Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тіл және тәуелсіздік. Ұлағатты сөздер -

Тіл және тәуелсіздік. Ұлағатты сөздер

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2972 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тақырыбы: Тіл және тәуелсіздік. Ұлағатты сөздер
Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға тіл мен тәуелсіздік ұғымының байланысты екенін түсіндіру, ұлағатты сөздердің мағынасын түсіндіру. 2.Сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; мәтін мазмұнын түсініп оқуға үйрету;3.Адамгершілік, еңбек тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІЖаңа сабақ:
ІІІ Мақсат қою кезеңі Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
1.3-сыныпта өткенді қайталау,сөзге дыбыстық талдау жасау.Дәптерлерінен орындалғанын тексеремін.
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
Үй тапсырмасын тексеру: Қазақ тілі мәтінінің мазмұнын сұрау, О, туған тіл өлеңін мәнерлеп оқыту
Ү Жаңа материалмен жұмыс:
а) оқулықпен жұмыс.Тіл және тәуелсіздік, Тіл тақырыптарын оқушыларға оқыту.
Сұрақ жауап:
-Тәуелсіздіктің ең басты белгісі не?
-Тілді қалай құрметтейміз?
Ұлағатты сөздерді оқыту, мағынасын түсіндіру.
1.Аталар сөзі – ақылдың көзі.
2.Сөздің көркі – мақал
3.Айтар сөзді алдымен ойлап ал.
4.Ақыл көркі – тіл,
Тілдің көркі сөз.
ҮІІ Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?
ҮІІІ Үйге тапсырма: Мәтін мазмұнындау, ұлағатты сөздерді жаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.