.
.
Ж. Қаналиева Зат есім
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 383 | Просмотров: 1734 | Размер: 53.5 Kb | Автор: ТәрбиеҚызылорда облысы
Қармақшы ауданы
Жосалы кенті
№ 105 орта мектеп
Сыныбы: 6 Б
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Зат есімнің сұрағы , лексика – грамматикалық мағыналары , ұғымдары , құрамы мен құрылысы , түрленуі туралы теориялық білімдерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ана тілінің қадір – қасиетін жете түсінуге үйретіп, білімді , саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Дамытушылық:Тақырып бойынша берілген материалдарды жүйелі орындауға үйрету, тапсырмалар арқылы оқушылардың білімдерін практикалық дағдымен ұштастыру
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, «Ойлан тап» ойыны.
Көрнекілігі: Слайд, сөзжұмбақ
Техникалық құрал: Интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: математика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
ә) оқу құралдарын тексеру
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. 107 – жаттығу . Сөз таптарының әрқайсысына 5 сөзден жазып, кестені толтырындар.
2. 108 – жаттығу. «Ұлттық салт – дәстүрлер» тақырыбында шағын әңгіме жазып келу
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
қ ы С қ а
т ө р т
т о ғ ы З
е Т і с т і к
о қ ш А у
Б і р і к к е н
қ о с Ы м ш а
1. Ұзын сөзінің антонимі ?
2. қазақ тілінде қанша жалғау бар ?
3. қазақ тілінде қанша сөз табы бар ?
4. Күл, оқы, сөйле қандай сөз табына жататын сөздер ?
5. Одағай қандай сөздерге жатады ?
6. Екі я одан да көп түбірлер бірігіп , тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер қандай сөздер ?
7. Жұрнақ пен жалғау неге жатады ?
ІҮ. Жаңа сабақ.
Жақсы балалар, сөз табы яғни атауыш сөздер жайында жалпы біліміміздің қаншалықты екенін көрсете білдік. Бүгінгі жаңа сабағымыз осы сөз табына тікелей байланысты . Жаңа сабағымыздың тақырыбы: Зат есім . Дәптерімізді ашып бүгінгі күн мен сабақтың тақырыбын жазып қояйық.Оқушылар , сендер зат есіммен бастауыш сыныптан бері таныссыңдар. Кітап , Ақерке, арман, тау, мектеп сөздерге сұрақ қойыңдаршы? Қандай сұрақ қойдыңдар ? Әрине кім ? не ? Естеріңе түсті ме ? Сонымен зат есім дегеніміз не ? Зат есім дегеніміз ......... (балалар дәптерлеріне ережені жазады өз ойларынан) ББҮ кестесі . (ауызша)
1.
Б - білемін?
Б - білгім келеді?
Ү - Үйрендім?
Атау септігінде тұрады.
Кім ? Не ? сұрағына жауап береді.
Дара және күрделі деген түрлері бар . Мағыналық түрлерін .
Сөйлемде атқаратын қызметін және
түрленуін.
2. Интерактивті тақта арқылы зат есімнің мағыналық түрлерін сызбалар арқылы көрсету.
Ережесі Түрлері Мысал
Біркелкі заттарды , құбылыстарды жаппай атайтын сөздер Жалпы есім Тау , құс, адам, өсімдік, т.б
Арнайы берілген есімдер мен атаулар Жалқы есім Алатау, Ақерке, Жетісу , т.б
Нақтылы тануға болатын зат атаулары. Көзбен көріп , қолмен ұстауға болатын зат есімдер Деректі зат есім Кітап , маман,дос,су , т.б
Көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс, ұғым атаулары Дерексіз зат есім Ауа, ой, бақыт, арман, т.б
Мысалы : жалпы есім мен жалқы есім
Адам Газет Ән Күй Қала
Мұхтар Әуезов «Қармақшы таңы » «Елім – ай » « Сарыжайлау » Қызылорда
Дәптер, қалам, парта, терезе, есік, сөмке т.с.с заттар қолмен ұстауға ,көзбен көруге
болады , ал ой, арман, адамгершілік, сезім сөздері адамның ойлауы арқылы ғана танылатын түсінік, құбылыс.
Мұғалім: Неге бұлай деп ойлайтындарын сұрай отырып, өз түсініктері бойынша ереже қорытқызамын. Оқушы жауабын тыңдағаннан кейін, толық түсінік беріледі.
Жаңа сабақты бекіту
1. Оқулықпен жұмыс.
Жаңа сабақты түсінгендігімізді байқау үшін, пысықтауға оқулықтағы 109 -жаттығуға назар аударыңдар.
Тапсырма. Зат есімдерді көшіріп жазыңдар . Мәтін мазмұнына орай жер, адам, аттарынан басқа тағы қандай біріккен сөз түрлерін ұсынар едіңдер? Мысалда астын сызып келтірген сөздер жалпы есім бе, жалқы есім бе , түсіндіріңдер .
Жалпы есім Жалқы есім
Ауыл Ақсай
ел Көксай
бала Айша
апасы Барсхан
шешем Қорғанбай
әкей Арзы
110 – жаттығу . Берілген сөздерді төрт топқа (дерікті, дерексіз, жалпы есім, жалқы есім ) бөліп жазыңдар . (Тақтамен жұмыс)
Деректі Дерексіз Жалпы Жалқы
Бойтұмар шаттық ақпан Жасұлан
2 . «Сиқырлы таяқша » ойыны арқылы оқушылардың білімін тексеру .
Ү. Жаңа сабақты бекіту.
303 666 4585
+ 303 302 1111
-------------- ------------ --------------
606 968 5696
АНА ТАС БАТА
(жалпы есім ) (деректі з.е) (дерексіз з.е)
ҮІ. Үйге тапсырма: 111 - жаттығу . Зат есімдерді теріп жазып, мағыналық түрлерін атап беріндер. 112 – жаттығу . Төменде берілген сөздерге байланысты өз жандарыңнан жұмбақ, жаңылтпаш немесе шағын өлең құрастыру.
ҮІІ. Оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.