Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Зат есімнің септелуі -

Зат есімнің септелуі

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 217 | Просмотров: 2419 | Размер: 142.3 Kb | Автор: Тәрбие
. Аты-жөні: Нұржанова Эльвира Сейіткәрімқызы

Күні: 17.11.11ж.

Пәні: орыс сыныбындағы қазақ тілі

Сыныбы: 5 «Б».

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі ( падеж имен существительных)

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгерту, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйрету.

2.Дамытушылық: Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын байыту,байланыстырып сөйлеу дағдысын одан әрі дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, еңбекшілдікке, ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас, Л.А. Төкеева- Бектұрғанова « Жүйелі оқыту және оқушылардың өзін-өзі басқаруы »

Сабақтың көрнектілігі: интербелсенді тақта,слайдтар,плакаттар,кеспе қағаздар.

1. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгелдеу.
Қазақша сөйлесейік:
3.Бүгін нешесі?
4.Аптаның қай күні?
5.Жылдың қай мезгілі?

2. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Зат есімге неше жалғау жалғанады?
Зат есімге қазақ тілінде төрт жалғау жалғанады.

2. Көптік жалғау дегеніміз не?
Көптік жалғау – заттың біреу емес, бірнешеу екенін білдіретін қосымша.

3. Жалғауларын ата? Мысал келтір.
Жалғаулары: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер. Мысалы: үй+лер, бала+лар, кітап+тар, қағаз+дар,гүл+дер.

4. Қазақ тілінде неше септік бар? Оларды ата.
Қазақ тілінде жеті септік бар. Септіктер: 1.Атау. 2.Ілік. 3.Барыс. 4.Табыс. 5.Жатыс. 6.Шығыс.7.Көмектес.

3.Жаңа сабаққа кіріспе:
Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыра отырып сабақты бастаймын.

4. Жаңа сабақты түсіндіру:

Септік жалғау - зат есімдердің мағыналарын түрлендіріп, оларды басқа сөздермен байланыстыратын жалғау.

Септік жалғаулар сөз мағанасын өзгертпейді. Сөз бен сөздің арасындағы қарым қатынасты жасайды.

Изменение окончаний существительных по вопросам называется изменением по подежам, или склонением.

№ Септік(падеж) Сұрақтары(вопросы) Жалғау(окончание)
1 Атау септік
Именительный падеж кім? не?
кто? что?
2 Ілік септік
Родительный падеж кімнің? ненің?
кого? чего?где?откуда? -ның,-нің,-дың,-дің,-тың,-тің.
3 Барыс септік
Дательный падеж кімге? неге?
кому?чему?где?куда? -ға,-ге,-қа,-ке.
4 Табыс септік
Винительный падеж кімді?нені?
кого?что?где?куда? -ды,-ді,-ты,-ті,-ны,-ні.
5 Жатыс септік
Творительный падеж кімде?неде?
кем?чем?где? -да,-де,-та,-те.
6 Шығыс септік
Исходный падеж кімнен? неден?
от кого?от чего? -нан,-нен,-дан,-ден,-тан,-тен.
7 Көмектес септік
Предложный падеж кіммен?немен?
о ком? о чем? где? -мен,-бен,-пен.
(жуан түрі болмайды)

Чтобы определить падеж существительного, найдите слово, с которым связано имя существительное, задайте от него вопрос.

Тақтаға « Жетіген» аспабының суреті ілінеді.

Ертегі:
« Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есім жерінде, қазақ тілі елінде,Септік деген дәулетті, бай шал болыпты.Шалдың қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай өсірген жеті ұлы болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де жетіпті. Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп, тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген ұлы қайтыс болыпты,сонда шал тағы бір ішек тағып, «ненің зияны, кімнің көзі тиді екен ?» - деп егіледі.
Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы үшінші ішек тағып «кімге айтып жылайын неге ғана өлді екен?»- деп жоқтау айтады. Табыс атты ұлынан айырылғанда « нені айтып, кімді ғана қарғайын?» - деп көзі жасқа толып, ағашқа төртінші ішекті қадайды.Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде ағашқа бесінші ішек тағылып , « неде, кімде екен себебі?» -деп жылайды. Зұлым аштықтың бір ұшы Шығыс атты ұлына жеткенде, «неден қайтыс болдың,кімнен сені сұраймын?» - деп ағашқа алтыншы ішекті таққан екен.Жетінші ұлы Көмектесі қайтыс болғанда «кіммен өмір сүрмекпін, немен енді шұғылданамын?» -деп жеті ұлын жоқтап ұзақ жоқтау айтқан екен. Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып «жетіген» аспабы пайда болыпты. Осы аспап арқалы шал мұңын халыққа жеткізген деседі.

5. Жаңа сабақ бойынша жаттығу жұмысын орындау

1.Оқушыларға септік атауларын таратып беремін: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс,көмектес.
Әр жұп берілген атау бойынша 5 сөзден жазады.Мысалы: тақтада 2 оқушы жазады.
Кітаптың үйге
Баланың балаға
Мектептің қалаға
Айдың күнге
Гүлдің үстелге

Әр жұп жазған сөзін оқиды.

Сауаттылық хаты

2.І қатар -« Қыс» тақырыбында, ІІ қатар – «Біздің сынып» тақырыбында мәтін құрастырады.
Мәтінде септік жалғаулары болу керек.

3. Әр балаға сөз беріп, сөзді оқушылар септейді, 2 оқушы тақтада орындайды.
Қарлығаш, оқушы, ауыл, суретші, ағаш, қар, күн, емен, терек, кітап, дәптер, мектеп, бала, жаңбыр, аспан, көше, бота, жылқы.

А.с. оқушы
І.с. оқушының
Б.с. оқушыға
Т.с. оқушыны
Ж.с. оқушыда
Ш.с. оқушыдан
К.с. оқушымен

4. Тест сұрақтарына жауап беру

1. « Әке» сөзі қай септікте тұрғанын тап
А) А.с. С) Б.с.
В) І.с. Д) Ж.с.

2. Ілік септігінде тұрған сөзді белгіле
А) Оқушы С) Оқушының
В) Оқушыға Д) Оқушыда

3. Табыс септігінің жалғауын белгіле
А) –ны,-ні,-қы,-кі,-ғы,-кі. С) -ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті
В) –ны,-ні,-шы,-ші,-ды,-ді Д) -нан,-нен,-тан,-тен,-дан,-ден

4.Барыс септігінің сұрағын белгіле
А) кімге? неге?қайда? С) кімге? кімді?нені?
В)кімдерге? Кімді?нені? Д) кіммен? немен?

5.Жатыс септігінде тұрған сөзді белгіле
А) көктемде С) мектеппен
В) далаға Д) ауылдан

6. Шығыс септігінде тұрған сөзді табыңыз
А) Сабаққа С)Сабақты
В) Сабақтан Д) Сабақпен

7. Көмектес септігінің сұрақтарын ата
А) кімде?неде? С) кімнен? неден?
В) кімге? неге? Д) кіммен? немен?

Сөздерді дұрыс септікке орналастыр.
Атау септік Ілік септік Барыс септік Табыс септік
Жатыс септік Шығыс септік Көмектес септік

Текемет, көмірдің, суға, ұшақты, далада, жаңбырдан, алаша, балғаның,дүкенге, кітапты,,қыста, аспаннан,арамен, театрға,шеңберді, оқушымен,отпен, сабақты.

Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауын жазыңдар

Демалыста балалар... бірге көлге бардым. Жағалау... адамдар өте көп екен. Қыздар су... қатты қорқады екен.Түс ауа балалар... бірге үй... қайттық.

Зат есімнің септелуіне оқушылар кластер құрастырады.

Сабақты бекіту:
Жеке үлестірмелі қағазбен жұмыс.Сөзжұмбақтың шешуін табу.

Сабақты қорытындылау:
Септік жалғауын меңгерген баланың дағдысы ұштала түседі, тілі шұбарланбайды. Сөйлеу кезінде септік жалғауын дұрыс қолданады. Сөздік қорымызды молайтып, байланыстырып сөйлеуге дағдылануымыз керек. Ана тілімізді шұбарламай сөйлейік. Ана тіліміз біздің қазақ тіліміз.

Бағалау: Оқушыларды жұмыс нәтижесі бойынша бағалау.

Үйге тапсырма: Зат есімнің септелуі, сұрақтары мен жалғауларын жатқа айту.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі




Зат есімнің септелуі
( падеж имен существительных)



№ 28 жалпы орта мектеп

5 «Б» сынып
Мұғалім: Нұржанова Эльвира Сейіткәрімқызы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.