Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Уақытты бағалай біл -

Уақытты бағалай біл

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5570 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Рысқұлова Р.Р.
Алматы қаласы,
Халықаралық үздіксіз
Білім беру колледжінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі

Уақытты бағалай біл

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Уақытты үнемдеудің қажеттілігін балалардың білуіне қол жеткізу,мектеп пен үйдегі жұмыс кестесін құруды балалардың ойымен санасына сай құрастыру.
Дамытушылық: Септік,тәуелдік жалғауларды практикалық жолымен пысықтау.Сөйлеу тілін,танымдық ойөөрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларға уақытты үнемді пайдалана білуге үйрету.Оқушының белсенділігін,қазақ тіліне қызығушылығын арттыру.
Сабақтың әдісі: әңгімелесу,сұрақ-жауап, ауызекі сөйлеу,мәнерлеп оқу,суретпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: С.Сарғасқаевтың «Құмырсқа мен қарақоңыз »мысалының салынған тақырыптық сурет,сағат,С.Мәуленовтың «Елдің бәрі жұмыста » әдеби үзінді,оқушының міндеттері.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Балалармен жылы шыраймен сәлемдесу, жылы орта қалыптастыруға тырысу.
Кезекші оқушының есеп беруі (сұрақ-жауап түрінде)
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Балалар,бүгін біз сабақта септік жалғауы мен тәуелдік жалғауларын практикалық жолымен пысықтаймыз.Уақытты дұрыс пайдалана білуімізді,күн тәртібін дұрыс құруымызды үйренеміз.Жаңа мәтінмен танысып,мәтіннің мазмұнын талдаймыз.
- Назарларыңды тақтаға аударайық.Оқушының міндеттерін естеріне түсірейік.
Оқушының міндеттері:
• Сабақтан кешікпеу
• Дайындықпен келу
• Мектеп формасын сақтау
• Ата-ана мен мұғалімді мұқият тыңдау
• Денің сау болсын десең дұрыс дем ал
3.Үй жұмысын тексеру,бекіту
Сұрақ-жауап арқылы сағатты дұрыс білетіндеріңді анықтаймын.
-Колледжде сабақ нешеде басталады?
-Сабақ 8-де басталады.
- Бірінші пар нешеде аяқталады?
-Бірінші пар тоғыздан отыз бес минут кеткенде аяқталады.
- Сабақтарың нешеде аяқталады?
-Сабағымыз бірден бес минут кеткенде аяқталады.
-Абай атындағы опера және балет театырында спектакльдер нешеде басталады?
-Спектакльдер басталу уақыты алты жарымда.
-«Целинный »кинотеатрында күндізгі сеанс нешеде басталады?
- «Целинный » кинотеатрында күндізгі сеанс екіден он бес минут кеткенде басталады.
-Дұрыс.Жақсы,балалар уақытты дұрыс айта және көрсете білесіңдер.
-Қазір тақтаға назар аударайық.Тақтадағы өлең-жұмбақты мәнерлеп оқып,жақша ішіндегі сөздерді қазақ тңліне аударайық.
...айтты:
(Кто) бұл бұзған ережені?
(что) бұл соққан терезені?
... ілді:
(Кого) ісі дүрліктірген?
(Чей) буы желіктірген?
...білмек.
(Кому) сотқар ерегісті?
(К чему) істеді дөрекі істі?
...таппақ.
(Кого) бұның басынғаны?
(Нені) көздеп тасынғаны?
...жатыр:
(У кого) кегі келесі? –деп
(Где) кетті есесі? –деп
...шықты:
(От кого) алған үлгісі? Деп
(От чего) туған бұл ісі? –деп
Ал...
(С кем),деді-
адасып жүр?
(С чем) оған қарасып жүр?
Жеті септік сұрақтарын
Жатқа білгін,шырақтарым!
-Сонымен қазақ тілінде неше септік бар?
-Септіктерді атаңдар.
-Жалғауларын атаңдар.
-Орыс тілінде неше септік бар?
-Қай септіктердің сұрақтары ұқсас?
-Ауызша бір оқушыға сөзді септету.
4.Жаңа сабақ.
Сөдікпен жұмыс.
1.Мәнерлеп топпен қайталау.
2.Сөз тіркестері мен сөйлем құрату.
Грамматикалық кестемен жұмыс.
Балалар,біз сендермен зат есім сөздерді септей білеміз және тәуелдеп жіктей аламыз .Кестеге қарап, еске түсірейік.
- Ертең қай күн?
- Құрбан айт.Құрбан айтта біз не пісіреміз?Дастарқанның басты асы не?
- Бауырсақ.
- Осы сөзді тәуелдеп көрейік.
Жекеше түрі Көпше түрі
Бауырсағ+ым Бауырсағ+ымыз
Бауырсағ+ың Бауырсақтар+ың
Бауырсағ+ыңыз Бауырсақтар+ыңыз
Бауырсағ+ы Бауырсақтар+ы

Енді мен тақтаға жазып осы сөзді септейін, ал сендер маған көмек беріңдер.
I жақтан соң III жақтан соң
А.с бауырсағым А.с бауырсағы
І.с бауырсағымның І.с бауырсағының
Б.с бауырсағыма Б.с бауырсағына
Т.с бауырсағымды Т.с бауырсағын
Ж.с бауырсағымда Ж.с бауырсағында
Ш.с бауырсағымнан Ш.с бауырсағынан
К.с бауырсағыммен К.с бауырсағымен
Енді кестемен салыстырайық.
Дәптермен жұмыс.
Балалар, дәптерлеріңде күн кестесі сөз тіркесін септейік.
Мәтінмен жұмыс. «Менің күн тәртібім»
Мұғалім:
Алдымен мен мәтінді оқимын,сендер мұқият тыңдаңдар.
-Мәтіннен не түсіндіңдер?
-Неге мәтін «Менің күн тәртібім » деп аталады?
- Айман нешінші сыныпта оқиды екен№
-Айман қайда тұрады екен ? Қай қалада?
-Отбасында неше адам бар екен?
- Таңертең Айман нешеде тұрады?
-Сабағы нешеде басталады екен?
-Үйіне нешеде келеді№
-Сағат нешеде ұйқыға жатады?
- Жақсы, балалар, мәтінді жақсы түсініпсіңдер.Енді мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің септік жалғауларын анықтайық.
1-ші тапсырманы ауызша орындау.Сұрақтарға жауап беру.
1.Сен нешеде оянасың?
2.Таңертеңгі асты нешеде ішесің?
3.Мектепке дейін немен барасың?
4.Мектепте сабақ нешеде бітеді?
5.Қай уақытта үйге келесің?
6.Қанша уақыт үй тапсырмасын орындайсың?
-Балалар,қазір бәрің өздеріңнің күн кестелеріңді осы сұрақтарға сүйеніп құраңдар.
Бір екі оқушыға құрастырған күн тәртібін оқыту.
5.Қорытынды:
«Құмырсқа мен Қарақоңыз » мысалды мәнерлеп оқу.
Құмырсқа мен Қарақоңыз бір сыныпта оқып жүрді.Құмырсқа күн сайын бестік алды да,Қарақоңыздың күнделігі екілікке тола берді.
-Осы сенің жақсы оқуыңның сыры неде?-деп сұрады.
-Бұған Құмырсқа:
-Оның сыры уақыт кестесінде, деп жауап қайрады.Үйге келе сала қарақоңыз да уақыт кестесін жасай бастайды.Олай жасайды,бұлай жасайды,бірақ ойыннан уақыт артыла алмайды.
-« Қызық, деді қарақоңыз ойға қалып, ойынға жетпеген уақытты сабақ дайындауға қалай жеткізіп жүр?»
Қарақоңыз әлі күнге дейін ойлануда.
Сұрақ-жауап арқылы балалардың түсінгендерін тексеру.
-Балалар, мысалдан не түсіндіңдер?
-Қарақоңыздың күнделігі неге тола екен?
-Ал Құмырсқаның күнделігі неге беске тола екен?
-Қарақоңыздың уақыт кестесінің неге ойыннан уақыт артылмайды? т.б
Оқушылар өз ойларын айтады.
Мұғалім:
Мектеп – оқу ордасы. Оқу өмірдегі өз орынды табу жолындағы ең маңызды қадам. Сондықтан да сендер ойнай отырып ойлауға,ойлай отырып ер жетуге тиістісіңдер.Өмірде әр құбылыстың алатын өзіндік орны бар.Жыл мезгілдері де белгілі бір заңдылыққа бағынады.Мысалы қыстан кейін көктем, көктемнен кейін жаз, жаздан кейін күз келеді.
С.Мәуленовтың «Елдің бәрі жұмыста » үзіндіні тыңдау.
- Ей Күн, қайда барасың?
-Түнде ұықтап демалам.
Ұйқым әбден қанған соң
Ертең қайтып оралам.
-Ей, Ай, қайда барасың?
-Көк теңізге барамын.
Күндіз ыстық болған соң,
Тұңғиықта жатамын.
-Ей, Жел, қайда барасың?
Желпеймін таң ауасын
Паналаймын сонан соң,
Тау мен тастың арасын.
Көкек,қайда барасың?
Ұшып, қонып секектеп?
-Балаларды оятам,
-Таң атқанда көкек деп...
- Қарап тұрсаң , «не керек,
Елдің бәрі жұмыста
Гүл сорады көбелек
Дән тасиды құмырсқа.»
Өлеңді сұрақ-жауап арқылы талдау.Оқушылардың пікірлеін тыңдау.
6.Бағалау
7.Үйге тапсырма беру
1.Жаңа сөздерді жаттау.
2.4-тапсырманы үлгі бойынша орындау
Мұғалім:
-Күн кестесі сендерге де мысалдағы Қарақоңызға да үлкен көмегін тигізері анық.
Күн кестесін қатаң сақтайық!Сендерді күн кестесін сақтауға , уақытты үнемді пайдалануға шақырамын.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.