай жолдармен енді:
1) шаруашылық, сауда қатынастары арқылы енген сездер: айна, таға, базар, таба, орамал, перде, таразы, мақта, т. б.;
2) мәдени және ғылыми қарым-қатынастар арқылы, әсіресе, Фердоуси, Науаи, Омар Хаям, Хафиз шығармаларымен бірге енді. Мәселен: мектеп, мереке, емтихан, ғылым, ғалым, пән, медресе, қағаз, қалам, мағлумат, т. б.; 3) дінмен байланысты енген сөздер: шариғат, ораза, намаз, аруақ, ақырет, т. б.
Орыс тілінен қазақ тіліне сөз енуі сонау XVIII ғасырдан басталады. Кірпіш, саман деген сөздерден бастап, тілімізге енген сөздердің саны бүл күнде өте мол. Создер айтылуы мен жазылуы жағынан қазақ тілінің айтылу нормасына бағынып, орфографиялық және фонетикалық өзгеріске ұшырған. Мысалы: болыс - волость, жәшік - ящик, сот — суд, божы — вожжи, кереует - кровать, самауыр - самовар, ботелке - бутылка, көшір - кучер, шәйнек - чайник, барқыт - бархат, бәтеңке - ботинки. Ал, Қазан төңкерісінен кейін енген сездер мұндай өзгеріске ұшыраған жоқ. Мысалы: совхоз, колхоз, трактор, автомобиль, комбайн, клуб, институт, т. б.
1. Төмендегі сөйлемдерден орыс тілінен ауысқан сөздерді теріп жазыңдар.
1. - Марш! - деп жігіттерге «кет» деді. Жігіттер күйіп кетті. Бірнешеуі бір барқыт диванды алуға қол қойды. Угар барып жиылыс басқармасының үстеліндегі жасыл сукноны жұлып кеп алды. Үй іші апыр-топыр. Айқай-ұйқай. Бұлардың жанжалын күтіп түрған клубтағы жүкшілердің барлығы да қаптап кетті (І. Ж.). 2. Ертісте паравоз жүргеннен кейін қала мен даланың бір күшті көлігі табылып, алыс пен алыс жуықтасып, қатынай бастады (І. Ж.). 3.Олбай - Ертіс өзенін өрлеп, құлдап жүретін үш пассажир пароходы, бірнеше баржалардың қожайыны (І. Ж.). 4. Бірі - арбакеш, бірі -жүкші, бірі – көшір, бірі - тағы бірдеме болып қала қыстайды, мүндайлар өздерін «зимовщик» дейді (І. Ж.).
19.Морфология. Сөз түлғасы
Морфология-сөз бен оның формалары тұралы тіл білімінің бір саласы.
Сөз түрлі бөлшектерден тұрады. Сөз бөлшектерінің өзіне тән белгілі бір мағынасы және қызметі болады. Мысалы, жолдастыққа деген сөз мынадай төрт бөлшектен тұрады: жол-дас-тық-қа. Бірінші жол бөлшегі "салған із" немесе "сапар" деген мағынаны білдірсе, оған -дас қосымшасы қосылған жолдас сөзі "серік" деген мағынаны беріп тұр. Бұл сөзге -тық қосымшасы жалғанып, адамдар арасындағы қатынас мағынасын білдіретін сөз жасалған. Соңғы -қа бөлшегі бұл сөзге жаңа мағына үстеп тұрған жоқ, басқа сөзбен байланыстыру қызметін атқарып тұр.
Сөйтіп, сөздің тұлғасы деген ұғымға түбір мен қосымша деп аталатын бөлшектер кіреді. Сөз жалғыз бір түбірден де (мысалы, үй, әке, бала, т. б.), қосымшалы түбірден де (мысалы, маңдай-ша, өнер-паз, біл-ім, т. б.), екі түбірден де (мысалы, некен-саяқ, жақсы-жаман, аққу, Марқакөл, т. б.) құралады.
1. Сөздерді оқып, олардың құрамын ажыратыңдар да, ауызша талдаңдар.
Үлгі: күзетшілік: күзет - тубір; оған -ші жұрнағы қосылғанда, кісі мағынасын білдіреді; -лік жұрнағы қосылғанда, қызмет түрін білдіреді.
Күзетшілік, адамшылык, сәнқой, аспаз, бақташы, білімпаз, беделді, ақылды, білгіш, сулық, ақтау, ынталы, жүгіргіш, балықшы, жазушы, күзем, белдік, сенімді.
20.Түбір мен қосымша.
Сөздің мағына беріп бөлінбейтін ең түпкі бөлшегін түбір дейді. Мысалы: жолдастық, сауыншылар, мектептердің, көрінген деген сөздердің түбірлері - жол, сау, мектеп, көр. Себебі бұлар қосымшасыз тұрып та белгілі бір мағынаны білдіреді: жол - із немесе сапар, сау - сүт алу, мектеп -оқитын орын, көр - көзбен байқау.
Осы түбірлерге жалғанған -дас, -тық (жолдастық де-ген сөзде), -ын, -шы (сауыншы деген сөзде), -тер, -дің (мектептердің деген созде), -ін, -ген (көрінген деген созде) болшектері қосымша деп аталады. Демек, түбірге жалғанған сөз бөлшегін қосымша деп атайды.
Қосымша жеке түрғанда ешбір мағына білдіре алмайды. Жоғарыдағы -дас, -тық, -ын, т. б. қосымшаларда ешбір мағына жоқ. Кей қосымша түбірге қосылғанда сөзге жаңа мағына қосады.
1.Мақал – мәтелдердегі түбірлерді ажыратыңдар.
1) Ел ағасыз болмас,
Тон жағасыз болмас 2) Ақылды адам елге қарайды,
Ақылсыз адам өрге қарайды.
3) Берекелі елдің бетін ешкім қақпайды.
4) Жолдасын таппаған ер азады.
2. Оқып шығып, мәтіндегі негізгі ойды анықтаңдар. Қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай талдаңдар.
Адамға өмір бойы естен кетпейтін жақсылық істеу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Құлнияз ағам мен Кәмила апам маған үй салып, әкемнің құлаған шаңырағын көтеріп берді. Мұның өзі сыртқы елге пәлендей бір керемет болып көрінбес те. Бірақ бұл оқиғаға мен ерекше қараймын. Осы бір ересен жақсылықтың түпкі төркінін ағам мен апамның адамгершілік асыл қасиеттерінен, биік ақыл – парасаттарынан іздеймін.
21.Қосымша түрлері. Жұрнақ
Қосымша екі түрлі болады: жұрнақ және жалғау. Жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертеді, ол сөзді басқа сөзбен байланыстырмайды.Өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудыратын қосымша түрі жұрнақ деп аталады. Жұрнақтың өзі екі түрге бөлінеді: сөз тудырушы жұрнақтар және сөз түрлендіруші жұрнақтар.
Бірінші топтағы су сөзі — заттық үғымды білдіретін түбір сөз, бүған -шы, -сын, -лық, -ат тәрізді сөз бөлшектерін қосқанда, одан төрт түрлі (сушы, сусын, сулық, суат) заттық ұғымды білдіретін әркелкі жаңа сөздер пайда болады. Сондай-ақ, екінші топтағы сездердің де су сөзі - заттық үғымды білдіретін түбір сөз, ал бүдан -ла, -ар, -сы, -са жұрнақтары арқылы өрбіген сула, суар, сусы, суса сөздері қимылдық үғымды ғана білдіріп, су сөзінен мағыналық жағынан алыстап кетпеген сөздер боп қалады. Осы екі топтағы сөздердің бірін - сөз тудыратын, екіншісін сөз түрлендіретін жүрнақтар дейміз.
Сөйтіп, өзінің жалғанған сөзінен жаңа мағыналы сөз тудыратын жұрнақ сөз тудырушы жұрнақ деп аталады. Мысалы, су, қой деген сөздерге -шы жұрнағын жалғау арқылы сушы, қойшы сөздері жасалады.
Жалғанған сөзінің алғашқы негізгі мағынасын өзгертпей, оған тек сәл ғана үстеме мағына беретін жұрнақтың түрі сөз түрлендіруші жұрнақ делінеді. Мысалы, су, қызыл сездеріне -ла, -ырақ жұрнағын жалғау арқылы жасалған сула, қызылырақ сөздерін алсақ, мүнда алғашқы сөздер мағынасының сәл ғана үстеме мағынамен өзгеріп тұрғанын байқаймыз.
1. Берілген сөздерден жұрнак арқылы туынды түбір жасап, дәптерлеріңе жазыңдар. Жұрнақ түрін анықтаңдар.
Ү л гі : ой-лы, ...
Ой, пайда, жаз, оку, күз, өктем, сый, сылдыр, үйір, іс, үлгі, жүз, тәрбие, тәлім, тежеу.
2. Сөздердің түбірі мен қосымшаларын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.
Үлгі: айбын-ды-лық-тан, ...
Айбындылықтан, әділеттілікті, шаруашылықтар, білгіштік, имандылық, сыйлағыш, кішіпейілділік, тарыншақ, ұрыншақ, тасымалданғандары.
* Қарамен жазылған сөздерді қатыстырып шағын мәтін құраңдар.
22.Жалғау
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша түрі жалғау деп аталады. Қазақ тілінде жалғаудың төрт түрі бар. Жалғау өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертпейді.
Көптік жалғауы
Сөздер жекеше түрде де, көпше түрде де қолданыла береді. Көптік мағынаны білдіру үшін сөздерге көптік жалғауы жалғанады. Мысалы: ағаш-тар, көше-лер, қыз-дар.
Көптік жалғауының түрлері мыналар: -лар,-лер, -дар, -дер, -тар, -тер Көптік жалғауының басқы дыбысының түрліше болуы түбір сөздің соңғы дыбысына байланысты.
Тәуелдік жалғауы
Тәуелдік жалғауы заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді(меншікті)екенін білдіреді. Тәуелденетін зат үш жақтың біріне меншікті болып тұрады.Сол себепті тәуелдік жалғауының үш жағы және әр жақтың өзіне тән жалғаулары болады.
Мысалы:
Жекеше түрі Көпше түрі
І жақ –м, -ым, -ім І жақ –мыз, -ымыз, -міз, -іміз
ІІ жақ –ң, -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз ІІ жақ -тарың, -терің, -дарың, -дерің, -ларың, -лерің, -тарыңыз, - теріңіз, - дарыңыз, -деріңіз, -ларыңыз, -леріңіз
ІІІ жақ –сы, -сі, -ы, -і ІІІ жақ –сы, -сі, -ы, -і
Сөздердің тәуелденуі өңаша тәуелдену және ортақ тәуелдену болып, екіге бөлінеді.
Бір немесе бірнеше заттың бір ғана затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену оңаша тәуелдену деп аталады. Басқаша айтқанда, заттың жекеше түрде тәуелденуі.
Бір немесе бірнеше заттың көп затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену ортақ тәуелдену деп аталады. Басқаша айтқанда, заттың көпше түрде тәуелденуі. Мысалы:
Оңаша тәуелдену: Ортақ тәуелдену:
Менің үй-ім, қалам-ым Біздің үй-іміз, қалам-ымыз
Сенің үй-ің, қалам-ың Сендердің үй-лерің, қалам-дарың
Сіздің үй-іңіз, қалам-ыңыз Сіздердің үй-леріңіз, қалам-дарыңыз
Оның үй-і, қалам-ы Оның үй-і, қалам-ы
Септік жалғауы
Сөздердің септік жалғауларын қабылдауын септелу дейді. Зат есім жекеше және көпше түрде септеледі. Септік атаулары, сұрақтары және жалғаулары төмендегінше:
Атау. Кім? Не?
Ілік. Кімнің? Ненің?
Барыс. Кімге? Неге? Қайда?
Табыс. Кімді? Нені?
Жатыс. Кімде? Неде? Қайда?
Шығыс. Кімнен? Неден?
Көмектес. Кіммен? Немен?
-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің -а, -е, -қа, -ке, -ға, -ге, -на, -не -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н -да, -де, -та, -те, -нда, -нде -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен -мен, -бен, -пен, -менен, -бенен, -пенен.
Септелудің екі түрі бар: жай септелу және тәуелді септелу. Сөздердің тәуелденбей тұрып түбір күйінде септелуі жай септелу деп аталады. Сөздердің тәуелденіп барып септелуі тәуелді септелу деп аталады.
Мысалы:
Жай септеу Тәуелді септеу
А. Үй А. Үйім
I. Үй-дің I. Үй-ім-нің
Б. Үй-ге Б. Үй-ім-е
Т. Үй-ді Т. Үй-ім-ді
Ж. Үй-де Ж. Үй-ім-де
Ш. Үй-ден Ш. Үй-ім-нен
К. Үй-мен К. Үй-ім-мен
Жіктік жалғауы
Сөздің жіктік жалғауларын қабылдауын жіктелу дейді.
Жіктік жалғауы негізінен етістікке жалғанады. Сондай-ақ есім сөздерге де жалғана беред Бірақ жіктік жалғауы кез келген есім сөзге жалғана бермейді. Тек адамның кім екенін қандай екенін білдіретін және кәсібін көрсететін есім сөзге жалғанады.(Мен оқушымын. сен ақылдысың, сіз үшіншісіз, мен кіммін? т.б.)
Жіктік жалғауының да үш жағы бар, бірақ үшінші жақтың арнайы қосымшасы (зат есім, сын есім, сан есім және есімдікте) жоқ. Есім сөздің жіктелуі:
Жақ Жекеше Көпше
І Мен дәрігермін, оқушымын Біз дәрігерміз, оқушымыз
ІІ Сен дәрігерсің, оқушысың. Сіз дәрігерсіз, оқушысыз Сендер дәрігерсіңдер, оқушысыңдар. Сіздер дәрігерсіздер, оқушысыздар.
III Ол дәрігер, оқушы. Олар – дәрігерлер, оқушылар.
1. Сөз кұрамын анықта
Оқушылар, кезекшілер, оқытушылар, тәрбиешілер, балалықты, жастықты, достықты,
2. Тәуелдік жалғауын жалға.
Менің уәде ..., оның бала ..., сіздің әке ..., сенің іні ..., біздің аға ..., сенің әже..., сіздің әпке ..., сіздердің сіңлі ..., сендердің ата ..., олардың апа ..., біздің мұғалім ... .
3. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды жалға.
Мен кітап оқып отыр ... . Сен сурет салып отыр ... . Ол тақтаға жазып тұр ... . Сіз диванда жатыр ... . Олар футбол ойнап жүр ... .
23.Сөз таптары
Сөздердің білдіретін мағынасына, түрлену түлғасына, қойылатын сұрағына, сөйлемде атқаратын қызметіне қарай топталуын сөз таптары деп атайды. Қазақ тілінде 9 түрлі сөз табы бар.
Олар:
1. Зат есім,
2. Сын есім,
3. Сан есім,
4. Есімдік,
5. Етістік,
6. Үстеу,
7. Еліктеу сөздер,
8. Шылау,
9. Одағай.
24.Зат есім
Заттың атын білдіріп, кім? не? деген сүраққа жауап беретін сөздер зат есім деп аталады. Мысалы: әке (кім?), оқушы (кім?), әнші (кім?), іні (кім?), тау (не?), ауыл (не?), ақыл (не?), мал (не?), қус (не?), т. б.
Зат есімнің жасалуы
Зат есімдер негізгі, туынды және күрделі зат есім болып үшке бөлінеді. Туынды зат есімдер жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы: қой-шы, күй-ші, ай-лық, жақ-сы-лық, біл-ім, аялда-ма, бұр-ғы, айт-ыс, күре-к, т. б.
Зат есімдер бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы да жасалады. Олар күрделі зат есімдер деп аталады. Мысалы: өнеркәсіп, белбеу, ашудас, Көкшетау, Сарысу, аяқ-та-бақ, азық-түлік, ауыл-аймақ, қант қызылшасы, қызыл отау, Арал теңізі, т. б.
Деректі және дерексіз зат есімдер
Айналадағы заттар мен қүбылыстардың адамға танылуы әрқалай. Олардың бірін қолмен үстап, көзбен көруге болады, ал енді бірін оймен, ақылмен ғана сезіп білеміз. Осындай ерекшелігіне байланысты олардың өзі деректі және дерексіз болып бөлінеді.
Нақтылы тануға болатын зат атаулары деректі зат есім деп аталады. Олар мектеп, қагаз, агаш, қалам және т. б.
Көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс, үғым атаулары дерексіз зат есімдер деп аталады. Мысалы, адамгершілік, ақыл, қуаныш, парасат, сезім және т.б.
1. Мәтіндегі деректі, дерексіз зат есімдерді анықтап, теріп жаз.
Сайыпқыран, тәкаппар Гулсары көзі жайнап, бір бүйірлеп бийлей басып ортаға шықты. Ол өзінің құдіреттілігін, сұлулығын даңықты екенін сезгендей еді. Алдына қара салмай бағы жанып тұрған кезде жүйріктің ауа жер жарады.
25.Жалқы жане жалпы зат есімдер
Зат есім жалпы есім және жалқы есім болып екіге бөлінеді. Біркелкі заттардың жалпы атауы жалпы есім деп аталады.
Заттардың ішіндегі бір түрінің өзіне ғана койылған аты жалқы есім деп аталады. Мысалы: кісі адам деген жалпы адам атаулыға тән ат болса, Байжан, Гүлнар дегендер адам атаулының бәріне емес, жеке кісілерге ғана қойылған. Жалқы есім, әдетте, жеке кісінің аты-жөні, мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, көше, ұйым, мекеме, зауыт, фабриканың жеке аттары, географиялык (жер, су, т. б.) атаулар, әр түрлі шығарма (газет, журнал, кітап, ән, күй, би, т. б.) аттары, мал, құс, хайуанаттарға арнайы қойылған (Тайбурыл, Құлагер, т. б.) аттар болып келеді. Жалқы есімдер бас әріптен басталып жазылады.
1.Өздерің білетін жалқы есімдерді естеріңе түсіріп, дәптерлеріңе жазыңдар.
1) кісі аттары;
2) мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, ауыл атаулары;
3) ұйым, мекеме, зауыт, фабрика, ұжым атаулары;
4) жер, су атаулары;
5) газет-журнал, кітап, ән, күй, шығарма аттары;
6) жылқыға, сиырға, түйеге, итке, т. б. хайуанаттарға қойылатын аттар.
2. Жалқы есім мен жалпы есімді теріп жаз.
Бурабайды бұрын көрмеген Жақыпбек айналасына қарады. Ол біресе көлге біресе Сиыртас пен Шошқатасқа, біресе Оқжетпес пен Көкшеге, біресе Бөлектауға тамсана қарады. Бұл жерде бірнеше рет болған Бану мен Байсал да сұлу табиғатты тамашалап тұр. Осы жерде Майбалық көлі де бар. Оның суы асқазан ауруын емдейді.
26. Сын есім
Заттың түр-түсін, сапасын, сипатын, салмағын, көлемін, дәмін, иісін білдіретін сөз табы сын есім деп аталады. Сын есім қандаіі? қай? деген сұрақтарға жауап береді.
Сын есімнің негізгі белгілері
1. Қазақ тіліндегі сын есім зат есімге анықтауыш болып тіркесіп жұмсалғанда ешқандай өзгеріске ұшырамайды: ақ көйлек, жақсы кісі, зерек оқушы, жеңіл жук, кең бөлме, дәмді ас, өткір иіс т.б.
2. Сын есім септелмейді, тәуелденбейді, көптелмейді. Сын есім септік, көптік, тәуелдік жалғауларды қабылдаса, субстантивтеніп кетеді (субстантивтену - заттану, зат есімге айналу): Үлкенге (кімге?) - қурмет, кішіге (кімге?) -ізет (мақал).
3. Сын есімге тән қосымшалар - шырай жұрнақтары.
Дара және күрделі сын есімдер
Құрамына қарай сын есімдер дара және күрделі болып бөлінеді.
Курделі сын есім кем дегенде екі түбірден құралса, дара сын есім бір ғана түбірден тұрады. Мысалы: ақкөйлек, улкен орындық, аласа төбе дегенде ақ, улкен, аласа дара сын есім болса, орта жастағы адам, үлкенді-кішілі топ, көк көйлекті бала дегендегі орта жастағы, үлкенді-кішілі, көк көйлекті күрделі сын есім болады.
Күрделі сын есімнің жасалу жолдары
1. Сын есімдердің тіркесуі аркылы: ақ ала, қара көк, ақ шұбар т.б.
Қосарлану арқылы: биік-биік, жақсылы-жаманды, орманды-тоғайлы т.б.
2. Зат есім, сан есім сөздерінің тіркесуі, бірігуі арқылы: дуниежузілік, халықаралық, он кісілік, бес орындық т.б.
27.Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есім заттың түрлі белгілерін тікелей де, басқа екінші бір заттардың қатынастары арқылы да білдіреді. Осындай ерекшеліктерге қарай сапалық және қатыстық деп бөлінеді.
Сапалық сын есімдер - заттың әр алуан белгісін (түр-түсін, көлемін, сапасын, дәмі мен иісін т.б.) білдіретін сөздер.
Сапалық сын есімдердің негізгі белгілері
1. Сапалық сын есімдер негізгі түбір сын есімнен болады: сары дала, тәтті кәмпит, жақсы сөз т.б.
2. Сапалық сын есімдер шырай жұрнақтарын қабылдайды: кең - кеңдеу - кеңірек - өте кең т.б.
Қатыстық сын есімдер - зат белгілерінің бақа бір зат қатысы арқылы аныкталуы.
Қатыстық сын есімдердің негізгі белгілері
1. Қатыстық сын есімдер жұрнақтардың қатысуымен басқа есімдер мен етістіктерден жасалады: малды ауыл, балалы уй, көлді жер т.б.
2. Қатыстық сын есімдер шырай жұрнактарымен түрлене алмайды.
1. Оқып шығып, өлең жолдарындағы сын есімдерді табыңдар.
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп...
Қалын ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді - өзі
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан.
Күз болса, дымқыл тұман жерді басқан...
Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
(Абай)
2. Сапалық сын есімдерді бір бөлек, қатыстық сын есімдерді бір бөлек, бір екі баған етіп жазыңдар.
Үлгі: Сапалық сын есімдер: Қатыстық сын есімдер:
ақшыл аттылы
Ақшыл, аттылы, сазды, жасыл, тәтті, балалы, үлкен, қымбат, жаман, жігерлі, отты, егінді, иманды, еріншек, айтқыш, көргіш, білгір, шексіз, жазғы, күзгі, былтырғы, қызылды – жасылды, алғыр, мінезді, өнерлі, жүгіргіш, ұзын, жарық, кең, қысқа.
28.Сын есім шырайлары.
Заттың белгілері бізді қоршаған дүниеде бірде анық, бірде күңгірт, бәсең, енді бірде бір-бірінен салыстырыла аңғарылып жатады. Заттың түрлі белгілерінің арасын анықтап, неғұрлым дәл көрсету мақсатында тілде түрлі қосымшалар қолданылады.
Зат белгілерінің әр түрлілігін, бір-бірінен артық-кемдігін білдіретін сын есім формалары шырай деп аталады.Қазақ тілінде шырайдың төрт түрі бар.
Шырайдың түрлері
1. Салыстырмалы шырай - зат белгілерінің артың-кем-дігін бір-бірімен салыстыруаркылы аныңтайтыншырай түрі.
Салыстырмалы шырайдың жасалу жолдары 1) -ырақ, -ірек, -рақ, -рек: қаттырақ, жақсырақ, басымырақ, қызылырақ т.б.
2) -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу: жасылдау, қызылдау, аласалау, ұзындау т.б.
3) -қыд -ғыд -қылт, -ғылт: сарғылт, дымқыл, бозғылтт.
4) -шыд -шіл: көкшіл, ақшыл т.б.
2. Кушейтпелі шырай - зат белгілерібаска зат белгілерімен салыстырғанда өте артык немесе өте кем екендігің анықтайтын шырай түрі.
Күшейтпелі шырай негізгі сын есімге күшейткіш буынды қосу арқылы жасалады: жап-жасыл қап-қара, ап-аласа, боп-боз, аппақ т.б.
3. Асырмалы шырай - зат белгілерін басқа заттардан тым көтеріп немесе тым төмендетіп көрсететін шырай түр:
тым жақсы, өте қызыл, ең әдемі, аса биік т.б.
1.Берілген сын есімдердің қай шырайға кіретіндігін анықта.
Биік,ауырырақ,сап-сары,үп-үлкен,үлкендеу,қызыл,ақшыл,көгілір,сап-сары,жап-жарық,сарғыш,ақылды,жылылау,өнімді.
29.Сан есім.
Заттың санын, мөлшерін, шама-шарқын, ретін білдіретін сөз табын сан есім дейміз. Сан есім қанша? неше? нешінші? нешеу? деген сұрақтарға жауап береді. Сан есім заттың санын анықтайтындықтан зат есіммен тіркеседі. Сан есімдердің ерекшелігі басқа сөз таптарынан жұрнақ жалғау арқылы жасалмайды. Тілдегі бар 20 сан есім өз ішінен құрамы жағынан дара және күрделі сан есім құраса, мағыналық жағынан 6 түрге жіктеледі. Сан есімдер септік, көптік, тәуелдік жалғауды қабылдаса, зат есімге айналады. Мысалы: Үшінші орнынан турды. Кім тұрды? - үшінші.
Дара және күрделі сан есімдер
Дара сан есімдер деп бір түбірден құралған сан есімдерді айтамыз. Мысалы: он бола, екі үй, жиырма қалам, жүз кітап т.б.
Күрделі сан есімдер - дара сан есімдердің. тіркесуі, қосарлануы арқылыжасалатын сан есімдер. Мысалы: бір мың тоғыз жүз оныншы жыл, жиырма бес сөз, жүз он төрт шақырым т.б.
1. Төмендегі сөздерді сөзбен жазып, оларды дара және күрделі түріне ажыратыңдар.
Үлгі: Дара сан есімдер: үш, ... .
Күрделі сан есімдер: қырық бір, ... .
3, 41, 68, 7, 5-6, 50-60, 4, 27, 9, 1000, 50, 70, 1597, 878, 2525, 5.27, 20.
2. Берілген тірек сөздерді қатыстырып, сан есімі бар сөйлемдерден мәтін құраңдар.
Үлгі: Атам мен әжемнің екі – үш сиыры, он – он бестей қойы бар.
Атам мен әжем. Жеке меншік мал. Бақташы. Ұжым малы. Кезектесіп бағу. Малдың күтімі. Ауыл өмірі. Еңбек адамдары. Көңілді сәттер. Балалардың бірлігі.
30. Сан есімнің мағыналық түрлері.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.