Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Құттықтаулар -

Құттықтаулар

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1880 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: Құттықтаулар

Сабақтың мақсаты: құттықтаудың түрлерін, олардың өзіндік ерекшеліктерін таныту. Құттықтауға байланысты қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін үйрету

Сөздік қор мен сөйлеу мәдениетін дамыту. Талдау түрлерін қайталау арқылы емле-ережелерді үнемі жадыда ұстау

Мемлекеттік марапаттауларды білуге, жанындағы адамдарға немқұрайлы болмау, мейірімді әрі елгезек болуға баулу

Сабақ түрі: жаңа тақырыпты меңгерту сабағы
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап, СТО стратегиялары
Сабақтың құрал-жабдықтары: үлестірмелі қағаздар, қанатты сөздер мен сабаққа қатысты жеке жазбалар

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысы мен сабақ өткізуге дайындығын тексеру
ІІ.Өткен тақырыпқа шолу
Кластер
Байланыс түрі хат түрлері
халыққа қызмет көрсету

ПОШТА ҚЫЗМЕТІ аударылымдар

ІІІ. Жаңа сабақ
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - «Құттықтау»
Бұл сабақта құттықтау деген не, құттықтаулардың түрлері мен мәтіні туралы
әңгімелейміз. Жаңа сөздермен танысамыз.

Ой қозғау. Құттықтау дегенде сендерге бірінші қандай ой келді?
Біреуді құттықтау, мейрамға байланысты, біреудің жетістігіне құтты болсын айту
- Иә, құттықтау деген сөздің ұғымы әртүрлі. Құттықтаулар түрлі мерекелік шараларда қолданылады.
- Ендеше құттықтаудың түрлеріне тоқталып көрейік...

Түрлері: 1) Ресми құттықтаулар, мемлекеттік марапаттаулар- Елімізге қатысты өзге мемлекеттердің құттықтаулары, ҚР-ның марапаттаулары
2) Мерекелік құттықтаулар- түрлі мейрамдарға байланысты түрлі деңгейдегі (отбасылық, құрбы- достар т.б) құттықтаулар

Құрметті досым!
Туған күнің құтты болсын! Денсаулығың мықты өмір жасың ұзақ болсын. Оқуда озат, ата-анаңа мейірімді бол. Әрқашан да қадамыңа гүл бітсін!
Шын жүрекпен-досың.....

-Бұл қандай құттықтауға жатады?
Мұндай құттықтаулардың мәтіні еркін, сөздері құбылмалы болады.
Ресми құттықтаулардың мәтіні ресми іс қағаздар стилінің талаптарына сай ықшам, орнықты келеді, ондағы сөздерді орынсыз өзгертуге болмайды.

Мысалы,

Осыған орай еліміздің марапаттау белгілері де бар

«Құрмет» ордені «Алтын қыран»
«Ерлігі үшін» «Халық қаһарманы»
«Жауынгерлік ерлігі үшін
Салыстыру стратегиясы
Ресми құттықтаулар Мерекелік құттықтаулар

У. Жаттығу жұмысы
Гүлшоғында жазылған тапсырмаларды орындау
А. Құттықтау, марапат,орден, мейрам сөздеріне математикалық тәсілмен дыбыстық талдау жасау

Ә. Сөйлемдегі асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасау
Мемлекеттік марапаттаулардың барлығының да атаулары мемлекеттік тілде.
Аяулы анашым, мейрамыңыз құтты болсын.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құтты болсын!
УІ. Сабақты қорытындылау.

Сонымен, құттықтау дегеніміз

Кубизм. Құттықтау
1.Анықта. Құттықтау дегеніміз-
2. Топтастыр
3. Аяқта Құттықтау мәтінінде қолданылатын стиль түрлері: ресми іс қағаздар стилі мен көркем әдебиет стилі
4. Жинақта.

УІ. Үй тапсырмасы.
Ресми құттықтауға баспасөз бетінен мысал қарастырып келу

УІІ. Бағалау. Сабақ барысындағы жұмыстар бойынша белсенділік танытқан оқушылардың білімін бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.