.
.
Сериева Фатима Сапаркызы, Зат есімнің септілуі
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1692 | Размер: | Автор: гостьС.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ОҚО, Шардара ауданы
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септілуі
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушыларға септік жалғаулары туралы теориялық білім беру;
Дамытушылық – өткен сабақтарда алған білімдерін тиянақтау, оқушыларды терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға дағдыландыру.
Түрі: Жаңа сабақ, қалыптан тыс ойын сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Ойын, сұрақ-жауап, қатемен жұмыс, топшамалар.
Көрнекілігі: Септік ағашы, киіз үй.
Пән аралық байланыс: Сурет өнері, халықтық педагогика.
Сабақтық барысы:
Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушылардың үй тапсырмаларын тексеру.
Үй тапсырмасын қорыту: - Балалар есім деген сөздің синонимін айтыңдаршы? (Аты). Енді айналаға қараңдар, не көріп тұрсыңдар? Енді осы заттардың атын білу үшін біз оларға қандай сұрақ қоямыз? (Кім? Не? Кімдер? Нелер?). Ондай болса заттың, құбылыстың атын білдіретін сөздердің зат есімдер дейді екенбіз де, оны білу үшін кім, не деген сұрақтар қоямыз. (Есік қағылады, хат келеді)
- Оқушылар зат есімнің отбасы туралы кім айта алады?
- Бұлар зат есім патшаның өмірін жалғастырушы ұлылары, аттары; Көптік, тәуелдік, септік, жіктік екен.
- Зат есім патшаның үлкен ұлы көп адамдармен қарым-қатынас жасайды екен, көпшіл екен, бұл баланың аты кім екен сонда? (Көптік, мысал келтіру)
- Балалар, зат есім патшаның екінші ұлының іші тарлау, ол әкелген нәрселерін бірнеше адамдарға яки 4-ақ адамға бөліп береді. Бұл баланың аты кім екен? (Тәуелдік, мысал келтіру)
- Бүгінгі сабағымыз – зат есім патшаның үшінші ұлының атымен аталатын септік жалғауы.
Жаңа сабақ.
Ерте, ерте, ертеде Зат есім патшаның Септік деген ұлынан жеті немересі болыпты, олар бір шаңырақтың астында тұрыпты. Олардың әрқайсысынан тараған жалғаулары және өздерінің сұрақтары болыпты.
(Бұдан әрі оқулықтың 24-ші бетіндегі «Септіктердің сұрақтары мен жалғаулары» кестесі пайдаланылады).
«Кім жылдам?» ойыны бойынша қолдарына топшама беріледі. Топшаманы бірінші орындаған оқушы тапсырмасын септіктер ағашына іледі.
1. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жаса, септік жалғауларын айт?
Қазақ баласын ағаш бесікке бөлейді.
2. Берілген сөйлемге марфологиялық талдау жаса.
Нәрестенің дүниеге келген құрметіне арналған салт-дәстүрдің бірі – шілдехана.
3. Сөйлемде кездесетін септік жалғауларының түрін ажыратып, астын сызған сөзге фонетикалық талдау жаса.
Асық ойыны баланы ептілікке, мергендікке үйретеді.
4. Берілген сөзді жеті септікке септе.
Атау с., бата Табыс с., батаны
Ілік с., батаның Жатыс с., батада
Барыс с., батаға Шығыс с., батадан
Көмектес с., батамен
Өзіндік жұмыс. 40-жаттығу.
Тақтамен жұмыс. 44-жаттығу.
Жаңа сабақты бекіту. Септіктер – бізде қонақта.
- Оқушылар, бізге қонаққа Зат есім патшаның Септік деген ұлынан тараған жеті немересі келіп отыр. Ендеше қонақтарымызға өз өнерлерімізді көрсетейік.
- Оқушылар жеті санын қазақта киелі санаған, жеті санын жетістік деп есептеген.
7 апта 7 қазына 7 септік
1. Дүйсенбі Ер жігіт Атау септік
2. Сейсенбі Сұлу әйел Ілік септік
3. Сәрсенбі Ақыл – білім Барыс септік
4. Бейсенбі Жүйрік ат Табыс септік
5. Жұма Қыран бүркіт Жатыс септік
6. Сенбі Берен мылтық Шығыс септік
7. Жексенбі Жүйрік тазы Көмектес септік
Венн диаграммасы
Жалғау Ұқсастығы Жұрнақ
Үйге тапсырма. 45-жаттығу.
Оқушылар өздерін бағалау парағы арқылы бағалайды.
Оқушының аты-жөні.
Пән аты Үй тап жазбаша Үй тап ауызша Өзіндік жұмыс Жаттығулар Қосымша тапсырма Қорытынды баға
Қазақ тілі + + + + + 5
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.