Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қыс.Көптік жалғау -

Қыс.Көптік жалғау

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 277 | Просмотров: 3577 | Размер: 21.5 Kb | Автор:
. Төлеубаева Айгүл Астанқызы
қазақ тілі мен қазақ әдебиет пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Қыс. Көптік жалғау.
Қазақ тілі сабағы. 4 сынып

Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушылардың «Қыс» тақырыбына байланысты сөздік қорын байыту, сөздерді дұрыс айтуын талап ету.
2) Дамытушылық: тез ойлау, сауатты жазуды дағдыландыру, сөздерді өзара дұрыс байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
3) Тәрбиелік: Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Жыл мезгілі ,компьютер, интерактивті тақта, түрлі –түсті фломастер, ватман,үлестірме қағаздар.
Әдіс – тәсілдер: жұптық жұмыс, топтық жұмыс, жеке жұмыс, ұжымдық жұмыс.
Сабақтың барысы:
Ал, балалар бүгінгі сабақ басталмай тұрғанда сендер қазір қай көңілде сабаққа келгендерінді смайлик бойынша көрсетесіңдер.Сабақ аяғында көңілдерін өзгерсе, смайлик бойынша көрсетесіңдер.
I Ұйымдастыру кезеңі: (сабаққа психологиялық дайындық)
«Шаттық шеңбері» тренингі ұйымдастыру. Психологиялық орта құру арқылы, оқушылардың көңіл-күйі көтеріледі.
Қайырлы күн, жер ана,
Қайырлы күн ,көк аспан
Қайырлы күн, балалар
Қайырлы күн, мұғалімдер!
-Біз бүгін топтық жұмыс істейміз.Ал, қазір сендер «Түрлі-түсті жапырақтар» арқылы 3 топқа бөлінесіңдер. Кімде жапырақ қандай түсті, сол топқа отырады.Мысалы, сары түсі- Күз мезгілі, жасыл түсі-Көктем мезгілі, қызыл түсі –Жаз мезгілі.
1 топ-Күз мезгілі
2 топ –Көктем мезгілі
3 топ-Жаз мезгілі
Бүгінгі сабақта сендер балалар өз білімдеріңді өздерің бағалайсыңдар. Әр оқушының бағалау парағы бар және әр топта бағалау критерийлері жатыр.Сол критерий бойынша өз бағалау парақтарын толтырасыңдар.

Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні ____________________________________

Күні Үй жұмысы Мәтінмен жұмыс Сәйкес-тендіру
Тест Бекіту Жалпы ұпай баға


II Үй тапсырмасын тексеру:
Қыс құнар береді,
Көктем дән себеді.
Жаз баптайды, күтеді,
Күз жинайды, тереді.
Әр топқа мәтін таратылады, сол мәтінде суреттің орнына сөздерді жазу керек.Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, сөйлемдерді оқып тұрады.
Оқып болғаннан кейін, тақтаға іліп қояды. Басқа топтың оқушылары түрлі- түсті стикер арқылы және критерий бойынша сол топты бағалайды.
Бағалау критерийлары:
Суреттің орнына сөзді дұрыс пайдалану.
Суретті сөзбен қатесіз айту керек.
Құрастырылған сөйлемді дұрыс оқып беру.
Қызыл-5 ұпай
Сары- 4 ұпай
Жасыл-3 ұпай
3 топ. Жаз мезгілі.
- өте ыстық жыл мезгілі. Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз.
ұзақ, қысқа болады. Жазда демалады. Олар -де шомылады. -ға барып, , тереді. Балалар -ды өте жақсы көреді.
2 топ. Көктем мезгілі.
келді. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Өзендерде жүре бастайды. Ағаш бұтақтарында -тер пайда болады. Жыл -тары келе бастайды. Жер бетінде шығады.Балалар -тар отырғызады.Самат құстарға жасады.
1 топ. Күз мезгілі.
Қазір мезгілі. Күзде жиі жауады.
суыта бастады. - тар сарғайып, жерге түсіп жатыр. -тар жылы жаққа ұшты. қысқарып, ұзарады.
- лар жылы киім киеді. Бақшада -тер, -тер піседі.
ІІІ. Жаңа сабақ. Қыс мезгілі.
Далада қар борайды,
Ақмамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Мұғалім тақпақ оқып, оқушыларға сұрақ қояды:
-Қай мезгіл деп ойлайсыңдар, балалар?
-Бұл тақпақ не туралы?
-Ол қандай тақырыппен байланысты?
Балалар сабақтың тақырыбын айтады.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Қыс», мақсатымыз «Қыс» тақырыбына байланысты сөздерді білу, ол сөздерді дұрыс оқып, айта білу.
-Ал енді, балалар ,ойлаңдар, сабаққа қандай мақсаттар қоямыз?
Оқушылар өздері сабақтың мақсаттарын айтады.
Жаңа сөздер:Әр топқа жаңа сөздер беріледі.
1 топ.
Аязды-морозный
Аққала –снеговик
Шана-сани
Өте –очень
Қатады-замерзают
2топ.
Аязды-морозный
Жиі-часто
Қатады-замерзают
Қықарып –становятся короче
Ұзарады-становится длиннее
3 топ.
Аппақ қыс-белоснежная зима
Киінеді-одеваются
Мұз айдыны-ледовый каток
Шана –сани
Өте ұнайды-очень нравится
ІV. Қыс туралы мәтінмен жұмыс.
Әр топқа Қыс туралы мәтін беріледі. Жаңа сөздерді пайдаланып, мәтінді орыс тіліне аудару. Бұл тапсырманы орындау үшін 2 минут беріледі.
Әр топ бір –біріне сұрақ қойып, жауап береді. Сұрақтарға толық жауап беру.
1 топ-3 топқа
3 топ -2 топқа
2 топ -1 топқа
Бағалау критерийлары:
Мәтінді дұрыс оқу, аудару.
Мәтіннің мазмұнын қазақша толық айту.
Мәтін бойынша сұрақтарды дұрыс құрастыру.
2 топ. Күз мезгілі.
Қыс мезгілі келді. Қыста күн суық, аязды болады.Қар жауады, боран соғады.Балалар аққала жасады. Оқушылар мектепте Жаңа жылға дайындалады.Қыс- өте тамаша мезгіл!
3 топ. Көктем мезгілі.
Қыс келді.Қыс айлары- желтоқсан, қаңтар, ақпан. Бұл мезгілде күн суық, аязды болады. Күн қысқарып, түн ұзарады. Жиі қар жауады. Өзендер, көлдер қатады.
4 топ. Жаз мезгілі.
Аппақ қыс түсті. Қыста күн суық болады. Адамдар жылы киінеді.Балалар далада қармен ойнайды.Мұз айдынына барып, коньки тебеді, шанамен сырғанайды.Маған қыс мезгілі өте ұнайды.
Сергіту сәті.
Ішік, пима, қолғап бар,
Арада жоқ тоңғақтар.
Баста қалың малақай,
Біз тоңбаймыз алақай!
V.Тапсырмалар.
1- тапсырма. Сәйкестендіру. Бір- бірін тексеру.
Бағалау критерийлары:
6 сөз-5 ұпай
5 сөз -4 ұпай
4 сөз -3 ұпай
3 сөзден кем -0 ұпай
1 топ.
күн тар
жыл тер
мереке дер
ай дар
сырғанақ лар
сурет лер
2 топ.
өзен тар
қыз тер
коньки дер
бала дар
қолғап лар
мектеп лер
3 топ.
түн тар
адам тер
кесте дер
шана дар
тонғақ лар
ішік лер
2- тапсырма.
Тест тапсырмалары. Өзін-өзі бағалау.
1.Қай мезгілде қар жауады?
а)жазда
б)қыста
с)көктемде
д)күзде
2.Қыста қандай мереке бар?
а)Жеңіс күні
б)Конституция күні
с)Жаңа жыл
д)Білім күні
3.Дұрыс жазылған сөзді тап.
а)мезгілтер
б)күнлер
с)адамдер
д) айлар
4.Көптік жалғауды тап.
а)-нан,-нен
б)-ым, -ім
с)-дар,-дер
д)-сың,-сің
5.Тәуелдік жалғауды тап.
а)-дан,-ден
б)-ың, -ің
с)-лар,-лер
д)-сыз,-сіз
6.Жіктік жалғауды тап.
а)-тан,-тен
б)-сы, -сі
с)-тар,-тер
д)-мын,-мін
7.Балалар мұз айдынында не тебеді?
а)доп
б)коньки
с)велосипед
д)шаңғы
8.Қыс айларын анықта.
а)маусым, желтоқсан, қаңтар
б)наурыз, сәуір, мамыр
с)желтоқсан, қаңтар, ақпан
д)қыркүйек, қазан, қараша
9.Дұрыс аудармасын тап. Қыста ауа-райы суық, аязды болады.
а)Зимой погода холодная, морозная.
б)Зимой погода жаркая.
с)Зимой погода дождливая.
д)Зимой погода теплая, солнечная.
10.Сөз тіркесінің аудармасын тап. Тамаша мезгіл.
а)прекрасное время года
б)морозный день
с)снежная зима
д)солнечный день
VI.Бекіту. Біздің сабақ аяқталуына жақын. Қазір келесі тапсырма бойынша қорытынды жасаймыз. Сөздердің орнына суреттерді жапсырып қоясыңдар.

келді. Қыс айлары- желтоқсан, қаңтар, ақпан. Бұл мезгілде суық, аязды болады. қысқарып, ұзарады. Жиі жауады. -дер, көлдер қатады. -даржылы киінеді. -лар далада -мен ойнайды. -на барып, тебеді, -мен сырғанайды.Қыста -дар Жаңа жылды қарсы аламыз. балаларға әкеледі. Маған мезгілі өте ұнайды.

Бағалау критерийлары:
Қатесіз -5 ұпай
2 қате -4 ұпай
3 қате -3 ұпай
4 қате- 2 ұпай
5 >қате -0 ұпай
VII.Үй тапсырмасын беру.
-«Қыс-тамаша мезгіл!» туралы эссе;
- жаңа сөздерді жаттау;
-көптік жалғау ережесін қайталау.
VIIІ.Бағалау.
Бағалау парақтарын толықтыру және жалпы ұпай қанша болса сол бағасын қояды.
Балды бағаға айналдыру шкаласы

“5” “4” “3” “2”
23- 25 ұпай 18-22 ұпай 14-17
ұпай 13-0 ұпай
Х. Рефлексия.
-Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
-Қалай ұнады, көрсетіңдер?
- Сабақ аяғында кімнің көңіл-күйі өзгерді, смайлик бойынша көрсетуге болады.
- Сабаққа рақмет, сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.